Файл: Дипломды Жмыс 5В090900 Логистикa (сaлa бойыншa).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 194

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
мөлшерде 10%-ын құрайды, ал сандық мөлшерде шамамен 30%-ын құрайды. Сандық мөлшер үлесі қаржылай мөлшерден жоғары. Бұдан шығатын қорытынды, табиғи емдік өнімдердің орташа бағасы шетелдік өндірушінің табиғи емдік өнімдердің бағасынан төмен. IMS Heatlh мәліметтері бойынша табиғи өнімдер нарығы жалпы табиғи өнімдердің нарықтағы импортқа тәуелділігінің жоғары екенін атап көрсетеді. Табиғи өнімдерді өндіру отандық «Bayatar&Co» ЖШС-нің өзекті міндеті болып табылады және болашақта жергілікті өндірістің үлесін көбейту қажет.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі өндірісті кеңейту мен жаңартуға инвестиция салуда, соның арқасында компания өнім сапасын қадағалауға, ассортиментті кеңейтуге, шығындарды төмендету мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізуде. Компанияның өткен кезеңдердегі шаруашылық-экономикалық қызметінің нәтижесін талдау арқылы оның даму болашағын жорамалдауға мүмкіндік аламыз. Табиғи өнімдер нарығын талдаумен қатар, сол нарықта әрекет етуші отандық компанияның ішкі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау сатуды басқаруды оңтайлы жүзеге асыру бағдарламасын жасауда негізге алынады. Нарықтық ортада қаржылық-экономикалық көрсеткіштер компания қызметінің тұтынушы сұранысына сәйкестігіне тәуелді. Зерттелген компанияның 2017-2021 жылдардағы негізгі көрсеткіштері кестеде берілген (2-кесте).

Кесте 2.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі 2017-2021 жылдардағы негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау



Көрсеткіш

Жылдар

2017 ж.

салыстырған- да, %

2017

2018

2019

2020

2021

2017

2021

Өнім өткізуден түскен

табыс, млн теңге

12196,9

14030,9

15196,0

22874,5

25239,3

206,9

110,3

Өзіндік құн, млн теңге

6500,6

7090,0

6204,7

11057,6

11932,1

183,6

107,9

Жиынтық пайда, млн теңге

5696,3

6940,9

8991,3

11816,9

13307,2

233,6

112,6

Өткізу шығындары, млн

теңге

4081,8

3372,7

4538,5

5755,3

6718,9

164,6

116,7

Қорытынды пайда, млн

теңге

-398,0

689,3

-2203,6

1166,6

1253,5

-

107,4

Ескерту: [22, 23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


Кестеде берілген мәліметтерді талдайтын болсақ, «Bayatar&Co» ЖШС-гі соңғы 5 жылды табысты аяқтап отырған. «Bayatar&Co» ЖШС-гі өндірісті дамытуға қаржы жұмсауына байланысты 2017, 2019 жылдарды зиянмен аяқтаған. Компания өнім өткізуден түскен табысы 2020, 2021 жылдары жақсы қарқынмен өсіп, 2017 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 2 есеге артқан болса, өткен 2020 жылға қарағанда 10,3% жоғарылаған. Бұл компанияда өнім өткізуден түскен табыспен қатар өнімнің өзіндік құны да артқан. Қорытынды пайда 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 7,9% өскен. «Bayatar&Co» ЖШС-гі өткізуден түскен табысының 2017 жылы 45%, ал 2018 жылы 36% және 2019 жылы 35%, 2020, 2021 жж. 37% қамтамасыз еткен (3-кесте) [23].

Кестеден көріп отырғанымыздай, талданып отырған «Bayatar&Co» ЖШС-гі сату рентабелділігі қарастырылған 5 жылда аса көп өзгеріске ұшырамаған, төмен деңгейде, бар болғаны 5 % құрайды. Оның басты себебі компания өндірісінің кеңейтіліп, жаңа табиғи өнім ассортименттерінің енгізілуі және басты себеп пандемия кезеңінде өндіріс қуаттарының төмендеуімен байланысты болған. 2019 жылы компанияның рентабелділігі төмендеп 37,6 % құраған.

Талдаулар нәтижелеріне сүйенсек, «Bayatar&Co» ЖШС-нің басым бөлігіне компания бөлімдері арасындағы міндеттердің айқын бөлінбеуі тән [87]. Сондықтан аталған мәселе бойынша бөлімдер арасында жауапкершілікті бөліп, үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету керек.

Кесте 3.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі 2017-2021 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштерінің серпіні


Көрсеткіш атауы

Жылдар

«Bayatar&Co» ЖШС-гі

Өткізу көлемі, млн.теңге

2017

12196,9

2018

14030,9

2019

15196,0

2020

22874,5

2021

25239,3



Таза пайда, млн.теңге

2017

-398,0

2018

689,3

2019

-2203,6

2020

1166,6

2021

1253,5



Рентабельділік, %

2017

-

2018

4,9

2019

-

2020

5,1

2021

5,0

Ескерту: [22, 23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


Кестеден көріп отырғанымыздай, талданып отырған «Bayatar&Co» ЖШС-гі сату рентабелділігі қарастырылған 5 жылда аса көп өзгеріске ұшырамаған, төмен деңгейде, бар болғаны 5 % құрайды. Оның басты себебі компания өндірісінің кеңейтіліп, жаңа табиғи өнім ассортименттерінің енгізілуі және басты себеп пандемия кезеңінде өндіріс қуаттарының төмендеуімен байланысты болған. 2019 жылы компанияның рентабелділігі төмендеп 37,6 % құраған. Талдаулар нәтижелеріне сүйенсек, «Bayatar&Co» ЖШС-нің басым бөлігіне компания бөлімдері арасындағы міндеттердің айқын бөлінбеуі тән [87]. Сондықтан аталған мәселе бойынша бөлімдер арасында жауапкершілікті нақты бөліп, үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету маңызды.

