Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 903

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары


4.2 Информатика және есептеуіш техника негіздері оқу пәнінің алғашқы жоспарының құрылымы мен мазмұны
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының бірінші оқу жоспары негізіне (1985 ж ) үш базалық ұғым алынды: ақпарат – алгоритм – ЭЕМ [23]. Осы ұғымдар мектептегі информатика мәнінің мазмұнына концептуальды негіз болды, осы жүйе арқылы оқушылардың міндетті меңгеруіне тиiстi ұғымдардың теориялық даярлық көлемi анықталды.

Оқыту мазмұнының мақсаты алгоритмдік тәсілдердің іргелі компоненттеріне, онан әрі оқушылардың компьютерлік сауаттылығына негізделді. Информатиканың жаңа мектеп курсының міндеттері төмендегідей анықталды [23, 5-6 б.].:

  • сегіз жылдық мектептің алгебра курсын жүйелеу және алгоритмдік бағытын аяқтау;

  • алгоритмдеудің негізгі біліктіліктерін меңгеру;

  • алгоритмді іске асыруды автоматтандыру мүмкіндіктері жайлы ұғымды қалыптастыру;

  • алгоритмнің қолданбалы және политехникалық бағытын күшейту, ЭЕМ көмегімен алгоритмдерді нақты іске асыру жолдарын қарастыру;

  • микрокомпьютер жұмысының жалпы принциптерін үлгi ретiнде ала отырып қазіргі заманғы есептеуіш техниканың негізімен таныстыру;

  • ЭЕМ арқылы есептерді шешу кезеңдері жайлы түсінік қалыптастыру;

  • есептеуіш техниканың қолданылатын негізгі салалармен және оның қоғамның дамуындағы рөлімен таныстыру.

ИЕТН курсы сол кезеңдегi оқу жоспарына сәйкес орта мектептің жоғарғы екі сыныбында оқытылды. 9 сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағаттан) бөлінді. 10 сыныпта оқушылардың практикалық жұмысының мүмкіндігіне байланысты курс мазмұны екі нұсқада берілді – толық және қысқа:

  • толық курсы (68 сағат) – оқушылардың сабағын есептеу орталықтарында жүргізуге мүмкіндігі бар немесе есептеуіш машиналары бар мектептерге арналған;

  • қысқа курс (34 сағат) – ондай мүмкіндіктері жоқ мектептер үшін.

10-сыныпқа арналған курстың теориялық бөлімі екі нұсқада да бірдей, айырмашылығы тек практикалық бөлімінің көлемі мен мазмұнында болды. ЭЕМ бар мектептерде қарастырылған қосымша 34 сағат әртүрлі есептерді шешуге ЭЕМ қолдануға, компьютерді пайдалану дағдыларын үйренуге және оны бағдарламамен жасақтауға арналды. Курс мазмұнын анықтағанда, ондағы тақырыптардың ретімен оқытылуына басты назар аудару керек. Осы екі мақсат (оқыту мазмұнын анықтау және оқыту реттілігін тиімді құру) өзара тығыз байланысты болып табылады. ИЕТН курсының негізгі мазмұны бағдарламаға [23] сәйкес төмендегідей тақырыптардан құралды:

9 сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

1. Кіріспе – 2 сағат

2. Алгоритмдер. Алгоритмдік тіл – 6 сағат

3. Алгоритмдер. Шамалармен жұмыс – 10 сағат

4. Есептер шығару үшін алгоритм құру – 16 сағат
10 сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

5. ЭЕМ жұмысы және құрылым принциптері – 12 сағат

6. Программалаумен танысу – 16 сағат

7. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ рөлі. Есептеуіш техниканың даму

болашағы – 2 сағат

8. Есептеу орталығына экскурсия – 4 сағат
ИЕТН курсының бірінші нұсқасында толық логикалық-дидактикалық талдау мұғалімдер үшін арнайы кітаптарда [9, 10] берілген, онда оқу материалдарының жаңа бөлімдері және оларды оқытудың әдістемелік ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Біріншіден, бөлімді оқу нәтижесінде оқушылар информатиканы ЭЕМ- де есептер шығару және оның тәсілдер туралы ғылым ретінде, информатиканың есептегіш техникалармен өзара байланысын танып білуі тиіс. Бірінші бөлімдегі маңызды ұғымдар – алгоритмді түсіну, ең маңызды білік – есептің шығарылуын алгоритм түрінде көрсете білу және оны алгоритм тілінде жаза білу. Соған байланысты оқушылар алгоритмнің мәнін түсініп, оның қасиеттерін білуі керек. Сонымен қатар, алгоритм тілінің негізгі құрылымдарының жазылу ережесін, шамалардың түрлерін, алгоритм қадамдарын есепке алу әдісі ретінде кестелік мағыналарды пайдаланып, алгоритмдердің машинасыз атқару принциптерін бақылай білуі керек. Бірінші бөлімнің соңғы тақырыбын оқығаннан кейін оқушылар ЭЕМ-де есептеу кезеңдерімен танысады, сөйтіп, практикалық есептерді компьютерде орындау туралы алғашқы түсінікке ие болады.

