Файл: Дипломды Жмыс 5В090900 Логистикa (сaлa бойыншa).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 195

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сурет 15.  Өткізуді ынталандыру әдістері

Ескерту: [19] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Өткізуді ынталандыру әдістері бойынша төменде атап көрсетілген іс-шаралар іске асырылады.

1. Ынталандыру қарқындылығы. Қанша ынталандыру ұсынылатыны туралы шешім қабылдау керек. Оқиғаның оңтайлы өтуі үшін ынталандырудың белгілі бір минимумы қажет. Күш-жігердің шекті деңгейі бар, одан төмен нәтиже мүлдем болмайды.

2. Қатысу шарттары.Ынталандырулар барлығына немесе адамдардың кейбір ерекше топтарына ғана ұсынылуы мүмкін. Сонымен, бонустарды тек қорап қақпағын сыйлағандарға ғана ұсынуға болады.

3. Ынталандыру бағдарламасы туралы ақпаратты тарату құралдары.Сіз ынталандыру бағдарламаңыз туралы ақпаратты қалай тарату керектігін, оған қызығушылықты арттыруды шешуіңіз керек. Жеңілдік купондарын дүкендер арқылы, пошта арқылы немесе жарнама арқылы таратуға болады.

4. Ынталандыру бағдарламасының ұзақтығы.Егер жарнамалық әрекеттің ұзақтығы тым қысқа болса, көптеген тұтынушылар ұсынылған артықшылықтарды пайдалана алмайды. Оқиға тым ұзақ болса, ұсыныс тез арада әрекет етуге итермелеп, әсерін жоғалтады.

5. Өткізуді ынталандыру іс-шараларының уақыты. Жарнамалық шараларды жүзеге асыру үшін күнтізбелік күндерді таңдау қажет.

Бұл шарттар өндіріс, сату қызметі және тарату қызметі басшылыққа алынады. Сонымен қатар, өте қысқа мерзімде өзара әрекеттестік орнатуды талап ететін бұрын жоспарланбаған әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін.

6. Өткізуді ынталандыруға арналған бюджет.Сатуды ынталандыру іс-шараларының бағалауын екі жолмен жасауға болады. Сіз нақты шараларды таңдай аласыз және олардың құнын есептей аласыз. Көбінесе қаржыландыру жалпы бюджеттің пайызы ретінде анықталады.

7. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын алдын ала тестілеу. Мүмкіндігінше, барлық қолданылған сатуды ынталандыру олардың сәйкестігін және қажетті ынталандыруды қамтамасыз ету үшін алдын ала сынақтан өтуі керек.

8. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыру. Әрбір сатуды ынталандыру қызметі үшін фирма дамуы керек бөлек жоспар дайындық кезеңін де, белсенді жұмыс кезеңін де қамтиды. Дайындық кезеңі - іс-шараларды дайындау уақыты.

9. Өткізуді ынталандыру бағдарламасының нәтижелерін бағалау. Сатуды ынталандыру бағдарламасының нәтижелерін бағалау өте маңызды, бірақ оған лайықты көңіл бөлінбейді.


10. Өткізілген өнімдер бойынша нәтижелерді қорытындылау.

Қорытындылай келе, өткізу арналарын ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру мен басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметіне жағымды немесе кері әсерін тигізізуі мүмкін. Сатуды ынталандыру элементтері орналастырылған кезде, сондай-ақ сауда нүктелерінде арнайы іс-шаралар арқылы оралған тауарларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Өткізуді ынталандыру әдістерімен қол жеткізілетін мақсаттар компанияның маркетингтік мақсаттарымен және олар бағытталған мақсатты аудиторияның сипаттамаларымен анықталады [20].


