Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 420

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қтыңғұмыры ұзақтығын құлаққағыс жасаған.

Дүниені өзгертіп жатқандар – ақылды адамдар. Соңғы уақыт­та данышпандарды интеллектілік коэффициенттеріне байланысты анық­тайтын амалдар пайда бол­ды. Мұныңқаншалықты дұрыс­ты­ғын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмас. Мысалы, бү­­гінгі өмірдің ерекшеліктерін Мөң­­ке би секілді дөп басып ай­тып берген кім бар? Баба­мыз­дың бұл айтқандарын ешкім жоққа шы­ғара алмаса да интеллектілік коэ­ффициенттерін ешкім дәл ай­тып бере алмасы анық.

Соңғы бір деректерге назар ау­дарсақ, әлемнің он ғұламасы төңірегінде мынадай пікір біл­ді­рі­ліпті. Адамдардың 50 пайызына жуығының IQ деңгейі төмен. Де­мек, жер шары тұрғындары ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген. Жаңа­лық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүр­ген­дер аз ғана бөлікті құрайды. Олар – ғалымдар. SuperScholar.org веб-басылымы ең ақылды 10 адам туралы былайша ой өрбітеді. Осының барлығын не үшін ай­тып отырмыз? Сұрақтан сұрақ туын­дайды. Интеллектуальдық коэф­фициентке көңіл бөлетін, да­рынды адамдар базасын жасай­тын уақыт бізге де келді. Өйткені өз­гелер ғылым саласынан оқ бойы озып бара жатқанда біздің артта қалуымызға болмайды. Бір ғана мысал: Қытайда халық көп. Олардың арасынан ақылды адам­дардың көп шығатыны – өмірдіңөз заңдылығы. Жер шарындағы 300 миллиондай орыс халқыныңөзі небір данышпандарымен мақ­тана отырып, олардыңқатарын қа­лай да көбейтуді ойластырып жа­тыр. Ресей тарихын жасаған ғұла­малардың мемлекетті
әлемге та­ныту жолында қыруар іс бітір­ге­ні анық. Осы үрдісті қалай да ілгерлету, дамыту үшін білім мен ғылымды мықтап қолға алып, да­нышпандарға даңғыл жол ашу­да, күшті насихаттар жүргізілуде. «Ресейдіңұлы ойшылдары» атты кітаптың жарық көруінің арғы жа­ғында осындай бір ой, идея, ал­ға ұмтылу бар. Бірінші кітап Ми­хаил Васильевич Ломоносовқа арналған. Бәрінен қызығы – осы іске М.Ломоносов атындағы Мәс­­кеу мемлекеттік университеті жур­­налистика факультетінің оқы­тушылары мен студенттері ат­салысқан.

Қысқасы, өзге жұрт тарихты тү­зеткен ғұламалары мен бүгінде далада жүрген дарындыларын да жинап жатыр. Дарындылық де­геніміз – адамның кез келген іс-әре­кет түріне ерекше қабілетті болуы. Міне, сол қарым-қабілеті мықты, ақыл-ойы артық туған аза­маттарды елдің игілігі, келе­ше­гін жасау үшін мақсатты жұ­мыс­тар жүргізілуде.

35. М. Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірінің келелі екенін бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз.

Қара сөздер» атты философиялық шығармасында, Абай әрбір сөзімен ұлттық сананы қалыптастыруға, ел мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылды. Өркениетті елдердің қатарына қосылудың бірден бір жолын білім мен ғылымды игеруден көрді және ел бірлігі ұлт тұтастығының кепілі деп таныды. Осы орайда, мемлекет басшысы өз мақаласында, Абайды рухани өміріміздің темірқазығы ретінде қабылдауға шақырып, мол мұрасының елдің дамуына тигізер пайдасы зор екендігіне аса мән беріп және ақын сөздерінің бүгінгі заманда да көкейкестілігіне жұртшылықтың көңілін аударады.

