Файл: ЫСамерзімді жоспарлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 698

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Білімді бала боласың.













Үй тапсырмасын тексеру

Оқылған материал бойынша оқушыларға сұрақ қояды:

  1. Қыс мезгілінде жабайы жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістерболады?

  2. Неліктен кейбір жануарлардың түсі өзгереді?

  3. Сен жануарларды қалай қорғаредің?

  4. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар туралыəңгімеле.

Сұрақтарға жауап береді. Қызыл кітапқа енгізілген

жануарлар туралы əңгімелейді.

ҚБ: «Ауызша бағалау».

Ғылыми күнделік




Оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергені бағаланады.




Суреттерге қара. Оларды не ортақтастырады? Талқыла.

Қолшатыр мен адам денесі бойынша ортақ нəрсе – тірек. Адамда тірек қызметін сүйектер, яғни қаңқа атқарады.

Қолшатырда – темір.




Тақтадағы немесе таныстырылы мдағы жазба.


Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.

Балалар педагогпен бірге Сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты белгілейді.

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі.

Оқулықтағы мақсат қою кестесі.

II. Сабақтың ортасы (25–23

мин)

№ 1 тапсырмадағы суреттермен қызықтырады.

1. Ортақ нені байқадыңдар?

Өз денелеріңе қолдарыңды тигізіңдер, қол, аяқ, бас т.б. ұстаңдар. Терінің астында не сезесіңдер? Иə, бұл – сүйек. Адам ағзасында сүйек көп, олардың барлығы бір-бірімен қосылады жəне қаңқа қалыптасады.

1. Ал кімде-кім шын қаңқаны ұстап көрді ме?

– Менің ойымша, сендер шын қаңқаны ұстап көрдіңдер! Пісірілген балықты жеген кезде не

Өз денесін ұстап көріп, денесі мен қаңқасының бөліктерін атайды.










– Қаңқаның қызметін анықтауды үйренеміз.





қалатынын естеріңе түсіріңдерші? (Сүйектер).

– Нағыз қаңқа қалады.













«Тауып ал» ойыны

Түрлі қаңқалардың суреттерін көрсетеді, олардың ненің қаңқасы екендігін табуды ұсынады.

Суреттерді көріп, сұрақтарға жауап береді, ойларын ортаға салады, болжам ұсынады.












  1. Қалай таптыңдар? (Жануардың пішіні, сұлбасына қарай)

  2. Ал адамды оның қаңқасына қарай таныр ма едіңдер?

  3. Қаңқа не үшін қажет?» (Балалардың болжамдары)

– Балалар, Білгішбек бізге екі ойыншық қуыршақ алып келді. Олар қандай? (біреуі шүберек, екіншісі əдеттегі).

Неліктен біреуі тұрады, екіншісі тұрмайды? Адам мен жануарларда қаңқа болмаса, онда олар қаңқасы жоқ жағада жатқан медузаға, шүберек қуыршаққа немесе зефирге ұқсайтын

еді.




Оқулықтағы мəтінді оқып, мəтіннен сабақ тақырыбын қысқаша ашатын екі сөйлемді табуды ұсынады. Ақпаратқа назар аудартады, оқушылармен бірлесіп, сүйектер болмаса, не болатынын талқылайды.

Мəтінді оқып, мəтіннен сабақ тақырыбын қысқаша ашатын екі сөйлемді табады. Егер сүйектер болмаса, онда сен аяғыңда тұра алмас едің, ал денең пішінсіз болар еді. Қаңқа сүйектері өзара қозғалмалы буындармен

жалғанады, ал омыртқа жотасының сүйектері ол жан-

Дəл жəне толық жауаптарды бағалайды жəне ауызша көтермелейді.

Оқулық










жаққа иіліп-бүгілетіндей болып

құрылған.







Сызбамен жұмыс

Қаңқа құрылысының схемасына назар аударып, «Сен білесің бе?» деген стикердегі ақпаратпен қызықтырады.

  1. Қаңқа сүйектерін тізіп ата.

  2. Неліктен ересек адамның қаңқасында сүйектер саны кішкентай баланың сүйектер санынан аз?

Біз қаңқаны зерделеуді бас сүйектен бастаймыз, өйткені онда бас миы орналасқан. Педагогке арналған ақпарат.