Курстың екінші бөлімінің мазмұны информатиканы бірінші жылда оқытуға енгізілген түсініктерді толықтырады және байытады, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға ғылыми негіз қалайды. ЭЕМ құрылымы туралы алған мағлұматтарын одан ары қарай дамытып, ЭЕМ жұмысын программалық басқару принциптері ашылады, программалардың автоматты орындалуымен танысады.

Сонымен қатар программалау бөліміне де маңыз беріледі, бұрынғы алған білімдеріне қосымша алгоритмдік тілдің жаңа құрылымдары, таңдау командасы, параметрлік цикл, функциялардың мәнін есептейтін алгоритмдер, мәтінмен жұмыс iстеу амалдары енгізіледі.

Программалау тілі жайлы алғашқы мәліметтер беріледі, сол арқылы ЭЕМ-да оқушылар программаларды орындау үдерісімен танысады. Курстың соңында оқушылар ЭЕМ қолданылатын негізгі салалармен танысып, аз да болса адам іс-әрекетінің тиімділігін арттырудағы компьютердің маңызы туралы түсініктер алады.



Мектептерде ЕТ кабинеті болмаған жағдайда бұл тақырыпты оқытқанда ЭЕМ пайдаланатын мекемелерге экскурсияның маңызы зор.

ИЕТН курсының [23] жоспарында қарастырылған алгоритмдерді сипаттайтын оқу құралына қосымша әдебиет ретінде А.П.Ершов жетекшілігімен басылып шыққан алгоритмдiк тіл туралы оқу құралы, енді біршама уақыт өткеннен кейін бiз бұл тіл алгоритмдеу негіздерін «машинасыз нұсқада» оқытудың ең жақсы тиімді тәсілi екендігін нақты айта аламыз. Жазудың белгілі бір еркіндігін меңгере отырып, алгоритмдік тіл алгоритмдеудің барлық негізгі ұғымдармен және әдістерімен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оның өзіне еліктіргіш қасиеттері бар, сондықтан да алгоритмдерді жазуға арналған дидактикалық құралдарды таңдағанда, осы алгоритм тіліне ден қойылады.

1. Қазақша лексика. Тілдің қолданбалы сөздері қазақ тілінде жазылады да, оқушыға түсінікті болады. Программалаудың басқа көп тараған тілдерінде шеттілдік сөздер оқыту үдерісінде қосымша қиындықтар тудырады, ал оның пәнге ешқандай қатысы жоқ. Бұл жерде қазақша деген сөзі қоспай-ақ қойған дұрыс сияқты.

2. Құрылымдылығы. Алгоритмдік оқу тілі Бейсик тіліне қарағанда, әлдеқайда жаңаша құрылымдық программалау идеяларына сүйеніп жасалған. Алгоритм тілінің ішкі құрылымдық бірлігі – құрамдық команда – алгоритм құрылымының және оның жазылуларының бірлігін адамның амалдарды ойлау қабілетіне барабар қамтамасыз етеді.

3. ЭЕМ-ға тәуелсіздігі. Алгоритм тілінде есептеуіш машинаның құрылысымен байланысқан бөліктер жоқ, бұл шығарылатын есептердің алгоритмдік мәніне көңіл аударып, ойды жинақтауға мүмкіндік береді.

