Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 330

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру тәсілдері

Тәрбиелеудің технологиялық тәсілі

Б алалар үйінің тәрбиеленушісі тұлғасын сәтті әлеуметтендіру үшін технологиялық тәсіл қолданған жөн.

Астарлы әңгіме.Егер сіз балық аулап, оны балаға берсеңіз, оны бүгін тамақтандырдыңыз. Егер Сіз оның қолына қармақ ұстатып, балық аулауды үйретсеңіз, онда Сіз оны өмір бойы тамақтандырдыңыз.

Халық даналығы: «Айтсаңыз - ұмытамын, көрсетсеңіз - есіме сақтаймын, қызықтырсаңыз - үйренемін», дейді. Сондықтан, технологиялық тәсілдің мақсаты - баланы іс-әрекетінің өнімін алуға және құруға үйрету. Барлығын дайын күйде бермеу. Өйткені, егер адам іс-әрекет үдерісіне белсенді араласпаса, мұның бәрі ұмытылатыны ғылыми дәлелденген. Технологиялық тізбекті көрсету педагогтың міндеті. Мысалы, тамақты қалай әзірлеу керек, үйді қалай жөндеуге болады, яғни, неден бастаймыз және қалай аяқтаймыз.

Кез-келген технологияның қасиеттері: тұжырымдамалық, жүйелілік, тиімділік, басқарушылық, алгоритмдеу, стандарттау, тәрбие материалының құрылымы, жаңыртылу болып табылады.

Ж еке тұлғаны тәрбиелеудің жобалық тәсілі

Кім ақпаратқа ие, сол әлемге иелік етеді. Сондықтан, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі жобалық тәсіл балаға үлкен ақпарат ағымы жағдайында жобалық іс-әрекеттің ұтымды тұсын таңдауға және оны тәжірибеде белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы кездерде балаларды әдебиетті оқуға үйрету қиын, алайда дәл осы әдіс бұл мәселенің алдын алуға және оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға көмектеседі.

Жобалық тәсілдің мақсаты - қайшылықты анықтау және оны іс жүзінде шешу. Оған 5П = Мәселе (Проблема) + Жоспарлау (Планирование) + Іздеу (Поиск) + Өнім (Продукт) + Таныстырылым (Презентация) және 6 Портфолио кіреді.

Жобалық тәсіл кезеңдері:

  1. Жобалық тапсырманы әзірлеу (тақырып, қосалқы тақырыптар; шығармашылық шағын топтарды қалыптастыру, зерттеу жұмыстарына материалдар дайындау, топтарға тапсырмалар беру, ұсынылған әдебиеттер мен веб-сайт беттерін таңдау);

  2. Жобаны әзірлеу.

  3. Нәтижелерді даярлау.

  4. Таныстырылым.

  5. Рефлексия (ой)


Жобалық тәсілді жүзеге асырудың негізгі шарты - теорияның практикамен байланысы

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«Педагогикалық қолдау» технологиясы

Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасаудағы рөлі – өзін-өзі дамыту кезеңінде уақтылы көмек көрсету болып табылады. Педагогикалық қолдаудың мақсаты - баламен бірге баланың қызығушылығын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін анықтау және адами қасиеттерін сақтауына, оқуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, қарым-қатынаста, өмір салтында қажетті нәтижелерді өз бетінше қол жеткізуге кедергі келтіретін (күрделі мәселелерді) жеңу жолдарын бірлесе анықтау үдерісі. Педагогикалық қолдау теориясының негізгі сөзі - бұл баланың күрделі мәселесі.

Зерттеуші О.С. Газман педагогикалық қолдау тұжырымдамасында келесі элементтерді қамтиды: (13-сызбаны қараңыз)

БІЛІМ

ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ



Күрделі мәселелерді шешудегі Өзін-өзі танудағы

көмек көмек




ДАРАЛАНДЫРУ

13-сызба. Педагогикалық қолдау элементтері

Т.В. Анохина жасаған келесі негізгі ұстанымдар педагогикалық қолдауды қамтамасыз ете алады:

  • баланың көмекке келісімі;

  • жеке тұлғаның қолда бар күштері мен мүмкіндіктеріне сенім арту;

  • осы мүмкіндіктерге сену;

  • баланы қиындықтарды өз бетінше жеңе алу қабілетіне бағдарлау;

  • үйлесімділік, ынтымақтастық, жәрдемдесу;

  • құпиялылық (жасырындық);

  • ізгі ниеттілік және бағасыздық;

  • қауіпсіздік, денсаулықты, құқықты, адамның қадір-қасиетін қорғау;

  • «Зиян келтірме» қағидатын іске асыру;

  • үдеріс пен нәтижеге рефлексивті-аналитикалық көзқарас

Болашақ түлектермен жұмыс жасау - әлеуметтік педагог жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Болашақ мәртебесін анықтау мәселесі балалар үйінің барлық түлектерін алаңдатады. Негізгі міндет - түлектерге әлеуметтенудің қиындықтарын жеңуге, болашақ мамандық таңдауда көмектесу.

