Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 880
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері
Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі болғандықтан, оқушыға қоғамдағы өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибе меңгеруге, яғни оқу мен тәрбиенің жалпы мақсатына жетуге бағытталады.
Сыныптан тыс жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
-
Оқушыда жағымды МЕН-тұжырымының қалыптасуы, ол келесідей сипатталады: а) оған басқа адамдардың жақсылық тілейтіндігіне сенімділігі; ә) түрлі әрекеттерді сәтті меңгергеніне сенімділігі; б) өзіндік мағынасына сезіммен қарауы. Жағымды МЕН-тұжырымдамасы оқушының жеке тұлғасының әрі қарай дамуының негізі болып табылатын оқушының өз өзіне жақсы қарауымен, өзін-өзі бағалауымен сипатталады. Түрлі сыныптан тыс әрекеттер сабақта көріне бермейтін оқушының жеке мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс әрекеттердің әртүрлілігі баланың өзіндік құрылуына, өзін-өзі бағалауға, өзі-өзі сенуіне, яғни өзін-өзі жақсы қабылдауына әсер етеді. Оқушыларды түрлі сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру олардың өзіндік тәжірибесін арттырады, адам әрекеттерінің әртүрлігі жайында білім береді, қажетті біліктілік пен дағдыны қалыптастырады. -
Қарым-қатынас дағдысы мен ұжымдық өмір тәжірибесінің жинақталуына жағымды шарттар құру. Мұнда оқушылар көпқырлы өзара қатынасқа түседі. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формасында өздерінің жеке қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Осыған байланысты сыныптан тыс әрекеттер оқушыларға оқу тәрбиелік әсер береді. -
Әрекеттердің әр түрімен танысып, сәйкес жеке қызығушылық пен қажетті біліктілік пен дағдыны меңгеруге бағытталған өнімді, әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін құру. Сыныптан тыс жұмыстарда біліктілікті қалыптастыру үшін өнімді, әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін құру шарттары қалыптасады. Бұл кезең қоғамға қарсы өмір салтын (қылмыс, нашақорлық, ішімдік және т.б.) ұстанатын жеткіншектер санының өсуі кезінде өте маңызды. -
Дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерінің құрылуы. Сыныптан тыс жұмыс кезінде құлықты түсініктерді меңгеру арқылы моральдік нормалар қалыптасады. Эмоционалдық орта шығармашылық әрекетті эстетикалық ұсыну арқылы құрылады. -
Танымдық қызығушылықтың дамуы. Сыныптан тыс жұмыстың бұл міндеті оқу және оқудан тыс әрекеттерді біріктіреді, себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтың оқу тәрбиелік жұмысымен байланысты, сонымен қатар, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде оқушылардың қызығушылығын тәрбиелеу маңызды міндет – оқушылардың мамандық таңдауы мен еңбекке дайындығын шешумен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрі оқушылардың кәсіби қызығушылығының тууына алып келеді, оларға арнайы білім, біліктілік пен дағдыны меңгеруіне көмектеседі.
-
Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Қазіргі кезде оқушылар бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде байланыс орнатылған. Кейбір балалар мектеп не сынып өмірімен, қоғамдық талаптармен санаспайды, ешқандай үйірмелерге қатыспайды. Бос уақыттың көп болуы және оны қолдану мәдениетінің мәселесі қоғамда үлкен мәнге ие. Үлгермейтін балаларды оқу сабақтарынан алаңдатпау керек деген пікір бар. Бұл дұрыс емес, себебі дәл сондай балаларға бос уақытты қалай қолдану керектігіне көмектесу керек. Информатикадан оқу үлгерімдері төмен оқушыларға үлкен мүкіндіктер ұсынады.
Тізбектелген міндеттер сыныптан тыс жұмыстың негізгі мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тәрбие жұмысында сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар және т.б. нақтыланады.
Сыныптан тыс жұмыстың қызметтері
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері оның – білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметін анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың білімділік қызметі оқу әрекетіндегі қасиетке ие емес. Сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық және тәрбиелік қызметтердің тиімді әсер етуіне ықпал етеді, бұл қызмет ғылыми, оқу білім, біліктілік пен дағды жүйесін қалыптастыру емес, белгілі бір құлық дағдысын, ұжымдық өмірді, қатынас дағдысын үйренумен аяқталады.
Алайда сыныптан тыс және оқу жұмысының дұрыс үйлесуі оқу тәрбие әрекеті жүйесін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бірегей және міндетті оқу жоспарын сақтауда тәрбие мен оқудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі мәнін дамытушылық қызмет атқарады, себебі мұнда жеке қабілеттер анықталып, дамытылады. Мысалы, әртістік қабілеті бар оқушы мектептік мерекелерге, КТК-ға (көңілді тапқырлар клубына) қатыстыруға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
Сыныптан тыс жұмыс оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтау жалпы принциптер негізінде құрылады.
Мақсатты баптау принципі оқу тәрбие міндеттерін нақты жоспарлауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде мақсаттың болмауы мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты бұзады, нәтижесінде сыныптан тыс жұмыс тиімділігі нөлге теңелуі немесе кері нәтиже беруі мүмкін.
Алдымен күтілетін нәтижені анықтап алу керек. Бұл міндеттерді құндылықтар жүйесінің позитивті құрылуы мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы шешуге көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстардың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен байланыстылық принципінің маңыздылығы қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағыт алуы тиіс.
