Файл: 1. Болжамды диагнозды табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 168

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Ауру малдың мәйіті және мал өнімдері өртеу немесе арнайы Беккери шұңқырына көмуарқылы жойылады.

Күйдіргі ауруынан өлген малдың етін, терісін, ішкі мүшелерін арнайы жасалған жәшікті фургондарға салып, ауру малды көмуге арналған жерге алысырақ апарып, тереңдігі 2 метр ұра қазып, астына хлорлы әк төсеп, үстіне тағы бір қабат хлорлы әк сеуіп, целлофан пакетті қымтап жауып кейін көму қажет. II-Ветеринарлық-санитарлықшаралар: Күйдіргі бойынша қауіпті пункттер 4 жыл бақылауда болады, арнайы журналға тіркеледі. Ошақтың шекарасына «күйдіргі» белгісі қойылады. Ошақтан малдарды шығаруға және сырттан жаңа мал кіргізуге тыйым салынады. Мал базарлары, тері, жүн жинайтын, сақтайтын жерлер қатаң қадағалауға алынады. Малдарға күйдіргіге қарсы вакцина егіледі. Ауружәне күдікті малды мал дәрігері тексеруі қажет, ветеринарлық рұқсатсыз союға тыйым салынады. Етті зертханалық тексерусіз, ветеринарлық күәліксіз сатуға тыйым салынады. Өлген малдың терісін сылуға болмайды. Сақтандыратын киім кию: комбинезон, капюшон, резеңкелі алжапқыш, қолғап, етік, бетперде. ШI-Арнайы алдын алу ретінде күйдіргіге вакцина мал дәрігерлері, тері, жүн жинайтын, өңдейтін, мал соятын қызметкерлерге, тірі дақылмен жұмыс істейтіндерге егіледі.

Күйдіргіге вакцина СТИ вакцинасы 2 рет аралықпен 21 күнде егіледі, қайта егу і рет.

Күйдіргі ошағында індетке қарсы шаралар. Күйдіргі ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында төменгі сұрақтарға жауап іздестіру қажет:

1. Қандай жануарлар немесе мал өнімдері инфекция көзі, себебі болды?

2.Науқастан бөлек ауру кімдерге қауіпті, жұғуы мүмкін?

3. Қандай заттарарқылы ауру жұғуы мүмкін?

Ошақта эпидемиологиялық тексеру адам және жануар ауырғанда жүргізіледі. Тексеруді дәрігер-эпидемиолог және мал дәрігері бірігіп жүргізеді. Ошақты тексеру алдында аймақтың эпизоотологиялық жағдайымен танысып, анықтау қажет: күйдіргі ауру соңғы рет қашан және кай жерде тіркелді; ауру тіркелген елді мекен күйдіргі ауруы бойынша «стационарлы қауіпті пунктке» жатады ма; бұл елді мекенде адамдарға және жануарларға күйдіргіге қарсы вакцина егілді ме? Аурудың клиникалық түрі (тері, ішек, өкпе), карбункулдардың орналасуы туралы мәліметтер де өте маңызды. Күйдіргінің тері түрінде науқастан сұрауқажет: a) малдармен қатынаста болды ма (кәсіптік, тұрмыстык, кездейсок),,қатынаста болу жағдайы қандай? б) күдікті малды союға, өңдеуге немесе мәйітті көмуге қатысты ма? в) мал өнімдерімен қатынасу жағдайы қандай? г) күйдіргі ауруынан өлген малды көметін жерде немесе сойған,жерде болды ма? д) ауырардан алдын қолдан жасалған тері, жүн немесе жағалы заттарды қолданды ма? е) қан сорғыш шыбын немесе сона шақты ма?


Кейбір жағдайларда науқастың өзі немесе туыстары кейбір мәліметтерді жасыруы мүмкін екендігін ескеру қажет, әсіресе мал дәрігерінің рұқсатынсыз ауру малдар сойылған болса. Мұндай жағдайда көршілерінен мұқият сұрастыру немесе ошақта толық эпидемиологиялықтексеружүргізуқажет. Күйдіргінің ішек түрінде ошақты тексеру барысында ластанған тағамдарды, оның ішінде ауырған малдың етөнімдеріне, дүкеннен басқа жерде алынған өнімдерге ерекше назараударуқажет. Күйдіргінің өкпелік түрі ауру малдың жүнін, терісін өңдеумен байланысты болатынын ескеру қажет. Өнімдердің ластануын анықтау үшін биологиялық (зертхана жануарлары), бактериологиялық әдістер қолданады. Ошақта инфекция көзін анықтаумен қатар барлық қатынаста болғандарды тіркеуге алады. Мысалы, егер жұқтыру үйде сойылған жануармен байланысты болса, ауырған жануарға қараған, оны союға

