ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 967
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жоғары болады. Бұл тәсіл арқылы көлемі 2 см-ден жоғары ісік ошағы анықталады.8. Пневмоцистография арқылы сүт безіндегі жылауықтағы сұйықтықты сорып алып, оныңорнына газ енгізіп, рентгенография жасалынады. Рентгенограммадан жылауықтың көлемі,оның ішкі және сыртқы астарларында қандай қалыптан тыс өзгерістер бар екендігі анықталады.Енгізілген газ ( оттегі) бір жұма мерзім ішінде сіңіп, жоғалады.Сүт безі түтігіндегі рак. ДуктограммаСүт безінің жылауығының пневмоцистограммасы138Сүт безі рагына күмәнданған науқастардан биопсия алу үрдістері:І – жараланған еміздіктен жағынды алу;ІІ – уқалау арқылы сүт безінен бөлінділер алу;139Қарақшы лимфа түйінде метастаз бар немесе жоқ екенін гамма-детектормен анықтауүшін еміздіктің сырт жағынан тері астына изотоп енгізу үрдісіІІІ – пункциялық биопсия;ІV(а,б,в) – эксцизиалық биопсия (бөліктік резекция);V – Педжет рагынан инцизиалық биопсия алу.140Қарақшы лимфа түйінін кесіп алу үрдісі141Сүт безі рагын басқа науқастардан ажырату1. Түйіндік мастопатия. Бұл науқаста түйін ракқа қарағанда жұмсақтау, ол терігежабыспаған, қозғалмалы, сырты тегіс. Егер ракқа күдік туса, онда түйінді ошақты операциялықәдіспен кесіп алып, алынған тінді жедел гистологиялық зерттеуден өткізіп, науқас нақтыанықталады.2. Мастит – сүт безінің жедел қабынуы. Ол жедел басталып, дененің және сүт безініңқызуының күрт көтерілуімен, сүт безіндегі пайда болған солқылдаған күшті аурулық сезіммен,қанда лейкоциттердің санының өсуімен, лейкоциттік формулалардың солға қарай ауытқуыменсипатталады. Егер қабынуға қарсы пәрменді ем тәсілдері қолданылса, аталмыш белгілербіртіндеп кете бастап, тез қалыпты жағдайға келеді. Ал рак ауруы баяу дамиды, дене қызуықалыпты, бірақ ісік аймағындағы тері қызуы біркелкі жоғарылау, аурулық сезім болмайды,болса ол бәсең, қан құрамында елеулі өзгерістер байқалмайды.3. Туберкулездік мастит бұрын өкпе туберкулезімен ауырған адамдарда өрбиді. Бұл нау-қаста бірнеше сүт безіндегі түйінді өзгерістер бір-бірімен қосылып шоғырланады, теріжамығына жабысады, кейін ол жұмсарып, казеозданып ыдырайды, жұмсарған жердіпункциялағанда, одан Пирогов-Ланхганс жасушалары табылады. Манту сынамасы оң болады.
