Файл: Саясаттанупнібойыншадифференциалдысына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 418

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.

Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).

Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Биліктің түрлері.

Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.

Саяси жүйенің құрылымы.

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Конституциясы.

демократиялық принциптер мен шаралар

Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері

Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.

институттарының қызметі.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері


  1. Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

  2. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

  1. аристократиялық үйірмелер;

  2. саяси клубтар;

  3. көпшілік партиялар.

  1. Саяси партия қызметтері – саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

  2. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

  1. авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

  2. сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

  3. парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

  4. қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.


  1. Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:

  • әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;

  • осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;

  • мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;

  • басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;

  • халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;

  • партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;

  • заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу.

  1. Партия қоғамдық құрылысты, билікті ұйымдастыруды және бүкіл мемлекет өмірін жетілдіру бойынша нақты бағдарламаны ұсынатын саяси топ ретінде көрінеді. Мұндай мақсаттардың негізіне әдетте идеялық ұстанымдар түрінде көрініс табатын әлеуметтік топтардың мүдделері қойылады. Партия идеологиясы партия мүшелері оны шынайылыққа айналдыруға ұмтылатын рухани қүндылықтар мен бағдарламалық ережелерді білдіреді. Әдетте партиялар өздерінің қызмет бағыттары мен ішкі ұйымдасуын айқындайтын негізгі құжаттарды – бағдарлама мен жарғыны қабылдайды.


  1. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың алатын орны мен рөлі.





  1. Қоғам мүшелерiнiң белгiлi бiр тобының мүддесiн

  2. бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке кiрген, оған материалдық көмек көрсететiн өзiн-өзi басқаратын адамдардың бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олардың қоғамдық мәртебесi мемлекеттiк заңда және өзiнiндiк жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ, Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.





  3. Қоғамдық ұйымдар сан алуан болып келедi. Оларға: партиялар, кәсiподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтiк бiрлестiктер, шығармашылық одақтар, ерiктi қоғамдық, ғылыми-техникалық, мәдени, ағарту, спорттық, қорғаныс ұйымдары жатады. Осы қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген адамдар қоғамды өзiн-өзi басқаруға қатысып отырады.





  4. Қоғамдық-саяси қозғалыс дегенiмiз бұл өздерiнiң әлеуметтiк, саяси, экономикалық, рухани мүдделерiн жете түсiнген қалың бұқара халықтың қауымдастығы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар- бұл мемлекеттiк және партиялық құрылымдарға тiкелей кiрмейтiн, алайда саяси өмiрге ықпал ететiн саяси құрылымдар. Сонымен саяси қозғалыстар дегенiмiз өкiмет билiгi үшiн күрес арқылы қазiргi жағдайды өзгертуге немесе үкiметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмашылығы ол өкiмет

  5. үшiн немесе үкiметтi жүзеге асыру тәсiлiне ықпал ету үшiн күреседi, яғни ол бұл жолда саяси тәсiлдердi пайдаланады.





  6. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегiдей саяси жағдайлар себеп болды:






  1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкiмет орындарына тiкелей жеткiзе алмайды, сондықтан да өз сияқтылармен топтасады;

  2. Экономикалық және әлеуметтiк қайшылықтар, наразылықтар себеп болады;

  3. Ұлттық мәселелердiң шешiлмеуi. Мысалы, Қазақстанда«Азат»,

  1. «Желтоқсан» ұйымдары солай құрылды;

  1. Саяси қозғалыс көпшiлiк саяси партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады.





  1. Қоғамдық ұйымдар былайша сипатталынады:





  1. оған мүшелердiң байланыс жүйесi мен мүдделерiнiң ұқсастығы;





  1. iшкi ұйымдық құрылымы /ресми немесе бейресми/;





  1. жалпы мақсат үшiн шешiм қабылдау қабiлетi;





  1. әлеуметтiк бақылау жүйесi, сол қоғам мүшелерiнiң өзара әрекетiн қамтамасыз етушi.







  1. Қоғамдық саяси қозғалыстардың белгiлерi арқылы жiктелiнедi:





  • таптық белгiсi бойынша - шаруалар, жұмысшылар, фермерлер;

  • идеологиялық белгiсi бойынша - коммунистiк, либералдық, социалистiк, дiни;



  • ұлттық белгiсi бойыншы- интернационалдық, ұлтшыл-патриоттық т.б.;



  • жас және жыныс белгiсi бойынша - әйелдер, жастар, ардагерлер қозғалыстары.