немесе терісін сылуға, етін өңдеуге қатысқан және етті сатуға, тағам дайындауға қатысты және ондай өнімдерді жеген, қолданған адамдарды анықтау қажет. Егер өндірісте күдікті өнімдерді өңдеу барысында ауру жұқтырса барлық қатынаста болғандарды, тері, жүн қабылдағандарды, қоймада сақтағандар және өңдегендерді тіркеуге алу қажет.

18. 28 жастағы әйел терапевтке баяу жасырын түрде басталған, тұмау тәрізді ауруға шағымданып барған. Клиникалық белгілері : дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, анорексия, бас ауруы, бел аймағындағы ауырсыну. Соңғы аптада температура күндіз көтеріліп, түнде басылып отырған, қалтырау туындатады. Науқас жыныстық қатынаста болмағанын, және саяхатқа шықпағанын айтады. Дәрігер қоымша сұрақтар қоя отырып, әйелдің жергілікті фермерлердің базарынан тек органикалық тағамдарды пайдаланатындығы анықталған, пастерленбеген сүт өнімдерін ғана тұтынатындығын айтқан.

1.Болжамды диагнозды табыңыз; Бруццелез

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

Инфекция көзі-ауыл шаруашылық жануарлары: қой,ешкі,сиыр,шошқа. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен, нәжіспен, ұрықтық сұйықтық пен түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқылы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан адамға жұқпайды.

Беріліс механизмі- нәжіс- ауыздық.

Адамдарға жұғу жолдары: 1) жанасу

2) тағам өнімдері

3) ауа шаң

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу: бруцеллезге қарсы санитарлық ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ “ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту” бұйрығына сәйкес жүргізіледі.



Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцеллезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана басқа малдарға қосу

2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау.

3. Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе сериологиялық тексеру оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып саналады, онда санитарлық ветеринарлық шаралар жүргізу. Ауру малды сау малдардан жекешелеп, арнайы жабдықталған пунктерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.

Ауру адам инфекциялық аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткішпен жатқызады. Емделгеннен кейін диспансерлік бақылауда болады.

Диспансерлік бақылау— клиникалық түрде жазылғаннан кейін 2 жыл ішінде, бірінші жылы - 1,2,3,6,9,12 айда тексеріледі, екінші жылы- квартал сайын. Ошақта ауру малмен қатынаста болғандарды клиникалық және зертханалық әдістермен тексеру және 3 айдан кейін қайта тексеру қажет. Шұғыл алдын алу ретінде тетрациклин 0,5гр* 3 рет, рифамицин 0,3гр* 2 рет беріледі.
19. 12 желтоқсан күні дәрігерге 9 жасар бала келген. Бірнеше күннен бері жөтелдің күшейе түскеніне шағымданған. Ауырғанына қарамай мектепте оқуын жалғастыра берген. Тексеру барысында сол сыныптың 3 оқушысының жөтеліп жүргені анықталған. Ауырған бала АКДС вакцинасын жасына сәйкес толық алған, соңғы егулерін 2 жарым жыл бұрын алған. Жанұясында анасы бала бақша мейірбикесі, қарындасы 5 жаста, бала бақшаға барады.

1.Болжамды диагнозды табыңыз;

2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

Көкжөтел

Инфекция көзі - ауру адам. Науқас адам инкубациялық кезеңнің соңынан бастап, әсіресе катаралды кезеңде өте жұқпалы болады. Бактерия тасымалдаушылық қысқа уақытқа жалғасады. Беріліс механизмі - аэрогенді, аспирациялы, берілужолы - ауа-тамшы. Ауру адам 2-2,5 метр аралығында қоздырғыштарды таратуы мүмкін. Қабылдағыштық өте жоғары, аурудан кейін иммунитет өмір бойы сақталады. Анадан балаға Өткен имунитет 4 аптаға созылады

Алдын алужәне індетке қарсы шаралары. Науқасты инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес жүргізіледі. Науқас адам ауырғаннан 25 күн кейін, клиникалық түрде жазылғаннан кейін немесе бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін ауруханадан шығарылады.