ИЕТН курсы мектепке енгізілгенде, оның оқу жоспары да, осы жоспар негізінде жазылған оқулықтар да, мектептің соңғы бітіруші сыныптарына енгізілді де, қатты сынға алынды. Сынға алынған басты нысананың бірі – алгоритмдеу мен программалаудың шамадан тыс көптігі болды (шынында да, программалауға байланысты 2,3,4 және 6 бөлімдерге 68 сағаттың 48 сағаты қаралған). Мұны оңай түсінуге болады: программаны құрастырғанда тек қана сол кездердегі жалпы білім беру талаптарына сәйкес ғылыми-әдістемелік талдау жасалып қоймай, оған қосымша осы саладағы Отандық тәжірибелердің шын мәніндегі күйі, мектептердің материалдық-техникалық базасы, мұғалімдердің теориялық дайындығы ескерілген еді. Сонымен қатар, алғашқы оқу жоспарын жасаушыларда жаңа ақпараттық қоғамға бетбұрыс жасап, кеңінен мамандар дайындаудың қажеттігін біле тұра, оқытудың «машинасыз» нұсқасын қалап алды. Сондықтан да, оқуға бөлінген уақыттың басым көпшілігі алгоритмдеу мен программалауға жұмсалды, сол арқылы информатика пәнінің жалпы білімдік сипаты анықталды.


Информатика курсының алғашқы машиналық нұсқасы 1986 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсына арналған оқулыққа конкурс жариялануына байланысты жарыққа шықты [26]. Курстың оқу жоспары орта мектептің жоғарғы екі жылында оқытуға есептеліп, барлығы 102 сағат қарастырылған. Тақырыптар бойынша сағаттар шамамен төмендегідей бөлінеді:
1. Кіріспе – 2 сағат

2. ЭЕМ –мен алғашқы танысу – 8 сағат

3. Алгоритмдеу негіздері – 26 сағат

4. Есептеу техникасы негіздері – 12 сағат

5. Программалау негіздері – 20 сағат

6. ЭЕМ-де есептер шығару – 28 сағат

7. Қоғамдағы ЭЕМ – 6 сағат
Жаңа оқу жоспарына берілген түсініктемеге қарағанда [26], информатика және есептеуіш техника негіздері курсының мазмұны жалпы білім беретін оқу пәні ретінде жасалған. Бөлімдердің атауларын «машинасыз курс» бағдарламасының [23] оқу жоспарымен салыстыра отырып, олардың арасында айтарлықтай өзгешелік жоқ екенін байқауға болады. Дегенмен, алғашқы (оқушыларды ЭЕМ-ге жіберу мүмкіндігі жоқ мектептерде осы күнге дейін оқытылып отырған) курсты салыстырғанда, информатиканың «машиналық нұсқасы» оқушылардың есептеу техникасы кабинеттерінде ЭЕМ-мен жұмыс жасауына бағытталған. Сол себепті, жаңа оқу жоспарында практикалық жұмысқа көбірек сағат бөлінген. Оқу жоспары жасалғанда, келешекте тезірек барлық мектептер есептеуіш техникамен жабдықталады деп есептелінді. Ондай жағдайда, оқушылардың дүниетанымның жаңа құралы арқылы жұмыс жасай отырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік туар еді. Оқыту барысында, мектеп бітіргеннен кейінгі еңбекке баулу білімімен қаруландырып, біліктілігін арттырса, онан ары білім алуын жалғастырса, жан-жақты дамыған қазіргі заман талабына сай сауатты азамат болары сөзсіз [26].

Бұл оқу жоспарындағы маңызды ерекшеліктің бірі – алғаш рет ресми құжат құрамында информатиканы мектептерде оқыту туралы хабарланып, ИЕТН курсын оқу жоспарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс құралдардың тізімі жасалды:

1. Мектептердегі ЭЕМ-ді базалық программалармен қамтамасыз ету (операциялық жүйелер, файлдық жүйе, мәтіндік редактор).

2. Стандартты программалар кітапханасымен және өңдеу

жүйесі бар программалаудың тілдік жүйесі.

3. Пернетақталық жаттықтырушы.

4. Қарапайым мәтіндік редактор.

5. Қарапайым графиктік редактор.

6. Алгоритмдік тілді оқыту интерпретаторы.

7. Оқулық бағыттағы мәліметтер қоры.

8. Электрондық кестелерді өңдеудің оқу жүйесі.


9. ЭЕМ-мен алдын-ала танысуға арналған демонстрациялық

пакет.

10. Берілген командалар жүйесі бар атқарушылар.

11. Көмекші алгоритмдер кітапханасы.

12. ЭЕМ-ның құрылысы мен жұмысының моделін көрсететін

программалар пакеті.

13. Математика мен физиканың мектептік курсының тақырыптары бойынша оқыту-модельдеуші программалар пакеті.

14. Мәліметтердің типтік құрылымың программалық моделі (үлгісі).

15. Есептерді автоматты шығарудың оқулық пакеті.

16. Оқулық роботты басқаратын программалар пакеті.

