Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 328
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көру-ұстау координациясы, сөйлеудің кеңістіктік көріністермен байланысы, вербальды-логикалық ойлау және объекттің образы қалыптасады.
Вербалды-бейвербалды оқу әдісін қалыптастыру
Әдіс психикалық процестер жүйесін (оқу, ауызша логикалық және қөрнекі-бейнелік ойлау, көріністердің объекті образдары,) олардың өзара әрекеттесуі мен өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, әдіс сіздің іс-әрекетіңізді ұйымдастырудыжәне зейініңізді қалыптастыруға көмектеседі.
Мұғалім басқа бір ересек адаммен бірге, балаға таныс оқиғаны немесе ертегіні оқып, мағыналық бөліктерге (3-5 бөлік) бөледі. Әңгіме бөліктерінің жалпы саны анықталады. Әңгіменін мағыналық бөліктерінің санымен бірдей ұящық альбом парағына сызылады. Әр ұяшыққа бала әңгіменің әр мағыналық бөліктеріне арналған суреттерді салады.
Әрі қарай парақ жеке сюжеттік суреттер бөліктеріне кесіледі (жанағы суреттері бар шаршылар) және осы суреттерден әңгімеге сәйкес суреттер сериясы жинақталады. Тапсырма осы пайда болған суреттер сериясы жайлы жалпы әңгімемен аяқталады. Соңында олар түпнұсқа мен өздері (құрастырған) әңгімелерді салыстырады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру әдісі
Бұл әдістің психологиялық мағынасы, берілген ережелер мен заңдылықтарды ұстана алуда, өзінің іс-әрекеттін бақылауда, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқанда белгілі бір іс-әрекетті жасай алу әдісінде , мысалы, үйде және мектепте де бір жұмысты істей алу, қалыптастыруда жатыр. Осы білім еркін әрекеттің қалыптасқандығының критериясы болып табылады.
Алғашқы сабақта мұғалім (ата-ана, психолог) сабаққа қажет түрлі заттарды үстелге қалай - қайда қою керектігін түсіндіреді - кітаптар, дәптерлер, суреттер, қарындаштар және т.б. Егер бала үлкен болса, онымен мектеп құралдары үстел үстінде қалай орналасқанда,оған ыңғайлы боларын ақылдасыңыздар.
Әр сабақты бастамас бұрын мұғалім сабаққа қажетті материалдарды үстел үстіне ретсіз, шадастырып қояды . Кейін сабақ басталмай тұрып бала бөлмеге келіп, жұмыс орнын ретке келтіруі керек, осы арқылы бала ұқыптылыққа үйренеді. Келесі сабақтарда бала үстелдегі заттарды өздігінен реттейді.
Жұмысты жоспарлау әдісі
Бала кеше үйде немесе мектепте не істегенін еске түсіріп, негізгі жұмыстарды атап шығып, содан кейін бүгін не істегісі келетінін айтады. Мысалы, бала сурет салғысы келетінін айтады.
Сол кезде оған бірінші сұрақ қойылады: «Бұл үшін нені алу керек?» Бала бұл үшін не дайындауы керек екенін, альбом немесе қағаз парағы, қарындаштар, өшіргіш және т.б., әрекеттерді қандай ретпен орындайтынын айтуы керек. Осыдан кейін бала айтқан және жоспарға сәйкес іс-әрекет орындалады. Әдетте, бала жасайтын әрекеттерінің жоспарын жасай алмайтындығы анықталады, бала бірден қарындаштар мен қағаз парағын алып, сурет салуға кіріседі. Сондықтан бала сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, баланы мұғалімнің сұрақтары мен баланың жауаптарын негізге алып жүйелі әрекеттер жоспарын құруға үйрету керек.
Сабақтың негізгі міндеттері:
1) тапсырманы білу (бала нені орындайды);
2) қажетті операцияларды және оларды орындау ретін (оны қалай жасайды) меңгеру.
Алғашқыда жоспарды мұғалім ұсынады, содан кейін жоспар баламен бірге құрастырылады, балалар біртіндеп тапсырма мен жоспарды өз бетімен құрып, орындай бастайды.
Жұмысты перспективті жоспарлау әдісі
Егер бала қалай жазуды білсе, онда одан ертеңгі күнге жоспар жазуды сұрайды. Егер бала қалай жазуды білмесе, онда оған суреттерден жоспар (өз суреттері немесе жиынтықтағы суреттер) құруды, ертеңгі күнгі жоспарын және оның жұмысын қалай жүргізетінін ауызша айтуды сұрайды.