Әлеуметтік педагог үшін мақсат қою, уақытты жоспарлау тақырыптарын жобалау технологиясы бағдарламасына енгізу маңызды, сондықтан мақсат қою технологиясын қолданған жөн.



Мақсат қою технологиясы(Слот В., Спанярд Х.)

Мақсат қою технологиясында мақсаттардың құрылымын (иерархиясын) құру әдісін білдіретін «мақсат ағашы» түсінігі қолданылады. Негізгі мақсат әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің бағытын анықтайды. Нақтылау жалпы қағидаттан жекеге көшуге сәйкес жүзеге асырылады. Өз кезегінде одан да жеке болып бөлінетін аралық мақсаттар (міндеттер) нәтижеге жетудің құралдары ретінде әрекет етеді.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ерекшелігі - бірлескен (педагог - бала) мақсат қоюдың міндетті тәжірибесі. Оқушыны мақсат қоюға тарта отырып, педагог баланың ынтасы мен өзіне деген сенімін арттырады.Мақсаттарды қалыптастырмастан бұрын, мінез-құлық мәселерінің табиғаты мен себебін, сондай-ақ осы мінез-құлықты туғызған және оны көрсетуге ықпал ететін қоршаған орта факторларын анықтау қажет. Егер мақсат қою баланың өз мақсаттарына қатысты болса, егер ол бір нәрсенің шынымен өзгеріп жатқанын көрсе, өзіне және айналасына өзінің әсер ете алатындығын байқаса, бала мақсат қоюға белсенді қатысады. Оқушының өзі жұмыс істегісі келетін мақсат тапқан кезде, педагог әртүрлі көмекші құралдарды қолдана алады.

Бұл, мысалы:
«Тілек ағашы»

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының «жас ағашы». Әлеуметтік педагогтың ұстанымы:




Жалпы мақсат



Жетекші мақсаттар



Аламын



Жемістер

Іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері



Іс-әрекет үдерісі



Орындаудамын

«Арамшөптер» - тұлғаның проблемалық өрісі



Тұлғаның қадір-қасиеттері



Қолымнан келеді




Мотивациялық іс-әрекет



Тамырлар



Тұқым

Қалаймын


«Топырақ» - қоғам

Сурет -3. Тілек ағашы

«Тілек карточкасы». Оқушының қысқа және ұзақ уақытқа арналған қалауларына қатысты сұрақтарға жауап беруі (өз өміріңде нені өзгерткің келеді; дәл қазір не өзгеше болуы керек, ұзақ уақыт ішінде не өзгеше болуы керек; өз өміріңді қалай көргің келеді, онда нені өзгерткің келеді, болашаққа қандай жоспарларың бар және т.б.) арнайы карточкада жазылады.
«Өмір сызығы».Егер тәрбиеленушіге болашақ жоспарларын анықтау қиын болса, ондай жоспарлар жоқ немесе бала жағдайды өзгерту мүмкіндігін көрмесе, өмір сызығын салу әдісі қолданылады. Педагог солдан оңға қарай көлденең сызық сызады және жылдарды белгілейді (мысалы, 0, қазіргі жас, 20, 30 жас ...). Ол осы жолды керісінше кезекпен толтырып, баладан осы жастағы өмірін қалай елестететіндігін, құратындығын сұрайды. Осылай, маман тәрбиеленушімен бірге болашақтағы алыс жоспарлардан біртіндеп жақын уақыттағы өзекті тілектер тіліне көшеді.
«Мақсат карточкалары». Бұл әдіс басқа құралдар көмегімен аз мақсат қойылған немесе қойылған мақсаттар іске сәйкес келмеген жағдайларда қолданылады; жасөспірімдер маңызды мәселелер мен өзгерістер туралы тілектерін айтпайды, олар жоқ тәрізді, ал сол кезде, педагогтың ойынша олар бар; мақсаттар туралы бір ойға келу қиын. Әр карточкада белгілі бір топтың тілектері мен қажеттіліктері бар. Мақсат карточкаларымен жұмыс келесі тәртіппен жүргізілуі керек:
- жасөспірімге мақсат карточкаларын көрсету, алдағы іс-әрекеттерді түсіндіру;

- жасөспірімге карточка мен қалам беру; бір тақырыпқа қатысты әр карточкада өз өмірінде өзгерткісі келуі мүмкін әр түрлі жазулар жазылғанын түсіндіру, оның не өзгерткісі келетінін немесе оның пікірінше, не күрделі мәселе болып табылатынын таяқшамен белгілеуін сұрау:

- барлық белгіленген мақсаттарды жеке қағаз тілімдеріне жазу;

