ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 745
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әлемдік бағалар бойынша ірі экономикалық экспорт-импорт операциялары жүзеге асырылады. Бұлар - әлемдік нарықта қолданылатын бағалар.Шикізат тауарлары бойынша әлемдік бағаны негізгі жабдықтаушы – мемлекеттер, ал дайын бұйымдар бойынша осы тауарларды өндіретін жетекші өндірушілер анықтайды.
Экспорттық операциялар еркін айырбасталатын валюта арқылы іске асырылады. Азия, Таяу Шығыс және тағы да бірқатар елдерде экспорттық операциялар қарама-қарсы сауда ретінде жүзеге асырылады.Бұлар-бартер, өтемақылық сауда, «бай-бек». Бартер - бір тауарды екінші тауарға ақшасыз айырбастау.Өтемақылық сауда – сатушы төлемнің бір бөлігін қолма-қол ақша, ал екінші бөлігін өнім түрінде алады.«Бай–бек» - экспортқа зауыт, жабдықтар мен технологиялар шығару, ал жарым-жартылай төлем ретінде экспортталған зауытта сол жабдықтармен өндірілген өнімді өзіне алып қалу.
Анықтама бағалар - әр түрлі баспа беттерінде жарияланатын ішкі көтерме және сыртқы сауда бағалары.Олардың көмегімен мәміле кезінде бағалық келісімдер жүргізіледі.
Нақты мәмілелер бағасы – мәмілені іске асыруда қойылатын баға.
Ірі фирмалар ұсынатын бағалар - көбінесе монополиялық бағалар болып табылады.
-
2.Тауар номенклатурасы бойынша баға белгiлеу
Егер де номенклатурасы бөлiктерден болса, баға белгiлеу тәсiлi өзгередi. Бұл жағдайда фирма жалпы тауар номенклатурасы бойынша барынша табыс қамтамасыз ететiн баға жүйесiн қолдануға тырысады. Әр түрлi тауардың бiр-бiрiмен байланысына қарай төрт түрлi жағдайды қарастырайық
Тауар ассортиментiнiң шеңберiнде бағаны орнату. Фирма әрбiр тауардың толық ассортиментiн өндiредi. Мысалы, "LG" компаниясы әр түрлi телевизор ассортиментiн ұсынады. әрбiр телевизор ассортиментi топтарының өзара ерекше қасиеттерi бар. Баға құру кезiнде олар әр тауардың өзiндiк құнын, тұтынушылар бағалайтын қасиеттерiн, бәсекелестердiң бағаларын есепке алады және бағаларын саралайды.
Қосымша тауарларға баға белгiлеу. Көптеген фирмалар негiзгi тауарларымен қатар қосымша басқа да өнiмдердi ұсынады. Мысалы, автомобиль сатып алушы терезенi терлетпейтiн, фара жарығын реттейтiн қондырғылар, басқа да қосымша заттар алуы мүмкiг. Сондықтан осы жабдықармен жабдықталған автомобильдiң бағасы жоғары белгiленедi.
Мiндеттi түрде қолданылатын жабдықтарға баға белгiлеу. Кейбiр салаларда негiзгi тауарлармен қатар мiндеттi түрде қолданылатын тауарлар өндiрiледi. Мысалы, фотопленка. Негiзгi тауар- фотокамера көбiнесе төмен бағамен сатылып, ал мiндеттi түрдегi қолданылатын бұйымдарға үстеме баға белгiленедi.
Өндiрiстiң жанама өнiмдерiне баға белгiлеу. Кейбiр өндiрiстерде (мысалы, мұнай, химикат) әр түрлi жанама өнiмдер шығарылады. Егер жанама өнiмдердiң құндылық маңыздылығы төмен болса, оларды сатып өткiзу iсi қымбатқа түседi. Ол негiзгi тауардың баға деңгейiне тиiстi әсерiн тигiзедi.
3.Географиялық принцип бойынша баға белгiлеу
Бұл тәсiл бойынша фирмалар мемлекеттiң әртүрлi жерiнде тұратын тұтынушыларға әр түрлi баға қояды.
Тауардың шыққан орнына байланысты ФОБ бағасын белгiлеу. Бұл баға жүйесiнде тауар тасымалдаушыға франко-вагон есебiмен сатылады. Содан бастап ол тауарға деген барлық құқық және оның жауапкершiлiк, жеткiзiлетiн орнына дейiн көлiк шығындары тапсырыс берушiнiң мойнында болады.
Көлiк шығындарымен қоса баға белгiлеу. Бұл керсiнше тәсiл. Фирма тапсырма берушiнiң қаншалықты қашықтықта орналасқанына қарамай көлiк шығындарын бағаға қосып, бiр баға белгiлейдi. Демек, көлiк шығындары барлық тапсырма берушiлерге орта есеппен бiрдей алынады. Сондықтан жалпы түрде фирма бiр бағамен тауарын жарнамалайды.