17. ЭЕМ-ның қолданылуы туралы демонстрациялық пакет.
Аталған программалық құралдар тізімі ИЕТН курсының бөлімдерін қайталайтынын оңай байқауға болады, бірақ оның көпшілігі оқулық модельдердің болжамдағы компоненттерінен тұратын еді. Осының өзін байқау барысында оларды жасауға шақыру деп қарау керек еді. Келер жылдары олардың біразы шынында да өңдеп шығарылды және әртүрлі деңгейдегі дидактикалық пайдалылығымен және мектептерде қолданылатын әр түрлі типтегі ЭЕМ үшін бірнеше қайталанылатын нұсқада шығарылды. ИЕТН курсын оқытуды қамтамасыз ететін программалық құралдар пакеті – оқу үдерісіндегі кез-келген курсты оқытуға қажет әдістемелік жүйенің міндетті компонентіне айналды және «оқу пәні бойынша программалық құралдар пакеті» деген жалпылау ұғымның түп нұсқасы болды.

Программалау бойынша оқу құралдарының тізімінде оқулық алгоритмдік тілдің интерпретаторы ерекше орын алады. Оның ИЕТН курсын оқытудың әдістемелік жүйесін жасаудағы рөлі аса маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтып өткендей, информатика негіздері бойынша жаңа курстың – оны оқытудағы оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқыту әдістемесіндегі ерекшелігі, оқушылардың информатикадан әр сабақта ЭЕМ-мен тұрақты жұмыс жасауы болып табылады. Курстың барлық тақырыптары ЭЕМ-ді пайдаланып практикалық жұмыс істеуді белгілі бір мөлшерде қамтиды. Жаңа оқу жоспарының түсініктемесінде информатиканы оқыту әдістемесіне бірінші рет есептеу техникасы кабинетін пайдалануды ұйымдастырудың үш түрі енгізілді: демонстрация, зертханалық және практикалық жұмыстар.

«Машиналы нұсқаның» бағдарламасы мазмұнының тұжырымдамасы, оның негізінде дайындалып жазылған бірнеше оқу құралдарында түгелдей дерлік іске асырылды. Олар өз кезегінде байқау оқу құралдарынан соң, орта мектеп информатикасынан оқулықтар қатарын толықтыра түсті. Солардың ішіндегі оқулықтары мектептерге кеңінен таралған авторларды (А. Г. Кушниренко т.б. [13], В. А. Каймин т.б [12], А. Г. Гейн т.б. [4]) атауға болады. ИЕТН курсының жаңа нұсқасының мазмұнының бұрынғыдан айырмашылығы компьютерлік практикаға көп көңіл аударғандығында болды. Оқулықтар да тұтас алғанда өзгере қойған жоқ (тек оқулықтағы логикалық бағыттың көкейтестілігін ашуға тырысқан авторларды есепке алмағанда) [12]. Оқу құралдарының мұндай жаңа серияларының жарыққа шығуы қатаң сын-пікірлер ағынының шығуына әкелді. Айтылған сындар оқу құралдарына емес, оны жасауға негіз болған оқу жоспарларына айтылды, атап айтқанда ИЕТН курсындағы көлемі шамадан тыс көбейтілген алгоритмдеу мен программалауға және мектептегі оқу пәні информатиканың іргелі негіздерінің дамытылуына арналды. Мысалы, В.К. Белошапка [2] оқулыққа мынадай пікір айтты: «оқулыққа әр түрлі көзқараспен қарағанда, онда жазылмаған дүниеге көбірек талап қоюға болады». Информатиканың мектептегі курсы арқылы ақпараттық мәдениеттің жаңа компоненттерін меңгеру қоғамды ақпараттандыру үдерісінің жалпы жағдайына байланысты, материалдық базаны нығайтудағы кемшіліктермен және ақпараттық технологиялардың баяу таралуынан кешеуілдеп қалды. «Қолданылып жүрген оқулықтардың жалпы кемшілігі сол, олардың бірде-біреуі өте қысқа мерзімде академик А.П.Ершовтың жетекшілігімен жазылған алғашқы нұсқадан бір қадам да алға жылжыған жоқ. Алайда, шын мәніндегі информатиканың мектептік курсын жетілдіру жолында алға жылжуымыз авторларға байланысты емес, қоғамымызды ақпараттандыру деңгейіне байланысты. Мектептегі оқулық ұзақ мерзім бойы қажеттілікті шындыққа алмастыра алмайды, олай болмаған жағдайда информатика саласынан алған білімнің өз қажетіне жұмсалуы мүлдем тоқталар еді [14].