Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 891

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары



Д.Н.Унадзе және басқалар жасаған экспериментальді зерттеу әрекетті баптаудың оның тиімділігін арттыратындығын дәлелдеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
Сыныптан тыс жұмысты мектепте барлық педагогикалық ұжым жүргізеді: директор, оның орынбасарлары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, тіпті ата-аналар комитеті. Оқушылар сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде қатыстырылады.

Сынып жетекшісі сыныптан тыс жұмысты өз сыныбында жоспарлап, бағыттайды. Сыныптың сыныптан тыс жұмысы мектептің жалпы оқу тәрбие әрекетіне байланысты болады. Әрбір мұғалім жоспар құрып, мектеп әкімшілігі бекітеді.

Жоспар былтырғы тәрбие жұмысының талдау нәтижесіне байланысты құрылады.

Сыныптан тыс жұмыстың жоспарын құру үдерісі оқушыларды тәрбиелеуде пайдалы біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда үлкен мүмкіндіктерге ие. Сондықтан да оқушылардың талаптары мен тілектерін есепке алып, олармен жоспарды талқылау қажет, уақыт аралығы мен орындаушыларды бірігіп анықтауға болады. Ол үшін оқушылармен әңгімелер ұйымдастырып, сауалнама жүргізуге, жазбаша жұмыс материалдарын пайдалануға болады. Бұл жұмысқа оқушылардың ата-аналарын да тарту қажет.

Жоспардың орындалуын директор мен оның орынбасарлары қадағалап отырады. Олар сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, мұғалімдермен отырып, оларды талдайды, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстың сапасы жағынан сұрақтармен алмасып, педагогикалық кеңестері айтылады.
8.3.5 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың екі түрін атап көрсетуге болады: бағдарлама материалын меңгеруден қалып қойған оқушылармен жұмыс; информатикаға аса қызығушылық танытқан оқушылармен жұмыс.

Бірінші бағыт бойынша келесіні атап өтуге болады. Бұл бағыт қазіргі таңда әрбір мектепте бар. Информатиканы оқыту тиімділігін арттыру үлгермеушілермен қосымша оқу жұмысының мәнін төмендетеді. Тамаша жағдайда сыныптан тыс жұмыстың бірінші түрі ашық көрінген жеке сипатқа ие болу керек, ол тек қана мынадай жағдайларда көрінуі тиіс: оқушының жалғасымды ауруында, бір мектептен келесі мектепке ауысуы кезінде. Алайда бұл жұмыс қазір пән мұғалімінен мәнді көзқарасты талап етеді. Оның негізгі мақсаты информатика курсы бойынша информатикадағы артта қалған оқушыларды уақытысында анықтау.


Сыныптан қалып қойған оқушыларға сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың кезеңдері:

  1. Аз баладан құралған топпен информатикадан қосымша сабақтар өткізу. Бұл топтағы оқушылар білімі өзара шамалас болуы керек.

  2. Балаларға берілетін тапсырмаларды жекелендіру. Әр балаға алдын ала дайындалған бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар беруді ұйымдастыру.

  3. Аптасына бір реттен кем емес қосымша өткізу.

  4. Өтілген тақырып бойынша қорытынды бақылау алып, тақырып бойынша бағалау жасау.

  5. Информатикадан қосымша сабақтар үйретуші сипатта болу керек.

  6. Информатика пәнінің мұғалімі оқушының материалдан қалып қою себептерін анықтап отыру керек.

Екінші бағыт - информатикаға аса үлкен қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыс, олар мына төмендегі негізі мақсаттарға сай болуы керек:

  1. Информатикаға тұрақты қызығушылық тудыру;

  2. Бағдарлама материалы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

  3. Оқушылардың қабілеттерін тиімді дамыту мен олардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдыларын анықтау;

  4. Ойлау мәдениетін дамыту;

  5. Оқу және ғылыми танымал әдебиеттермен өз бетінше және шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу дағдысын дамыту.

  6. Қоғам өміріндегі информатиканың практикалық маңыздылығы туралы кең және терең түсінік беру;

  7. Әлемдік ғылымда информатиканың рөлі мен мәдени тарихи құндылығы жөнінде кең әрі терең түсінік беру;

  8. Оқушыларда ұжымдық сезімді дамыту және ұжымдық жұмыс пен жеке жұмысты кіріктере алуға үйрету;

  9. Информатика мұғалімі мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату.

  10. Берілген сыныптың ұжымы ішінен информатиканың тиімділігін арттыруға көмектесе алатын мұғалімнің белсендісін анықтау.

Осы мақсаттар сабақтарда жекелеп жүзеге асады. Бірақ, сыныптық тапсырмалар үдерісінде уақыт та бағдарламада оқумен шектелген, бұл жұмысты толыққанды ете алмайды.