4. Еміздік айналасындағы экзема Педжет рагының клиникалық көрінісіне өте ұқсас, олар-ды бір-бірінен айыру үшін эрозиялаған жерден жағынды алып, оны цитологиялық зерттеу керек.Cүт безі рагын емдеудің тәсілдеріСүт безі рагы – қатерлі ісіктердің ішінде қолданылатын ем тәсілдері көп нұсқалы ісік. Оныемдеу үшін хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық, гормондық тәсілдер жекеленіп те, бір-бірімен қабаттастырылып та қолданылады.Ем тәсілдерін таңдау сүт безі рагының даму сатысына, ісіктің орналасқан жеріне, науқастыңжасына, етеккір үрдісінің жағдайына, ісіктік ұлпада стероидтық гормондардың (экстроген,прогестерон), Неr 2/neu, Кі 67 маркерлерінің экспрессиялық деңгейіне және 2007 жылы Сан-Геленде қабылданған сүт безіндегі рактың рецидивке белсенді бейімділік дәрежесіне байла-нысты.2007 жылы Сан-Гелленде (Франция) қабылданған шешім бойынша, сүт безі рагыныңхирургиялық емге жататын түрлерінің қауіп категориясы үш топқа бөлінді. Олар:- төменгі қауіп тобы – оған жатқызылатын науқастарда ісік көлемі рТ < 2 см, оныңпісіп-жетілу дәрежесі G1, ісік айналасындағы қан тамырларын және аймақтық лимфатүйіндерін зақымдамауы ( N0 ), ЭР (-), ПР (-), HER 2/ neu (-), яғни аталмыш рецепторлардыңэкспрессиясының болмауы, жасы 35- тен жоғарылар;- аралық қауіп тобы – ісікпен зақымдалған лимфа түйіндерінің болмауы (рN0) немесекелесі белгілердің біреуінің болмауы: рТ > 2 см, G 2-3, ЭР, ПР экспрессиясының және қан тамыр-ларында ісіктік инвазияның болуы, HER 2/ neu жоғарғы экспрессиясы мен амплификациясыныңболуы, жасы < 35-тен төмен болуы;- жоғарғы қауіп тобы – 1-3 одан да көп лимфа түйіндеріне енген метастаздар немесе ЭР, ПРэкспрессиясының болмауы, HER 2/ neu жоғарғы экспрессиясы мен амплификациясының болуы.Сүт безі рагының 0 – ІІІ даму сатыларында қолданылатын ем тәсілдерінің ішіндегі негізгі-сі – хирургиялық жолмен емдеу тәсілі.142Хирургиялық операцияХирургиялық операция – негізгі емдеу тәсілі. Ол түбегейлі және паллиативті тұрғыдажасалады. Түбегейлі операцияда сүт безін түгелдей, үлкен және кіші кеуделік бұлшық еттер-ге қосып, кейде қоспай, аймақтық лимфа түйіндерімен бірге алып тастайды, ал паллиативтіоперация тек қана қатерлі ісігі асқынған, яғни ісік қабырғаларға жабысып, ойық жараланып,үнемі қансырауы анықталған әйелдерге жасалады.Соңғы жылдары ғылыми-тәжірибелік зерттеу тәсілдерін жетілдірудің арқасында сүт безірагының ерте даму сатысы (іn situ, І даму сатысы) анықталған науқастардың саны өсуде. Бірақ
көп жағдайда түйіндік мастопатияны рактан операциясыз, гистологиялық зерттеусіз анықтауөте қиын. Аталмыш жағдайларға байланысты аумағы кішірейтілген, яғни сүт безінің негізгіденесін сақтайтын операциялар кеңінен қолданылып, операциядан кейін қабаттастырылған,кейде кешенді ем тәсілдері қолданыс табуда.Сүт безі рагына жасалатын хирургиялық операциялардың түрлері:1.Холстед, Мейердің түбегейлі мастэктомиясы – сүт безін үлкен және кіші кеуделікбұлшық еттермен, ет асты шандыр, шелдермен және қолтық, жауырын, бұғана астындағы лим-фа түйіндеріне қосып алып тастау.2.