Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 136

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3.Аспаптық музыка

Аспаптық музыка - арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма. Аспаптық музыка жеке аспаптық (сүйемелдеумен немесе сүйемелдеусіз), ансамбльдік және оркестрлік болып бөлінеді. Ол көлемі жағынан кішігірім музыкалық пьесадан ірі музыкалық формаларда (сонатаконцертсимфония, т.б.) жазылады. Аспаптық музыка қазақтың кәсіби музыкалық өнерінде екі ішекті домбыра күйінен күрделі симфонияға дейін өсу жолынан өтті. Қазақстан композиторлары халық музыкасы негізінде аспаптық шығармалар жазу арқылы ұлттық рухани байлықты одан әрі дамытуда.

Аспаптық музыка сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласының бірі. Сол себептен өскелең ұрпағымызды аспаптық музыкаға арналаған шығармалар және де ұлттық аспаптарда орындалатын күй өнеріне баулу мәдениеті тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

Қазақ халқының аспаптық музыкасы жүзінің көркемдік мәдениетінде ерекше құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы мен даму кезеңдері халықтың ауыз екі шығармашылығы мен фольклорында көрініс тапқан. Қазақтың аспапты мәдениетінің көп ғасырлық тәжірибесі оның өзгеше және әмбебап белгілерін қалыптасуына әсер етті.

XIX ғасырдың басындағы халықтың қоғами және рухани өмірінде дәстүрлі музыка өнері одан әрі жалғасын тауып, жан - жақты даму процестеріне түсті. Бұған ықпал болған қазақ даласындағы күрделі саяси, әлеуметтік және тарихи өзгерістер еді. Халықтың мәдени болмысында ән мен күй жанрлары кеңінен қарқындауымен қатар, жеке әншілік пен жеке аспапты орындаушылық концерттік түрде, биік көркемдік және шеберлік деңгейіне жоғарылады. Эстетикалық және музыканы қабылдау қабілеттер мен көзқарастар жаңашыл жолдар мен қалыптасып, өнер саңлақтарының статусы көтеріледі: бақсы, жыраулардың рухани мұрасын ақын, әнші, өлеңші, күйші, сал, серілер кәсіби институт сатысына жеткізді. Өнер иелері - оны шығарушылар, орындаушылар және насихаттаушылар - қазақ өмірінде биік әлеуметтік мағынада танылып, ерекше сый - құрметке, ұлт сүйіспеншілігіне бөленді.

9 Мемілекеттік емтихан билеті.

1. Әдістемелік жұмыс және оның ұйымдастырылуы мен жүргізілуі

Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Міжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәсілихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға,педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.

2.Қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері

Қарым - қатынас - Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым - қатынас жасайды.

Қарым - қ - Адамдар арасында бірлескен іс - әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс, екі не оданда көп адамдардың арасындағы танымдық н/м эмоционалды ақпарат, білімдер ж/е біліктер, дағдыларын алмасады.

Адамдар арасындағы қарым - қатынастың басты мақсаты - өзара түсінстікке қол жеткізу. Қарым -қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын жеткізуге мүмкіндік береді. Қарым - қатынас 8 түрге бөлінеді:

1. Ресми қарым - қатынас - Қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен ережелермен реттеледі.

2. Ресми емес қарым - қатынас - Жалпы қабылдаған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтаған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы.

3. Тігінен қарым - қатынас - Бұл тұлғаралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалағандары арасындағы қатынас түрі.

4. Көлденеңінен қарым - қатынас - Бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым - қатынасы.

5. Іскерлік тұлғааралық қарым - қатынас - Бірлескен іс - әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым - қатынас түрі.

6. Жеке қарым - қатынас - Орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым - қатынас. Іскерлік ж/е жеке қарым - қатынас бір - бірін толықтырады. Іскерлік қатынасқа шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.

7. Рационалды тұлғааралық қарым - қатынас - Адамдардың бір - бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.

8. Эмоционалды қарым - қатынас - Адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым - қатынас түрі жағымды ж/е жағымсыз қарым - қатынас негізінде іске асырылады.
3.Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс тәсілдері. Бейнелеу өнерінің пәнінің мазмұны.

Бейнелеу тәсілдері, әрине, бұдан әлдеқайда кең, мол. Кейіпкерлерді мінездеу, сөйлету, портрет жасау, табиғат көріністерін суреттеу, оқиғаны әртүрлі өрістету осының бәрінде бейнелеу тәсілдері қолданылады.

