Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 901
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Төменде жалпы бiлiм беретiн мектептерде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердi қолданудың нәтижесi ретiнде келтiрiлген [23].
-
Ғылыми дүниетаным негiздерiн қалыптастыру.
Бұл жағдайда, ең алдымен әңгiме: әлемнiң қазiргi кездегi ғылыми бейнесi құрылатын, ғылымның үш негiзгi ұғымдарының: зат, энергия, ақпараттың бiреуi ретiндегi ақпарат туралы түсiнiктi қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлi өзiн-өзi басқару жүйелерiнiң құрылысы және жұмыс iстеуiнiң ақпараттық принциптерiнiң бiрлiгi туралы.
-
Ақпаратпен жұмыс iстеудiң жалпы оқулық және жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Мұнда ақпарат көздерiн сауатты қолдану икемдiлiгi, ақпараттың дұрыстығын бағалау, ақпарат пен бiлiмнiң байланысы, ақпараттық үдерістердi дұрыс ұйымдастыру икемдiлiгi, ақпараттық қауiпсiздiктi бағалау туралы.
-
Оқушыларды мамандыққа дайындау.
Мамандыққа көзқарастың өзгеруiне және экономикадағы ақпараттық сектор үлесiнiң өсуiне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен шұғылданатын iс-әрекеттiң әртүрлi саласына дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгерудi өзiне қосып алады. Басқару саласында алғашқы дайындықтың қажеттiгiн ерекше атап көрсеткенiмiз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер мұнда мемлекеттiк және экономикалық дамудың табысты кепiлiн көретiнi белгiлi.
4. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздiксiз бiлiм беру жүйесiне өтудiң қажеттi шарты ретiнде.
Мұндай дайындықтардың қажеттiлiгi үздіксiз бiлiм беру ерекшелiктерiнен: жекелей бiлiм беру бағыттарының жүзеге асуынан, бiлiм беру үдерістерiнiң саралануынан, оқыту құралдары ролiнiң күшеюiнен шығады”. Оқушыларға информатикалық бiлiм беру мақсатына неғұрлым толық түрдегi қазiргi көзқарастар ғасырлар тоғысында қаралған 12-жылдық мектеп тұжырымдамасының [1, 18] негiзделуiмен байланысты жарыққа шықты. РБА академигi А.А.Кузнецовтың [19] осы жағдайларға байланысты келтiрген және оған сiлтеме жасаған аргументтерi информатикадан жалпы бiлiм берудiң негiздерiн дамытуға бағытталған, яғни ол информатикадан бiлiм беру мазмұнындағы технологиялық компоненттердiң орнын жеткiншек ұрпақты мамандыққа дайындаудағы құрал ретiнде қарастырады. Ол В.Г.Кинелевтiң [15] пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, яғни “… бiлiм берудiң жаңа парадигмасын логикалық байланысқан үштiк ретiнде тұжырымдайды: әлемнiң бiртұтас бейнесiнен – бiртұтас, толық бiлiмге және ол арқылы – толық, бүтiн тұлғаға”, А.А.Кузнецов өз тұжырымын ұсынады, “… бiлiм берудiң басты мақсаты, адамның iс-әрекетi мен ойлауының жаңа тәсiлдерiн беретiн бiртұтас, толық дүниетаным қалыптастыру”-деп атап көрсетедi [19]. 12 жылдық білім беру жағдайында оқытудың мақсаты – «...қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» болып табылады [52]. Осындай тұлғаны қалыптастыруда информатиканы оқып-үйренудiң маңыздылығын бағалау қиынға түседi. Сондықтан да әлемнiң ғылыми бейнесiн қалыптастыру, мектепте информатиканы оқып-үйрену мәселелерiнiң iшiндегi ауқымдысы болып отыр. Мұндай тұжырымдардан информатиканың білім беру мақсаты – мазмұнның ақпараттық бөлігі (түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу, сынау, түрлендіру, жеткізу); техника бөлігі (компьютер құрылымы, жұмыс істеу механизмі, есептер шығару), операциялық жүйе бөлігі (операциялық жүйені баптау, файлдар құру, операциялық жүйенің стандарттары программаларын қолдану), қолданбалы программалар бөлігі: (Word,
Ехсеl, Access), программалар бөлігі (Паскаль,объектіге бағдарланған программалау тілдері туралы алғашқы түсінік) негізін меңгертіп, оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруды көздейді.
Ақпараттық құзырлылық дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы [53]
Ақпараттық құзырлылықты екі құраушының жиынтығы ретінде қарастырады: компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениет [54]. Бұдан информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:
Алгоритмдік мәдениет →Компьютерлік сауаттылық→Ақпараттық мәдениет→Ақпараттық құзырлылық →?