Урбан, Холдиннің кеңейтілген түбегейлі мастэктомиясы – сүт безін Холстед түбегейліоперациясындағыдай алып тастап, қосымша ІІ-ІV қабырғалардың төс сүйекке қосылған жеріненкеуде қуысын ашып, ішкі сүт бездік артерияның, оның айналасындағы лимфа түйіндеріндегіметастаздарды май шелдерімен қосып алып тастау. Қазіргі кезде бұл операция өте сирекқолданылады, оның орнына сәулелік ем қолданыс табуда.3. Пейти-Дейсен әрлендірген түбегейлі мастэктомиясы – сүт безіне қоса кіші кеудебұлшық етін және қолтық, жауырын, бұғана асты лимфалық түйіндерді алып тастайды.4. Мадден әрлендірген түбегейлі мастэктомиясы – сүт безіне қоса үлкен кеуде бұлшықетін және қолтық, жауырын, бұғана асты лимфалық түйіндері алып тасталынады.5. Квадратэктомия – сүт безінің бөліктерін шаршылық түрде, қолтық асты лимфалықтүйінмен қоса кесіп алу. Алынған материал жедел гистологиялық зерттеуден өткізіледі. Бұндайоперациядан кейін міндетті түрде сәулелік немесе химиягормондық емдер қолданылады.6. Лампэктомия – көлемі 10 мм аспайтын ісіктік түйінді 2,5 см аспайтын қашықтықтанкесіп алып тастау. Кесіп алысымен ісікті шұғыл морфологиялық зерттеп, рак екендігін анықтап,кесілген тілік шетінде ісік жасушаларының жоқ екендігіне көз жеткізу керек.Түбегейлі мастэктомиядан кейін науқастың қалауына байланысты сүт безінің сыртқыкөрінісін қалпына келтіруге бағытталған пластикалық операция жасалады.143Сүт безіне жасалатын үнемделген операциялардағы теріні тіліктеу көріністері144Түбегейлі мастэктомия және аймақтықлимфа түйіндерін кесіп алудағыоперацияның көлеміКеңейтілген түбегейлі мастэктомия145Пейти-Дайсеннің түбегейлімастоэктомиясындағы кіші кеудебұлшық етін кесіп алуСүт безінің кеуде қуысыорталығындағы, төс сүйекартындағы лимфа түйіндеріндегі
метастаздары146Бұғана, қолтық асты шелдерден қан-жүйке лимфа түйіндері мен тамырлардыбосату үрдісі147Жауырын астындағы шелдерді кесіп алу үрдісі148Кеңейтілген түбегейлі мастэктомияданкейінгі ІV-ші сатыдағы лимфостазСүт безінің орнына қойылатынэндопротездер149Сүт безін бұрынғы қалпына келтіру үшін дайындалған кеуделік үлкен бұлшықетпен еміздік, тері, шелмай арасындағы қойма150Дайындалған қоймаға енгізілген эндопротез151Сәулелік емдеу тәсіліСәулелік емдеу тәсілі жеке сиректеу, көбінесе хирургиялық, дәрі-дәрмектік емдермен(химиотерапиялық, гормондық, иммундық) қабаттастырылған немесе кешенді тұрғыдақолданылады.Сәулелік ем жеке төмендегідей жағдайда қолданылады, егер:- науқас адам түбегейлі хирургиялық операция жасатудан бас тартса;- науқастың жүрегінде, өкпесінде, бауырында, бүйрегінде т.б. қосалқы аурулары түбегейліоперация жасауға мүмкіншілік бермесе;- қатерлі ісіктің жайылмалы түрлерінің бірі болып, ол кеуделік қабырғаларға жабысса.Сүт безінің рагын түбегейлі тұрғыда сәулелік еммен емдеу үшін ісіктің негізгі ошағына 60Гр-дей, ісік метастаздары болуы ықтимал аймақтық лимфа түйіндеріне 35-40 Гр-дей мөлшердегісәуле энергиясы қолданылады. Күнделікті тәжірибеде сәулелік ем төмендегідей бөлшектеуәдісімен жүргізіледі:- классикалық бөлшектеу әдісі бойынша сәуле энергиясының бір дүркіндік бөлшегініңмөлшері – 1,8-2,0 Гр., әрбір бөлшектің арасы – 24 сағат, жұмасына 5 рет, жалпы қосылыпжинақталған үздіксіз сәуле энергиясының жалпы мөлшері – 60 Гр., ал аймақтық лимфабездеріндегі метастаздарға – 35- 40 Гр., емдеудің ұзақтығы – 4-5 апта;- ісіктің негізгі ошағына динамикалық бөлшектеу әдісімен (4 Гр.