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.


10 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Тәрбиенің әдістері мен құралдары.

Тәрбие әдісі дегеніміз- оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері:сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушылардың тәртібіне ықпал ету әдістері.

А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар.

Тәрбие құралдары дегеніміз- оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

•іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек)

•заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш, машиналар)

•рухани және материалдық мәдениет (өнер,қоғам,өмір)

•бұқаралық ақпарат құралдары

•педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2.Зейін. Зейін түрлері

Зейін дегеніміз - Сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа н/м іс - әрекетке бағытталуы ж/е шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады. Егер адам не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса, бірде - бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, дұрыс болып шықпайды. Оқу жұмысында зейінің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің, оқушылардың зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғурылым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, ж/е балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптін болуын да қамтамасыз етеді.

Тахитоскоп. Зейін көлемін зерттейтін аспап.

Зейін 3 топқа бөлінеді:

Ырықсыз зейін, Ырықты зейін, Үйреншікті зейін.

Ырықсыз зейін - Ырықсыз зейіннің физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады.

Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны жағынан қызықты болып, көрнекі құралдар қолданылса, онда оқушылар педагогтің сөзін өздері - ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды.


Ырықты зейін- Ырықты зейін - ұйымдастырылған психика қызметі.

Алдына мақсат қойып, көздеген нәрсенін алдын ала белгілеп, әдейлеп зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды. Бұл - адамның еркімен істелетін зейін күші. Ырықты зейін жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмысауды тілейді. Адам өз зейінін ырықты жұмсап шұғылданғанда қиыншылықтарды ығыстырып жеңеді. Оқушылар зейінін тек қана сабаққа бөлу үшін күш жұмсайды.

Зейінге бөгде тітіркендіргіштер - ауру, шаршау, басқа ойлар кедергі болады, алаңдатады.

Үйреншекті зейін - Үлкен адамдардың зейіні көбінесе үйренкішті болады. Бала кітап оқуды, жазуға әдейілеп күш салып, қайрат - күш жұмсап үйренеді. Бұларды менгеріп алған соң қызықтырып тұрған күрделі міндетке ырықты зейін бағынып, кейін арнайы күш жұмсалмай ақ орындалады. Бұл процесті үйренкішті зейін деп атайды.

Біздің зейініміз өзіміздің қызығып атқаратын күрделі іс - әрекетімізбен байланысты. Сөйлеу де үйренкішті зейінмен орындалады. Үйренкішті зейін ырықты зейін мен дамып қалыптасады.
3.Бастауыш сыныптардағы технология және оқыту әдістемесінің міндеттері.

Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді.

Мұғалім сарамандық жұмысты оқу әдістемелік материалдардың көмегімен өткізуі тиіс. Бұл үшін ол қосымша әдебиеттерді, бағдарламаларды пайдалануы және әр түрлі ғылыми негіздер мен еңбекке үйрету бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке алу керек.

Ол үшін мыналар қажет:

* жаңа жарияланымдарды пайдалану;

* оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп шеберханасының жабдықталуын есепке алу;

* жұмысты алдын ала жоспарлау ( еңбек құралдарын таңдау, жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың нақты жоспарын жасау);

* еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік шаралармен үйлесімділігін қамтамасыз ету.

11 Мемілекеттік емтихан билеті.


1.Дидактика. Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Дидактиканың негізгі міндеттері:1) табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды практикада саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.2)ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық ( грек тілінде ontos – тіршілік ) негізін анықтау, ( яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу.Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.

2.Балада зейіннің дамуы.

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор.

Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Баланың зейіні өмірінің бірінші айларында көрінеді. Әуелі ырықсыз зейін орнығады. Бөбек әшекейлі нәрсеге көзін, әр түрлі дыбысқа құлағын салады. Бала өскен сайын оның ырықсыз зейіні де күшейе түседі. Бала ойнағанда өз алдына мақсат қояды, ойынның айла- тәсілдерін өзі таңдайды және басқа баланың іс- әрекетін бақылайды. Бұнда ырықты және ырықсыз зейін де бар. Ырықты зейін мектеп жасында дамиды. Жасқа толмаған баланың зейіні өте тар болады. Бір қолына алма, ал екінші қолына ойыншық ұстатсаң, ол алманы тастап жібереді. Өйткені зейінін екі жаққа бірдей бөле алмайды. Зейіннің бөлінуі баланың ойынында, оқуға, еңбекке қатысында үлкендердің басшылығымен жетіледі.