Гиперактивті мінез-құлықпен жұмыс әдістері:
«Бір сәт үнсіздік» әдісі
Әдістің психологиялық мәні - баланың өз әрекетін еркін реттеуі қажет және мәселені туғызуда болып табылады: ережеге бағыну, оның орындалуын бақылау; сонымен қатар бұл әдіс нұсқаулықтарды тыңдап үйренуге бағытталған (сөйлеуге көңіл бөлу) және оларды қатаң ұстануға, әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысу, демалу, ауыса білу.
Қозғалыс ырғағының әдісі
Әдіс функционалды өзара әрекетті қалыптастыруға бағытталған: есту қозғалыс координациясын қалыптастыру.
Қимылдардың өз бетімен реттелуі, есту қабілетінің реттелуі, ритмді сезінудің дамуына бағытталған.
Бала нақты бір қимылдарды орындайды (қолдарын көтереді және түсіреді, қолдарын екі жаққа созады, бөлме ішінде жүреді және т.б.). Мұғалімнің ауызша нұсқаулықтары бойынша (ата-ана, психолог) жылдамдық қосады немесе баяулайды. Алдымен барлық қозғалыстар балаға берілген ырғақпен орындалады: оның жиілігі мен дыбыс қаттылығы. Бұл музыкалық ритм болуы, ритмді мұғалімнің қолымен шығару және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін бала өзі үшін ырғақты белгілейді және өзінің ырғағымен қозғалады (қолды шапалақтау, «бір, екі, үш» санау т.б.) )
«Ұқыпсыз үй иесі»әдістемесі
Бала екі алақанын біріктіреді. Баланың алақанына үрмебұршақ салынады, (сабақтың кейінгі кезеңдерінде - бұршақ, күріш, тары).Бұл материалдың «болжамды жұмыс көлемі», сабақтар баланың назарын, ақыл-ой әрекетінің дамуына сәйкес келеді.
Содан кейін нұсқау беріледі: «Алақандарыңды аш. О, біз не істедік! Кел бірге жинайық. Кім жылдам? Бірақ бұршақты екі саусақтың көмегімен жинап, қорапқа сал! » Күріш пен тарыны салымдап үш саусақпен жинау.
Бұл жаттығу әдемі жазуды қалыптастыруға және тұтастай алғанда жазбаны дамыту үшін қажетті қозғалыс операцияларын дамытады, сонымен қатар іс-әрекетті еркін реттеуді және ерікті көңіл бөлуді, визуалды, тактильді кинестетикалық, проприоцепторлық сенсорлық жүйелердің өзара әрекеттесуі, бұлшықет тонусының реттелуі дамиды. Жаттығуды әр түрлі қолдармен кезек-кезек орындау, оң және сол ми сынарының аралық өзара әрекеттесудің дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың динамикасын бақылау үшін жаттығу уақытын өлшеу керек.
Тәжірибелік сабақ
"Шарт" жаттығуы
Білім беруде гиперактивті балалармен жұмыс жасауға психологиялық-педагогикалық шарттарды жасаңыз.
Мысалы:
• мектепте баланың үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін келе алатын ойын бөлмесін жасау;
• балаларға үзіліске белсенді уақыт өткізуге мүмкіндік беріңіз, іс-қимыл ойындары қобалжуды кетіреді және күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік береді;
• үзіліс кезінде спорт бұрыштарын жабдықтау (едендегі классика, баспалдақ, турниктер);
• театр студиясы гиперактивті балаларға эмоционалды құзыреттілік пен ұстамдылықты дамытуға мүмкіндік беру;
• спорт жаттығулары, әсіресе шығыс жекпе-жегі, өзін-өзі бақылау дағдылары мен жауапкершілікті дамытатын спорт түрлері.
«Даналық қобдишасы» жаттығуы
Гиперактивті балалармен жұмыс тиімділігі көп жағдайда мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Гиперактивті мінез-құлықпен жұмыс жасауда педагог-психологқа әдістемелік ұсыныстар жазыңыз.
Мысалы, Е.Федоренконың ұсыныстары:
• Оның жақсы мінез-құлқын мадақтаңыз: мадақ неғұрлым көп болса, бала соғұрлым көп тырысады.
• Сабақ кезінде баланың көңілін бөлетін факторларды азайтқан жөн , бұл факторларға шу, «көңілді көршілер» және шамадан тыс көп көрнекі материалдар жатады.
• Гиперактивті оқушыға арналған орын бұрышта емес, сыныптың ортасында, тақтаға қарама-қарсы орналастыру.
• Қиындық туындаған жағдайда мұғалімнен тез көмек сұрауға жағдай жасаңыз, мысалы, қолдарын көтермей сұрауға, орнынан жауап беруге мүмкіндік беріңіз.
Балаға арналған сабақтар нақты жоспарланған, стереотиптік тәртіп бойынша құрылуы керек.