2 «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін талдау және бағалау


    1. «Bayatar&Co» ЖШС-гі шаруашылық қызметінің сипаттамасы


«Bayatar&Co» ЖШС-нің заңды мекен-жайы бойынша Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 29Д орналасқан. Кәсіпорынның негізін қалаушы, әрі басшысы Амантай Таңшолпан Асқарқызы болады. Кәсіпорын табиғи әрі халал емдік өнімдер өндіретін кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда көптеген елдердегі денсаулық сақтау ісінің мамандары тиімді фармакотерапия мәселесіне алаңдауда. Бұл бірнеше факторлар кешеніне байланысты. Біріншіден, табиғи өнімдер препараттардың ассортименті тоқтамастан қарқынды өсуде. Бұдан басқа, ассортименттің құрылымы да, құрамы да өзгеруде, қазіргі таңда қолданыстағы дәрілердің орнына заманауи технологиямен өндірілген табиғи, әсіресе біздің еліміз үшін халал дәрілер мен дәрумендерді өндіру маңызды салалардың бірі болып тұр. Аталған саланың дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып жатқан отандық нарықтағы «Bayatar&Co» ЖШС-гі мысалға келтіруге болады. Компания 21 ғасырдағы заманауи технологиямен, құрамында көптеген дәрумендері бар, Алтай тауының шөптерінен және пантогемотагеннен тұратын табиғи таза халал медициналық өнімдерін өндіретін «MaVie»-дің кәсіпорынының құрамына кіретін серіктес кәсіпорын.

Компанияның ұсынатын өнімдерінің ерекшеліктері, ол:

  • Клиникалық дәлелденген және патенттелген өнім;

  • 100% табиғи өнім, ешқандай химиялық қоспалар мен консерванттар жоқ;

  • Қазақстан Республикасының дәрігерлерімен ұсынылады;

  • Қазақстан бойынша, кез-келген өңірлерге есікке дейін тегін жеткізіп беру;

  • Жетекші мамандардан тегін кеңес алу.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия және Түркменстан нарықтарына экспорт шығарады.



Қазіргі кезде компания Halal халықаралық стандартына сәйкес жұмыс істейтін өндірістердің модернизациясы бойынша ірі инвестициялық жобаны «MaVie» компаниясымен жүзеге асыруда, оның көлемі шамамен 100 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы жоба аясында Алматы және Шымкент қалаларында табиғи емдік қасиетке ие препараттарды шығаратын жаңа өндіріс орыны салынып, іске қосылды.

«MaVie» сауда белгісімен жұмыс істейтін «Bayatar&Co» ЖШС-гі 2018 жылы ҚР табиғи өнімдерді өндіру саласының ISO 9001 стандартын ендірді. 2021 жылдан бастап «Bayatar&Co» ЖШС-гі құрал-жабдықтары GMP өндірісінің Еуропалық стандарттарына көше бастады.

Аталған компанияның зауыттарында негізгі бес цех жұмыс істейді, олар келесі өнімдерді шығарады:

  1. Таблеткалар, капсулалар, гранулалар.

  2. Ампуладағы ерітінділер.

  3. Бальзамдар, гельдер, тұнбалар.

  4. Сироптар, дәрумендер.

  5. Сулы, майлы ерітінділер.

  6. Өсімдік шикізаты негізіндегі субстанциялар.

  7. Шөптер мен пантогемотагеннен тұратын халал өнімдер [21].

Табиғи әрі халал емдік өнімдер нарығы Қазақстан Республикасында дамуы төмен нарықтардың бірі болып саналады, отандық халал табиғи өнімдер қасиеті бар өнімдер өндірісін арттыру мақсатында «Bayatar&Co» ЖШС-гі отандық препараттардың түр-түрін ұсынуда. Компаниядағы мамандар қандай препараттарды қандай клиенттерге тағайындауға болатындығы мен адам ағзасына қажетті дәрумендер туралы да кеңестер береді, табиғи әрі шөптік өнімдердің ағзаға тигізетін емдік қасиеттері туралы кеңестерді де ақысыз жасайды.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдерін пайдаланушы тұтынушыларға, науқас адамдарға, дәрігерлерге және медицина саласындағы тағы да басқа мамандарға дәрілердің түрін таңдау себебі бойынша сауалнамалар жүрігізіп тұрады, сауалнамада емханаларда емделуге кететін уақыт пен төлемақысы, дәрілердің артықшылықтары мен кемшіліктері, табиғи дәрілер мен ағзаға пайдалы өнімдерді қабылдауға көзқарастыры, қандай себептен осы компанияның өнімдерін таңдады деген сұрақтар кіреді. Негізгі сұрақтар тобы төменде келтірілген (1-кесте).