Ошақта науқаспен қатынаста болған 7 жасқа дейінгі, көкжөтелмен ауырмаған балаларды 14 күнге жекешелеу, медициналық бақылау жүргізу. Бала бақшада карантин 14 күнге беріледі. Бала бақшада таңертеңгі қабылдау кезінде дене қызуын өлшеп, ата-анасынан түнде жөтелгендігі туралы сұрау қажет. Барлық қатынаста болған балалар 2 рет бактериологиялық әдіспен тексеріледі. Топқа көкжөтелге қарсы егулерін толық алған балаларды қабылдауға болады. Топтардың бірі бірімен араласапауын қадағалап, бөлмені жиі желдетіп, таза ауада қыдыру уақытын ұзартуқажет. Ошақта дезинфекция жасалмайды. Арнайы алдын алу. Арнайы вакцина егулердің мақсаты - 3 айға дейін балаларды сақтандыру, қоздырғыштың айналымына әсер ету. Көкжөтелге қарсы АКДС вакцинасы 2-3-4 айда егіледі, қайта егу -18 айда. Паракөкжөтел ауруының клиникалық белгілері, эпидемиологиясы көкжөтелге ұқсас, бірнеше ерекшеліктері бар олар:

1) инкубациялық кезең қысқалау(4-14 күн)мүмкін;

2) жеңілдеуөтеді, белгісіз түрде өтуі

3) аурудың инфекциялы кезеңі - 1 апта.

Паракөкжөтелмен ауырған адамда көкжөтелге қарсы иммунитет болмайды, вакцина егуқажет.

Көкжөтел, паракөкжөтел ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыруәдістемесі. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін және таралу жолдарын анықтау, қатынаста болғандарды тексеру, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Көкжөтел ауруының инфекция көзін анықтау барысында кейбір науқастарда ұстамалы жөтел болмай, клиникалық белгілері кәдімгі бронхит секілді өтетінін ескеру қажет. Сондықтан аурумен қатынаста болғандардың арасында (тұратын жерінде, балалар мекемелерінде) бронхит, трахеобронхит, жоғары тыныс алу жолдарының ауруларын анықтау маңызды. Мұндай жағдайда диагнозды дәлелдеу үшін бактериологиялық тексеру, ретроспективті диагноз қою үшін серологиялық зерттеулер жасау қажет. Ошақты тексеру барысында аурудың және қатынаста болған 3 жасқа дейінгі балалардың егу карталары тексеріледі. Жиналған мәліметтерге орай, егулерді алғанына қарай, гаммаглобулин егу қажеттілігі шешіледі. Сонымен қатар, ошақта ауруды оқшаулау жағдайы, бала-бақшада топтардың жекешелендіру жағдайы, жекешелендірудің толықтығы, балалардың және оларды күтушілердің толық бактериологиялық тексеруден өткендігін, індетке қарсы тәртіптің сақталуын, орындалуын тексеру қажет. Ошақта бірге тұратындар арасында көкжөтелмен ауырмағандар болса науқас адамды ауруханаға жатқызып оқшауландыру қажет. Науқас клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес ауруханаға жатқызылады, клиникалық түрде жазылғаннан кейін немеҫе бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін ауруханадан шығарылады. Соңғы қатынаста болған күннен бастап, ошақта аурумен қатынасқан 7 жасқа дейінгі, ауырмаған балалар 14 күнге жекешеленеді, медициналық бақылауға алынады. Егер науқас адам үйінде қалдырылса жекешелеу, медициналық бақылау 25 күн. Барлық қатынаста болған балалар 2 рет бактериологиялықәдіспен тексеріледі. Жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге сынама алу әдісі Бактериологиялық зертеуге сынама алуға арналған тұзақшаның ұшы 110-120° бүгілген болуы керек. Сол қолдағы шпательмен баланың тілін басып, оң қолмен тампонды ауызға терең кіргізіп, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан жағынды алу қажет. Бактериологиялық тексеруге «жөтел пластинкаларын» алуға болады. Көкжөтел ошағында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу өте маңызды. Әңгіме жүргізу барысында көкжөтелдің инфекция көзі, таралу жолдары, аурудың ағымы, жеңіл, атипті түрінде өтуі, ауруды жекешелеу жағдайы, күресу шаралары, АКДС вакцинасын егужөнінде мәліметтерді көрсетіп өтукерек.