Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 243
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жағымсыз әлеуметтік жағдайларда жасөспірімдер тобы біртіндеп асоциалды топтарға, кейіннен қоғамға қарсы топтарға айналуы мүмкін.
Топтың жағымсыз дамуының бірінші кезеңінде балалардың бір-бірімен байланысы терең емес, кездейсоқ, топтар әлсіз, барлығы мойындаған көшбасшысы жоқ болады. Бұндай топтардың мүшелері «қиын» жасөспірімдер. Оларға оқуға деген теріс көзқарас, тәртіпсіздік, ауық-ауық көрініс табатын девиантты мінез-құлық шылым шегу, құмарлық ойындары, ішімдік ішу, нашақорлық, ұсақ ұрлықтар, қаңғыру тән.
Екінші кезеңде егер топ сақталатын болса, ол тұрақтанады, адам саны азайады, онда басшы пайда болады. Оқуға деген теріс көзқарас педагогқа, үздік оқушыларға, тұтас мектепке деген дұшпандық қарым-қатынасқа дейін өседі. Бұндай топтардың мүшелері аморальды іс-әрекеттерді ғана жасап қоймай, заң бұзушылықтарға дейін барады ұрлықтар, бұзақылық жасау.
Деформацияның үшінші кезеңінде топ өзінің асоциалды мінез-құлықтарын ақтаушы, өздерінің қалыптастырған топтық нормаларымен өмір сүреді. Топтың басшысы болып, көбіне жазасын өтеп келген адам тағайындалады. Мектеппен, КТУ мен байланыс мүлдем үзіліп, девиантты мінез-құлық қылмыскерлікке айналады ұрлық, тонау, бұзақылық, автокөліктерді ұрлау және т.б.. Осылайша топ криминогенді топқа айналады.
Криминогенді топтардың өз мүшелеріне ықпал ету механизмі төмендегі түрде жүзеге асады: басымдық көрсету, кейін ерте не кеш уақыт өткізудің: мақсатсыз уақытты бос өткізу, маскүнемдік, ішімдік, анаша сатып алуға ақша табу мақсатында ұрлық жасау, тонау, аморальды мінез-құлықты әйелдермен қарым-қатынасқа түсу, бір-бірімен төбелесу, зорлау т.с. Бұның барлығы сөзсіз тұлғаның азғындауына әкеледі. Егер жасөспірім бұндай топта ұзақ уақыт қалатын болса, құқықты әлеуметтендірудің кемшіліктерінің жағымсыз салдары қайтымсыз, түзетуге болмайтын күйге жетеді.
.
Дәріс 7. Бұқаралық ақпарат (БАҚ) және құмар ойындардың ауытқы мінез-құлықтың қалыптасуындағы ықпалы
Жоспары:
1. Бұқаралық ақпарат туралы шетел зерттеушілерінің тұжырымдары
2. БАҚ-тың ғылыми теориялары мен бағыттары.
3. Ауытқы мінез-құлықтың қалыптасуындағы құмар ойындар әсері.
4. БАҚ-тағы психодиагностикалық құралдарды пайдалану.
1. Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы мінез-құлқында ауытқушылық бар кәмелетке толмаған балалар санының өсуі. Мінез-құлықтың асоциалды, агрессивті, деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдары БАҚ, әсіресе теледидар, компьютерлік ойындар, видеофильмдер және т.б. үлкен әсер етеді.
БАҚ-тың теріс ықпалын жақтаушылар адам агрессивті болуға өзгелердің агрессивті әрекеттерін бақылай отырып үйренеді деген фактіге сүйенеді. М.Хьюсман зерттеушілер тобымен бірге жыл бойы телехабарлар мен агрессивтіліктің арақатыстылығын бақылаған Бэрон. Агрессия. Олар жаста жасаған қылмыстың ауырлығы жастағы көретін телехабарлармен сәйкес келетіндігін анықтаған.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуы бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін: біріншіден, көрген хабар шынайы болуы және баурап алуы қажет; екіншіден, көрген хабарды агрессивті түрде қабылдау; үшіншіден, көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана агрессия үлгі бола алады. Көп жағдайда тұлға өзін фильмдегі агрессияның құрбанымен салыстырады, сәйкестендіреді.
2. БАҚ-тың девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына ықпалын зерттеу үшін әртүрлі ғылыми психологиялық теориялар мен бағыттарды біліп, ескеру қажет. Бұндай тұжырымдар мен ғылыми бағыттар төмендегідей:
1.Бихевиористтік психология қойнауында А.Бандура мен оның әріптестері тұжырымдаған әлеуметтік ілім теориясы. Осы теория бойынша, адам айналасындағылардың іс-әрекеттеріне қарап мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Бұл жағдайда БАҚ және оның рөлі өте маңызды, себебі көрсетілімдер үйретудің бастау көзі болып саналады. А.Бандураның эксперименттерінде ересек адам қуыршақты балғамен ұру арқылы агрессивтіліктің осы тәрізді әрекеттік ұшқындары болуы мүмкін екендігін көрсетті, мұндай әрекет баладағы агрессияның бастамасын байқатады, соған үйретеді.