Біздің қарастырып отырған кәсіпорында негізгі құралдардың үлесі 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 3,7% төмендеген. Бұл кәсіпорындағы негізгі құралдардың 2021 жылы 19,3%-ға немесе 260505 мың теңгеге төмендеуімен тығыз байланысты. Сәйкесінше негізгі құралдарының активті бөлігінің үлесі де 2,8 %-ға төмендеген. Бұл өндірістік-технологиялық үрдіске тікелей қатысатын құрал-жабдықтар үлесінің төмендегенін білдіреді.

Кәсіпорындағы сатудан түскен табыстың 1,4%-ға ұлғаюына және негізгі құралдардың активті бөлігінің төмендеуіне байланысты оның қор қайтарымдылығы жоғарылап, қор сыйымдылығы төмендеген.

Төмендегі кестеде «Bayatar&Co» ЖШС-гі негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін бағалауға арналған көрсеткіштер есептелген. Осы көрсеткіштер мәндері негізінде талдау жасалып отырғанда негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беруге болады ( 4-кесте).

Кесте 4.

«Bayatar&Co» ЖШС-нің негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін

Бағалау



Көрсеткіштер

Жылдар

2020

2021

Ұзақ мерзімді активтердегі негізгі құралдардың үлесі, %

95,5

91,8

Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесі, %

73,0

70,2

Негізгі құралдардың активті бөлігінің қор қайтарымдылығы, тг

1,5

1,7

Негізгі құралдардың активті бөлігінің қор сыйымылығы, тг

0,17

0,12

Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті

0,12

0,08

Негізгі құралдардың шығу коэффициенті

0,01

0,03

Негізгі құралдардың тозу коэффициенті

0,46

0,44

Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициент

0,54

0,56

Ескерту: [22, 23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған



«Bayatar&Co» ЖШС-нің қызметінің экономикалық тиімділігін талдау кезінде өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштерін бағалаудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан ол көрсеткiштердi келесi кесте түрiнде көрсетуге болады (5-кесте).

Кесте 5.

«Bayatar&Co» ЖШС-нің өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштерін бағалау



Көрсеткіштер

Жылдар

2020

2021

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,8

0,7

Жедел өтімділік коэффициенті

0,3

0,1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,23

0,08

Тәуелділік коэффициенті

0,93

0,95

Қаржыландыру коэффициенті

0,07

0,05

Ескерту: [22, 23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


Кестеде берілген көрсеткіштер мәндерінен байқағанымыздай, 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда өтімділік көрсеткіштері бойынша, яғни, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерін орындап айналым қаржыларын басқару мүмкіншілігі кемігенін көріп отырмыз.

Мұны кәсіпорынның өндірістік үрдісінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді кредиттер тартуына байланысты ағымдағы міндеттемелері ағымдағы активтерінен артық болуымен байланысты қарастыруға болатынын көреміз.

Демек, кәсіпорында әзірше міндеттемелерін өзінің айналым қорлары арқылы жабу мүмкіндігі төмен. Осыған байланысты «Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдері мен көрсетілетін қызметтер ассортиментін ұлғайту, бәсеке қабілеттілігі мен сапасын жақсарту және басқа да мәселелер бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылуы тиіс.

Қаржы тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер мәндері бойынша қысқаша тоқталсақ, 2021 жылы кәсіпорынның қарыздық қаражаттарға тәуелділігі арта түскен, меншікті капиталы 18,3 мың тг (1,7 %) азайса, қарыздық капиталы 6111 мың тг (39,9 %), жалпы міндеттемелері 6092,2 мың тг (37,0 %) артқан.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландырулар мен салымдар, жалгерлік міндеттемелер, бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар
бойынша резервтер, алдағы кезең табыстары (6-кесте).

Кесте 6.

«Bayatar&Co» ЖШС-гі меншiк капитал динамикасы мен құрылымы (теңге), 2020-2021 жж.




Капитал көздерi


Сомасы, тенге


Өзгеріс,


Құрылымы, %

(+, -)




2020

2020

2020/ 2021

2020

2021


Жарғылық капитал

80250000

80250000

0

13,7

13,9

Қосымша капитал

-

-

-

-

-

Резервтiк капитал

-

-

-

-

-

Бөлiнбеген табыс (зиян)

504943335,3

496173110,8

-8770224,41

86,2

86,07

Барлығы

585193335,3

576423110,8

-8770224,41

100

100

Ескерту: [22, 23] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


Кесте деректері бойынша «Bayatar&Co» ЖШС-гі жарғылық капиталы бірқалыпты, қосымша капитал, резервтік капитал және азшылықтың үлесі көрсеткіштері орын алмаған. Кәсіпорында бөлінбеген табыс зияны 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 8770224,41 теңгеге кеміген.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарға бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.