ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 723
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
фирмалардың заңсыз ысыраптан қорғалуына; -
қоғамның мүддесiн сақтаға.
Кәсiпорынның маркетинг жұмысының нәтижесi мәдени факторларға да байланысты болады. Қоғам ережелерi, салт-дәстүрлерi, еңбекке адамдардың көзқарасы т.б. -мәдени фактордың маңызды көрсеткiштерi болып табылады. Мысалы, қазiргi жағдайда көптеген жастар бос уақытын ағылшын тiлiн оқуға, компьютер игеруге, спортпен айналысуға жұмсайды. Сондықтан да гимнастикалық құралдарға, спорт киiмдерiне, ағылшынша кiтаптарға, компьютер курстарына сұраныс өсуде.
Макроорта факторларын зерттеуде екi жағдайды ескеру қажет:
-
Барлық макроорта факторлары бiр-бiрiмен аса тығыз байланыста қалыптасады; -
Әрбiр макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейi фирма көлемiне, орналасқан жерiне, iс-әрекет саласына т.б. көрсеткiштерiне байланысты болады.
2. Микроорта
Микроорта фирмаға және оның клиенттерiне, қықмет көрсету мүмкiндiктерiне тiкелей қатынасы бар күштермен белгiленедi. Оның iшiндегi ең негiзгiлерi мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Микроорта күштерi
Жабдықтаушылар | Фирма | Маркетинг делдалдары | Клиенттер |
Бәсекелестер |
Жабдықтаушылар дегенiмiз фирманы және оның бәсекелестерiн тауарды өндiруге қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын iскер компаниялар мен жеке тұлғалар.
Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесi түрлерi болады:
-
"Эксклюзивтi" жабдықтаушылар-тек қана белгiлi фирмамен жұмыс жасайды; -
"лоялдi", немесе "адал" жабдықтаушылар- фирмаға және оның бәсекелестерiне бiрдей адал қызмет көрсетедi; -
"сырттағы" жабдықтаушылар-тек қана бәсекелестерге қызмет көрсетедi.
Фирманың -микроорта күштерiнiң бiрi болып есептеледi. Фирманың құрамында оның басшылары, бухгалтериясы, маркетинг, өндiрiс, материалдық-техникалық жабдықтау, қаржы, жоспарлау т.б. бөлiмдер әрекет жасайды. Олардың әрқайсысының мақсаты мен мiндетi әр түрлi белгiленген.
Фирманың мақсатына жетуi көбiнесе үш факторға тәуелдi: таңдап алынған стратегияға, маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру құрылымына, ол құрылымның қандай деңгейде әрекет жасағанына.
Фирмадағы маркетинг әрекеттерiн ұйымдастыру құрылымы әртүрлi болады. Оларды жекелей қарастырайық.
-
Маркетинг қызметiн функционалды сипатымен ұйымдастыру. Мұнда әрбiр сол қызметтегi жеке тұлға, немесе тұлғалар тобы белгiлi жауапкершiлiктi өзiне артады.
Маркетинг басшысы
Өнiм ассортиментiн жоспарлау
Өткiзу
Жарнама және тауар өтiмiн ынталандыру
Сервис қызметiн көрсету
Нарықты зерттеу
2. Бұнда әр түрлi тауарлар өндiретiн фирмалардың маркетинг қызметi тауар сипатына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл құрылымда әрбiр жеке бөлiмше құрылады және ол бөлiмшедегi қызметкерлер сол тауарға сәйкес барлық маркетинг iс-әрекетiн атқарады. Ол мына сызба арқылы бейнеленедi:
Маркетинг басшысы
В тауар маркетингтi анықтаушы
С тауар маркетингтi анықтаушы
А тауар маркетингтi анықтаушы
3. Бұндай ұйымдастыру түрiнде нарық ретiнде жеке сала немесе бiркелкi сатып алушылар сегментi болады. Мұндағы құрылған маркетинг қызметi басшыларының алдында басты мәселе болып тұтынушылардың қажеттерiн жете анықтау болып табылады. Ол мына сызба арқылы бейнеленедi:
Маркетинг басшысы
В тұтынушымен сауда жүргiзетiн сектор
С тұтынушымен сауда жүргiзетiн сектор
А тұтынушымен сауда жүргiзетiн сектор
-
Көптеген географиялық аймақтарда сатылатын тауарларды өндiретiн фирма әр аймақтың тұтыну айырмашылықтарын есепке алуы қажет. Сондықтан бұл жағдайда маркетинг қызметiнiң құрылымы аймақтар бойынша ұйымдастырылады. Ол мына сызбадан көрiнедi:
Маркетинг басшысы
С регион бойынша маркетингтi басқарушы
В регион бойынша маркетингтi басқарушы
А регион бойынша маркетингтi
басқарушы
Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткiзуге және таратуға көмектесетiн арнайы компания мамандары. Оларға мыналар жатады:
-
Сауда делдалдары- фирма клиенттерiн iздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетiн iскер компаниялар. Олардың мақсаты- сату орнын, сату мерзiмiн және сатып алу процедурасының фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету. -
Тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалар, компаниялар тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседi. -
Маркетинг қызметiн атқаратын арнайы агенстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерiн жүргiзедi және маркетинг кешенi туралы түрлi кеңестер бередi. -
Қаржы- несие мекемелерi келiсiм әрекеттерiн қанағаттандыруға және ысырапты тәуекелдiктен сақтануға көмектеседi.