- жасөспірімнен осы тілімдерді үш топқа бөлуді сұрау: «өте маңызды», «маңызды», «күте алады»;

- егер «өте маңызды» тобында сегізден астам тілім болса, жасөспірімге ең маңызды сегізін таңдап алуды өтіну;

- «маңызды» тобының (немесе «өте маңызды» тобының сегіз тілімін) тілімдерін маңыздылығы бойынша ретке келтіруді сұрау.Кейде бірден назар аударуды қажет ететін немесе тек педагогтың көмегімен жүзеге асыруға болатынын пәндерге байланысты мақсат карточкаларын қайта реттеуге болады;


- жеке қағазға маңыздылығы бойынша ең маңызды сегіз мақсатты жазу; жасөспірімнен әр мақсатты түсіндіруді сұрау.Мақсатқа іс-әрекет бағдары ретінде үнемі жүгіну - кез-келген технологияның басты ережесі болып табылады.

Балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасаудағы терапиялық технологиялар

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін сәтті әлеуметтендіру үшін педагог-психолог, әлеуметтік педагог келесі технологияларды қолданады.

  • Моритотерапия- айналадағыларға жақсы әсер қалдыруды қажет ететін жағдайға баланы әкелуге көмектесетін әдіс. Психолог-педагог балаға бір нәрсе туралы өз пікірін айтуды ұсынады және оның сөйлеу, бағалау, сәйкесінше өзін-өзі ұстау (мимика, ым-ишара, интонация және т.б.) қабілетін түзетеді. Басқаша айтқанда, бұл әдіс мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Ұқсас әдісті тәжірибеде А.С.Макаренко қолданған. Айына бір рет М. Горький атындағы колонияның тәрбиеленушілері спектакль қойды. Рөлдер жеке ерекшеліктеріне сәйкес берілді (редколлегия, костюм тігу шебері және т.б.), бірақ рөлдерді тәрбиеленушінің жағымды қасиеттерін дамыту үшін берді. Көздеген мақсаты - шешендік өнерді дамыту, жаман сөздерді қолдануды жою, өз ойын сауатты және мәнерлі жеткізуге үйрету, көпшілік алдында сөйлеу және белгілі бір дағдыларды дамыту болды.

  • Гештальттерапиясын психолог-педагог баламен жеке жұмыс, ашық сырласып сөйлесу барысында оқиғаны іс-әрекетке айналдыру түрінде жүзеге асыра алады, мысалы, «Аяқталмаған істер», «Менің құпиям бар», «Менің түстерім» және т.б.

  • Логотерапия - сөйлесу терапиясының әдісі - баламен эмоционалды күйлерді вербализациялауға, эмоционалды күйзелістердің ауызша сипаттамасына бағытталған әңгімені талап етеді. Күйзелістердің вербализациясы баламен сөйлескен адамға жағымды қатынасты, жанашырлықты сезінуге дайын болуды, басқа адамның жеке басының құндылығын мойындауды тудыруы мүмкін. Бала әрдайым өзін-өзі эксплорациялауды, яғни әңгімеге тартылу шегін, көрсете бермейді. Егер ол ең төмен болса, онда балаға қуыршақтың, кейіпкердің және т.б. (Шрек, Арыстан-Алекс, Арыстан патша, Кунфу Панда, Маугли, Алдар-Көсе) атынан, яғни кез-келген кейіпкерге жүгініп, бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Бұл әдіс өзін-өзі конгруэнциялаудың пайда болуын - бала жеке басының күйзелістеріне, ойларына, сезімдеріне, қалауларына көңіл аударған кезде өзін-өзі танытуға әкелетін сыртқы ауызша дәлелдемелер мен баланың ішкі күйінің сәйкес келуін, қамтиды.

  • Нейролингвистикалық бағдарламалау(НЛБ) - бұл адамдарға әсер етудің бірегей технологиясы және Д. Гриндер, Ф. Бандлер, В. Сатир, М. Эриксонның еңбектерінде қалыптасқан адамның қарым-қатынасы пен дамуына ерекше көзқарас. НЛБ нысаны - бұл өзара әрекеттесу үшін нейрондық байланыстар, әлем және оларға жауап қайтаратын адамдар туралы ақпарат алудың әртүрлі тәсілдерін талдау деңгейінде анықталған ішкі бағдарламалардың көрінісі ретінде қолданылатын «тілдер». НЛБ техникалары әртүрлі қиындықтарға: қарым-қатынас қиындықтары, апатия, сенімсіздік, күйзелістер, фобиялар, жаман әдеттер және т.б. тап болған жеке тұлғының психологиялық кеңесінде және психотерапиясында кеңінен қолданылады. НЛБ - бұл серіктестің қалаған және қазіргі күйі туралы тез ақпарат алуға мүмкіндік беретін, осыған сәйкес қажетті нәтижеге жету үшін тиімді техниканы таңдауға барынша икемді, күрделі құрал.