Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 332

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өшу кезеңі

кезеңі

Өзіндік сана



Туындау кезеңі

Жетілу кезеңі



Салдарларынан арылу кезеңі

Итермелеуші кезең



4. Берілген жағдай үшін қақтығыстың даму кезеңдерін (динамикасын) талдаңыз. Шағын топтардың әрқайсысы кезеңдердің бірін талдайды. Сараптау тобы қақтығыстарды басқару алгоритмін қолдана отырып, талдау нәтижелерінен қорытынды жасайды:

1-қадам - қақтығыс жағдайын талдау:

  • тараптарды, қақтығыс объектісін, тақырыбын, көзін анықтау;

  • себептерін талдау;

  • қақтығысқа қатысуға не түрткі болғанын талдау;

  • қақтығыстың даму сатысы;

  • кезең (деструктивті, конструктивті);

  • қақтығыстағы күштерді теңестіру;

  • нақты күрделі мәселені түсіну;

  • өзінің ұстанымын анықтау;

  • Қақтығыс тараптарының сипаттамалары, ұжымның даму деңгейі, оның ұйымдастық деңгейі.

2-қадам - мақсат қою (мен нені қалаймын? - шиеленісті жеңілдету, кейінге қалдыру, қарама-қайшылықты жою және т.б.). Одан әрі іс-шаралар мақсатқа байланысты жоспарланады.

3-қадам - қақтығыс тараптарының ықтимал іс-әрекеттерін, оның даму салдарын болжау. Осыған байланысты қақтығыстағы өзіміздің мінез-құлқымыздың стратегиясын анықтаймыз.

4-қадам - таңдалған стратегия мен тактиканы іске асыру, кері байланысты ұйымдастыру.

5-6 қадамдар - тактикалық тәсілдерді бақылау, реттеу, рефлексия және түзету (қажет болған жағдайда стратегияны өзгерту).

«Қайырымдылық науқаны» жаттығуы

  1. Балалар үйіндегі балалармен бірге өткізуге болатын қайырымдылық шараларының тізімін жасаңыз.

  2. Балаларға көмектесетін іс-шараларды ұсыныңыз және ұйымдастырыңыз: «Кітапқа екінші өмір сыйлау», «Балаға ойыншық сыйлау», «ЗД - игі істердің онкүндігі», «Баланың күлкісі» және басқа да қайырымдылық науқандары, мысалы, «Біздің үйдің жылуы» (демалыс күндері балалар үйінің балаларымен қонаққа, отбасыларға барған жөн).


Науқанды өткізуге коммерциялық құрылымдарды, қоғамдық ұйымдарды және еріктілер топтарын тартыңыз.
7- тарау.БАЛАНЫҢ ГИПЕРАКТИВТІ (БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ)

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢЖҰМЫСЫ




XIX ғасырдың ортасында неміс дәрігері, психневролог Генрих Хоффмван ең алғаш болып тым ширақ баланы сипаттап және оған «ұшқалақ» деген ат берді.

Гиперактивтілік - ағылшын терминінен kyperactivity, (аса/тым белсенді). Гиперактивтілікке мектепке бейімсіздену - білім алу қабілетінің бұзылуы немесе мінез-құлықтың ауытқуы, себеп болады.

Гиперактивтілік балаларға әлеуметтік бейімделуде үлкен кедергі келтіреді. Көптеген зерттеушілер гиперактивтіліктің сыртқы көріністеріне физикалық белсенділіктің жоғарылауын, ыждаһатсыздықты, импульсивтілікті жатқызады. Гиперактивтіліктің негізіне жүйке жүйесіндегіқозу және тежелу процестерінің үйлесімсіздігі жатады. Гиперактивтіліктің пайда болуының себептері туралы әртүрлі пікірлер бар: бұл генетикалық факторлар, мидың құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс істеуі, босану кезіндегі баланың жарақаты, баланың өмірінің алғашқы айларында жұқтырған жұқпалы аурулар болуы мүмкін, сонымен қатар тамақтан уланудан немесе психосоматиканың фонында уақытша көрініс табуы мүмкін.