Бәсекелестер дегенiмiз бiр типтi тауарларды нарықта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялар болып табылады.
Клиенттер -тауарды тұтынушылар. Фирма нарықтың бес түрiнде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:
-
тұтыну нарығында- онда жеке тұтыну үшiн тауарды сатып алушы тұлғалар, үй шаруашылықтары. -
өндiрушiлер нарығында- онда өндiрiсте тұтынатын өндiрiс құрал-жабдықтарын сатып алушы фирмалар. -
Делдалдар нарығында- басқаларға сату арқылы пайда түсiру мақсатымен тауарларды сатып алатын ұйымдар. -
Мемлекет мекемелерi нарығында- коммуналдық қызмет атқару үшiн, мемлекет қызметiн атқару үшiн сатып алушы мемлекеттiк ұйымдар. -
Халықаралық нарықта -шетел нарығында тауарды сатып алушылар.
3. Медиорта
Кәсiпорын жұмысына медиаорта факторлары маңызды әсер етедi. Медиаорта дегенiмiз фирманың нақты көңiл бөлетiн және белгiленген мақсатына жетуiне әсер ететiн кез келген топ. Медиаорта фирма әрекетiне көмектесетiн немесе кедергi жасайтын топтарға бөледi:
-
мейiрбанды- бұл топтың фирмаға тiлектестiк ниетi болғаны; -
iзденушi- фирмаға қажет топ (ақпарат тарататын ұйымдар); -
керегi жоқ- бұл топтың ниетiн фирма өзiне аударғысы келмейдi, бiрақ олармен санасады. (байкот жариялайтын тұтынушылар тобы, салық инспекциясы т.б.)
Жалпы алғанда медиаортаның келесi түрлерi кездеседi:
-
Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялар, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етедi. -
Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т.б.) кәсiпкерлiк жүйесi туралы әр түрлi ақпарат таратады. -
Қоғамдар (тұтынушалар тобы, жергiлiктi тұрғындар) фирманың жұмысын бақылайды. -
Фирма қызметкерлерi- олардың фирма жәйлi қалыптасқан пiкiрлерi жұмысшылардың өз мiндеттерiн орындау сапасына ықпалын тигiзедi.
Тексеру сұрақтары:
-
Маркетинг ортасы деген не ? -
Маркетингтiғ қандай орталары болады ? -
Макро орта деген не? -
Макро ортаның қандай факторлары бар ? -
Ғылыми-техникалық факторлары ненi бiлдiредi ? -
Микро орта деген не? -
Микро орта негiзгiлерi кiмдер ? -
Жабдықтаушылар дегенiмiз кiм, түрлерiн ата ? -
Медиа орта деген не? -
Медиа орта қандай топтарға бөлiнедi ? -
Медиа ортаның қандай түрлерi бар ?
4- дәріс. ТҰТЫНУ НАРЫҒЫНДА САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ
МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫ.
-
Тұтынушы түсiнiгi -
Қажеттiлiктi анықтау -
Сатып алушылар мiнез-құлықтарының уәжi мен моделi -
Сатып алу туралы шешiм қабылдау процессi. -
Консьюмеризм
1. Тұтынушы түсiнiгi
Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негiзгi себептерiн анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау iсi қазiргi рынокта табысты жұмыс iстеудiң қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсiнудiң өзi фирмаға кең мүмкiндiктер жасайды, атап айтқанда:
-
әлеуеттi тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады, -
олардың қажеттерiн болжауға көмектеседi, -
сұранысы көбiрек тауарларды шығаруды қамтамасыз етедi, -
тұтынушылардың мұқтажын түсiнiп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сенiмiне ие болады,
тиiстi маркетинг стратегиясын тауып, жүргiзуге көмектеседi.
Маркетинг көқарасына сәйкес тұтынушыларды екi топқа бөлуге болады:
-
түпкi тұтынушылар-тауарды өзiне тұтыну үшiн алатын тұтынушылар; -
кәсiпқой-тұтынушылар-тауарды өндiру процесiнде қолдану немесе басқаларға сату үшiн сатып алушылар.
Осы екi түрлi тұтынушылар тобының қылықтары әрқалай болады. Өйткенi олардың:
-
тауарды сатып алу мақсаттары әртүрлi, -
сатып алу туралы шешiм қабылдау әдiстерi басқаша, -
сатып алу туралы шешiм қабылдау кезiнде қолданатын тауардың таным көздерi әртүрлi, -
сатып алу себептерi ұқсас емес, -
сатып алу жиiлiлiгi әртүрлi, -
тауар туралы бiлiм деңгейi басқа, -
сатып алғаннан кейiнгi сервис талаптары өзгеше.
Маркетингтi тиiмдi iске асыру үшiн фирма барлық күштерiн тұтынушының қажеттiлiгiн қанағаттандыруға шоғырландыруы тиiс. Ал адам қажеттерi жиi өзгерiп тұрады. Сол өгерiстерге неғұрлым икемдi бейiмделген кәсiпорындар ғана рынокта көп уақыт сәттi өмiр сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зерттеудiң маңызды бағыты олардың қажеттiлiктерiн неғұрлым толық, "түгендеу", талдау, даму бағытын анықтау болады.