"Медианы түсіну: адамның сыртқы өсуі" атты еңбегінде М.Маклюэн бойға біткен әдеттер мен мінез ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлықтың өзгермелі, күшейтпелі немесе, керісінше, әлсіреуші үлгілерінің іріктелуіне назар аударады:
. Тарату, әдетке айналдыру теориясы бұл теорияның негізгі ережелерінің бірі БАҚ-тының ұзаққа созылған қайталанбалы ықпалы әсіресе теледидар, компьютерлік ойындар балалардың шынайы және әлеуметтік әлем туралы түсініктерін үнемі өзгертеді. Үндестіру, яғни адамдардың әртүрлі көзқарастарын әлеуметтік шындықтың біркелкі қалыбына салу құрастыру үдерісі арқылы, яғни көрермендер әлемде болып жатқан оқиғалар туралы оларды телебағдарламалар призмасы арқылы бақылап, білу кезінде жүзеге асырылады.
. Әлеуметтену теориясы тарату, әдетке айналдыру теориясымен ортақ белгілері көп, әсіресе БАҚ-тының ұзаққа созылатын әсер ету үдерісімен байланысы бар, адамдардың әлем туралы білімге қажеттілігін қамтамасыз етеді, өз рөлін және ондағы маңыздылығын анықтайды, жеке тұлғаның өнегелі-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
. Ұқсастық (идентификация) қандай да бір телебағдарламаның әсерінен туындаған адамның эмоционалды күйі. Бұл өз-өзін кейіпкермен салыстыру мен эмпатиялық әсерленушілік деңгейімен байланысты. "Ұқсастық" ұғымы көбінесе балаларға ересектердің мінез-құлық үлгілерін меңгеру үдерісін түсіндіру үшін қолданылады.
6. Пайдалану және қанағаттану теориясы адамдардың БАҚ-тың қандай да бір түрін таңдауға, сонымен қатар шешім қабылдау мен өнімді пайдалану мақсаттарын анықтаудағы аудиторияның белсенді рөліне түрткі болатын факторларға үлкен мән береді.
3. Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеқұмарлық, баққұмарлық, ойын- құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол», – деп Абай атамыз адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсеткен.
Соңғы кездері iшiмдiкке салыну, нашақорлық тәрiздi дерттердiң қатарына ойынқұмарлық та қосылатын болды. Ойынқұмарлық қауiптiлiгi жағынан нашақорлықтан да асып түседi. Айырмасы, нашақорлықпен бүкiл әлем жұмыла күресiп жатса, ал ойынқұмарлықпен оған абайсызда тап болған жеке адам ғана тап болып, қиналады. Нашақорлық пен ішімдіктен емделу қандай қиын болса, ойынқұмарлықтан арылу да аса оңайға соқпайтын ауытқының бірі.
Ойынқұмарлықтың медицина мен психологиядағы ресми атауы – лудомания («лудос» латын тiлiнде – «ойын» дегендi бiлдiредi). Лудоманиямен ауыратындар жеңiл-желпi жолмен ақша тапқысы келетiн адамдар десеңiз, қатты қателесесiз. Мұндай ойынға құмартатындардың iшiнде күйбең тiрлiктен бой жазып, бiр сәт тыныққысы келетiндер де, жалғыздық пен басындағы проблемасын ұмытқысы келетiн ерекше әсер iздегiштер де жатады. Лудоманияға шалдығу үшiн бiрер аптаның өзi жетiп жатыр. Алғашқыда жеңiске жетiп, азғантай ақшаға құнығып алған ойыншы –жетiстiкке үнемi жете беремiн деп ойлайды. Сөйтiп, қалтасындағы соңғы тиынынан қағылғанша мол қаржыға кенелетiндей күй кешедi.
Зерттеушілер есірткіге, араққа, құмар ойындарға қатысты тәуелділіктерді интернетке деген қызығушылықпен қатар қояды. Бұл жөніндегі психологтардың пікірлері келесідей: интернетке тәуелділік – ол көбінесе ерік-жігері әлсіз, ортаға қосыла алмай саяқ жүретін, тұйық адамдар деп ұйғарады. Компьютер ойындар, лоторея билеттерi, интернетке тәуелдiлiк – бұл да ойынқұмарлықтың түрлерiнің бiрі. Қай қазақ болса да баласы компьютерді тез үйреніп алып, өркениеттің өрге басқан өрендерінен қалмайтынын танытса, кәдімгідей марқайып, қуанып қалатыны анық. Тозалаңы шығып көше таптап, болмаса есірткі мен ішімдікке бейім ортаға түсіп, жанбай жатып өшкенше, баланың үйде, компьютердің алдында отырғанын қай ата-ана жек көрсін.