Гиперактивтілік – мидың зақымдану синдромын немесе ММД( Минимальная мозговая дисфункция) құрайтын бірқатар белгілердің басты ерекшелігі болып табылады. Ол мидың ауыр ошақты зақымдалуы болмаған жағдайда, көбінесе реттеуші есебіндегі ми құрылымдарының көптеген микрозақымдауымен сипатталады
Гиперактивті мінез – құлқынынбелгілері мен портреті

Шувалов А., Постникова Ю. осы авторлар оқушының гиперактивті мінез-құлқынның келесі белгілерін анықтайды:

  1. Қозғалыс белсенділігі осы жағдайда ойлағаннан де жоғары болып табыладыжәне сол жастағы және интеллектті жетілуі бір деңгейдегі басқа балалармен салыстырғандаөте жоғары болып табылады;

2) бірнеше жағдайда кездеседі (тек мектепте ғана емес, үйде, көшеде, ауруханада және т.б.)

3) қызығушылылықтарға үстірт қараумен, іс-әрекеттің аяқасты орын алуымен ерекшеленеді. Олар көбінесе өзімшіл, демонстративті және талапшыл, бұл үнемі қақтығыстарға және агрессивтіліктің дамуына әкеледі.



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) АХЖ-10 классификациясы бойынша «гиперкинетикалық бұзылыстың» диагностикалық өлшемдері келесі түрде көрініс табады:

• мектеп бағдарламасында, жұмыста немесе басқа да қызметте елеусіз қателіктер жіберу немесе бөлшектерді мұқият қадағалауға қабілетсіздіктін жиі көрініс табуы ;

• көбінесе тапсырмаларға немесе ойын әрекеттеріне көңіл аударылынбайды;

• баланың өзіне айтылғанды тыңдамайтындығы жиі байқалады;

• бала көбінесе нұсқаулықтармен жүре алмайды немесе мектептегі жұмысты, күнделікті іс-әрекеттерді және жұмыс орнындағы міндеттерді орындай алмайды; (оппозициялы мінез-құлқынан немесе нұсқаулықты түсінбеуінен емес);

• тапсырмалар мен іс-әрекеттерді ұйымдастыру жиі бұзылады;

• үнемі ақыл-ой еңбегін қажет ететін үй жұмысы сияқты тапсырмалардан қашады немесе ұнатпайды;

• белгілі бір тапсырмаларды немесе іс-әрекеттерді орындау үшін қажет заттарды, мысалы: мектеп заттарын, қарындаштарды, кітаптарды, ойыншықтарды немесе құралдарды жиі жоғалтады;

• жиі сыртқы стимулдарға оңай алаңдайды;

• күнделікті қайталанатын іс-әрекеттер барысын жиі ұмытады;

Зерттеуші А.Цветков келесі белгілерді сипаттайды және диагнозды анықтауда кемінде алты белгі қажет деп санайды:

• жиі қолдарын немесе аяқтарын қозғалтып немесе бір орнында тұра алмайды;

• сыныптағы орнын немесе ол отыруға қажетті басқа жерден кетіп қалады;

• жиі орынсыз мезетте жүгіре бастайды немесе өрмелей бастайды (жасөспірімде немесе ересек жаста, мазасыздық сезімі ғана орын алуы мүмкін);

• ойындарда орынсыз шулы немесе демалысты тыныштықта өткізу кезінде қиындықтар сезінеді;

• әлеуметтік жағдайлар мен талаптар айтарлықтай әсер етпейтін қозғалыс белсенділігінің берік мінезі анықталады ;

• сұрақтар аяқталғанға дейін жиі жауабын айтып қояды;

• жиі кезекте тұра алмайды, ойындардағы немесе топтық жағдайдағы өзінің кезегі келгенше күте алмайды;

• көбінесе басқаларға кедергі келтіреді немесе орынсыз килігеді (мысалы, басқалардың әңгімесіне немесе ойындарына);

• әлеуметтік шектеулерге көп сөйлеп орынсыз жауап қайырады (9-бет).

