Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 900
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Информатиканың орта мектептерге арналған оқу құралдарының [4], [6], [14], [21] бiрнеше нұсқаларына өткiзiлген байқаудан кейiн информатика саласынан оқушыларға бiлiм беру мазмұны, мақсаттары кейбiр бөлiмдерде әртүрлi баяндалғандығын байқадық. Мысалы, [21] оқу құралы авторларының бағдарламасына түсiндiрме хатта «жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың алгоритмдiк ойлауын дамыту, және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу iс-әрекеттiнiң негiзгi мазмұны алгоритмдердi құру және талдау» деп айтылған [38, 4-б.]. Сол кездерi басқа оқу құралдарының [6] авторлары өздерiнiң бағдарламаларында «өмірге қажеттi есептердi ЭЕМ көмегiмен шығаруды оқушыларға оқыту – курстың негiзгi мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [38, 32-б.]. Сонымен информатиканы оқытудың [14] мақсаттарына әдеттегiден тыс түсiнiк берiледi – «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс iстеу шеберлiгi: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, iздеу, жинау және компьютерлiк программалармен жұмыс iстеу» [13]. Елімізде жарық көрінген бірқатар оқулықтарда информатиканы оқытудың мақсатын ақпараттық процестерді ұйымдастырудағы қол жеткізген деңгей мен ақпараттық қатынастағы адамдарды қанағаттандырылу дәрежесі, әлемнің тұтас бейнесін көруді қамтамасыз ететін, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, пайдалану, құрудың деңгейі тұрғысынан қарастырған [50, 51, 52] .
Белгiлi авторлардың теріс көзқарас қалыптастыратын пiкiрлерi жергiлiктi орындардың практикалық әрекеттерiнде “анархияны” күшейттi, яғни мұғалiмдер құрастырған авторлық бағдарламалардың пайда болуына алып келдi. Бұл авторлық бағдарламаны құрастырған информатика пәнiнiң мұғалiмi болып қызмет атқаратын инженер мамандар едi. Бұлар өз кезегiнде - Бiлiм Министрлiгi ұсынған, ғылыми-педагогикалық ұжымдар өңдеген бағдарламалар бар бола тұрып одан бейхабар екендiгiн ескермеуге болмайтын. Мұның бәрi “Информатика және есептеуiш техника” пәнiнiң жалпы жағдайын үрейлi күйге алып келдi.
Бұл жағдай бiршама уақыт түсiнiксiз күйде қалды, курстың негiзгi ұғымдарының мақсаты, мiндеттерi, тiптi құрамы мен мазмұны жоғарғы деңгейде еркiн түсiндiрiле бастады. Оқу бағдарламалары әртүрлi бола бастады, көп жағдайда информатиканы ғылым ретiнде көрсете алмайтын бiржақты, тек қана ақпараттың алу, сақтау, өңдеу, беру, қолдану аспектiлерiн үйрететiн пәнге айналдыра бастады [2]. Көптеген жағдайларда оқытудың мазмұны қарапайым практикалық программалауға (Бейсик, Паскаль, Си және т.б.), шектен тыс информатиканың технологиялық аспектiлерiне қызығушылыққа бағытталды, ал бастапқы бағыты іргелі жалпы бiлiм беру негiзiнiң дамуы тежелу күйiне ендi.
Сонымен, мәселе жоғарыда айтылған қысқа уақыттың, ұйымдастырушылық шығындарымен түсiндiрiлген дағдарыс жағдайлар уақыт өте келе дұрыс жолға түсе бастады. Оқушыларға информатиканы оқытудың алғашқы мақсаттарының тұрақсыздық күйге ену негiзiне терең және қиын жойылатын қарама-қайшылық жатады.
Мектепке енгiзiлген «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» курсын ең басында қабылданған шешiм бойынша мектептiң екi жоғарғы класында орналастыру мектептегi информатика тұжырымдамасы авторларының пiкiрiнде емес, практикалық жағдайларға байланысты жүзеге асырылды, себебi мектептiң базасының жоқтығы, мұғалiм мамандардың дайын болмауы мектептiң оқу жоспарына информатиканың тереңдеп енуiне керi әсер еттi. Дегенмен, 1990 жылдардың ортасына қарай-ақ «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» пәнін мектептiң тек жоғарғы сыныптарында ғана оқытудың жеткiлiксiздiгi айқын белгiлi бола бастады, сондықтан бұл парадигма ресми стратегия ретiнде өзiн көрсете алмады.
