Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 418
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
33. Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі замандағы балалар өмірін салыстырып жазыңыз
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапағали Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, Сәкен Жүнісов, Мұқан Иманжанов, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердіьек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танымып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.
1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.
Өзінің шығармашылық өмір жолын балалрға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.
Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат» (1965), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың, Гауһар?» (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.
Бұл шығармаларының ішіндегі «Қайдасың, Гауһар?» өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы – «Құлып» деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон – кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп «Сандал» деген әңгімесін жазады.
Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. «Қара бояудың қалың жаққансың» деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз «дәмді» жерлерін сызды да тастады» деп күйіне, қажып айтып жүрген.
Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады, шетқақпайлыққа ұшырады. Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.
Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повеі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.
Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.
Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы КазҰУ-да мұғалім, актер.
Сұлтанның рөлін сомдаған Сұлтан Какенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен. Жантас – Ерік Құрмашовтан хабар жоқ. Жанар рөлінде Гүлнар Құрабаева. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет – Юнус Шамусов бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері. Ал Майқанова апайларың – Рая Мұхамедиярова, танымал актриса.
Б.Соқпақбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Талғат Оразымбетұлының:
Бала жайлы шығарманың төресі,
«Менің атым Қожа» деген повесі.
Өзімізді сол повестен табамыз,
Шалқып-тасып қиялардың кемесі, - деп өзінің жүрек-жарды лебізін өлең жолдары арқылы білдірген екен. Шындығында да Қожа бейнесі біздің жүрегімізде, мәңгі жас қалпымызбен есімізде сақталады.
Енді балалар, есімі әлемге танылған Қожаның өз бейнесімен есімін талдаған монологын тыңдайық. (Оқушы орындауда).
«... Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынымды айтсам, бұл о баста қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім айта алмайды»
Ал, балалар, сендердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.
-
«Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?»
Жауабы: «Оқулығы сай бала – көңілі жай бала».
-
(Оқушы сұрақ қояды)
«Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...»
Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді?
Жауабы: «Қадыров түбінде адам болатын бала», - дейді Майқанова.
«Оты бар», - деп қостады Ахметов».
Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік.
34. .«Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз
Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды. Айталық сізді қараптан қарап тұрып ит қауып алды делік. Егер әлгі иттің ақылы болса қабар ма еді? Тіпті жылқының иесін теуіп, сиырдың сүзіп жіберуін де осы тектес мысал ретінде айтуға болады. Бұл жан-жануарлар мен хайуанаттарда сананың дамымағанын дәлелдейді. Олардың жанында адамның жаратылысы мен болмысы керемет. Екі аяқты пендеге Алла Тағала сана мен ой берген. Мұны Абайша айтсақ «Ақыл – жан қуаты». Ақын тағы бір сөзінде «Пайда менен залалды – ақыл айырады» дейді.
Ақылменойлап білген сөз,
Бойғажұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырда қуалар, – дейді енді бірде Абай атамыз.
Ақынның ақыл төңірегінде термелеген нақылдары мұнымен бітпейді. Олардыңәрқайсысын оқыған сайын терең тұңғиыққа бойлай бересің, көп нәрсені ойлай бересің. «Ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән» дегенін де ой елегінен өткізіп отырсаңыз, тіршіліктің тамаша көріністері мен қарым-қатынастың шынайы болмысы да «көбінің сырты – бүтін, іші – түтін» дегенді ерекшелеп беретін көрсеткіш.
Қазір көп айтылатын әңгіменің бірі де бірегейі ақшаға келіп тіреледі. Өкінішке қарай, қазір кім дәулетті соның ақылы көп секілді көрінеді. Алайда қалталы кісінің де ақымақәрекеттері болатынын жоққа шығара алмайсыз. Ақылды кейде айлакерлік жасауға, зымиян ойды іске асыру үшін де пайдаланатындар бар. Бір қарағанда олар осы ісін ешкім байқамайтындай көреді. Адамның арты
қшылығы сезімталдығында дер болсақ, әрбір әрекетті бағамдай білетін пенде атаулы ақылдың арғы жағында арам ниет болса да біліп қояды.
Адам – аса күрделі жаратылыс. Ол туралы ғылыми тұрғыда да, адами тұрғыда да түрлі пікір білдіруге болады. Дау-жанжал, ұрыс-керіс, бақталастық, тіпті сұрапыл соғыс та адамдардың ақылының дұрыс пайдаланбағандығынан туындайды.Ақылдыңөзі парасатпен, мінез-құлықпен тығыз байланысты. Осының барлығы бізді басқа тіршілік иелерінен ерекшелейді. Ерекшелік – адамға тән құбылыс.Сол ерекшеліктіңәсерінен де адам дамиды. Мәселен, ақпараттық технологияға жан бітсе, ол адамнан озып кетер еді. Бірақғылымды дамытқан адам. Соған қарамастан жаңалықтарға ілесе алмай қалуымыз өкінішті.
Ж.Баласағұн бабамыз «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» дейді. Осы екеуі үйлесім тапқан жерде үлкен іс тындырылады. Өмірдіңөз бояуын шатастырып алмауға да дәнекер болатын – білім мен ақыл. Ғалымдар адамның жалқау, қатал, аса мейірімді болуы қан тобына байланысты екендігін айтады. Бір ғана мысал: 1907 жылы чех ғалымы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтқан. Әлемде ең көп кездесетін қан – 1-топ (жер шары тұрғындарының 45 пайызы) 2-қан тобы адамдардың 35 пайызына тән. 13 пайызыныңқаны 3-топқа жатады. 4-қан тобы өте сирек кездеседі, (7 пайыз). Осы топтағылардыңқандай қабілетке ие екендігін де болжап бергендер бар. Бірақ адам ең алдымен өзіне сенуі керек. «Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас», «Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ», – деген Жүсіп Баласағұн бабамыз ғұламалы