Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 887
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Қызықтырушы әрекет оқушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, «Компьютерлік әзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б. Қай аспектінің басым екендігін анықтау үшін мұғалімнің нақты формадағы сыныптан тыс жұмыстың мақсатын, міндетін, қызметін талдау жасау керек.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Мұғалімге сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ оқушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Берілген нәтиже еңбекке қажеттілік кезінде, өзін еңбекпен қамту кезінде көрініс береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көрнекіліктер, кабинетті өңдеу жұмыстарын, педагогикалық программалық құралдарды жасауға болады.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыста құлықтық тәрбиенің орны бөлек, ең маңызды міндеттің бірі оқушы бойында қоғамдық міндетке танымды қарым-қатынас білдіру, сөз бен істің бірлігін күнделікті өмірдің қалыпты ісі екендігін қалыптастыру. Информатикадан сыныптан тыс жұмыс та оқушыларды ақпарат пен программалық құралдарды қолданудың құқықтық нормаларымен таныстыру керек.
Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар тұлғаның жан-жақты дамуы міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Егер мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдағы пәндердің аз ғана орын алатынын ескеретін болсақ, бұл әрекеттік маңыздылығы ашық көрінеді.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді: эститикалық сезімдерін қалыптастыру, әдімілікті қабылдай білу, қоршаған ортаға әдімілікті көрсету; сұлулық пен табиғат, қоғам, адамның іс-әрекеті, шығармашылық қабілеттері, біліктілік пен дағдылары жайлы дұрыс көзқарастарын дамыту; көркемдік көзқарастарын кеңейту; оқушыларды өнердің түрлі саласымен таныстыру. Бұл міндеттерді көркемдік шығармашылықта тәрбиелеу мен оқушыларды көркемдік іс-әрекеттердің барлық түріне баулу қажеттілігімен шешуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектепте бірдей емес. Оған келесі факторлар әсер етеді:
-
мектептің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы, мектеп сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық аспектілер қалыптастыратын пәндік кәсіпке ие. Көркемдік, экономикалық, физика-математикалық және т.б. мектептегі және сыныптағы тәрбие кәсіпке сай; -
жас ерекшеліктері, сыныптың, оқушылардың жеке дара ерекшеліктері; -
компьютерлік техниканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, информатика кабинетінің жабдықталуы және т.б.; -
мұғалімнің өзіндің ерекшеліктері, қызығушылықтары, баптаулары. Егер мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келсе, онда ол сыныптан тыс жұмыс мазмұнын сол мақсатқа жетуге бағыттап жасайды. Басқа мұғалімге оқу үдерісі кезінде оқушы тұлғасын қалыптастыру маңызды, сондықтан сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық, шығармашылық іс-әрекетке бағытталған приоритеттер береді.
Информатика мен компьютерлік техниканың жылдам дамуына информатикадан сыныптан тыс жұмыс мазмұны әсер етеді. Сонымен қатар сыныптан тыс әрекеттің көлемі, оның қиындық деңгейлері, оқушылардың даму деңгейлері маңызды болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері – оның мазмұнын құрайтын шарттар. Сыныптас тыс жұмыстың түрлері өте көп. Олардың көп болуы топтау кезінде қиындық тудырады. Олар білім беру мен тәрбиелеу міндеттеріне қатысты әсер ету объектісі мен әрекет бағыты бойынша топталған.
Сыныптан тыс жұмыстың кез келген формасы құлықтық, білімділік, физикалық, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. оқу, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Бұл байланыста сыныптан тыс жұмыстың объектіге әсер ету бойынша топтау формасын қарастыру керек.
Жұмыста сыныптан тыс жұмыс жеке, топтасып біріккен және жаппай, жаппайлықта фронтальді және ұжымдық болып бөлінеді.
Жеке жұмыс – оқушылардың жекеленген іс-әрекеті, ол өзін өзі тәрбиелеуге, мұғалімнің тапсырмасын орындауға, ұжымның талабын орындаға арналған оқу бағдарламасынан тыс жұмыстар.
Жеке жұмыс – жеке оқушылармен жұмыс түрі, өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған, оқу бағдарламасынан тыс мұғалімнің берген тапсырмалары мен ұжымның талаптарын орындайды. Жеке жұмыстың маңыздылығы баланың әлеуметтенуімен, өзін-өзі бекіту қажеттілігімен, өзін-өзі тәрбиелеумен ерекшеленеді. Жеке жұмыстың тиімділігі мақсатқа сай форманың нақты таңдалғанынан ғана емес, оқушыны қандай да бір іс-әрекет түріне қосумен ерекшеленеді. Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды дамуын педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету – бұл мақсат жағымды МЕН-тұжырымдамасын құру және тұлғаның жеке қабілеттерін, түрлі қырларын дамытумен жүзеге асырылады.