•Гиперактивті оқушыға барлық қажетті ақпарат сипатталған күнделік немесе арнайы күнтізбені қолдануға кеңес беріледі,мысалы: не әкелу керек, не істеу керек және қай уақытта болу керек.
•Гиперактивті бала тапсырма тақтада немесе жеке карточкада жазылған болса жақсырақ түсінеді, бұл ой басқа жаққа алаңдап кеткен жағдайда көрнекі үлгіге сүйенуге мүмкіндік береді.
•Балаға белгілі бір уақыт аралығына бір тапсырманы беріңіз, бұл тапсырма баланыңойын бөлмей керсінше ойын жинақтауға мүмкіндік береді.
•Егер бала үлкен ауқымды тапсырманы орындау керек болса
, онда тапсырманы біртіндеп орындалатын бөліктерге бөліп ұсынған дұрыс және оған қажетті түзетулер енгізіп, жұмыстың барысын белгілі уақыт аралығында бақылап отыру керек.
•Оқу күнінде қимыл-қозғалыс мүмкіндіктері «бой сергіту жаттығулары» қарастырылуы керек: дене шынықтыру, спорттық жаттығулар. Мысалы, 3, 4 сабақтан кейін таза ауада серуендеу, сабақ уақытындағы дене тәрбиесі минуттары, арнайы ұйымдастырылған үзілістер.
•Баланың шамадан тыс шаршауына және шамадан тыс мазасыздануға жол бермеуге; уақытылы баланың ойын басқа жұмыс түрлеріне аударыңыз, өйткені шаршау гиперактивтілік белгілерінің жоғарылауына әкеледі және баланың өзін-өзі сыртқы және ішкі қалпын реттеу мүмкіндігін нөлге дейін төмендетеді.
•Баладан толық нәтижені бірден күтпеңіз. Гиперактивті бала бір уақыт аралығында бір тапсырмаға ғана көңіл бөле алады. Мысалы, егер сіз баланы тыйып тастасаңыз, онда баланың ойы дереу өзін-өзі қадағалауға бөлінеді, ал оған тапсырмаға зейін қоюуы қиын болады, немесе егер тапсырма орындауды да және ұқыптылықты да қажет етсе, ұқыптылық жайлы талапты төмендетуге болады, бұл әрекет балаға жетістікті сезінуге мүмкіндік береді ( нәтижесінде - білім алуға деген мотивациясын арттырады).
•«Болмайды» және «болады» деген сөздерден балаға шектеулер қойған кезде, реттілікті ұстаныңыз.
•Балаға тапсырманың аяқталатын уақыты жайлы алдын-ала ескертіңіз, мысалы: «Үш минут қалды».
•Балаға бүкіл сыныптың алдында маңызды тапсырмалар беріңіз, оларды орындауға көмектесіңіз, сыныпта оның табысты болуына болысыңыз.
"Ата-аналарға кеңес беру" жаттығуы
Гиперактивті баланың тәрбиесі жайлы ата-аналарға кеңес беруде әлеуметтік педагогқа ұсыныстар дайыңданыз.
Мысалы автор О. Козачектің ұсыныстары (200 б.)
-
баланы әрдайым мақтауға лайық болған кезде мадақтаңыз, (бала ескертуді елемейді); -
Физикалық зорлық-зомбылыққа бармаңыз, жиі «иә» деп айтыңыз, «жоқ», «мүмкін емес» сөздерінен аулақ болыңыз; -
оған күнделікті орындалатын үй жұмыстарының бір бөлігін сеніп тапсырыңыз; -
оған қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар беріңіз; -
баланың нені жасауға болады, не жасауға болмайтынын – ортада өзін ұстау шектеулерін анықтап беру; -
үйде айқын күн тәртіптібін ұстаңыз, баланы тәртіпті сақтағаны үшін марапаттау; -
үйдеыныш жағдай орнату, баланы алаңдататын жайыттардың ең аз мөлшерде, жұмыс істеуге қажетті жағдай жасау, жақсы ұйқыға мүмкіндік жасау -
адамдар көп жиналған жерден алшақ жүру; -
артық энергияны (физикалық белсенділік) жұмсауға мүмкіндік беру; -
бала өзін кез-келген салада білікті, құзыретті сезінуі үшін,баланы қандай-да бір іске деген қызығушылығын арттыру; -
балаңыздың жетістігіне сену, тәрбиеде шыдамды және жүйелі болу; -
балаңыздың қиындықтарын жақсы білу, айналадағы адамдармен бала және оның қажеттіліктері туралы сөйлесу, балаға жақсы адвокат бола білу; -
өзіңіз сабырлы болыңыз, сіздің сабырлығыңыз - бала үшін ең жақсы үлгі.