ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 976
Скачиваний: 3
өттік қышқылдың жоғары деңгейде түзілуіне күнделікті қабылдайтын тағамдардың құрамындажануарлар майларының (шошқа, қой, сиыр) көп болуы, клетчаткалар (жасұнтақтар) молтағамдардың (көкөніс, жеміс-жидек), витаминдердің аз болуы елеулі әсер етеді.Химия-биологиялық факторлардың шырышты қабатқа тигізетін әсерінен патологиялықрегенеративті- пролиферативтік үрдістер туындайды да, кейін атипиялық жасушалар өрбиді.2. Анатомиялық факторлар қатарына туа біткен шектелген қыспақтар, мегаколон,долихосигма, дивертикулез, Гиршпрунг аурулары нәжістің іркілуіне немесе оның ұзақ уақытсыртқа шықпауына себепші болады, яғни копростаздан тоқ ішектің шырышты қабатындақабыну, эрозия мен ойық жараның пайда болуына әкеліп соғады.3. Созылмалы қабыну үрдістері. Созылмалы спецификалық ( туберкулездік, мерездік) жәнебейспецификалық ойық жаралық колиттер, Крон ауруы (грануломатоздық колоректит) ішектіңшырышты қабатында тұрақты қабыну үрдісін өрбітеді. Осының салдарынан Люберкиндікбездердің крипталары бұзылады, көп жерлерде эрозиялар пайда болады, шырыш асты жәнебұлшық ет қабаттарында ісіну ошақтары пайда болып, микроабцесстер өрбиді. Бұл тоқ ішектіңөзегінің тарылуына, гаустраларының жоғалуына әкеліп соғады. Ойық жаралы колиттердің ауырклиникалық кезінде асқынулар ( тесілу, жыланкөздер) байқалуы да ықтимал.2294. Полиптер (бездік, бүрлік) сан жағынан алғанда біреу немесе топтасқан, шашырандыболуы, ал түбірі жіңішке немесе жалпақ болулары мүмкін. Олар микроскопиялық құрылымыбойынша гиперпластикалық, аденоматоздық ( бездік), аденопапилломатоздық ( бүрлік) болыпүшке бөлінеді. Осылардың ішіндегі қатерлі ісікке көшуге бейімділер қатарына түбірі жалпақ
ойық жараланған бүрлік және бездік полиптер жатады.5. Дисбактериоз – тоқ ішек ішіндегі микрофлораларының ауытқуы. Тоқ ішектегі микроб-тар – ішек таяқшасы және аэробты, анаэробты әртүрлі микробтар. Ішек таяқшасы – тоқ ішектіңнегізгі микробы. Ол тағамдағы клетчаткаларды (жасұнтақтарды) қорытуға қатынасады жәнеВ 12 ,К,А витаминдерін өндіреді, ішектің шырышты қабатын зақымдайтын микробтар менбактериялардан қорғайды. Анаэробты бактериялар стероидтарды, өт қышқылының тұздарынпәрменді түрде өндіреді де, ал аэробты микробтар аз өндіреді. Дисбактериоз науқасыменауыратын адамдарда ішек таяқшалары азаяды, басқа зиянды микробтардың деңгейі көбейеді,осының салдарынан ішекте қабыну үрдістері өрбиді.6. Гарднер синдромы – полипоз + басқа ағза ісігі, Пейтц - Егерс синдромы -полипоз+гиперпигментация ерін, ауыз алаңында.Аталмыш факторлар бар адамдар тоқ ішек қатерлі ісігімен жиі ауырады.Тоқ ішектің ракалды аурулары1. Полиптер (бездік, бүрлік)2. Бейспецификалық және спецификалық ойық жаралық колиттер.3. Крон ауруы4. Дивертикулез (ішек қалтасы).Қауіп - қатер тобына жататындар:1. Ракалды науқастары және Гарднер, Пейтц - Егерс синдромдары бар адамдар.2. Анамнезінде ертеректе ішектік жұқпалы аурулармен ауырғандар (дизентерия,сальмонеллез,аскаридоз, іш сүзегі, колиэнтерит).3. Күнделікті тағамдардың құрамында мал майы мен нәруызды тағамдардың үнемі көпболуы, көкөністік клетчаткалардың (жасұнтақтардың) аз болуы.