Аймақтық баға белгiлеу. Бұл тәсiлде тауардың шыққан орнына байланысты ФОБ бағасы және көлiк шығындары қосылған жалғыз баға тәсiлiнiң екеуi де қолданылып, қосынды тәсiл ретiнде бейнеленедi. Барлық аймақта орналасқан тапсырыс берушiлер қашықтығына қарай баға есептеседi. Мысалы, Қазақстанның бес аймағының көлiк түрiмен оның шығындарының көлемi әр түрлi белгiленiп, баға деңгейi әр түрлi болады.
Тұғыр орнына байланысты баға белгiлеу. Сатушы бiр қаланы тұғыр орны ретiнде таңдап алып, барлық тапсыры берушiлерге сол нүктеге қарай көлiк шығындарын есептейдi. Бұл әсiресе, қант, цемент, автокөлiк өндiрiсi салаларында қолданылады.
Көлiк шығындарын өз мойнына алып баға белгiлеу. Сатушы белгiлi бiр тұтынушымен немес аймақпен iскерлiк қатынасты орнату үшiн көлiк шығындарын өз мойнына алып баға белгiлеуi мүмкiн. Тауардың сатылу көлемiн ұлғайту арқылы орта шығындарды төмендетiп, көлiк шығындарын көздейдi. Бұл тәсiл жаңа нарықты игеру және нарықта өзiнiң үлесiн сақтап қалу үшiн қолданылады.
4.Баға арқылы жеңiлдiктер жасау
Тұтынушыларды өзiне тарту үшiн көптеген фирмалар сыйақы ретiнде өздерiнiң бағасын төөмендетуге барады.
Қолма-қол ақша төлегенi үшiн жеңiлдiк баға белгiлеу. Фирма сатылған тауар үшiн тез арада ақшалай төлеген тұтынушыға жеңiлдiк баға белгiлейдi. Бұл сатушының өтеу жағдайын жақсартады.
Сатып алған тауар көлемiне қарай жеңiлдiк баға белгiлеу. Бұл тәсiл бойынша мол көлемде тауарды сатып алатын тұтынушыларға баға арқылы жеңiлдiктер көрсетiледi. Сатушы сатылатын тауарларды көбiрек сату арқылы сатуға, қоймаға және көлiкке жұмсалатын шығындарды азайтып, пайдасын көбейтедi.
Атқарымдық жеңiлдiктер дегенiмiз- ол сауда саласындағы әрекеттенушiлерге көрсетiлетiн жеңiлдiктер. Өндiрушiлер тауарды сату және сақтау кезiнде арнайы жұмыстар орындайтын тауарды тарату арналарына жеңiлдiк ұсынады.
Мерзiмдiк жеңiлдiктер- тауардың сатылатын мерзiмiнен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету болады. Мерзiмдi жеңiлдiктер сатушыға өндiрiс деңгейiн жыл бойы тұрақты ұстауға көмектеседi., ал ол тұрақты шығындарды азайтуға, пайданы көбейтуге көмектеседi.
5.Тауар өтiмiн ынталандыру үшiн баға белгiлеу
Белгiлi жағдайда фирма уақытша бағаны прискуранттық бағадан кейде тiптi өзiндiк құннан да төмендетiп орнатады. Бұл тәсiл мына жағдайларда қолданылуы мүмкiн:
-
белгiлi уақыт мерзiмiнде клиенттердi молырақ тарту үшiн сатушылар ерекше бағалрын ұсынады; -
белгiлiнген уақыт аралығында нақты ақшаға тауарды сатып алған тұтынушыларға өндiрушiлер баға жеңiлдiгiн ұсынуы мүмкiн; -
сатушылар әдеттегi бағаларды төмендетiп жеңiлдiк бағаларды жиi ұсынады; -
сатушылар тұтынушыларды көбiрек тарту үмiтiмен кейбiр тауарларға шығындардан төмен баға қояды.
Тексеру сұрақтары:
-
Жаңа тауарға баға белгiлеудiң „қаймағын алу” стратегиясын түсiндiр ? -
Ассартименттiк баға белгiлеудiң қандай стртегиялары бар ? -
Баға стратегиясын қолдану кезiнде қандай шарттарды орындау қажет ? -
Нарыққа ену стратегиясының мазмұнын тiсiндiр ? -
Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу страдегиясының мәнi. -
Маркетологтар бағаны жоғарылатқанда қандай ережелерді орындауы тиіс ? -
Биржалық, әлемдiк, анықтама, нақты мәлiметтер бағаларының мазмұнын түсiндiр. -
Нарыққа тауарды баянды енгiзу стратегиясында ненi ескертуi тиiс ? -
Әр түрлi тауардың бiр-бiрiмен байланысына қарай баға қалай белгiленедi ? -
Географиялық принцип бойынша баға қалай белгiнедi ? -
Тұтынушыларға баға арқылы қандай жеңiлдiктер бері леді ? -
Тауар өтiмiн ынталандыру үшiн баға қалай қойылады ?
9-дәріс. МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР САЯСАТЫ
1. Өткiзу арналары
2. Көтерме сауда
3. Бөлшек сауда
4. Тауарды өткiзу стратегиялары
1. Өткiзу арналары
Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерiн қанағатандыратын жоғары сапалы тауар өндiрумен және оған дұрыс баға қоюмен ғана шектелмейдi. Сонымен қатар, сол тауарды тұтынушыға жеткiзiп, оған оны өткiзу қажет. Өндiрген тауарын өткiзу үшiн фирма шаралар кешенiн жүргiзедi.
