Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 281

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
мақсатында СӘ ерекшеліктерін айқындау және дәлелдемелі әдебиеттерді жинақтау жетілдіру жүргізілді, тиімді жарыс ТТӘ жетілдіруге арналған ТТД әдістемесін дамыту, ОЖС арнайы кешендерін түзуіске асырылды.

Арнайы жасалған тапсырмалардың алдын-ала тексерістен өткізілуі Семей медициналық университеті мен Қазақ спорт және туризм академиясының (ҚазСТА) аясындаіске асырылды. Осы уақыт бойы ОҚС тәжірибелік тұрғыдан қолдану мүмкіндігі анықталды, жарыстардағы белдесулерда орындалатын техника мен тактикаға соңғы нақтылаулар мен түзетулер енгізілді, балуандардың ТТД әдістемесіне толықтырулар енгізілді. Берілген кешендерді тиімді қолданудың педагогикалық шарттары айқындалды, дәлелдемелі эксперимент жүргізілді.

Дәлелдемелі эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтер ТТД әдістемесі нәтижеліліндіре түсуге бағдарланған үлгі түзуге, балуандардың ТТӘ жоғары бағаланатын түрлі, үйлесімді, сенімді қорғаныстарды қалыптастыруға арналған арнайы тапсырмалардың кешендерін құруға мүмкіндік берді.

Сауалнама жүргізу шұғылданушылардың СЖ тиімділігін арттыруға арналған ТТД маңыздылығының мәселелері бойынша мамандар мен күресшілердің өзінің көзқарастарын айқындау мақсатында қолданылды. Арнайы жасалған сауалнамаға 50 респондент қатыстырылды.

Сауалнама мақсатты-бағытты, сырттай, жекелей жүргізілді. Осы жағдайларды ескере отырып, сауалнамалар әрбір респондентке жеке тапсырылды және олар өздері дербес сипатты маңызын қарастырды. Сұрақтардың бір бөлімі негізінен бақылаулы сипатта болды.

Осындай жолмен алынған материалдар статистикалық жолмен сарапталып
, толтырды. Сұрақтар ашық және жабық түрде болды. Олар біршама өңдеуден өткізілді, бұл балуандардың ТТД оң және теріс көрсеткіштерінің арақатысын анықтауда тиімді тәсілдердің бірінен саналды. Бұдан басқа, қалыптасқан бағыттылықпен пікірлердің келісімділік көрсеткіштері және корреляция коэффициенті қолданылды.

Респонденттердің құрамы негізінен Семей мемлекеттік медициналық университетінің және ҚазСТА оқытушылары мен студенттерін қамтыды. Сауалнамаға жалпы саны 100 адам қатысты.

Құжаттамалы ақпаратты зерттеу кезінде қосалқы тәсілдер ретінде реферат, конспект жазу, конспект-сараптама құру жүргізілді.

Сұхбат алу. Егер сауалнама жүргізу қандай да бір себептерге байланысты қиыншылық тудырған жағдайда, сұхбат алу жүргізілді. Ол сұхбаттасушысының ОЖС және жарыстардағы ТТӘ маңыздылығы мен түрлері туралы көзқарастарын зерттеуді қарастырды. Бұл жерде 20 оқытушы және 50 студент қатысты. Алынған материал сауалнама жүргізу кезіндегі сияқты өңделуден өткізілді.

Сарапшылардың арасында сауалнама жүргізу нақтыланған көрсеткіштерді тікелей бес баллды бағаммен бағалау жолымен жүргізілді.Оның көмегімен маманның жеке басына қойылатын талаптар, ТТӘ құралдары мен әдістері анықталды. Сарапшылар ретінде Семей медициналық университетінің дене шынықтыру кафедрасының және ҚазСТА еңбек өтілі жоғары тәжірибелі оқытушылары мен білім алушы студенттері қатысты. Бұл іс-шараға 15 сарапшы қатысты.