Кесте 1.

«Bayatar&Co» ЖШС-і тұтынушыларына ұсынылған сауалнама сұрақтарын топтастыру



Сұрақтардың тобы


Науқастар


Дәрігерлер

т.б. мамандар мен тұтынушылар тобы

Компанияның өнімдерін таңдау барысындағы алғы

шарттар

Қандай табиғи өнімдерді қабылдауды

қолдайды?

Қандай табиғи өнімдерді тағайындауға

бейім?

Қандай табиғи немесе халал препараттар-ды ұсынуға ынталы?

Компания мамандарының берген кеңестері қаншалықты пайдалы

Табиғи өнімдер туралы кеңес алу қажеттілігі бар ма?

Табиғи өнімдер мен олар туралы ақпарат беруге қаншалықты дайын?

Табиғи өнімдер туралы қаншалықты біледі?

Компанияның қандай өнімдері туралы кеңес қажет

Қандай кеңес алуға мұқтаж?

Қандай қасиеттерге ие препараттардытағайындайдыжәне ұсынады?

Дәрілер мен құрамы табиғи негізінде жасалған дәрілердің әсерін қаншалықты байқайды?

1-кестенің жалғасы

Түсіндіруге қажетті

деректер

Халал өнімдердің қандай табиғи өнімдер

қасиетті білу тиіс?

Не себептен табиғи өнімдерді, дәрі-дәрмектерді

тағайындады?

Халал емдік препараттардың қандай

артықшылығы бар?

Табиғи және халал өнімдермен емделудің артықшылығы

Қандай

дәріханалардан немесе сату орындрынан сатып алады?

Қандай компанияның өнімдерін ұсынады?

Табиғи емдік

Қасиеттерге ие өнімдерді қолдануға кеңес беру себебі?

Емдік препараттарды қабылдау ерекшілігі

Дәрігердің немесе мамандардың кеңесін қаншалықты тыңдайды? Табиғи емдік өнімдерді күніне

неше рет қабылдайды?

Науқас адамдарға қаншалықты табиғи өнімдерді тағайындайды, ағзаны қоректендіру мақсатында қаншалықты тағайындайды,

қанша рет қабылдауды ұсынады?

Табиғи өнімдердің қандай мөлшерін, дозасын ұсынады?

Ескерту: [21, 22] әдебиет негізінде автормен құрастырылған



«Bayatar&Co» ЖШС тұтынушыларының пікірлерін зерттеу жұмысын жүргізу, олардың атқатаратын қызметіне қарай жүзеге асырылады. Дәрігерлерге, науқастарға және т.б. науқастық белгісі жоқ тұтынушылар мен медицина саласының мамандарына қойылған сұрақтар, олардың қандай табиғи өнімдерді қандай жағдайда тағайындауға бейім екендігі, науқастарға тағайындалатын табиғи емдік қасиетке ие өнімдер туралы берілетін кеңестері, халал өнімдердің ағзаға тигізетін емдік қасиеті, тағайындау себебі, өнімді шығаратын компанияны таңдау себебі, табиғи өнімдерді неше рет қабылдау керектігі көрсетіледі.Сөйтіп, сауалнаманы осылай құрастыру арқылы тұтынушылардың емдік мақсатта немесе ағзаны қоректендіру мақсатында тағайындалатын табиғи өнімдер туралы бірінші реттік ақпараттарды алып, сауалнамаларды талдауға мүмкіндік алынады және нәтижесіне сәйкес тұтынушыларға өнімдер ұсынылады. Зерттеу барысында тұтынушылардың 400-ден аса науқас адамдар, түрлі сала бойынша 50 дәрігер мен қызметкерлер және 50 дәрумендерді пайдаланушы тұтынушы сұраққа тартылды.

Сонымен, «Bayatar&Co» ЖШС тұтынушыларының пікірлерін сауалнама негізінде талдау нәтижесінде өндірілуі тиіс, сұранысқа ие алдын-ала болжам жасауға мүмкіндігі негізінде халал емдік қасиетке ие өнімдер өндіріледі.