Адам дүниеге келгенде басының сүйектері толық бітіспеген болады. Бала өскен сайын оның миы да өседі. Онымен бірге бас сүйегі де өседі. Ми толық қалыптасқан кезде ғана бас сүйекті құрайтын сүйектер өзара бітіседі.

1. Сонымен, бас сүйек туралы біз не білдік?

(Балалардың жауаптары). Дене сүйектері.

Келесі бөлікке көшеміз. Ол – дене сүйектері. Олар омыртқа жотасы, кеуде қуысы мен жамбас сүйектері болып бөлінеді.

Қаңқаның макетінен көрсетеді. Сонымен, омыртқа жотасынан бастаймыз. Ол – қаңқаның негізгі тірегі. Омыртқа жотасы 33–34 омыртқадан тұрады. Сендер адамда құйрық омыртқасының қалдықтары бар екенін білесіңдер ме? Бірақ олар кішкентай əрі дамымаған. Осыдан қандай болжам жасауға болады? (Бір кездері біздің алыс бабаларымызда құйрық болған болуы мүмкін). Омыртқалар бір-бірінің үстінде орналасқан.

Омыртқа жотасының ішінде жұлын бар. Бұл

Қаңқа моделін көреді. Талқылауға қатысады.



Дəл жəне толық жауаптарды бағалайды жəне ауызша көтермелейді.

Оқулық адам қаңқасының моделі.


қаңқаның қай бөлігін еске түсіреді? (Бас сүйегін).










Кеуде қуысы.

  • Неліктен оны «қуыс» деп атайды?

  • Əдетте қуыстың ішінде бір нəрсе болады. Мұнда не бар? Қандай маңызды органдар?

  • Егер оның ішінде мұндай маңызды органдар болса, онда ол қандай рөл атқарады?

  • Қабырға – өте иілгіш, мықты сүйектер. 7 жұп қабырға шеміршектің көмегімен кеуде қуысына бекітіледі. Өздеріңнің қабырғаларыңды тауып көріңдер.

  1. Қабырғалар қалай жалғанған? Қозғалмалы ма?

Тəжірибе жүргізіп көріңдер: қолдарыңды қабырғаларыңа қойып, терең дем алып, одан кейін демдеріңді шығарыңдар. Нені байқадыңдар?

  1. Кеуде қуысы қандай мүшелерді қорғайтынын есімізге түсірейік.

  2. Біз тыныс алғанда өкпемізге не болды?

  3. Ал егер қабырғалар қозғалмайтындай болып бекітілген болса, онда не болар еді?

  4. Сонымен, кеуде қуысы қандай рөл атқарады? Кеудемізбен партаның шетіне тіреліп, тыныс алсақ не болады? Қаңқадан жамбасты көрсетеді.

  5. Оны неге бұлай атаған?

– Енді аяқ-қол сүйектеріне көшеміз. Қол сүйектерін көрейік. Ол ұзын түтік тəрізді қуысты сүйектерден тұрады. Неліктен олай атайды? (іші қуыс).

- Аяқ жəне қол сүйектерінің айырмашылығы неде? (Аяқ сүйектері анағұрлым ірі болады).


– Қабырғалар тордың сымдары сияқты, жабық кеңістікті қалыптастырады.

– Қабырғалар жүректі, өкпе мен бауырды қорғайды.
– Қабырғалар кеңейеді жəне тарылады.








- Неліктен? (Өйткені бүкіл денені көтеріп тұрады)

  • Олар ауаға толып, үлкейді жəне олармен бірге кеуде қуысының көлемі де кеңейді. Тыныс шығарған кезде өкпелер жиырылады жəне кеуде қуысы да тарылады.

  • Адам тыныс ала алмайтын еді.

  1. Жүрек пен өкпелерді қорғайды.

  2. Тыныс алуға көмектеседі.










Қорытынды: Кеуде қуысын қысуға болмайды, өйткені бұл жүрек пен өкпенің дамуын бұзады.




Өзекті сұрақтар

Сүйектердің қайсысының тірек, ал қайсысының қорғаныш қызметін атқаратыны туралы ойлан. Омыртқа қандай қызмет атқарады?

Өзекті сұрақтарды талқылауға қатысады, өз пікірін айтады.

