Файл: Дипломды Жмыс 5В090900 Логистикa (сaлa бойыншa).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 193

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Берілген кәсіпорында меншікті айналым қаражаты төмендегі формула арқылы есептеуге болады:
Нормативэл. сос =  * Нэл (1)
мұндағы: Нормативэл.сос - элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;

Н - осы элемент бойынша айналым каражатының нормасы;

О - осы элемент бойынша кезеңдегі айналым (шығын, шығарылым);

Тд - кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш мәнін төмендегідей есептеуге болады:

2020 жылы 231498896,8 теңге = 585193335 – 353694438,4

2021 жылы -29679896,08 теңге = 576423110,8-606103006,9

Бұдан «Bayatar&Co» ЖШС-нің меншікті капиталының теріс мәндерге ие болу себепті оның жеткіліксіздігі орын алғандығын көреміз.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көздері ескеріліп, алдағы көрсеткіштердің мөлшері анықталады.

Бұл көрсеткіш тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
Кк/қактм (2)
мұндағы:

Кк/қ-тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

Мак-меншікті айналым капиталы;

Қтм-тауарлы-материалдық қорлар.
Бұл көрсетіштің теориялық мәні Кк/қ >0,6-0,8 болуы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш мәнін төмендегідей есептеуге болады:

2020 жылы 4,9 = 231498896,8/46469284,4

2021 жылы -0,05 = -29679896,08/65021330,06
Қаржы тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер мәндері бойынша қысқаша тоқталсақ, 2021 жылы кәсіпорынның қарыздық қаражаттарға тәуелділігі арта түскен.

«Bayatar&Co» ЖШС-нің тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады.
2.2 «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін бағалау
Нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесі компаниядағы логистикалық қызметтер мен маркетингтік іс-әрекеттермен тығыз байланысты және тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу мен қанағаттандыруға бағытталған табиғи өнімдерді нарыққа шығаруға бағытталады.


«Bayatar&Co» ЖШС-нің тарату бойынша логистикалық қызметтері төменде атап көрсетілген аспектілерді қамтыйды (18-сурет).


Сурет 18.  «Bayatar&Co» ЖШС-нің тарату бойынша логистикалық қызметтері

қарастыратын мәселелер

Ескерту: [23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Ал макроортаға тоқталатын болсақ көп жағдайда саяси және экономикалық факторлардың «Bayatar&Co» ЖШС-нің шаруашылық іс-әрекетіне әсер етеді. Саяси жағдайлардың өзгеруі компанияның қызметіне жағымсыз ықпал етеді. Бірқатар заңдар, нормалар, стандарттар қажет құжаттар мен басқа шығындарға байланысты компания жұмысын баяулатады мысалы, бағаны реттеуге байланысты заңнамадағы қарастырылып отырған өзгерістер, қандайда бір сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау мақсатында өндірісте пайдалануға шектеу қою және т.б.

Экономикалық факторлар ішінде тұрғындардың сатып алу қабілеті, курстық бағамдар, инфляция қазіргі таңда отандық өндіруші қызметіне жағымсыз ықпал етіп отыр.

Әлеуметтік факторлардың ықпалына келетін болсақ, тұрғындардың немесе тұтынушылардың табиғи препараттарды тұтыну мінез-құлқындағы өзгерістер, олардың қазіргі уақыттағы отандық өндірушілер өніміне деген сенімсіздігі сияқтылар отандық табиғи өнімдерге деген сұранысқа кері әсерін тигізеді.

Баға маңызды психологиялық және экономикалық рөл атқарады, өйткені «денсаулық» қызметін сатып алу жоғары тәуекелмен байланысты, баға әдетте препараттың сапа көрсеткіші ретінде қолданылады (бірақ, бұл заңдылық абсолютті емес).

Макродеңгейде «Bayatar&Co» ЖШС-гі тарату логистикасының қызметтері төмендегі суретте көрсетілген (19-сурет).