Бұл тенденцияны ескермеу немесе информатиканы оқып-үйренудегi құзырлылық аспектiлердi бүгiнгi қоғамның қарқынды дамуында ақпараттық технологиялармен алмастыруға болмайды. Бұл күнде информатика - бұл әлемдiк ғылымының стратегиялық маңызды және келешектегі «өсу нүктелерiнiң» біреуi. Информатиканың және ақпараттық үдерістердiң табиғат пен қоғам дамуындағы орнын философиялық қайта болжау жүзеге асырылуда, ақпараттық ыңғайдың ғылыми таным тәсiлi ретiндегi жалпы ғылыми мағынасын түсiну артып келедi.
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар
Тақырыбы: Жалпы бiлiм беретiн мектепте информатиканы оқытудың мiндеттерi мен мақсаттары.
Негiзгi сұрақтар:
-
Мектеп информатика курсы - әлеуметтік тапсырысты орындау. -
Жалпы бiлiм беретiн мектепте информатиканы оқытудың нақты және жалпы мақсаттары. -
Компьютерлiк сауаттылық информатика және есептеуiш техника негiздерi курсын мектепке енгiзудегi басты мақсат ретiнде. -
Оқушылардың ақпараттық мәдениетi – мектепте информатиканы оқытудың болашақтағы мақсаты ретiнде. -
Информатика құралдары мен әдістерін математиканы оқытуда қолдану. -
Информатика құралдары мен әдістерін физиканы оқытуда қолдану.
Әдебиеттер
-
Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы развития курса информатики в общеобразовательной школе //ИНФО. - 1998. - № 3. -
Базлов И.Ф., Шляго А.И. Экзаменационные материалы по информатике //ИНФО. - 1995. - №2. -
Бешенков С.А., Матвеева Н.В., Власова Ю.Ю. Два пути в школьном курсе информатики //ИНФО. - 1998. - №2. -
Ваграменко Я.А. и др. Элекгронно-вычислительная техника. - М.: Просвещение, 1988. -
Велихов Е.П. Новая информационная технология в школе //ИНФО. - 1986. - №1. -
Гейн А.Г., Житомирский В.Г. и др. Основы информатики и вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1991. -
Ершов А.П. Школьная информатика в СССР: от грамотности к культуре //ИНФО. - 1987. - №6. -
Ершов А.П., Звенигородский Г.А., Первин Ю.А Школьная информатика (концепции, состояние, перспективы). Препринт ВЦ СО АН СССР №152. - Новосибирск, 1979, 51 с. -
Ефимова О.В., Шафрин Ю.А. Практикум по компьютерной технологии. - М.: АБФ, 1997. -
Закон Российской Федерации "Об образовании". -
Изучение основ информатики и вычислительной техники. Часть I. - М.: Просвещение, 1985. -
Изучение основ информатики и вычислительной техники. II Часть - П. М.: Просвешение, 1986. -
Каймин В.А. К концепции информатизации образования в СССР //ИНФО. - 1989. - №1. -
Каймин В.А. и др. Основы информатики и вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1989. -
Кинелев В.Г. Контуры системы образования ХХI века //ИНФО. - 2000.- №5. -
Колин К.К. Информатика на пороге XXI века //Системы и средства информатики. Вып. 9.- М.: Институт проблем информатики РАН, 1999. -
Концепция информатизации образования //ИНФО. - 1988.- №6. - C.3-31. -
Концепция содержания обучения информатике в 12-летней школе (проект) //ИНФО.-2000. - №2. -
Кузнецов А.А. О концепции содержания образовательной области "Информатика" в 12-летней школе //ИНФО. 2000. - №7. -
Кузнецов А.А Школьная информатика: что дальше? //ИНФО. - 1998. - №2. -
Кушниренко А.Г., Лебедев Г.В., Сворень Р.А. Основы информатики и вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1990. -
Леднев В.C. Годом рождения курса является 1961-й (интервью журналу ИНФО) //ИНФО. - 1999. - №10. -
Леднев, B.C. Кузнецов А.А., Бешенков С.А. О теоретических основах содержания обучения информатике в общеобразовательной школе //ИНФО. - 2000. - №2. - С. 13-16. -
Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы развития курса информатики в общеобразовательной школе //ИНФО. - 1998. - №3. - С. 76-78. -
Леонтьева М.Р. Информатика в школе необходима (интервью журналу ИНФО) //ИНФО. - 1999. - №9. -
Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие для студентов пед. учебн. заведений и слушателей ИПК и ФПК. - М.: Прометей, 1992.- 528 с. -
Логвинов И.И. Чему учить пользователя ЭВМ? //Сов. педагогика. - 1987. - №2. - С. 45-49. . -
Машбиц Е.И. Компьютеризация обучения: проблемы и перспективы. - М.: Знание, 1986. -
Основные компоненты содержания информатики в общеобразовательных учреждениях. Приложение 2 к решению Коллегии Минобразования РФ от 22.02.95 №4/1. - ИНФО. -1995.-№24. -C.17-36. -
Основы цнформатики и вычислительной техни. Пробное учебное пособие для средних учебных заведений. Ч.1. - М.: Просвещение,1985. -
