Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 426

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұхтар Әуезов жай әншөйін сыртта жүріп редактор бола салған жоқ, текстологиялық жүмыстың барысында қолжазбалар мен бұрынғы басылымдар салыстырылып тексерілгенде, алты ай бойы үзбей басы-қасында болды. Мұхтар Әуезов Академияға, өзі қызмет істейтін сол кездегі Тіл және әдебиет институтына бейсенбі сайын таңертеңгі 9-да келіп, түске дейін болып жүрді. Абайдың 1957 ж. басылған екі томдық толық жинағының ерекше құндылығы Мұхтар Әуезовтің текстологиялық жүмыстарға тікелей қатынасуының, ерінбей-жалықпай басшылық етуінің нәтижесі. Мұхтар Әуезовтің айрықша бағалы еңбегі ол ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазып шықты және оны бірнеше рет ендеп, толықтырды. Ұзақ уақыт Қазақ мемлекеттік университетінде абайтану пәні бойынша оқыған дәрістерін жинақтап, үлкен монографиялық зерттеу жазды. Ол еңбегі кейін «Абай Құнанбаев (мақалалар мен зерттеулер)» атты кітапқа енгізілді (1967, 15-228-беттер). Бұл енбегінде Мұхтар Әуезов Абайдың ең басты-басты дерлік өлеңдеріне, сонымен қатар поэмалары мен қарасөздеріне талдау жасап баға берген, олардың тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін тиянақты түрде сипаттаған. Абай шығармаларының жазылған жылдарын анықтап, оларды өзінше топтастыру жағынан да Мұхтар Әуезовтің атқарған еңбегі айтарлықтай. Мұхтар Әуезов Абайдың елеңдерін талдап бағапағанда, кейде әр түрлі сын пікірлер айтатын тустары да кездесіп отырады. Мысалға, «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты елең туралы келелі де келісті пікір айтқан: «Дәл осы өлеңнің тұсында, Абай әйел жынысына казақы көзбен, әсіресе бойжеткен қызға феодалдық орта қарайтын көзбен қарағандай болады. Сол себепті сұлудың жүзін бізге айтып беріп отырған акынның көзі кебінше қыз кере келген жігіттің, келін айттыра келген құданың көзкарасы сияқты. Нақтылы дәлдік болғанмен ішкі сезім сыры жоқ шығарма көрінеді. Белдеуге сұлу атты байлап қойып, мүсін-тұлғасына көлденен қарап отырған бағалаушының мінезін аңғарамыз. Кейінірек жазылатын «Ат сынын» осы қыз суретінің тұсында еріксіз еске алуға тура келеді. Онда да аттың көкілі, қүлағы, қабағы, мойны аталып келіп, ұлы денесі сипатталып кетеді. Бірак атқа солайша сырт мүсінін санап, сынау қаншалықты қонымды болса да, адамзатқа қолданған әдіс оншалық орынды емес». Аддымен 
Мұхтар Әуезовтің осы елеңді «нақтылы дәлдік болғанмен, ішкі сезім сыры жоқ шығарма» деуін бұл көркем туындының кемшілігінен гөрі өзіндік өзгешелігін керсеткен деп түсінгеніміз жөн сияқты. Өйткені елеңдегі негізгі мақсаттың өзі қыздын бет пішінін, келбетін, сымбатын, сыртқы көрінісін сөзбен бейнелеу ғой. Абайдың қазақ поэзиясында қалыптасқан осы дәстүрге назар аударып, елең тілінің сөз өрнектерін мол пайдаланып, сұлу қыздың кескін-келбетін, бой сымбатын бейнелеуде өнер өлшесіп байқағаны таңқаларлық іс болмаса керек. Қалай бағаласақ та, бұл салада Абайдың өнегелі еңбегі бар екені даусыз. Мұхтар Әуезов те өлеңнің сұлу қызды сипаттайтын алғашқы жағын «күшті бөлімі» деп бағалап, екінші бөлімін көбірек сынаған: «Екінші бөлімі Абайдың бұл өлеңін композициялық тұтастық, көркемдік күйден айырып, әлсіздікке ауыстырып әкетеді. Оның себебі өлеңнің бас жағы бір тақырыптан басталып, аяқ жағы екінші бөлек тақырыпқа ауысқанмен, әуелде іш пен мінез жоқ, тек сырт болса, кейін сырт жоқ тек мінез аталады. Басында сұлулыққа сүйсіне сөйлеп, кейін ұрсып тоқтайды. Сондай екіұдайылық сыртқы түрден, ақындық теңеу лексикасында айқын керінеді». Өленді тұтас алғанда әр қырынан қарап, әркелкі айтылған қарама-қарсы пікір, кереғар сезім-әсер шарпысқандай болады. Қыздың сұлулығын тамашалап, идеал