Сурет 19.  Макродеңгейдегі «Bayatar&Co» ЖШС-гі тарату

логистикасының қызметтері

Ескерту: [23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Нарық талаптарына орай компания жыл сайын табиғи өнімдер қоржынын кеңейтіп отырады, оның жоспары жақын 5 жылда шамамен 40-қа жуық жаңа халал емдік қасиетке ие өнімдерді шығаруды
көздейді. Оның көпшілігі капсулалар, гранулалар, бальзамдар, гельдер, тұнбалар, дәрумендер, майлы ерітінділер, шөптер мен пантогемотагеннен тұратын халал өнімдер. «Bayatar&Co» ЖШС-нің нарыққа шығарылатын өнімдерінің 40%-ға жуығы рецептсіз тағайындалатын өнімдер тізімінен болып табылады [23].

Осыған байланысты осы күнге дейін «Bayatar&Co» ЖШС-гі бәсекелік артықшылық көзі ретінде бағаны қолданып келеді. Шынымен де баға арқылы бәсекелік артықшылықтарды қалыптастыру аса мықты құрал болғанымен оны маркетинг кешенінің басқа құрамдастарымен (тауар, сегменттеу, мақсатты нарық сегментін таңдау, өнімді жылжыту тәсілдері, жайғастыру және т.б.) үйлестіре отырып пайдаланбаса оң нәтиже бере бермейді. Әдетте тәжірибеде компания баға белгілеуде келесі мақсаттардың бірін негізге алады:

    • ең жоғары пайдаға қол жеткізу;

    • өнім бірлігін сатудан түскен пайданы арттыру;

    • сатудың ақшалай көлемін жоғарылату;

    • бәсекелестердің табысы мен нарық үлесін төмендету;

    • бәсекелестердің нарық үлесін жаулап алу.

Ендігі кезекте микродеңгейде «Bayatar&Co» ЖШС-гі тарату логистикасының қызметтерін төмендегі суретте көрсетілгендей сипаттайық (20-сурет).

Сурет 20.  Микродеңгейдегі «Bayatar&Co» ЖШС тарату

логистикасының қызметтері

Ескерту: [23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Әрине жоспарланған пайда мөлшері көптеген факторларға тәуелді, пайда алудың басы өзін-өзі ақтау нүктесіне қол жеткізуден басталады. Жоғарыда айтып өткеніміздей «Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдерін нарыққа енгізгенге дейін оны жасап шығару, өндіру, тіркеуге байланысты біршама шығындар шығарады. Компания үшін баға маркетинг кешенінің құралдарын пайдалану тиімді
(мысалы, өнімдерді пайдалану дозасы, орамасы, қабылдау кестесі және т.б. байланысты) болып табылады. Мінсіз жағдайда нарықтың барлық қатысушылары үшін баға пирамидасын тең бүйірлі үшбұрыш түрінде көрсетуге болады (21-сурет).



Сурет 21. «Bayatar&Co» ЖШС-гі нарық қатысушылары арасындағы байланыс сызбасы

Ескерту: [24] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

«Bayatar&Co» ЖШС-нің бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін өнімдерді сату көлемін қалай ұлғайту керек және сатуды қалай тиімді басқару керек деген орынды сұрақ туындайды. Компанияда сатуды ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, басқару мен бақылау сияқты қызметтермен бірге нарықтық мүмкіндіктерін зерттеу, өнімдерін жайғастыру, сату арналарын ұйымдастыру, маркетингтік стратегия әзірлеу, стратегияны жүзеге асыруды қамтитын маркетингтің өзіндік функцияларымен мамандар үнемі жұмыс жасауда. Сонымен бірге, саланың өзіндік ерекшеліктерімен анықталатын сала қатысушылары арасындағы өзара байланыстарды қалыптастыру, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару функцияларымен толықтырылады. Бірақ, бұл пирамиданың әр қатысушысы үшін баға нарық сегментіне байланысты өзгермелі болып табылады. Нарықта «Bayatar&Co» ЖШС-гі баға белгілеуде әдетте, келесі стратегиялар қолданылады:

    • нарықты жаулап алу стратегиясы – таңдап алынған нарық сегментінде өнімнің үлесін барынша жоғарылату, ол үшін тәжірибеде «төмен бағалар» қолданылады;

    • жоғары бағаға бағдарланған стратегия «қаймақ қалқып алу» стратегиясы, нарыққа жаңадан шыққан табиғи өнімдер үшін қолдану тиімді;

    • нарықта қалуды қамтамасыз ету стратегиясы – сатып алушыларды тарту үшін өнімнің бағасын төмендету.