Аталмыш факторлар бар адамдарды пәрменді түрде (скрининг- гемокульт- тест,иррогоскопия, колонофиброскопия т.б. тәсілдермен) анықтап, оларды диспансерлік 1 «б»клиникалық диспансерлік топқа бақылауға алып, сауықтыру шараларын іске асыру керек.Тоқ ішек рагынан сақтану үрдістеріБіріншілік сақтану үрдістері:-Күнделікті тағам құрамында қорытылуы төмен майлы тағамдар аз болып, көкөністіклетчаткалардың (жасұнтақтардың) көп болуы.-Ішектің қызметінің бұзылмауы, іш байлануынан үнемі сақтану.-Көп отырмай, төсекте жатпай, үнемі қозғалыста болу.Екіншілік сақтану үрдістері:Емханалық жағдайда әртүрлі зерттеу тәсілдерін (гемакульт-тест, фекатест, криптогем,
капрология, рентген-эндоскопия, цитоморфология) қолданып, тоқ ішек ракалды ауруларынпәрменді анықтап, оларға тиісті ем шараларын қолдану.230Тоқ ішек рагының патананатомиясыМакраскопиялық түрлері.-экзофиттік;-эндофиттік (скриоздық);-аралас.Гистологиялық жіктелуі- аденокарцинома:- жоғарғы дәрежеде пісіп - жетілген;- медулярлық;- төменгі дәрежеде пісіп-жетілген.шырышты аденокарцинома:- мукоидтық;- шырыштық;- коллоидтық.сақина тәрізді жасушалық ракмукоцеллюларлық.пісіп жетілмеген жасушалық ракҚатерлі ісік жасушаларының пісіп-жетілулік жіктелуі:G х – пісіп-жетілу дәрежесі анықталмаған;G 1 – жоғарғы дәрежеде пісіп-жетілген;G 2 – орта дәрежеде пісіп-жетілген;G 3 – төменгі дәрежеде пісіп-жетілген;G 4 – пісіп-жетілмеген.Ісіктің қатерлілігін белгілеуге “С” символы қолданылады.С 1 – С 2 = қатерлі ісік төменгі дәрежеде қатерлі;С 3 – С 4 = қатерлі ісік жоғарғы дәрежеде қатерлі.Тоқ ішек рагының Дюкес, Астер, Коллер(МАК) жіктелуіТоқ ішек рагын даму сатыларын анықтау үшін 1958 ж. Dukes өзіндік жіктеуін ұсынды. Олжіктелу екі патоморфологиялық нышанға негізделген: ісіктің тоқ ішектің қабырға қабаттарынзақымдау шегі және аймақтық лимфалық түйіндерге метастаздың бар немесе жоқ екендігі.Даму сатысы үшке бөлінеді: А – ісік тек қана ішек қабырға қабаттарына тараған, метастаз жоқ;В – ісік тоқ ішек айналасындағы тіндерді зақымдаған, бірақ метастаз жоқ; С – ісік ішектің кезкелген қабырға қабатында орналасқан, бірақ аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз бар;Қазіргі кезде Дюкес жіктеуін Aster және Coller әсерлендірген жіктеуді алыс шетелдердіңонкологтары кең түрде қолданады.• Тоқ ішек рагы аталмыш жіктеу бойынша 6 топқа бөлінеді:А – ісік тоқ ішек қабырғасынансыртқа тарамаған;• В 1 – ісік шырышты, шырыш асты, бұлшық ет қабаттарына тараған, бірақ сірі қабатынаөтпеген, аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз жоқ;• В 2 – ісік тоқ ішектің барлық қабырға қабаттарын зақымдаған, аймақтық лимфалықтүйіндерде метастаз жоқ;231• В 3 – ісік тоқ ішектің айналасындағы ағзалар мен тіндерді зақымдаған, аймақтықлимфалық бездерде метастаз бар.• С 1 – ісіктің аймақтық лимфа түйіндерінде ішекке жабыспаған метастазы бар;• С 2 – ісік сірі қабатқа тараған, аймақтық лимфалық бездерде метастаз бар
;
• D – ісіктің алшақ ағзаларда метастазы бар.