Қаңқа сүйектері өте мықты. Олар жүректі, миды, өкпені жəне адам денесінің басқа да мүшелерін жазатайым

жарақаттанудан қорғайды.

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі.




«Сүйектердің пішіні» тəжірибесі

Неліктен сүйектердің көпшілігі түтік тəрізді болатынын білуді ұсынады. Бірлесіп болжам тұжырымдайды: түтік тəрізді сүйектер ең мықты деген болжам жасаймыз.

Тəжірибе жоспары

  1. Үлгі бойынша дөңгелек жəне үшбұрышты бағандарды жаса.

  2. Əрбір бағанға кезек-кезек бір дəптерден қойып отыр.

  3. Бағандардың қайсысы көбірек дəптер көтере алатынын бақыла.

  4. Қорытынды жаса.

Жоспар бойынша тəжірибе жүргізеді, қорытынды жасайды: Түтік тəрізді сүйектер – цилиндр немесе үшқырлы пішінді сүйектер. Олардың ұзындығы енінен анағұрлым үлкен. Іші қуыс болады. Ұзын сүйектердің осындай құрылысы олардың əрі жеңіл, əрі берік болуын қамтамасыз етеді.




Оқулық, қағаз парақтары, желім, дəптерлер дестесі.








Ғылыми күнделікпен жұмыс

1 жəне 2-тапсырмаларды орындауға нұсқау береді.

  1. Қаңқа бөліктерінің атын жаз.

  2. Қаңқа сүйектерін олардың қызметімен байланыстыр.


Орындағаннан кейін дəптерлерімен алмасып, өзара тексеру жүргізуді сұрайды.

Қаңқа бөліктерінің атауларын жазып, сызықтармен қаңқа сүйектерін олардың қызметтерімен сəйкестендіреді.
Оқулықтағы үлгі бойынша бір бірін тексереді.

ҚБ: «Сиқырлы сызғыш».

Бағалау өлшемдері: Əрбір қаңқа сүйегінің дұрыс атауы үшін – 1

ұпай. Əрбір дұрыс функция үшін 1 ұпай.

Жиыны: 6 ұпай.


Ғылыми күнделік

ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Оқылған материал бойынша оқушыларға сұрақ қояды:

  1. Қаңқа деген не?

  2. Қаңқаның адам ағзасы үшін маңызы қандай?

  3. Неліктен сүйектердің көпшілігі түтік

тəрізді?

Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін айтады. Өз көзқарасын нақтылайды, дəлелдейді, дəйектейді.

Зерделенген материалды еске түсіріп, қорытындылайды.

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды.

Оқулық



Адам қаңқасының сүйектері туралы мəлімет табуға тапсырма береді, ол үшін əртүрлі ақпарат көзін пайдалануға болатындығын айтады.

Қаңқа ... тұрады. Адам ағзасында ...бар.

Омыртқа жотасында ... омыртқа бар. Кеуде қуысы ... жұп қабырғадан тұрады.

Қайсысының мойнында омыртқа көбірек? Адамда ма, əлде керіктеме?

Үй тапсырмасы бойынша (3- тапсырма) мұғалімнің нұсқауы мен түсіндірмелерін мұқият тыңдайды.
Қаңқа 200–208 сүйектен тұрады.

Адам ағзасында, яғни нəрестеде 350 сүйек, ал менде 225 сүйек, ал ересек адамда 205 сүйек бар.

Омыртқа жотасында 33-34 омыртқа бар.

Кеуде қуысы 12 жұп қабырғадан тұрады.




Ғылыми күнделік, оқулық.







Қайсысының мойнында омыртқа көбірек? Адамда ма, əлде керіктеме?

Ересек адамда 7 мойын омыртқа бар. Керікте де 7 мойын омыртқа бар, бірақ оның əрбір омыртқасының ұзындығы

24,5 см.







Оқушылардың сабақтағы өзіндік оқу əрекетін, өзінің мақсатқа қарай жылжыуын өздігінен бағалауын ұйымдастырады. Оқушылардан смайлды бояп, ауыз салып, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл түс – ештеңе түсінбедім;

  • Сары түс – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл түс – барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ: «Жетістік баспалдағы» Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын

қалай түсінгенін, меңгергенін бағалайды.