Бірінші кезекте жалпы Қазақстан Республикасындағы тұрғындардың табиғи өнімдегі заттарға сұранысына олардың денсаулық көрсеткіштері әсер етеді. Соңғы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда 2016-2021 жылдары тұрғындардың аурушаңдық көрсеткіші динамикалық тұрғыда тоқтаусыз жоғарылаған. Егер 2016 жыл жалпы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға балап есептегенде 105 мың 99 оқиғадан 2021 жылға қарай 105 мың 937,6 оқиғаға дейін өскен, оның ішінде бұл жалпы аурушаңдықтың өсуіне бірінші кезекте тұрғындардың алғашқы аурушаңдығы әсер етеді. 100 мың тұрғынға балап есептегенде 2016 жылы тұтынушылардың табиғи өнімдерді сатып алу көрсеткіші 69 479,5 болса 2021 жылы 71 748,3 оқиғаға дейін өскен. Бұл жағдай біріншіден жалпы тұрғындардың денсаулығының тоқтаусыз нашарлағанын көрсетсе, екіншіден созылмалы эпидемиялық аурушаңдықтың құрамы мен деңгейін арттырып отыр деуге болады [22]. Статистикалық деректерге қарағанда тұтынушылардың дәрілерді сатып алу көрсеткішіның деңгейі 100 мың тұрғынға балап есептегенде зерттелген жылдары 89 643,4 сатып алу деңгейі 93 265,6 сатып алу деңгейіне дейін артқанын көрсетеді (Қосымшалар А).

Аурушаңдықтың өсуі жалпы тұрғындардың
табиғи өнімдер заттарға сұранысын тоқтаусыз арттыруға, әсіресе соңғы жылдары тұрғындар заманауи технологиялармен өндірілген табиғи өнімдер немесе емдік қасиетке ие өнімдермен емделуді жөн санауда. «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатып алушылар жүрек-қан айналу жүйесінің ауруларын, ортопедиялық ауруларды, тыныс алу, асқорту, несеп шығару ағзаларының сырқаттары, созылмалы ауруларды емдеу мақатында сатып алады.

Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында табиғи өнімдер заттарды қолдануға сұраныс арнайы көрсеткіштер жүйесімен зерттеледі. Оның ішінде табиғи өнімдер заттардың сатылу көлемі теңгемен есептегенде зерттелген жылдары (2016-2021 жж.) 17 млрд. теңгеден 40 млрд. теңгеге дейін артып отыр. Ал табиғи өнімдер заттардың әрбір жан басына есептегенде 10 515,82 теңгеден 23 099,79 теңгеге дейін артқан. Табиғи өнімдер нарығының тоқтаусыз өсіп отыруымен тығыз байланысты табиғи заттар негізінде жасалынатын емдік сипатқа ие өнімдер[22].

Қазақстан Республикасындағы табиғи өнімдер нарығындағы «Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдерінің үлесі, аталған компанияның табиғи әрі халал өнімдері 6,5 % құраса, 93,5% өнімдер басқа «Bayatar&Co» ЖШС-нің үлесінде (отандық және шетелдік «Bayatar&Co» ЖШС) келеді (16-сурет) [22].



Сурет 16.  Табиғи табиғи өнімдер өнімдер нарығындағы

«Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдерінің үлесі (%)

Ескерту: [22] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Отандық компанияның өнімдерін сату көлеміне шетелден келетін өнімдердің сату көрсеткіштерінің жоғары болуы әсер етуде (17-сурет).



Сурет 17.  Табиғи табиғи өнімдер өнімдер нарығындағы шетелдік өнімдердің үлесі (%)

Ескерту: [22] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Атап айтқанда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасын сандық көлемі бойынша 80%-дан астам импорттық табиғи өнімдермен қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына кіретін мемлекеттер: Ресей (37%), АҚШ (15%), Қытай (10%), Германия (9%), және Араб мемлекеттерінен келетін халал табиғи өнімдер өнімдер (6%) және т.б. мемлекеттерден келетін өнімдер.

IMS Health ақпараттық-сараптамалық компания мәліметтері бойынша табиғи емдік өнімдердің үлесі барлық табиғи өнімдердің нарықтың құрылымында қаржылай