Абай шығармалары ұлтымыздың тұрмыс тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтиды. Сондықтан ұлттық жаңғыру ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып ұтымды пайдалану қажет, себебі ақын көтерген мәселелер бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай әрбір қазақ баласын өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуға шақырды. Кемеңгер ойшыл «атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, өмірдің мәні мен мақсатын Адам болу деп таныды. Біз жастардың тәрбиесін, ұлтты Абайша сүюден, елдікті, мемлекетті қадірлеуден бастауымыз керек.



Хакім Абай ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздеді. Автор өз мақаласында, Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізеді деп есептейді.  Сонымен қатар, ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін де Абайдың ой-тұжырымдарына зейін қойған абзал деп санайды.



Абай философия тарихында әділетті қоғам орнату идеясын көтерген тұлғалардың бірі саналады. Демек, Абай шығармалары елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін нығайтатын, мемлекетті сыйлаудың, билік жүргізетіндерге қойылатын талап-шарттардың мән-маңызын түсіндіретін темірқазық болуы тиіс. «Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки кетірді ғой елдің сиқын» деп ашына айтқан кемеңгер тұлға, мемлекетті билеу формасының озық үлгісі ретінде меритократиялық құрылымға ерекше мән береді.

Мемлекет басшысы осы мақсатта еліміздегі өзекті деген мәселелерді бірге талқылап, ортақ шешім табу үшін құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жіті қадағалап отыратынын атап айтады. Қазақстанда саяси-әлеуметтік жаңғыру үрдісі де жүріп жатқаны белгілі, дегенмен «сабыр түбі сары алтын» деп өмір сүріп келген халқымыз популистік идеяларға жол бермейтінін, ұлттық мәмілеге келудің тиімділігін, республикадағы көпұлтты демографиялық жағдайды ескеру қажеттігін әр кезеңде дәлелдеп келеді. Даңғазалық пен мақтаншақтық, өзгені қор, өзімізді зор санаудың елге тигізер зиянын Абай өз еңбектерінде жеріне жеткізіп айтып кеткен болатын. «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөзін алма” деген ойшыл, жақсы мен жаманды ажыратудың қарапайым амалдарында ұсынып кеткен еді. Расында да әпербақан саясат пен ұлттық эгоизм салдары кез келген елдің дамуына, азаматтық қоғам орнату мүмкіндігіне және мемлекет тұтастығына қатер төндіретін қауіпті үрдіс.

Президент өз мақаласында, еліміздің әрбір азаматын, бүгінгі жаhандану заманында әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуіне ерекше көңіл аударады. Бұл мәселенің шешімін Абайдың» «кемел адам» формуласынан іздеуді ұсынады. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп дана ақынның өзі айтқандай, жастарымызды білімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адам ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мұраты.   Кезінде Абайдың қазақ баласына өсиет еткен «кемел адам» философиялық ұғымын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің «Абай туралы сөз» атты кітабында тілге тиек еткен болатын. «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», – деп жазған еді.


36. Абайдың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деген өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз.

Өмірінде роман, драма жазбаған ақынның осы сегіз жолдан тұратын бір шумақ өлеңі, тұтас сюжетке құрылған үлкен бір көркем шығармадай оқушының көз алдынан өтеді. «Сегіз аяқ» өлеңінде бас кейіпкер – ақынның өзі. Ол кейде жан-тәнімен күйінеді, кейде ойшыл, кейде мысқылшыл, кейде мұңдана отырып оқушысымен сырласады.

Ал, кейде ызалы ақынның көзінен қанды жас ағып тұрғандай.

«Қайнайды қаның, ашиды жаның»- деп басталатын «Сегіз аяқтағы» бір шумақта, ақын туған халқы мен ол өмір сүрген қоғамның қаны сорғалаған ақиқатқа толы шындық бейнесін сегіз-ақ жолға сиғызып тұр. Бұл – ақындық дарын ұлылығының тағы да бір айғағындай.