Бүгінгі күні «Иттің кайфы (рахаттану)», «Көк кит», «4:20», «Менің үйім», «Момо», «Космосқа саяхат» атты интернет ойындары жасөспірімдерді қызықтырып, өз-өзін өлтіру әрекеттеріне алып келуде. Осындай жолмен «иттің әрекетінен» ләззат іздеген кәмелетке толмағандар қатары бүгінде орын алады. Өкінішке орай, отандық эфирден көрініс табатын небір фильмдерде атыс-шабыс, қанау-өлтіру, зорлық-зомбылық үйреншікті жағдайға айналды.
4. БАҚ-тың ықпалы мен жасөспірімдік жастағы девиантты мінез-құлық арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік беретін психодиагностикалық құралдарға іріктеу жүргізу қажеттілігін көрсетті.
1. Сауалнама жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы телебағдарламалардың танымалдық рейтингтерін құрастыру үшін жасалған. Оған жасөспірімдердің жақсы көретін телебағдарламалары мен кинофильмдер жанрларын анықтауға септігін тигізетін сұрақтар енгізіледі. Сұрақтар төмендегі үлгіде қойылады:
– Сенде үйде теледидар бар ма?
– Сен қандай арналарды көруді жақсы көресің?
– Сенің сүйікті телебағдарламаларың қандай?
– Сен кинофильмдердің қандай жанрларын жақсы көресің?
– Соңғы жылдары көрген бірнеше фильмдеріңді және не ұнағанын айт.
Телебағдарламалардың тақырыптық мазмұнына талдау әдістемесі жасөспірімдер арасындағы танымалдық рейтингі оның құрамындағы материалдардың қызметтік тиістілігін тексеру мақсатында онда берілетін ақпараттарды объективті зерттеуге бағытталған. Талдау бірлігі ретінде материалды тұтас сипаттайтын белгісі алынады:
a) ақпараттық жаңалықтар, саяси бағдарламалар;
b) оқу-танымдық;
c) спорттық;
d) көңіл жадырататын көркем фильмдер, мультфильмдер, сазды бағдарламалар, шоу.
"Контент талдау" әдістемесі. Талдау бірлігі болып мәтіннің жеке фрагменті алынады сөз, кейіпкер, байымдау, белгілі бір тақырыппен сәйкес келетін абзац немесе мәтіннің берік бекімеген бөлімі. Телебағдарламалардың мінез-құлықтың ауытқуына тікелей немесе жанама әсер ететін мәтіндері бұл жерде мәтін деп кез келген ақпаратты, мазмұнды, бейнені және т.б. түсінеміз саны төмендегідей формамен жүзеге асады:
1.Зорлық-зомбылыққа бейімделу БАҚ тұтынушыларының зорлық-зомбылық құндылықтарын белсенді бейімдеуі;
2.Девиантты мінез-құлықты ақтау ауытқы мінез-құлықты түсіндіру, кешіру үшін қолданылатын дәлелдер;
3.Девиантты мінез-құлықты батырлық ету бұл жоғары идеалды миссияны орындауға іс-әрекетті немесе қылықты жатқызу есебінде дәріптеу;
4.Девиантты мінез-құлықты насихаттауауытқы мінез-құлықты көрсетуге бағытталған қандай да бір көзқарасты, идеяны, ілімді, білімді тарату және түсіндіру;
5.Девиантты мінез-құлықты иелену меншіктену орындау барысында зорлық-зомбылық кездесетін міндеттерді адам ашық түрде өз мойнына алуда жүзеге асады;
6.Девиантты мінез-құлықтағы арандату арандатушылық, девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әкелуі мүмкін, жағымсыз іс-әрекетке біреуді итермелеу.
Эмпатиялық үрдістер деңгейін зерттеу әдістемесі.
Бұл әдістемені эмпатияны жаны ашуды, яғни өзін басқа адамның орнына қоя білу іскерлігін, басқа адамдардың қайғыруына еркін эмоционалды ықыластылыққа қабілетті мақсатымен Ресей зерттеуші И.М.Юсупов ұсынған. Эмпатия тұлғааралық қарым-қатынастарды теңдестіруге септігін тигізетіндіктен, ол адам мінез-құлқын әлеуметтік шартты етеді. Аталмыш әдістеме пайымдаудан тұрады, оларға бес жауап варианты ұсынылады: "білмеймін", ұпай, "жоқ" ұпай, "кейде" ұпай, "жиі" ұпай, "әрқашанда дерлік" ұпай, "иә, үнемі" ұпай. Әдістемеде дәйектілік өлшемі бар. Нәтижелерді есептеу , , , , , , , , , , , , , , , , және пункттерге берілген жауаптарға жазылған барлық ұпайларды қосу жолымен жүзеге асады. Нәтиженің эмпатиялық үрдістердің даму шкаласымен арақатысы белгіленеді:
a) -ден -ға дейін эмпатиялылықтың өте жоғары деңгейі;
b) -тен -ге дейін эмпатиялықтың жоғары деңгейі;
c) -ден -ге дейін эмпатиялықтың қалыпты деңгейі;