Балуандардың жарыстардағы жетістігін педагогикалық бақылау эксперименталды топ спортшыларының түрлі деңгейлі және ауқымды жарыстарға қатысуы кезінде жарыстық белдесулерды М.В. Габов [25] әдістемесі бойынша стенографиялық жазба әдісін қолданумен жүргізілді. ЖӘ

мәліметтерін ары қарай өңдеу арнайы хаттамаларда орындалды (қазақ күресі бойынша жарыстар жүргізілуі кезіндегі кездесулер мен хаттамалары), арасында есептеу техникасы да қолданылды. Математикалық өңдеу жүргізудің мәні К.К. Закирьянов және Л.И. Орехов [26] әдістемесі бойынша ЖӘ сандық айқындайтын көрсеткіштерді алумен байланысты. Техникалық-тактикалық көрсеткіштердің жекелей мәндерін экспериментке дейін және кейін математикалық-статистикалық өңдеу кезінде балуандардың ЖӘ сипаттайтын және біршама айқындайтын белдесулері қарастырылды.

ЭЖ сандық мәндерді анықтау үшін жарыстық қызметті сипаттайтын ғылыми-негіздемелі және халықаралық деңгейде танылған күрестің спорттық түрлерінен жарыстарды сынақтан өткізген көрсеткіштері қолданылды [27].

  1. Шабуылдау әрекеттерінің белсенділігі (ШӘБ) дегеніміз жарыстық белдесудің бір минуты ішінде бағаланған ТӘ жүргізуге деген шынайы талпыныстар саны. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, балуандар белдесудің бір минуты ішінде соншалықты көп ТТӘ қолданады.

  2. Қорғаныс әрекеттерінің белсенділігі (ҚӘБ) дегеніміз бағаланған ТӘ саны және қарсыластың жарыстық белдесулердағы күрестің бір минуты ішінде есепке алынатын ТӘ жүргізуге деген шынайы талпыныстарының саны. Қаншалықты көрсеткіш жоғары болса, балуан белдесудің бір минуты ішінде ТӘ жеңіледі.

  3. Шабуылдау әрекеттерінің сенімділігі (ШӘС) жарыстарды қолданылатын ТӘ жүргізу тәсілдері мен оларды шынайы жүзеге асыруға деген талпыныстардың орташа бағасы. Бұл жердегі шынайы талпыныс және 1, 2, 3, 4, 5 баллдарымен бағаланған ТӘ сәйкес: 0,1; 1; 2; 3; 5 ұпайларға сай. Көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты жарыстарда қолданылатын ТӘ жиі, әрі жоғары бағаланады.

  4. Қорғаныс әрекеттерінің сенімділігі (ҚӘС) бағалама мен шынайы талпыныстар көлемі ШӘС сай келетін жеңілгендердің он сапалы орта бағаламасы мен шынайы талпыныстарының айырмашылығымен анықталады. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты балуан ТӘ аздау жеңіледі.

  5. Шабуылдаушы әрекеттердің үйлесімділігі (ШӘҮ) - үйлесімділікті қолданумен күресу барысында орындалатын тәсілдер санының үйлесімділікте және үйлесімділіктің қолданылуынсыз орындалған тәсілдер санына қатысы. Қаншалықты көрсеткіш жоғары болса, балуан соншалықты үйлесімділікті қолдана отырып біршама ТӘ қолданады.

  6. Тиімді техника көлемі (ТТК) дегеніміз – жарыс кезінде қолданылатын түрлі ТӘ саны. Қаншалықты бұл көрсеткіш жоғары болса, соншалықты балуан жарыс кезінде бағалауы үшін түрлі ТӘ қолданады.

  7. Тәсілдердің сапалы бағаламасы (ТСБ) – қолданылған ТӘ 1; 2; 3; 4; 5 балдарымен бағаланған барлық қолданылған тәсілдердің орташа көрсеткіші.

  8. Жарыстық техника көлемі (ЖТК) балуан жарыстарда қолданатын бағаланатын және бағаланабайтын түрлі тәсілдерінің жалпы саны. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, балуан жарыстарда соншалықтытүрлі ТӘ қолданады.

  9. Жарыстарда иеленген орын (ЖИО) – бұл көрсеткіш қаншалықты төмен болса, соншалықты балуанның спорттық шеберлік деңгейі жоғары болады.


Балуандардың спорттық әрекеттері (СӘ) ҚР, Азия және Әлем чемпинаттарында, 2020-2021 жылдары өткізілген көшпенділердің Бүкіл әлемдік ойындары барысында зерттелді.