Оқу-тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс жұмыс арасында тығыз байланыс бар: оқу тапсырмалары, білімге деген оқушы қызығушылығын арттыру және керісінше сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада кеңінен қолдана алады.
Сыныптан тыс мерекелердің кейбір түрлері
Информатикалық кеш - сыныптың жұмыс қорытындысын өткізуге арналған форма. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің мазмұнын ойластырады. Кешке материалдар таңдайды: әзіл тапсырмалар, жинақтауға арналған тапсырмалар, ребустар, софизмдер, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар. Кештің тәрбиелік мәні: оқушылар сыныптың намысы үшін күреседі, оқушылардың бойында жеңіске жетуге деген сезіммен күреседі.



Информатикадан викторина – бұл ойын. Мұны үйірмеде қолданған тиімді. Викторинаның тапсырмалары мазмұны жеңіл, түсінікті, жазуды қажет етпейтін, ойша шешуге арналған сұрақтар болуы тиіс. Сабақ кезіндегі шығарылатын есептер викторинада қызықсыз. Есептерден бөлек викторинаға информатикадан сұрақтар қосуға болады. Тіпті әзіл-есептер де қосуға болады. Викторина қандай да бір тақырып көлемінде немесе құрастырылған да болуы мүмкін.

Белгілі тұлғалармен кездесу – өскелең ұрпақты қалыптастырудың маңызды құралы. Мұндай кездесулер сыныптық не болмаса жалпы мектептік болуы мүмкін. Кездесу «компьютерлік» мамандық өкілдерімен, компьютер қолданатын басқа маман иелерімен, сәйкес мамандық таңдаған мектеп түлектерімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мұғалім кездесуді ашып, сөз сөйлеген кезде кездесуге шақырылған тұлға жайында қысқаш айтып өтіп, сөз соңында тыңдаушыларға рахмет айтуы тиіс.

Іскерлік ойындар – оқытудың белсенді әдісі. Мұндай ойындар ұйымдастырылған семинар негізінде де болуы мүмкін.

Іскерлік ойындардың негізгі белгілерін В.Я.Платов төмендегідей ұсынады:

  • объект моделінің болуы;

  • рөлдердің болуы;

  • шешімін табу барысында рөлдік мақсаттарды айыра білу;

  • қандай да рөл орындаушы қатысушылардың қатынасы;

  • барлық ойын ұжымының ортақ мақсатының болуы;

  • шешімнің көпнұсқалылығы;

  • эмоционалдық қысымды басқару;

  • ойыншылардың топтық, жеке әрекеттерін бағалаудың тармақталған жүйесі.

Іскерлік ойында оқушылар өзінің алыс жақын болашақтарын жоспарлайды, бірақ барлық әрекеттер ойындық құрылымға ие. Оған оқушылар ойнап отырып нақты қоғамдық істерді жоспарлайтын ұжымдық шығармашылық істер де жатқызылады.

Іскерлік ойындар оқушыларға қиындық тудырады, мұнды сюжеттік сызықтар, қарым қатынастың эмоционалдық фоны берілмеген. Оқушыларға ол үшін ерік жігер қалыптастырып, кеш бойына оларды қолдап отыру керек. Біріншіден, оқушыларға нақты, үлкендердің ісімен айналысқан қызықты. Екіншіден, жұмыс қызығушылығы бойынша құрылған шығармашылық топта ұйымдастырылуы керек. Үшіншіден, оқушылар өздерінің жұмыстарының нақты нәтижесін көруі керек: есепті шешу алгоритмі, кеш жоспары, т.б.

Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі іскерлік ойындар - сәтті бағыт. Мұндай ойындар өз әрекетін құруды үйретеді. Әсіресі іскерлік ойындар ішіндегі ең бағалысы оқушылар мен педагог, ата-аналармен бірігіп ойнайтын іскерлік ойындары. Іскерлік ойындар нақты бір жасқа арналып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп құруы тиіс. Іскерлік ойындардың сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын төрт типін атап көрсетуге болады:


  • кең ауқымды (бірнеше сынып) және жалғасымды (бірнеше айлар) іскерлік ойындар;

  • нақты ақпарат талдауына негізделген іскерлік ойындар;

  • сыныптың бәрі қатысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар;

  • үстелдік іскерлік ойындар.