Зерттеуші О.И. Политика, гиперактивті баланың интеллектуалды әрекетінің ерекшелігі циклділіктен тұрады деп жазады: ерікті өнімді жұмыс 5-15 минуттан аспайды, содан кейін балалар ақыл-ой белсенділігін бақылауды жоғалтады, содан кейін 3-7 минуттан кейін ми келесі жұмыс циклі үшін қуат пен күш жинайды. Бала неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, толық энергияның сарқылу басталғанға дейін ,өнімділік кезеңдері қысқарады және демалыс уақыты соғұрлым ұзарады . Сол кезде ақыл-ой қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ұйқы қажет. Мидың «демалу» кезеңінде бала келіп жатқан ақпаратты түсінуді, зерделеу және өңдеуді тоқтатады. Ол ақпарат еш жерде сақталмайды және қалып қоймайды, сондықтан бала сол кезде не істегенін ұмытып қалады, іс-әрекетінде қандай-да бір үзілістер болғанын байқамайды.


Теоретиктер, Кошелков Д.А., Семенова О.А. гиперактивті балалардың мінез-құлқының еркін реттелуі балалардың мінез-құлық ұстанымын жасауда қиындықтарға тап болуымен, іс-әрекеттердің нұсқаулары мен алгоритмдерін нашар меңгерумен, алдыңғы әрекеттердің импульсивті жауабының (жалықтырғыш қайталанулармен) көбеюімен, олардың іс -әрекеті қосымша кері әсерлерге тұрақсыздығымен сипатталады деп тұжырымдайды.

Импульсивтілік тапсырманы қате орындағаннан (бәрін дұрыс жасауға тырысуға қарамастан), сөйлеудегі, қылық және іс-қимылдағы (мысалы, кезек күте алмау) кідіруде, жеңіле алмауда, шамадан тыс табандылықпен өз мүдделерін қорғау (ересек адамның талабына қарамастан) түрінде көрініс табады.


Гиперактивті балалардың диагностикасы
Гиперактивті балаларға диагностика өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады:

1- кезең: тексеріс барысында баланың мінез-құлқын бағалау

2- кезең: танымдық даму деңгейін бағалау.

3- кезең: балалардағы регуляторлы қалыптаспаушылықтың формасын, түрін анықтау.

Гиперактивті балаларға диагноз қою кезінде үш өлшемді ескеру қажет: гиперактивтілік, импульсивтілік, зейінсіздік.
9- кесте. Балалардың гиперактивтілігін байқылауға және анықтауға арналған сауалнама








Иә

Жоқ

1

Гиперактивтілік










Мазасыз қозғалыстар жиі байқалады, орындыққа айналып, тыныш отыра алмайды.










Сыныпта сабақ кезінде немесе басқа жағдайларда , өз орнынан рұқсатсыз көп тұрады.










Ол мақсатсыз қозғалыс белсенділігін көрсетеді: қолайсыз кезде жүгіреді, айналады, бір жерге өрмелеп шығуға тырысады .










Әдетте тыныш, жайбырақат ойнай алмайды немесе жай ғана басқа іспен айналысып отыра алмайды.










Жиі көп сөйлейгіш болады







2

Импульсивтілік










Сұрақтарға ойланбай, соңына дейін тыңдамай жауап береді










Оның көңіл-күйі жиі өзгереді










Әр түрлі ситуацияда өз кезегін әдетте қиналып күтеді










Оған тез бітіруге болатын жұмыс ұнайды.











Балалардың біреуі оған айқайлаған кезде ол да айқайлап жауап қайтарады.