Тоқ ішек рагының метастаздануы
Тоқ ішек рагының метастаздары лимфа, қанның көктамырлары және имплантациялық
жолдармен тарайды. Тоқ ішектің оң жақ бөлігіндегі рактың жасушалары лимфалық тамырлар
арқылы қолқа тамырдан шығатын жоғарғы шажырқайлық артерия орналасқан жерге, ал ішектің
сол жақ бөлігіндегі ісік төменгі шажырқайлық артерия орналасқан жерге тарайды. Тоқ ішектің
кез келген жеріндегі қатерлі ісік жасушалары қақпа көктамырлары арқылы бауырға, ұйқы
безіне, өкпеге т.б. ағзаларға тарайды. Операция кезінде абластикалық шаралар орындалмаса,
ісік жасушалары ішпердеге т.б. ағзаларға имплантациялық жолмен метастаздар береді.
Ісік жасушалары неғұрлым төменгі дәрежеде пісіп-жетілсе, оның лимфо-гематогендік
метастаздануы жоғары болады.
Тоқ ішек рагының TNM жіктелуі бойынша
даму сатысы (UICС 2002)
0 даму сатысы – Т is No Mo – карцинома in situ
I даму сатысы – ішек шеңберінің жартысынан азын қамтыған, шырышты және шырыш
асты қабаттың деңгейінде өскен, аймақтық лимфалық түйіндерінде метастаз жоқ ( Т1 No Mo,
Дюкс жіктеуіндегі А, МАК-А) және ісік шырыш асты қабаттан өтіп, бұлшық ет қабатына сіңе
бастаған, метастазы жоқ (Т 2 No Mo, Дюкс жіктеуіндегі А, МАК В 1 ).
II “А” даму сатысы – ісік бұлшық ет қабатынан өтіп, сірі қабатында зақымдаған немесе іш
пердемен жабылмаған қима тік ішектер айналасындағы шелдерге де тарай бастаған, аймақтық
лимфалық түйіндерде метастаз жоқ (Т 3 N 0 M 0 , Дюкес жіктелуіндегі В, МАК – В 2 ).
II “В” даму сатысы – ісік тоқ ішек қабырға қабаттарынан шығып, іргелес орналасқан
ағзалар мен тіндерді зақымдаған немесе висцералдық іш пердеге де тараған, аймақтық
лимфалық бездерде метастаз жоқ (Т 4 N 0 M 0 , Дюкс В, МАК-В 2 ).
III «А» даму сатысы – ісік көлемі Т1-2, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде 1-3
метастаздары бар (Т 1-2 N1 Mo, Дюкс жіктеуіндегі С, МАК – С1).
III «В» даму сатысы – ісік көлемі Т3-4 N1 Mo, Дюкс жіктеуіндегі С, МАК – С2/С3).
III «С» даму сатысы – кез келген Т, аймақтық лимфа түйіндерінде 4 немесе одан да көп
метастаздар бар (Т 1-4 N2 Mo, Дюкс жіктеуіндегі С, МАК – С1, С2, С3).
IV даму сатысы – кез келген Т, кез келген N, МАК – D).
232
Ісіктің ішек қабаттарына таралу көлемі “Р”, морфологиялық пісіп-жетілуі “G”
әріптерімен белгіленеді
Р 1 – ісік тоқ ішектің шырышты қабатына тараған
Р 2 – ісік тоқ ішектің шырыш асты қабатына тараған
Р 3 – ісік тоқ ішектің бұлшық ет қабатынан өтіп, сірі қабатқа тараған