Сонымен, орта мектепте информатикадан үздiксiз бiлiм беру мақсатында оны оқыту төменгi сатыларға түсiрiлдi. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңдi қамтыды (қамту ұсынылды):
-
Бiрiншi кезең (І-VI) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын программаларын және қарапайым компьютерлiк жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттiң алғашқы элементтерi қалыптасады. -
Екiншi кезең (VII-IX) - негізгі курс, информатикадан оқушылардың мiндеттi, жалпы бiлiм берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етедi. Ол оқушылардың есептердi шешудегi ақпараттық технологияның әдiс- тәсілдерiн меңгеруге, кәсіптік, оқу әдiстерiне компьютердi тәртiптi және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 34
Үшiншi кезең (X-XI) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсiптiк дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретiнде бiлiмнiң жалғасуы [29], 18-19 б.].
Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуiне байланысты мектептегi барлық оқу пәндерiн оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдiстерi мен тәсiлдерiн жүйелi қолдану мүмкiндiгi жоғарылайды деген тұжырымға келді.
Мiне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға бiлiм берудiң мақсатын қайта бөлу мәселесiн қамтамасыз етедi. Сондықтан кiшi сыныптардан бастап компьютердi барлық пәндердi оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлiк сауаттылық икемдiлiктерi жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерiнде қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлiк сауаттылықтың көптеген компоненттерi ерте, әрi басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды, сонда компьютерлiк сауаттылықтың өзi тек информатика курсымен байланысты “тұтас бөлiнбейтiн” мақсат ретiнде қарастырылмайды.
Жаңа тәсiл мектептегi информатика курсының меншiктi мақсатының маңыздылығы айқын көрiнетiн мiндеттердiң оның орнын өзiндiк мектеп пәндерi сияқты берiк және ұзақ мерзiмге созылған іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiне сәйкес жаңа түрде қарастырды. Осыған байланысты мекеме шешiмi мектеп информатика курсының ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне зор назар аударудың айқын тенденцияларына, оқытудың жалпы мiндеттерiн шешуге арналған потенциалдық мүмкiндiктерiне байланысын белгiледi. Басқа сөзбен айтқанда қолданбалы есептерден бастап бағалы, жалпы бiлiм беру оқу пәнiне компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру. Мектепте оқытудан компьютерлiк сауаттылық пен ақпараттық мәлiметтi қалыптастыру- мақсатының бөлiнген сипаттамасы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесiн құруға жаңа тәсiлдi қажет етедi. Бұл мекеменiң шешiмiмен қалыптасқан, сол уақытта жекеше мақұлданған оқу бағдарламалық кешендерi ұсынылды, олар: А.А.Кузнецовтың информатикадан базалық кешенi [29, 20-23 б.] сол сияқты, орта мектепке арналған үздіксіз курстың А.Л.Семенов пен Н.Д.Угриновичтың [29, 23-29 б.], Е.Я.Коган мен Ю.А. Первиннің [29, 29-36 б.] жасаған екі нұсқасы болды.
Информатика саласынан оқушыларға бiлiм берудiң іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiн iздеу мiндетiне ерекше көңiл аудару тағы да осы мәселенiң қарапайым емес екендiгiн растады [29]. 1990 жылдардың екiншi жартысында талқылауға арналған келесi мәселе, яғни информатикадан жалпы бiлiм берудiң дамуына, мектеп информатикасының іргелі негiзiне сүйенiп – информатиканы оқытудың мазмұнын «технологияландырудың» етек алу қаупi шиеленiстi.
Бұған алғашқы себеп, дербес компьютерлерде жүзеге асырылатын, практикалық iс-әрекеттiң әртүрлi салаларында кеңiнен таралымға ие болған ақпараттық технологиялар (АТ) болды. Сонымен қатар қоршаған ортаның қолдауына ие болған, жастарды АТ қолданудың практикалық дағдыларына оқыту оқушылардың және олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды.
Бiрақ бұл шын мәнiнде позитивтi үдерістер, аса прагматикалық тұжырымдамасы оқушыларға арналған информатикадан оқу құралдары мен жекелеген мектеп бағдарламаларының мазмұнына керi әсер етуiне алып келдi [9], [48]. Нәтижесiнде информатика саласынан іргелі, жалпы бiлiм беретiн негiзiн мектепте бiлiм беру саласынан «ығыстыру» қаупi пайда болды, ал мектептегi оқу жоспарында бiлiм берудiң жаңа саласы «Технология»-ның пайда болуымен мектептегi жеке информатика пәнi толығымен жоғалып кеттi.
«Дөңгелек үстелге» қатысушы педагогтардың пiкiрлерiнен «мектептегi информатика пәнiнiң болашағы - оның іргелі компоненттерiнiң дамуы, ақпараттық технологиялар саласына батуында емес» деп қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың iшiндегi ең өктем, жоғарыда айтылған көзқарастарды жақтайтын пiкiрлердi келтiрейiк.