Жеке іс-әрекет оқушылардың және жеткіншектердің араласудағы қажеттіліктерін шектемейді, бірақ жалпы жұмыста өз ісін табуға мүмкіндік береді. Ол үйірмелердің қажетті құрамдас бөлігіне жатады. Мақсатты бағытталған оқушылардың жеке жұмысы әрқайсысы өз мүмкіндігінше жеке қабілеттерін ашуға, өздерінің даралығын көрсетуге бағытталған. Бұл әрекет тәрбиешілерден оқушылардың жеке қабілеттерін, олардың қызығушылықтарын, құрдастарының ұжымдағы орнын көре білу қабілетін талап етеді.
Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жоспарланған компонентпен бірге педагогикалық шеберлік деңгейінің индикаторы болып табылатын, педагогикалық жағдаят деп аталатын компоненттен де құралады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрі – оның жаппай формалары. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады, олар оқушы әрекетінің сипатымен ерекшеленеді.
Бірінші топ – фронтальді формалар. Оқушылар әрекеті «жанымда» қағидасына негізделген: олар бір-бірімен байланыспайды, бірақ әрқайсысы бірдей әрекетті өз бетінше орындайды. Педагог әр балаға бір уақытта әсер етеді. Кері байланыс бала санының шектеулілігімен жүзеге асады. Бұл қағида бойында жалпы сыныптық сабақтар ұйымдастырылған.
Екінші топ – ұжымдық формалар. Сыныптан тыс жұмыстың бұл формасын ұйымдастыру «бірге» қағидасына негізделген. Әрбірінің әрекетінен жалпы жеңіс тәуелді. Мұндай ұйымдастырылу кезінде оқушылар бір бірімен тығыз байланыста болады. Мұғалім мұнда әр балаға емес, олардың бір бірімен байланысына назар аударады, бұл мұғалім мен оқушылардың арасындағы байланыстың бекуіне әкеліп соғады. «Бірге» қағидасы бойынша әрекеттер жұппен, кіші топтарда, сыныпта ұйымдастырылады.
Бірінші топ қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ мұнда ұжымдық әрекет төмен. Екінші топ серіктес болуда таптырмас форма, мұнда оқушылар бір біріне көмектеседі және жауапкершілікті мойнына алуды үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарының кейбір түрлерінің ерекшеліктері, олардың кейбір формаларының теледидарларда өткізілуінде: КТК, «Не? Қайда? Қашан?», «Әуенді тап», «Ғажайыптар алаңы» және т.б.
Сыныптан тыс жұмыс түрінің формаларын таңдау кезінде оның мақсат, міндет, қызметіне негізделген оқу-тәрбиелік маңыздылығын жоғары бағалау керек.
Сыныптан тыс жұмыстың жаппай формасы ұжым арқылы әрбір оқушыға жанама әсер етуге мүмкіндік береді. Олар бірін бірі түсіну, ұжымда әсер ету, үлкендермен, құрдастарымен бірге еңбек етуіне ықпал етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың жеке жұмыс формасынан басқа үйірмелік, біріктіруші, жаппай формалары да бар.
Үйірмелік (топтық) сыныптан тыс жұмыс формасы оқушылардың ғылым, техника, өнер, спорт, тереңдетілген білім, бағдарламалық материал облысында қызығушылықтары мен қабілеттеттерінің дамуына ықпал етеді.
Үйірме – информатикадан оқудан тыс әрекеттің негізгі формаларының бірі. Оның жұмысының мазмұны басқа программалар болса да, оқушылардың қызығушылықтары мен дайындары негізінен анықталады. Информатикадан үйірме жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін: мысалы, компьютерлік графика, программалау, компьютерлік модельдеу. Үйірмеде сабақтардың әр түрі өткізіледі. Олар баяндама, жобамен жұмыс, саяхаттар, көрнекіліктер даярлау, кабинет жабдықтарын жасау, зертханалық сабақтар, қызықты адамдармен танысу, виртуальды саяхаттар және т.б. болуы мүмкін. Үйірме жұмысының есепке алу күнделікте жазылады. Есеп тапсыру кеш, конференция, көрме түрінде өткілуі мүмкін. Кейбір мектептерде қорытындылар мектептік кештерде, мысалы, жалпы мектептік информатика апталығының өткілуі жайындағы кеште айтылуы мүмкін.
