Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 897
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [32]. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі саласында компьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен түсіндіріледі.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
-
есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру; -
оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу жаратылыстану пәндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндігі оқудың көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге әкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді, олардың өз бетімен оқу әрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған [32], алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған [11]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген [11]:
-
ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде программа, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау негіздері; -
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары; -
ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері; -
өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» [32, 5-б.] және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [12, 3-б.] Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз:
Алгортимдік мәдениет Компьютерлік сауаттылық
Төменде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы, оқушыларға арналған байқау оқу құралдары мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар пайда болғаннан соң мамандар мен педагогтардың жиналысында талқыланған «компьютерлік сауаттылық» ұғымына берілген толықтырулар келтірілген [5, 8, 17, 27, 28 және т.б.].
1. Компьютермен «сұхбаттасу» икемділігі. Компьютермен «пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және сөндіру шеберлігі, дисплеймен жұмыс істеу шеберлігі, яғни пернетақтамен жұмысты меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу, енгізілген мәліметтерді түзету, программаны енгізу, іске қосу және түзету болып табылады. Бұған оқушылардың мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, әр түрлі ойын программалары сияқты қарапайым сервистік программалармен жұмыс істеу сонымен қатар, компьютермен сұхбаттық режимде жұмыс істеу сияқты дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл бағытта білім, біліктілік және дағды - өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.
2. Компьютер үшін қарапайым программалар құру. Жалпы орта білім беретін мектептердің мақсаты программалаушылар дайындау болып табылмайды, сондықтан, ЭЕМ үшін программалаудың негізгі принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс.
Бұл үдерістің жүзеге асырылуы бірте-бірте және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Дербес программалар жазудың, әсіресе тармақталу мен циклдерді ұйымдастыруға енетін оқушылардың алғашқы икемділіктері, программалауға дейінгі қарапайым және көрнекілік құралдардан тұратын алгоритмдік мәдениеттің компоненттеріне негізделеді. Білім берудің жоғары сатыларында пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында бірнеше программалау тілдерімен таныстыруға болады. Бұл деңгейде, дегенмен, программа жазылатын тілді таңдаудың қажеттілігіне қарағанда программалаудың негізіне жататын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік және дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.
3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компоненті екі негізгі құраушы бөліктен тұрады:
а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі;
ә) компьютердің негізгі элементтерінің физикалық негіздері және жұмыс істеу принциптері.
Бұл компоненттің оқушылардың меңгеруіне қиын болса да, маңызды дүниетанымдық мағынасы бар. Алғашында бұл туралы мәліметтер информатика курсында қолданбалы сипатта болуы, ең алдымен қолданушының қажетіне жарауы, оған жеке машинаның мүмкіндіктерін бағалауға немесе әртүрлі компьютерлі салыстыруға көмектесуі тиіс деп есептелінген. Әрине, физика курсында ЭЕМ-нің жұмыс істеу негізіне жататын әр түрлі физикалық құбылыстар, ал математика курсында немесе информатика курсының іргелі бөлімінде оның жұмыс істеу принциптеріне жататын мейлінше жалпы және абстрактілі жағдайлар дәлірек қарастырылады [5].
4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компонентін қалыптастыру информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі, ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушыларға бірқатар оқу пәндерінен әртүрлі мәселелерді шешуде компьютерді практикалық қолдану үдерісінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу ауқымы мен рөлі туралы ашып айту мақсатқа сай келеді. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия пәндерінде есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мәліметтерін талдауда және зертханалық жұмыстарды жүргізудегі заңдылықтарды іздеуде, алгебра курсында функцияны зерттеуде
, математикалық модельдерді, физикалық, химиялық, биологиялық және басқа құбылыстар мен үдерістерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы ЭЕМ-ді география, тарих және басқа да гуманитарлық пәндерде ақпараттық жүйе, мәліметтер қоры, автоматты анықтама ретінде қолдануларына болады.
Пәнді мектепке енгізудің алғашқы кезеңінде пайда болған компьютерлік сауаттылық түсінігі бұл күнде де әдістемелік әдебиеттерде белсенділігін жойған жоқ. Жоғарыда айтылған қысқартылған төрт компоненттен тұратын компьютерлік сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, программалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Компьютерлік сауаттылықтың барлық компоненттері сақталғанның өзінде олардың біріне аса көп көңіл аудару информатика пәнін оқытудың мақсатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Мәселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік технологияларды меңгеруге бағытталады. Программалау компоненті үстем болғанда курстың мақсаты программалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с.
3.3 Оқушылардың ақпараттық мәдениетi және медиасауаттылығы
Мектептегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа «Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп пәні бағдарламасының «машиналық» нұсқасы ретінде енді [36].
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компьютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқушыларда:
-
практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын; -
қойылған есептердің формальды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін құру икемділігін; -
негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық модельдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін; -
ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін программа құрудың қарапайым дағдыларын; -
практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.
Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады [36].
Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз [32, 6-б.]. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін көрнекі түрде жүзеге асыруға және біртіндеп қарастыруға мүмкіндік беретін информатиканың «машиналық» курсына осы материалды енгізу алғаш рет бұрынғы әдістемелік түпкі ойдың ойдағыдай шешілуіне арналған алғы шарттарды туғызды.
Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік: компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді.
Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды-әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі.
Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:
Алгоритмдік мәдениет →Компьютерлік сауаттылық→Ақпараттық мәдениет→?
Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның «машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді. Сонымен бірге, «ақпараттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты. Айтылғандар оқушылардың ақпараттық мәдениеті уақытпен шектелмеген тұрақты даму барысында компоненттермен толықтырылып, ұдайы даму үстінде болатындығын және бұл өз кезегінде мектепте жалпы білім беру талаптарының қазіргі ғылым мен практиканың дамуына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғымының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті элементі болып табылады [35, 45, 47 және т.б.]. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да үдерістер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.