А.И.Сенокосов: «Мен «машина сезiмi» информатиканың іргелі негiздерiн оқығанда ғана келетiндiгiне күмәнданбаймын… Ешқандай мәтіндік редактор, мәлiметтер қоры, электрондық кесте алгоритмдiк ойлауды дамытатын «Лого-тасбақа» түрiндегi қарапайым орындаушыны алмастыра алмайды. Мектепте 7-9 базалық бағдарламасында бiрнеше жыл жұмыс iстеу маған мектеп бiтiрушiнi толық компьютерлiк сауатты деп есептеу үшiн Norton Comander, Windows, Word, Access және т.б да «ексел- мокселдердi» оқытудың түкке керек еместiгiн растау құқығын бередi».
А.С.Лесневский: «Компьютер күннен-күнге тұрмыстық бола бастады және ең бастысы, неғұрлым қолайлы құрал, оны программалық қамтамасыз ету қарапайым бола бастады. Сондықтан жалпы пайдалы ақпараттық технологиялар нарығында әлеуметтiк бейімделу мәселелерiн шешуде технологиялық компоненттiң орны неғұрлым қарапайым бола бастайды».
Е.К.Хеннер: «Технология жалпы бiлiм беретiн курспен қатар, технологияны оқыту жалпы бiлiм беру курсынан кейiн, техникалық кәсiптiк оқыту орындарында (ТКОО) мамандыққа дайындықтың бөлiгi ретiнде, бiрақ жалпы дамуды алмастыратын технология жоқ».
Информатика – айқын іргелі компоненттерiмен ерекшеленген дербес оқу пәнi - мiне, мектеп осыған бағытталуы тиiс едi, бiрақ бұл үшiн ғылыми iзденiстiң белсендi жалғасы, бiлiм берудiң іргелі бөлiгi ретiнде осы пәннiң жалпы бiлiм берудегi орнын қайта ойлану керек.
Информатика ғылымының іргелі қайнар көзiнiң анықталуына байланысты оқушыларға ақпараттық бiлiм беруге мақсат қоюдың маңызды аспектiсi Мәскеу бiлiм беру департаментiнде МИПКРО - ректоры А.Л.Семеновтың жетекшiлiгiмен қабылданған кең тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс негiзiнде қойылған. А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша, мектептегi информатиканы келесi саладағы элементтер құрайды:
-
математикалық информатика; -
ақпараттық технологиялар құралдарымен (АТҚ) жұмыс iстеудегi практикалық дағдылар, соның iшiнде компьютерге қандай да бiр кең таралған әмбебап программалау тiлiнде программа жазу шеберлiгi; -
ақпараттық мәдениет, яғни қоршаған ортадағы ақпараттық үдерістер туралы, ақпараттардың қайнар көзi туралы, ақпараттық құралдар туралы, моральды этикалық және заңды нормалар жүйесi туралы жалпы түсiнiк, бағалы бағыт-бағдар [40].
Бұл жерде басты назар математикалық информатика сөз тiркесiне ауатындығы байқалады. А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша, “математикалық информатика ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымалдау үдерістерiнiң теориялық модельдерiн беретiн информатиканың іргелі ғылыми, жаратылыстану бөлiгi. Бұл өзiнiң обектiсi, ұғымы және әдiсi бар - математиканың бір саласы. Оны үйренудiң пәнi конструктивтi обьектiлер және алгоритмдiк сипатталған, яғни осы объектiлер арасында жүзеге асырылатын үдерістер болып табылады” [39]. Компьютер пайда болмай тұрып табылған, математикалық информатиканың маңызды теоремалары мен анықтамаларын үйренудiң қажеттiгiн, абстракциялық қандай дәрежеде терең екендiгiн оқушыларға арналған тиiстi оқу материалы мәлiмдей алады? А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша кеңес дәуiрiндегi информатика курсы, негiзiнен, математикалық информатика курсы болды. Ал Гильберт, Гедель, Тьюринг, Пост нәтижелерiмен не iстеуге болады? Немесе соңғы обьектiнiң колмогоровтық күрделiсi мен оның базасында пайда болған ақпараттың алгоритмдiк теориясымен не iстеуге болады? Әңгiме мектеп информатикасына информатиканың іргелі негiзiн құрайтын жалпы бiлiм беру элементтерiн анықтап, енгiзу туралы болуы мүмкiн. Олар мұнда «математикалық информатика» терминiн қолданбаса да, бұл педагог-информатиктердiң ерекше қамқорлықтағы жұмысы болып табылады.
Ресей Бiлiм беру Академиясында (В.С.Леднев, А.А.Кузнецов, С.А.Бешенков) дамыған ғылыми бағыттар ауқымында жалпы бiлiм беру мазмұнына, яғни «негiзiнде ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау және тасымалдау үдерістерi жататын өзiн-өзi басқару феноменiн оқып-бiлуге бағытталған» базалық кибернетикалық бiлiмдi