- ден күнбе-күн 3 рет 12Гр.-ге дейін, кейін тәуліктік 2,0 Гр. энергияны ара қашықтығы 12 сағаттан екіге бөліп (1,0 Гр.),сәулелік энергияның мөлшерін 60 Гр.-ге дейін, ал аймақтық лимфа бездеріндегі метастаздарға35- 40 Гр.-ге дейін жеткізіледі;- орташа бөлшектеу әдісі бойынша бір дүркіндік энергия мөлшері – 3,5- 4,0 Гр., әрбірбөлшек аралығы 48 сағат, сәулелік энергияның жалпы мөлшері – 45-50 Гр., емдеудің ұзақтығы– 32-35 күн.Сәулелік ем төмендегідей нұсқаларда қолданылады:- үзіліссіз вариант – сәулелік энергияны әртүрлі бөлшектеу әдісімен үзіліссіз жүргізіп, ісіктіңнегізгі ошағына 60 Гр., аймақтық лимфа түйіндеріне 35-40 Гр.беріледі;- жарқашақтанған ( үзілісті) вариант – классикалық немесе динамикалық бөлшектеу
тәсілімен қатерлі ісіктің негізгі ошағына – 36- 40 Гр., аймақтық лимфа түйіндеріне – 24-30 Гр.,18-21 тәулік үзілістен кейін сәулелік ем аталмыш әдістермен жалғастырылып, жинақталғансәулелік энергияның мөлшері ісіктік ошаққа 70 Гр., аймақтық лимфа түйіндеріне 50 Гр.-гежеткізіледі.Сүт безі рагына түбегейлі тұрғыда сәулелік ем тәсілін үзілісті нұсқамен емдеу тиімдіжәне қауіпсіз. Неғұрлым ісік көлемі шағын ( Т1-2 ) болса, солғұрлым түбегейлі сәулелікемнің шипалылығы жоғары. Көлемі 5 см- ден үлкен ( Т 3-4 ) ракты сәуленің күшімен жойыпжіберу мүмкіншілігі аз. Сондықтан сүт безі рагының ұлғайған сатыларында, егер қосымшахимиотерапиялық емді қолдануға болмаса, онда сәулелік емді паллиативті тұрғыда пайдаланадыҚабаттастырылған емХирургиялық емнің шипалылық қасиетін жоғарылату мақсатында сәулелік ем операцияныңалдында да, артқы кезеңінде де қолданылады.А. Сәулелік ем түбегейлі тұрғыда жасалатын операцияның алдында екі түрлі әдіспенқолданылады. Егер ісік көлемі Т 1-2 болса, онда сәулелік ем қарқынды-шоғырлану әдісімен,яғни күнбе-күн – 4-5 Гр. 4 немесе 5 рет, жалпы сәулелік энергияның мөлшері – 20 Гр. + 1-3тәуліктен кейін түбегейлі операция жасалынады. Осындай емді қолданғаннан кейін ісікжасушаларының бірқатары жансызданады, кейбіреулерінің бөлініп, көбею қабілеті жоғалады,152сөйтіп хирургиялық операцияның шипалылық нәтижесі жоғарылайды. Егер ісік көлемі Т3болса, сәулелік ем классикалық немесе динамикалық бөлшектеу әдісімен жүргізіліп, ісікошағына 40-50 Гр., аймақтық лимфа түйіндеріне 30-35 Гр. энергия жеткізіліп, 14-18 тәуліктікүзілістен кейін түбегейлі хирургиялық операция жасалынады.Б. Түбегейлі жасалған операциядан 3-4 жұмадан кейін сүт безі рагының ІІІ «В» (Т3-4)сатысында классикалық бөлшектеу әдісімен ісіктік аймаққа (50 Гр.) және қолтық астындағы,бұғана үстіндегі, төссүйек артындағы лимфалық бездерге (40Гр.) сәулелік ем тәсілі қолданылады.Бұл тәсіл арқылы пышақтан тыс қалып қойған ісіктік жасушалар жансыздандырылады.Қабаттастырылған ем тәсілдерінің негізгі кемшілігі, ол тек қана ісіктің негізгі ошағыменаймақтық лимфа түйіндеріндегі метастаздарға зиянды әсерлерін тигізеді де, сүт безінен басқадене мүшелеріндегі айқын немесе көмескі метастаздарға ешқандай зиянды әсерлерін тигізеалмайды. Осыған байланысты қазіргі кезде сүт безінің ІІ- ІV даму сатыларында кешенді емтәсілдері кең қолданылады.2006 жылы Сан- Антониода жарияланған ЕВСТСG Оксфорд тобының мәліметі бойынша,