Основы информатики и вычислительной техники. Пробное учебное пособие для средних учебных заведений. Ч.2. - М.: Просвещение, 1986. -
Основы информатики и вычислительной техники. Программа для средних учебных заведений. - М.: Просвешение, 1985. -
Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов педагогических колледжей /Под ред. П.И.Пидкасистого. - М.: Педагогическое общество России, 1998. - 640 с. -
Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов: В 2 книгах. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. - Кн. 1: Общие основы. Процесс обучения. - 576 с. -
Полат Е.С. Телекоммуникации в школе //ИНФО. - 1993. № 1. - С. 55-57. -
Программа курса "Основы информатики и вычислительной техники" /Микропроцессорные средства и системы. 1986.-№2. –C. 86-89. -
Программы для средних общеобразовательных учебных заведений. Основы информатики и вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1992. - 49 с. -
Программы средней общеобразовательной школы. Основы инфор-матики и вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1991. - 44 с. -
Семенов А.Л. Математическая информатика в школе //ИИФО. - 1995. - № 5. - С. 54 - 58. -
Семенов А.Л. Образование, информатика, компьютеры //ИНФО.-1995. - № 5. - С. 6-11. -
Семенов А.Л. Школьная информатика: от истоков к будущему //ИНФО. - 1998. - № 3. - С. 79-84. -
Семенов А.Л. и др. Программа информатизации российского общего образования /Материалы для обсуждения на Коллегии Минобразования РФ, 26.12.2000 г. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2001ж. Болу керек шығар. -
Сластенин В.А. и др. Педагогика. Учебное пособие для cтудентов педагогических учебных заведений. - М.: Школа-Пресс, 1997. - 512 с. -
Советский энциклопедический словарь. - М.: Советская энциклопедия, 1987. -
Уваров А.Ю. Компьютерные коммуникации //ИНФО. -1991.-№1. -
Уваров А.Ю. Три стратегии развития курса информатики //ИНФО. - 2000. - №2. - С. 27-34. -
Уваров А.Ю. Учебные компьютерные сети //ИНФО. -1993. - № 3. - С. 41-55. -
Шафрин Ю.А. Основы компьютерной технологии. Учебное пособие для 7-11 классов по курсу "Информатика и вычислительная техника". - М.: АБФ, 1997. -
Школьная информатика в России. Круглый стол //Информатика (еженедельное приложение к газете "Первое сентября"). - №16, апрель 1998. -
Балафанов Е.К., Бөрiбаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б. «Информатикадан 30 сабақ» 10-11 сыныптарда -
Қараев Ж.А., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф., Мұхамбетжанова С., Балабекова М.Ж. Информатика. 7-сыныпқа арналған оқулық. -
Балафанов Е.К., Бөрiбаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б. Ермеков Н.Т., Криворучко В.А. Информатика. 10-11 сыныптарға арналған оқулық -
Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында. Алматы 2006. – 250 б. -
М.В.Лебедева. О.Н.Шилова. Что такое ИКТ компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать.// Информатика и образование. 2004. №3. с.96-100
4 ТАРАУ. ИНФОРМАТИКА САЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
4. 1 Оқушыларда информатика саласының білім беру мазмұнын қалыптастырудың жалпы дидактикалық принциптері
«Білім беру» заңына сәйкес білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
1. Білім беру мазмұны қоғамның экономикалық және әлеуметтік факторларының бірі болып табылады және ол жеке тұлғаның өзін-өзі тануын қамтамасыз етуге өзін пайдаға асыруына жағдай жасауға, адамзаттық қоғамның дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға және жетілдіруге бағытталуы тиіс.
2. Білім мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:
- оқушыларда қазіргі заманғы білім деңгейіне және білім беру жоспарына сәйкес көзқарас қалыптастыру;
- қоғам мәдениетінің жалпы және кәсіптік деңгейін әлемдік деңгейге жеткізу;
- жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне мемлекет аралық қатынасын жасау;
- қазіргі заманғы қоғамға енген және сол қоғамды жетілдіруге ынталы азамат-адам қалыптастыру;
- қоғамдағы кадр потенциалын көтеру және дамыту.
3. Білім беру мазмұны адамдардың, әр ұлтты халықтың, әртүрлі нәсілдің, ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік топтардың бірлесіп жұмыс істеуіне, өзара түсінісуіне әсер етуі керек.
Көзқарастардың әртүрлілігін ескере отырып, оқушылардың өз көзқарасы мен сенімін еркін таңдап алу құқының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау.