түрінде бейнелеу өзінше ұтымды десек те, ақынның бір сәт іркіліп, толқуы, өмірде сұлулық пен мінезділіқ түрақтылық адамның бойында бірдей кездесе бермейтінін ойлап, өкініп-күйінуі де табиғи нәрсе емес пе? Ендеше осы өлеңдегі тосын нәрседей көрінген қарама-кайшылық өмір шындығынан алые деп үзілді-кесілді айта аламыз ба? «Ә, дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық» дегенді басқа елеңдерінде де ашынып айтатын Абайдың сыншыл ойы сұлулықты мақтап, мадактаған сөздерімен жарыса келіп, өлеңнің екінші бөлігінде ақынның ішіне сыймай, кемерінен асып төгіліп сыртқа шыққандай әсер етеді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сұлу қыздың бейнесін суреттеуіне назар салсақ, Абай қолданған кейбір сипаттауларды өзі де жат кермейтінін байқар едік. Бір ғана мысал айтсақ, «Білектей арқасында өрген бұрым» дейтін өлеңінде Абай қыздың бұрымына сән беретін сыңғырлаған шолпы

 екенін тап басып, дәл көрсеткен. Мұхтар Әуезов Тоғжанның портретін бейнелегенде, оның шолпысының сылдырын жас Абайдың жүрегін толқытқан сиқырлы күші бардай етіп, үлкен мән беріп, арнайы суреттейтінін білеміз. Шолпының әдемі сылдыры жас қыздың қимыл-қозғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сәттері суреттелгөнде-ақ, біздің көңілімізге берік ұялайды. Шолпының дыбыстық әсері жас қыздың қимыл-қозғапысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Мұхтар Әуезовтің бұл тұста Абайдың өз өлеңімен үндес шығуы әбден занды. Ал Мағжанның да «Шолпы» атты әдемі лирикалық өлең жазғанын Мұхтар Әуезов, сөз жоқ, білгөн. Мәселе тікелей сабақтастық іздеуде емес, кең мағынасындағы әдеби дәстүр жалғастығын ескеруде. Келемді прозалық шығармада қыздың мінезін, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын жан-жақты бейнелейтіндіктен, роман-эпопеядағы портреттің ауқымы кеңірек. Бір-ақ сөзбен мүсінделіп берілгеңдіктен, ол портрет те әр түрлі көркемдік детальдар жеке сипат-белгілер арқылы жасалады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасында Абай бейнесі, Абай заманының келбеті қалай суреттелген деген мәселелер төңірегінде әлі де айта түсетін, анықтай түсетін жайлар баршылық. Солардың көбі шығармадағы көркемдік шыңдық пен тарихи шындық қалай ұштасқан деген мәселеге саяды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас Абай мен Құнанбайды әкелі-балалы екі адамды бір-біріне қарсы қойып, қарама-қайшы тұлғалар етіп бейнелеуінің мәнісі қалай деген сауал жиі қойылып жүр. Абай баласы Әбдірахманның дүниеден жас кеткеніне налып шығарған жырында оны жасынан ғылым жолына түскен жаңа буынның өкілі, жаңа заманның, «жаңа жылдың басшысы» еді деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген болса, Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясында Құнанбайды ата жолын өзгертпей ұстауға тырысқан бұрынғылардың өкілі, «ескінің арты еді», ал Абай энер үйренуге, білім-ғылым игеруге үмтылған прогресс жолына бет алған жаңашыл жастардың ішіндегі ең бір озық жарқын тұлға деп қарағаны, солай етіп бейнелегені кеңілге қонымды. Егер байыптап дүрыс аңғара алсақ, Құнанбай мен Абай, әке мен бала ретінде бір-бірімен қайшы кэрінбейді, кэбінесе екі заманның өкілі, екі мақсаттың, екі қоғамдық көзқарастың адамы тұрғысында қарсы қойылады. Ал екеуінің мінезі екі түрлі болса, Құнанбай айлакер, қатал керініп, Абай адап, әділет іздеген ақын жанды мінезде кэрінсе, мұның өз қисындылығы бар. Құнанбай ел арасындағы түрлі талас-тартыстың, қайшылықшиеленістердің тізгінін қолына ұстап отырған, әбден әккі болған ел билеуші екенін, ал 