Осы «Сегіз аяқта» ақын елден бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын әшкерелей келіп, осы жаманшылықтың себебін де айтады.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын,- деп жеке адам үшін де, қоғам үшін де, халық үшін де ең қадірлі, қажетті іс – еңбек екенін айтады.

Осыдан кейінгі жазылар өлеңдерінде де Абай, бұрынғы қазақ ақындары айтпаған еңбек тақырыбын сөз етеді.

«Сегіз аяқтың» ішінде Абай, әр жерде өз күйігін қосып та отырады.

Жартасқа бардым

Күнде айғай салдым,

Одан да шықты жаңғырық,- деген ақын:

Баяғы жартас бір жартас,

Қаңқ етер түкті байқамас,- деп, көп ортасындағы өзінің жалғыздығын, айтқан насихат-кеңесті қабылдамаған халқының надандығын шағынады.

...Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным

Қаңғыртты, қысты басымды, -деп, өз ішіндегі ой толқыны, жеке бастың уайымшыл сыры емес, «Мақсұт – алыс, өмір – шақ» деген Абай, халық үшін мұңлы ой тұманына батқан қайғылы күйін,

...Не ол емес, бұл емес,

Менің де күнім күн емес,- дей отырып,

...Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір,- деген ақын, тартыспен өткен қайғылы өмірінің мағынасыз қорытындысын шығарғандай болады.

Ақын өзі өмір сүрген ортасындағы жеке өз басынан кешкен жалғыздықты айтқан:

...Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым - тап шыным!- деген жолдарда терең шындық бар.

Ия, бұл кезде айтқанға көнбей, теріс жайылатын қараңғы да, надан, қор елде туып, айтқанына түсініп, ой бөлісер ешкімі жоқ, жалғыздықтың уын ішіп, халқына үлгілі тәрбие, білім нәрін себем деп, ой азабымен ғұмыр кешкен данышпан-ұстаз, хакім Абайдың, бойындағы көптеген ерте түркілік, шамандық белгілеріне қарап, бұлар мұсылман емес деп, мұсылмандарға қоспай, бөлек жерленген бақсының моласындай болып, жалғыз қалғаны да ақиқат болатын.


Ойлана қарап, зерделей оқыған оқушысына

...Өмірдің өрін тауысып,

Білімсізбен алысып...

..............................

...Келдік талай жерге енді,

Кіруге қалдық көрге енді,- деп, 1890 жылдарда жазылған Абай өлеңдерінде торығу басым. Ұлы ақынды қамықтырған оның заманы мен қараңғы надан халқы болатын.

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып.

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып.

 

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып,- деген Абай, өзінің бүкіл еткен еңбек, кешкен ғұмырын, «өмір-заяға» балап, келер күннен жақсы үміт күтпегендей.

Қоғам тіршілігіндегі жаманшылықты ақылмен, үлгілі тәрбиеге шақырған үгіт-насихатпен түзеуге болады деп, тартысқа кірісетін, кейін ол ойлары мен арманды мақсаттарына қанша еңбек етсе де жетпейтініне көзі жеткен соң, түңілу аралас уайым, үмітсіздікке бір Абай емес, Абайға ұқсаған адамзат тарихындағы данышпан ой-алыптарының бәрі де дерлік барған.

Міне, осындай ой-алыптары, өздері сол заманды жан-тәнімен жек көріп, әшкерелей отырып, тарихи шындық ақиқатты және сол замандағы жексұрын кертартпа надандардың бәрін қатарынан тізіп таңбалап беріп отырады. Ақынның арманды, мұңды ойларының өзі де туған халқы мен әлгі жексұрын «дала паразиттері» туралы болса да, ол солар арқылы олар өмір сүрген қоғам мен заман туралы қымбат та, бағалы тарихи дерек қалдырды. Жанын жей отырып жазған ақын еңбегінің ұрпақ алдындағы тарихи құндылығы да осында шығар.