Тауарды өткiзу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделi шешiмдердi қабылдауды талап етедi, себебi ол маркетинг тұжырымдамасын тиiмдi жүзеге асыруға тiкелей әсер етедi.
Өткiзу арналары дегенiмiз- ол өндiрушiден тұтынушыға дейiн тауарды жылжыту процесiнде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Өткiзу арналарының жұмысы өзiнiң атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Маркетингте өткiзу арналары көптеген қызметтер атқарады:
-
өндiрiлген өнiмдi тарату және өткiзу; -
өндiрiс процесiне қажет шикiзат және материалдар сатып алу; -
маркетингтi зерттеулер жүргiзу; -
тұтынушылармен және түпкi сатып алушылармен байланыс құру, келiссөз жүргiзу; -
сауда келiсiмдерiн дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау; -
тауарды тұтынушыға қарай тезiрек және және тиiмдi жылжытуды ынталандыру саясатын жүргiзу; -
тауар ассортиментiн таңдап белгiлеуге қатысу және оны жоспарлауға көмектесу; -
тауарды белгiлi нарық тұтынушыларының талап деңгейiне жеткiзу кезiндегi түрлi қосымша жұмыстар; -
өткiзу операциялары шығындарын қаржыландыру; -
тауар сатылғаннан кейiн тұтынушыға қызмет көрсету; зерттеу жұмысы – айырбасты жоспарлау үшін қажет ақпарат жинау; -
тауарды тұтынушыға жеткiзу; -
тауарды қоймалау және сақтау; -
тауарды сорттау және орау; -
сауда мәмiлесiнiң тәуекелiн өзiне алу; -
тауардың баға деңгейiн белгiлеуге қатысып, оны бекiту.
Өткiзу арналарын оны құрастыратын деңгейiмен сипаттауға болады.
Тарату каналдарының деңгейі – бұл тауарды ақырғы сатып алушыға жеткізу бойынша жұмыстарды орындайтын делдал. Өндіруші мен ақырғы сатып алушысы белгілі жұмыстарды орындайтын болғандықтан олар барлық каналдардың құрамына кіреді.
-
Нольдік деңгейлік арна – бұл (тікелей канал маркетингі) өндіруші мен тұтынушыдан құралады.
өндіруші
тұтынушы
-
Бір деңгейлік арна - өзіне бір делдалды қосады. Тұтыну нарығында бұл делдал ретінде бөлшек сатушыны, өндірістік тауар нарығында өткізу бойынша агентті немесе брокерді алады.
өндіруші
бөлшек сауда
тұтынушы
-
Екі деңгейлік арна – бұл екі делдалды қосады. Тұтынушы нарығында мұндай делдалдар болып көтерме және бөлшек сатушы, ал өндірістік тауарлар нарығында – дилер болып табылады.
өндіруші
көтерме сауда
бөлшек сауда
тұтынушы
-
Үш деңгейлі канал – бұл үш делдалдан тұрады.
өндіруші
көтерме сауда
бөлшек сауда
ұсақ көтерме
тұтыну-шы
Өндірушінің пікірінше каналдар деңгейі көбейген сайын оны бақылау мүмкіндігі де азаяды.
2. Көтерме сауда
Өткiзу процесiнде дәстүрлi делдалдар көтерме және бөлшек саудада әрекет жасайды.
Көтерме сауда дегенiмiз- тауарды одан әрi сату үшiн, немесе сатып алушының кәсiптiк әрекетiнде тауарды қолдану үшiн тауар саудасы болып табылады. Көтерме сауданың атқаратын қызметтерi мыналар:
-
өндiрушiлерге тауарларын қысқа және тиiмдi байланыс жолымен өткiзуге көмектеседi; -
бiлiктi сауда кәсiбi мамандары арқылы жұмыс жүргiзедi; -
өндiрушiге және бөлшек сауда саласына маркетингтiк және техникалық қолдау көрсетедi; -
тұтынушыларға қажеттi тауар ассортиментiн анықтап жеткiзедi; -
тауарды дұрыс сақтау үшiн материалдық негiзiн жасайды; -
өндiрушiге және бөлшек саудаға қаржы көмегiн бередi; -
ақаулы өнiмдердi төмен бағамен өткiзедi; -
тауардың жоғалу, бұзылу тәуекелдiгiн өзiне алады.
Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндiрушiлер көтерме саудасы; коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттерi мен брокерлер арқылы көтерме саудасы.
Өндiрушiлер көтерме саудасы. Егер де өндiрушiлер өздерi көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерiн өздерi атқарады. Мұнда сауда олардың өткiзу кеңселерi немесе дербес бөлiмшелерi арқылы жүргiзедi. Өндiрушiнiң өткiзу кеңсесi өндiрiстiң өзiнде, не нарыққа жақын жерде орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлiмшесiнде өнiмдi сатумен қатар, тауарды сақтау үшiн қоймалар жасалады.