Педагогикалық эксперимент зерттеудің негізгі әдісі болды және 2020жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін болды.

ПЭ ұсынылған Б.А. Ашмарин [28] жіктемесінің негізгі қағидаттарын қатаң түрде ұстану және оның орындалу ережелеріне сай жоспарланды және жүзеге асырылды. Бұл жіктеме төменде сипатталатын қасиеттер арқылы жүзеге асты:

- зерттеу мақсаты қалыптастырушы, өйткені зерттеулер жүргізу барысында біз болжамға сай жаңа ереже жасадық;

  • өткізу шарттары табиғи, өйткені педагогикалық үдеріс жағдайларындағы өзгерістер ПЭ қатысшуларға аса ықпал ете қоймады;

  • оқу топтарын құру – тәжірибелік сабақтар түрінде жүргізілді, себебі ПЭ кәдуілгі ОЖС барысында жүзеге асырылды;

  • студенттердің хабардарлығы жабық, өйткені ПЭ бойы спортшылар өздерінің ғылыми ізденіске қатысушылар екендігі туралы бейхабар болды;

  • бағыттылық – салыстырмалы, өйткені ПЭ ұсынылған әдістеме тиімділігін анықтауы қажет болды;

  • дәлелдеудің логикалық үлгісі – қатпарлас, түзу, өйткені зерттеу екі ұқсас топтардың қатысуымен жүргізілді, оның біреуінде ОЖӘ ұйымдастырудың эксперименталды, екіншісінде дәстүрлі әдістемесі қолданылды. Бірқатар сабақтар жүргізіліп болған соң ұсынылған әдістеме нәтижелілігі анықталды.

ТТД жетілдіру жоспарланған уақытта біз ұсынған даярлық әдістемесін қолданумен жүзеге асырылды. Бұл кезде нәтижелілік пен көріністілікті арттыруды қамтамасыз ететін СӘ жағдайларында қолданылатын тиімді ТТӘ жетілдіру бойынша мақсатты-бағытты жұмыс жүргізілді. Берілген тапсырмалар
кешені айқындалған ерекшеліктер, ТТӘ жетілдірудің негізгі бағыттары және спортшылар «қазақ күресінде» қолданатын айқындалған біршама тиімді жарыстық тәсілдер есепке алына отырып жасалған.

Математикалық-статистикалық өңдеу әдістері нәтижелі жарыстық ТТӘ анықтау және ТТД жетілдірудің жасалған эксперименталды әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілді. Айқын таңдау бойынша міндеттерді шешуге арналған алынған мәліметтердің алдын-ала жүргізілген сараптамасынан кейін қолданылған нақтылы мәліметтердің статистикалық өңделуі жалпы қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді. Орташа арифметикалық көрсеткіш (Х), стандартты ауытқу (õ), Стьюденттің t-критериі бойынша анықталған сенімділік деңгейі (Р) [26, с.39; 28, с.40] есептелінді. Статистикалық өңдеу нәтижесінде дәлелдемелікті, нақтылықты және объективтілікті арттыруға алынған мәліметтер педагогикалық сараптамадан өткізілді. Анықталған факторлар және заңдылықтар математикалық статистиканың сәйкес әдістерін қолдану арқылы жүзегеасырылды.

Бірінші тарау бойынша тұжырым

Демек, қазақтың ұлттық дене мәдениеті педагогикалық білім санатында болуымен қатар, Қазақстандық қоғам мәдениетінің көптеген салаларымен өзара тығыз байланыста болады және олардың бойындағы қасиеттер мен сапалардың нышандарын иеленеді. Мұндай өзара байланыстар нәтижесінде бірқатар арнайы емес қызметтерге де ие.

ҚҰДМ қызметін зерттеу қағидаларының маңыздылығы өзара сәйкес үдерістердің жан-жақтылығының объективті мазмұнын анықтайды, және түрлі сабақтарда шешімін табатын нақты тәжірибелі міндеттердің жүйесі мен сипаты аясында айқындалады. Бұл жерде іс-әрекет – объективті негіз бола отырып, міндеттері айқындалған