Абайдың қоғам өміріндегі қарым-қатынастарға енді ғана кез тігіп, араласып жүргенін естен шығармаған абзал. Роман-эпопеядағы көркем шындықты өмірде бол­тан оқиғалардың қаз-қалпындағы керінісі деп қарауға болмайды. Оның өзі кэбінесе автордың көркемдік парасатынан есіп, жетілген, сэйтіп эзара байланыс жүйесін тапқан өмір кэріністері боп табылады. Тек оқиғалар ментапас-тартыс төңірегінде ғана емес, белгілі кейіпкерлер мен оларға берілген көркем мінездемелер жэнінде де осыны айтуға болады. Эпопеяда автор ойынан туған көркем бейнелер мен қақтығыс жайларының өзі қаншама! Мүның қайсысы да автордың қоғам өміріндегі езекті мәселелерді көтеру барысында сол ортадағы әлеуметтік күштердің сан сапалығын, айрықша күрделілігін жарқын бейнелеп керсету мақсатынан туған. Эпопеяның түптеп келгенде, негізгі кейіпкері халық. Халық өмірінің алуан түрлі көріністері, құбылыстары шығармада ірілене, жинақтала, типтендіріле бейнеленеді. Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, коллизиялар Абай арқылы, не оның тікелей қатысуымен, не әйтеуір қалайда араласуымен, не оның кэңіл күйіне, ой дүниесіне, жалпы кезқарасына, дүниетанымына байланысы арқыпы суреттеліп, бір-біріне ұласып, тұтасып жатады.[1]

27. Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз.


Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент  кезімде барахолкадағы (Алматыдағы киім-кешек базары ред.) бір достарымның  жалдамалы пәтеріне бардым. Іші – ит байласа, тұрғысыз. Ішке еніп, тақтайдан  құрастырып жасаған, төсексымаққа отыра бергенімде қожайын әйел (өзге ұлт  өкілі) кіріп, менің келгеніме бола реніш білдірді. Аналар жүз теңге беріп еді,  жайына кетті. Дәл сол кез ойыма әлгі әңгіменің сюжеті келді.…Екі-үш күннен  соң, өзім тұратын ҚазҰУ-дың 17-жатақханасындағы бөлмемде тыныштықты  пайдаланып, екі сағатта қағазға түсірдім. Екі жігіттің орнын жас  ұбайларға алмастырдым да, бірінші жақпен баяндадым. Елдер «Өз басыңнан өткенбе?» – деп сұрай берген соң, кейінгілерді үшінші жақпен жазуға тырыстым».Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтерсымақта» жас отбасы нешетүрлі ит қорлықты көреді, кейіпкер жігіт қайнағасының алдында масқараболады.«Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым  келетін болды депқорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем  мен шешенің келуін де қалам айттың едім. Бұл – менің жалғыз қорқынышым.Қайнағам келсе – қайттім, ойбай, ұят болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп  сарыуайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім  тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып  жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін  көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары  күйреп жататын себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен  қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған  жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу  келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай».Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүргенӘсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының  қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың  азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын көресіз».Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйлемдерді қолданады: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып», сол сәт дастарқанның екі шетінен екі тарақан пайда  болды да, қарама-қарсы жорғалай жөнелді. Келіншегім шөгіп барады. Тарақан  құдды соғыс майданына жекпе-жекке шыққан қас батырдай екпіндеп келді де,  бір-біріне тұмсық түйістірді. Бір-біріне айбар шекті. …Қайнағам теріс қарады.  Әйелім бетін басты. Мен күйіп-жанып бара жаттым. Тамағым кеберси берді,  құрт малтап отыр едім, сол құрт өңешіме тығылып қалғандай, сөйлесем, дыбысым шықпайтындай сезілді».Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.