Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 423
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?Бірақ, солар туралы тереңірек білгісі келген оқырманға дерек тапшы болушы еді. Бір Ғабеңнен басқасының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы олқылықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның "Рухы биік тұлға" атты
жаңа еңбегі атақты "бесеу-дің" бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге
құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі". Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.1938 жылы Мүкең "халық жауы" деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-ша-ғасы туралы да мол деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, Алаштың бір арысын танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының" Президент мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған.Әттең, осындай дерек кітаптар "сол бесеудің" басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин" деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?..
30. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз
Сұлтанәлі Балғабаев: Осыдан жиырма бес жылдан астам уақыт бұрын, тәуелсіздік алмай тұрған кезде «Қызыл кітапқа кіретін халық» деген бірнеше бөлімнен тұратын проблемалық мақалалар жазып, жарияладым. Ол кезде Алматыда бір-екі ғана қазақ мектебі бар еді. Қазақтардың өз ана тілінен, ұлттық ерекшеліктерінентеріс айналуы, ішкілікке салынып, моральдық жә ғынан бұзылуы барынша асқындаптұрған. Соған орай, қазақ халқы осы қалпымен тұра берсе, азып-тозып, ұлт ретіндежойылып кетеді деген мәселе көтердім.Бұл ойымды «Қазақша білмейтін қазақ қай ұлтқа жатады?», «Ілгері баспаған интеллигенция», «Қазақ жеңе ме, арақ жеңе ме?!», «Қазақтан шыққан басшылар қазақ халқын қадірлей ме екен?!» деген тақырыптармен жеке-жеке талдап, дәлелдеуге тырыстым. Бұл жазғандарым біреулерге ұнады, біреулерге ұнамады. Десек те, содан бері заман да, ел мен адам да өзгерді. Ең бастысы, бұрын Алматы қаласында бір-екі ғана қазақ мектебі болған, қазір таза ана тілінде білім беретін 60-тан астам оқу ордасы бар. Көшеде кездескен қаракөз бүлдіршіндер түгел дерлік (олардың арасында өзімнің немерелерім де бар) майын тамызып, әдемілеп қазақша сөйлейді. Осыларды көргенде өзімді кәдімгідей бақытты сезінемін. Бір кездегі айтқандарымның жерде қалмай, күндердің күні жүзеге асқанын көргенде бойымды ризашылық сезім билейді.Міне, қызық! Сұлтанәлі Балғабаевтың белгілі бір өнер иесіне арнап жазған сахналық шығармалары бар. Мәселен, «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы КСРО халық әртісі Фарида Шәріповаға, ал «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасы Қазақстанның халық әртісі Жұмабай Медетбаевқа арналған екен.Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.Солардың бірі – «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия.Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінез құлықтарына олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай. Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра айдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқоршенеуніктердің жинақталғанбейнесі. Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңызкерек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!..Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады.
Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған… әлгі айтқаныңыз… Уәдеңіз…Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып тіркетсеңіз, маған жібереді… Көреміз сосын… Ал, сау болыңыздар!Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!.. Той тойлап, жүре бермей, жұмыс істеу керек!» деп ұрысып кетеді. Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар.Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. Дегенмен автор билетсіз жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді.
31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.