Жұмыстың біріккен формасына клуб, мектеп мұражайы, қоғам, уақытша ұжымдар жатқызылады.
Бұрындары, саяси, пионерлік, комсомолдық, халықаралық достық, қызықты кештер сияқты үйірмелер кеңінен танымал болатын.
Клуб жұмысы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жаңара алады. Қазіргі уақытта мектептерде шетелдік мектептермен байланыстар қолдау тапқан. Осының негізінде халықаралық достық клубы жаңара алады, оның құрамында мектеп орналасқан жер тарихын, географиясын, ел мәдениетін, аудармашылар секциясы жұмыс жасайды. Клуб жұмысында ақпарат іздеуде, жалпы жобаларды орындауда, электрондық хаттармен алмасуда Интернеттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Бірқатар мектеп оқушылары виртуалдық (Интернет желісінде ұсынылған электрондық) мұражай, көрме, галерея құра алады. Бұл жұмыс түрі әрекеттің өз бетіндік формасына да жатқызылуы мүмкін.
Жаппай жұмыс формалары мектепте кеңінен танымал. Олар әр түрлі болып келеді және сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі - бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алуы. Оларға конкурс, олимпиада, жарыстар, яғни оқушы белсенділігін қажет ететін жұмыстар жатқызылады. Әңгімелер, кештер өткізу кезінде оқушылар тек қана ұйымдастырушы және орындаушы ретінде қатысады. Мұндай мерекелерге есептеуіш орталықтарын аралау, кинофильмдер қарау, қызықты адамдармен танысу, дәрістер жатады, қатысушылар тыңдаушылар мен қараушылар болып табылады.
Соңғы уақытта информатикаға жоғары қызығушылық танытатын оқушылар санының артуына байланысты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне жататын информатиканың жастар мектебі, сырттай физика-математика мектебі, информатикадан тереңдетілген мектеп пен сыныптар, жаздық компьютерлік лагерьлер сияқты формалары туындай бастады.
Мұғалім – сынып жетекші жүзеге асыратын оқушылармен жаппай жұмыс формасы – сынып сағаты болып табылады. Бұл сабақ кестесіне қойылған уақыт бойынша өткізіліп, сыныптық ұжымда жүйелі тәрбиелеу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Отандық мектептер сыныптан тыс жұмыс түрлерінің барлық формасын қолдануда үлкен тәжірибе жинақтаған. Алайда, форма істің сәтті не сәтсіз болатынын өз бетінше шеше алмайды. Маңыздысы оның мазмұнының құндылығында. Шешуші мәндер мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар құралы оқу құралдарын, тәрбие мен дамыту құралдарын анықтайды, таңдау сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен формасымен анықталады.
Сыныптан тыс жұмыс құралы ретінде: сыныпты әсемдеу, музыкалық әрлеу, ойын атрибуттары, бейнематериалдар, кітаптар, программалық құралдар жатқызылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын оның мүмкіндігін, мақсатын, міндетін, формасы мен құралдарын қарастыра отырып анықтауға болады:
-
сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі әрекеттер жиынынан құралған; -
уақыт шектеусіздігі. Негізінде шектеулі, бірақ көбіне мұғалім оны ескере бермейді; -
қатал талаптардың жоқтығы. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, формасы мен құралдарын өзі таңдайды. Бір жағынан бұл өз көзқарастары мен сенімдері бойынша жұмыс істеуге мүкіндік береді. Екінші жағынан мұғалімнің жасалынған таңдауға деген жеке жауапкершілі артады; -
сыныптан тыс жұмыстың нәтижесін бақыламау. Егер сабақтың міндетті элементі – оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс жұмыста бақылау жоқ. Нәтижелер мұнда жылдам шығарыла салмайды. Тәрбие жұмысының нәтижелері оқушыларды түрлі жағдайда бақылау нәтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нәтижесін психолог арнайы құралдар көмегімен нақты анықтай алады. Ереже бойынша, мұнда қорытынды нәтиже мен жеке сапаларының даму деңгейі бағаланады. Нақты форманың тиімділігін анықтау өте қиын.
Сыныптан тыс жұмыс қоңырауда, сабақтан кейін, мерекелік, демалыс күндері, яғни оқудан тыс уақытта болады. Сыныптан тыс жұмыстың ата-аналардың әлеуметтік тәжірибесін қызықтыруына көп мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстың сәті болуының шарты әрекеттің психикалық жағдайы болып табылады.