Информатикадан диспут – сұрақтар мен жауаптар арасындағы ойын. Басында қиын сұрақтар қойылады. Диспутта маңыздысы материал жайындағы сұрақ. Бұл сұрақтар диспуттың алдына қойылған мақсаттары бойынша анықталады. Мұндай мақсаттар арасындағы ең маңыздысы өткен жылдағы информатикадан өткен материалдарды қайталауы. Оқушыларға алдын ала қай материалды қайталау керектігі айтылады, себебі оқушылар қайталаған материал бойынша анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді біліп, сол тақырыптар бойынша есептерді шеше алуы керек. Ең аз талап ол оқушылардың оқулықта көрсетілген материалдар бойынша нақты, толық, жақсы көрсеткіштегі білімі. Осы жағдайдан кейін ғана барып, оқушылардың оқу материалы бойынша шығармашылық жұмыстары қалыптасады. Диспутты параллель сыныптар арасында өткізген қолайлы. Информатикалық диспут оқушы білімінің кем тұстарын көрсетіп, мұғалім жұмысын ретке келтіреді. Диспутта маңыздысы қайталау сияқты маңызды педагогикалық жағдайлар. Сыныптар арасындағы диспуттар басқа информатикадан сыныптық қайталаудың ешбірі бере алмайтын нәтижені береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмысы маңызды рөл атқарады. Мектептің алдында оқушылардың жалпы даму деңгейін, кейінгі білімге деген дайындық деңгейін, өз білімін жетілдіру деңгейін, кез-келген мамандық бойынша практикалық және шығармашылық деңгейін көтеру міндеті тұрады. Осы міндеттерді шешуде информатика пәнінің мұғаліміне оқушыларды тек қана білім қорымен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы білімдерді алу жолдарын, жаңа білімді үйренуге деген ұмтылысы мен қабілетін де жетілдіруі қажет.

Информатикадан жаңа білімдер көздерінінің ішінде ең бірінші орында – оқулық тұрады. Оқушыларды информатиканың негізі мен оның қолдануымен таныстыратын әдебиеттерді екі топқа бөлуге болады: білімділік (тиімді оқулықтар, дидактикалық құралдар, есептер жинақтары, анықтамалықтар) және қосымша (ғылыми кітаптар мен мақалалар, олимпиада есептерін шешу жинақтары, энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, программалық материалдары бар кітаптар).

Информатиканы оқыту кезінде оқушылар негізгі оқулықты кеңінен қолданады, алайда информатикадан қосымша оқулықтарды көбісі қолдана бермейді, себебі бұл ұйымдастырылған түрде жүзеге аспайды. Информатикадан қосымша әдебиеттерді қолдану оқушылардың дамытушы және үйретуші білімдерін жетілдіріп, білім сапасын көтеріп қана қоймай, информатикаға деген тұрақты қызығушылығын тудырады.


Оқу материалдарымен жұмыс істеу тәжірибесі қосымша әдебиетпен сәтті жұмыс істеуге жеткіліксіз. Сондықтан оқушылардың информатикадан берілетін әдебиеттермен жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын мақсатқа бағыттап, жүйелі түрде дамыту керек. Бұл әрекетке мына жағдайлар әсер етеді:

  • оқылатын әдебиет бағыты оқушылардың танымдық қызығушылығымен толықтай сәйкес келуі;

  • информатиканы оқыту кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қосымша әдебиеттерді қолдануын жүйелеу;

  • мұғалімнің оқушыларды әдебиетпен жұмыс істеудің жалпы әдістерін үйретудегі мақсатты бағытталған іс-әрекеті;

  • информатикадан қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді талап ететін арнайы тапсырмалардың қойылуы қосымша әдебиеттерді үнемі қолдану;

  • факультатив сабақтарда оның орындалуын бақылау;

  • оқушылардың өз бетінше жұмысының (соның ішінде информатикадан) тиімділігі кейбір психологиялық факторларға байланысты (баптау, қызығушылық, еріктік күш-жігер, өз бетінше жұмыс істеу, еңбек сүйгіштік және т.б.).

Информатикадан оқушылардың ғылыми әдебиеттермен тиімді жұмысын жасау біліктілігі мен дағыдысын анықтайтын негізгі компоненттер қатарына төмендегілер жатады:

  • мәтінді логикалық (құрылымдық) тұрғыда түсіну;

  • түсініп оқи білу;

  • бастысын айыра білу;

  • мәтінде берілген негізгі ойды өз ойымен жеткізе білу;

  • ақпаратты шығармашыл тұрғыдан өңдей білу;

  • тақырып бойынша жоспар құрып, конспект жасап, оның көшірмелерін дайындай білу;

Өзін-өзі жұмыс істете алу мен қиындықтар мен түсініспеушіліктен шығып кете алудағы ерік-жігерінің күштілігі. Осы шарттар қатарында оқушылардың кітаппен өз бетінше жұмысын ұйымдастырудағы информатика пәні мұғалімінің оқыту программасы кіріктірілген.

Жоғарыда келтірілген біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамыту үшін арнайы оқу сабақтарын қолданған жөн. Атап айтсақ:

  • информатикадан таңдалған әдебиетті оқи білу дағдысын құратын және дамытатын сабақтар;

  • алған білімдері бойынша қосымша әдебиеттерді оқу кезінде алған білімдері бойынша жаңа білімдер құра білу қабілетін арттыратын сабақтар;

  • жаңа білімдерін қолдана білу қабілетін арттыратын сабақтар. Мысалы, оқушыларға жаңа программалық құралды үйренгеннен кейін оны практикалық сабақтар қолдануын талап ету.

  • оқығандарын бір бүтін жүйеге келтіре білу қабілетін арттыруға арналған сабақтар. Мысалы, оқылған материал бойынша баяндама даярлау, берілген кітаптан бойынша реферат жазу, қандайда бір кесте (диаграмма, сызба) құру.