Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 424
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.
«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара Алпысқызы – өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…»
Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?!
Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті парызымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». [2]
Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.
Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады.
«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.
Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы. [3]
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.
Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр.Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттіктәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен терезе міз тең,
дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ұлы мақсаттарға жетелейтін – «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Барша қазақстандық бұл идеяны үлкен қуанышпен қабылдады.«Мәңгілік Ел» сөзі біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан белгілі. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. Елбасымыз Тоныкөк бабамыздың өсиетін тілге тиек ете келіп: «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр»,– деген болатын. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі – бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң – еліміздің басты алаңы. Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясының ұғымын, оның мазмұнын, мәңгілік мұраттарға қол жеткізудің құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
32. «Ғалымдардың ашқан жаңалықтары жалпыадамзаттық құндылыққа жата ма? Ғылым мен құндылықтың сабақтастығын көрсетіп жазыңыз
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара Алпысқызы – өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…»Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?!Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті парызымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». [2]Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады.«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оныадам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы. [3]Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.