Белгілі дидакт В.С. Ледневтің пікірі бойынша «білім берудің мазмұны – біріншіден, өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруімен, екіншіден, жеке тұлғаның өзіне тән қасиеттерінің қалыптасуымен, үшіншіден, адам денесі мен ақыл ойының дамуымен сипатталатын біртұтас үш бірлікті үдерістің мазмұны. Мұнда оқыту жетекші қызмет атқарады, тәжірибені меңгеру – білім берудің ең жақын және тікелей мақсаты болып табылады.
Тәрбиелеу мен дамыту жанама түрде жүзеге асырылады, бұл алыстан әрекет ететін аймақ тәрізді. Соған қарамастан білім беру үдерісі үш бірліктен тұрады» [16, 54-б.]. Осыдан білім берудің үш компоненті шығады, «оқыту» орталық орынға ие болады:
Б.Т.Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнын құрудың төмендегідей негізгі жалпы әдiснамалық принциптерін белгілейді [18, 371-б.]:
-
оқу материалының жалпы білімділік сипаты; -
бiлiм мазмұнының адамзаттық және ізгілік бағыты; -
оқу материалының қоғамымыздағы өзгерістер тәжірибесімен байланысы; -
оқу материалының негіз қалаушы және жүйелік сипаты; -
оқылатын курстардың байланыстылығы (интегративтігі); -
білім беру мазмұнының ізгіліктік-этникалық бағыттылығы; -
оқу материалының дамытушы сипаты; -
оқу пәндерінің өзара байланыстылығы және үйлесімділігі; -
білім беру мазмұнының эстетикалық жайлары;
Жалпы мектептік білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық сипаттамасы көптеген жұмыстарда кездеседі [25, 31, 5]. Оларда кездесетін көзқарастардағы қарама-қайшылық қойылған мәселенің мағынасында емес, сол бір ұғымның түсіндірілу әдісінде жатыр.
Ондай ұсыныстардың ішінен айтарлықтай тұжырым табылмаса да, оқу құралдары мен жоспарларын жасау үшін пайдасы көп екені белгілі.
В.С. Леднев [15] тұжырымдаған жалпы білім беру мазмұнындағы білім саласының бейнелеу принциптерін атауға болады. Автор оны «базалық компоненттерді білім беру құрылымына бинарлы кірістiру» принципі деп атады, себебі, әрбір білім саласы білім беру мазмұнында екі рет қайталанады. Біріншіден, жеке пән ретінде, екіншіден, тұтас мектептік білім беру мазмұнында «тура бағыт» ретінде қарастырылады. Информатика және ақпараттық технология үшін мұндай принциптің маңызы үлкен, себебі олар жеке оқу пәні ретінде де, бүкіл мектепті ақпараттандыру арқылы да таратылады.
Информатиканың мектептік курсын таңдауда аталған принциптерді қолдана отырып, әдетте диалектикалық қарама-қайшылықта болатын негізгі факторлардың екі тобына тоқталайық:
1. Ғылымилығы және практикалығы. Информатика пәнінің мазмұны информатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның қазіргі күйіне қарсы келмейтіндей және әдістемелігі жағынан біртұтас болуы керек). Пәнді оқыту нәтижесінде келешекте әртүрлі салаларда кәсіби қызмет атқара алатындай деңгейде оқушыларды іргелі біліммен қамтамасыз ету керек (практикалылығы).
-
Жалпыға бiрдейлiгi және жалпы білім беретіндігі. Оқу пәнінде қамтылған материалдар оқушылардың көпшілігі меңгере алатындай болуы, олардың ақыл-ойының даму деңгейіне және біліміне, біліктілігіне, дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Сонымен бiрге информатика курсы информатика ғылымының тиісті бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды, жалпы мәдениетті, жалпы білім беретін мәліметтерді қамтуы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда, информатиканың мектептік курсы, бір жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына сай болуы, екінші жағынан, қарапайым және оқуға оңтайлы болуы тиіс. Осындай екі топтағы талаптарды біріктіру әдістемелік мәселе жағынан оңай емес.
Информатикалық білім беру мазмұнын Кеңес мектептерінде қалыптастыру күрделі де, қарама-қайшылыққа толы үдеріс және ол кезең өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл жерде оқушылардың ақпараттық бiлiмiнiң мазмұны мәселесіне арналған теориялық жаңалықтар, осы саладағы жекелеген тәжiрибелiк жетiстiктер өте әлсiз, жай дамыды, сондықтан практик мұғалiмнiң бұл салада қажеттi әдiстемемен қарулануы баяу түрде жүргiзiлдi. Информатика және есептеуіш техника негіздері курсын орта мектепке енгiзу кезеңiнен бастайық.