Оқу тәрбие принципінің бірлік пен бүтіндік принципі ең алдымен оқу мен сыныптан тыс жұмыстың барлық ұйымдастырушылық байланысын білдіреді. Оқушылардың жеке дара қабілеттерін есепке алғанда педагогикалық үдерістің бұл қырларының үзідіксіздігі оның тиімділігін арттырудағы маңызды шарт болып табылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі білім беру мен тәрбиелеу мақсатынан шығып отыр, себебі ұжымда ғана тұлға жан жақты қалыптаса алады. Сыныптан тыс жұмыс түрлі ұжымдық әрекеттерге тұрақты қатысуға кең мүмкіндіктер ашады.
Сыныптан тыс жұмыс табиғаты бойынша оқушылардың белсенділігін талап етіп, өз әрекеттерінің ашық көрінуіне ықпал жасайды. Олар мұнда өздерінің қалауы бойынша тапсырмалрды таңдап ала алады, оны жоспарлау кезінде қатынаса алады, міндетті шешу жолдары мен құралдарын анықтай алады. Сондықтан бұл әрекет белсенділікті дамыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзіндік қызмет қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыста жас ерекшелік пен жеке қабілеттерін ескеру принципі күш пен мүмкіндікті ескере отырып, әрбір оқушының әрі қарай дамуына ықпал етуі керек.
Бастауыш сыныптағы информатикадан сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың дүниетанымына сай болуы керек. Бұл жастағы оқушылар зейінінің тұрақсыздығы олармен жұмыстың жарқын, эмоционалдық түрлерін іздестіруді талап етеді. Ойын әрекеттері бар жұмыстар тиімді болып саналады. Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтары әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың кейбірі ғана сыныптан тыс жұмысқа кіріктіріледі. Бұл оқушыларда әлі ұжымдық байланыс төмен, өз бетінше жұмыс істеуі, өз күшіне сенімділік те басым емес. Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс кезеңі мұғалімнің бақылауында болады.
Орта жастағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс мектепте меңгерілген білімді есепке алуды талап етеді. Бұл жастағы оқушылар еңбекте өздерінің есейген іс әрекеттерін көрсете алады, қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге тырысады. Бұл топтағы оқушылар үйірмелерге қатысып, өздері таңдау жасай алатын кезге жетеді. Мұнда тәрбиешінің міндеті – қызығушылығын қанағаттандырып, мүмкіндігін ашатын сыныптан тыс жұмыстарға тарту.
Жоғарғы сынып оқушылары жоғары немесе орта кәсіптік оқу орындарының болашақ студенттері немесе өндірістің түрлі бағыты мен қызмет көрсету орталықтарының жұмысшылары. Тәрбие жұмысында оқушылардың жеке дара қабілеттерін темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, әдеті пен талғамын ескерген жөн.
Талапшылдық пен тұлғаны сыйлау бірлігінің принципі сыныптан тыс жұмыс үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде қызығушылығы жағынан топтағанда, мұғалімнің ұстанымы басқаша: мұғалім тәжірибелі, білімді жолдас ретінде көрініп, оқушылардың ойымен және қызығушылықтарымен санасады.
Сыныптан тыс жұмыс оқу тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі, оқушыларда тұрақтылық, ерік және жігерді тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімге де көп пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің байланысы маңызды, мұғалім өзіне қажетті сапаларды анықтайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім тұрақты шығармашылық ізденісте болуы керек. Мұғалімнің шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігін арттыруда қажетті шарт болып табылады.
8.3.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің түрлі қырлары баланың жеке тәжирибесінде нақты орын алған бейімделген, әлеуметтік тәжірибені қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын топтау төменгі факторлармен сипатталады:
-
эмоционалдық аспектіні ақпараттық аспектімен басып озу: тиімді тәрбиелік әрекетке бала сезіміне, оның уайымына, яғни эмоция арқылы ақылына қарауды талап етеді; -
сыныптан тыс жұмыс мазмұнында анықтауыш мәндер білімнің тәжірибелік қырына ие, яғни, сыныптан тыс жұмыс мазмұны түрлі білік пен дағдыны бекітуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқу біліктілігі қалыптасады, ақпараттарды іздеуде, түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда, қарым-қатынасқа түсуде, серіктес бола білуде, этикалық нормаларды сақтау кезінде өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында теориялық аспектіні тәжірибелік аспекті басып озатын болғандықтан, мазмұнды әлеуметтік тәжірибені сол немесе басқа аумақтан меңгеретін оқушы әрекеті тұрғысынан қарастырған дұрыс.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды оқытуда құрылымдық біліктілікке, модельдеу дағдысына, көрнекілік пен программалық құралдар дайындауға бағытталған тәжірибелік мазмұнда бола алады және болу керек.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу кезінде қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуге бағытталып ұйымдастырылған, бағытталған жұмыстардың рөлі зор. Бұл жұмыстың мақсаты оқушыларда білім қорын көруге, оқу мәдениетін меңгеруге арналған.
Жоғары сынып оқушыларының оқу шеңбері көркем әдебиет, ғылыми-атақты әдебиеттер, ақпараттық әдебиеттер, сонымен қатар кәсіптік бағыттағы олардың қызығушылығымен байланысты әдебиеттер болуы керек. Мұндай кезде конференциялар