  1. Қоғамдық саяси қозғалыстар - бұл мемлекеттiк құрылымдар жанынан құрылатын, саяси шешiмдерге тiкелей, тура әсер ететiн ұйымдар:





  2. Лобби, күш көрсету топтары. Олардың негiзгi мiндетi - болашақта солардың шешiмдерiне ықпал ете отырып, саяси қайраткерлермен және шенеунiктермен байланыстар орнату;





  3. Ұйымдар, кәсiподақтар кәсiпкерлер одақтары, тұтынушылар қозғалыстары.

  4. Бұлар үшiн саяси қызмет тұрақты болып табылады.





  5. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметтерi мыналар жатады:






  • қоғамдық пiкiрлердi, қоғамның әр түрлi әлеуметтiк топтарының көңiл- күйiн бiлу;



  • билiк құрылымдарының қызметтерiне бақылаулар орнату;



  • жеке адамды саяси әлеуметтендiру;



  • жеке адамның азамат ретiнде қалыптасуы;



  • қоғамдық өмiрдi нақты жеке адам мен әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн жүзеге асыру;



  • саяси шешiмдердi қабылдауға қатысу.













  1. Қоғамдық қозғалыстардың iшiндегi кең тарағаны Халық майдандары, олардың түрлерi мынадай:





  1. Ұлт азаттықты алу үшiн құрылған саяси күштер. Африка және Азия елдерiнде ұлт азаттықты алу үшiн құрылған алық майданы қозғалыстары.





  1. Саяси билiктi алу үшiн немесе өздерiнiң саяси мақсаттарына жетуге күштерi жетпеген кезе саяси партиялар немесе олардың көсемдерi құрған халық майдандары;





  1. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшiн құрылған халық майдандары.





  1. Белгiлi жастар қозғалыстарына металистер, фанаттар, панкiлер, хиппилер, рокерлер, пацифистер жатады.
  1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.

  1. Саясат әлемі күрделі, көпдеңгейлі және көптүрлі мемлекеттік –құқықтық, заң шығару, атқару, партиялық, сайлау, саяси идеология, тағы басқа ұсақ жүйелерден тұрады. Осы жүйені құрайтын бөліктердің арасында саяси мәдениет елеулі орын алады. Шетелдік және отандық қоғамтанушыларда саяси мәдениет категориясы оның оның құрылымдық толықтырғыштары, мағанасы және қызметі жайлы анық түсінік жоқ. Осы мәселеге қатысты мейлінше әр түрлі пікірлер, анықтамалар, түсіндірулер кездеседі. Әрине , саяси мәденит құбылысының күрделілігі мен көпжақтылығын ескерсек, бұл орынды. Бірақ мұндай гәп өзіндік түбірлі себептерден туындайды. Біріншіден, мәдени құбылыстарды күрделілігі мен анықтамасының ала- құлалығы саяси мәдениет ұғымын түсінудіде күрделендіреді. Екінші себеп, сірә, сол ұғымдар мен категорияларды қолдану шарттылығына тым астүсті қарайтын саяси ғылым тілінің ерекшелігінде жатыр. Саясат пен мәдениеттің арақатнасы қандай? Әрине, бұл екеуінің терең негізіндегі бірқатар бірлігі мен өзара ұқсастықтары

  2. бар: екеуіде билік етудің өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениет адамның табиғатқа үстемдігінің нәтижесі, оның субъективті өзіндік әлемі болса , саясат адамдардың қоғамдық қатнастағы басқа адамдарға үстемдігінің нәтижесін көрсетеді. Мәдениет билікті атқару тәсіліне әсер етеді, ал оның дамуы өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін адамдарды әлеметтендіру, құндылықтар жүйесін жасау мен еңгізу, жүріс-тұрыс үлгілерін, институт бітімдері мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын көрсетуге болады. Дегенмен, бұл екі ұғының бірлігі мен өзара әрекеті олардың сәйкестігін көрсетпейді. Бұл құбылыстар әрекет ету мен қызмет атқару салаларына қарай бөлінеді саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні тұлғаны дамыту мен өзгету болып табылады. Екі ұғымның өзіндік өзгешіліктері мен сәйкес еместігін ескере отыра, олардың бірлігі саяси өмірді реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігін, олардың адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болуын көрсететін "саяси мәдениет" ұымынан көрінеді. Енді саясат әлемінің әр түрлі көріністеріне, қатынастарына мағыналық сапа беретін "саяси мәдениет" ұғымын ғылымдағы қалыптасқан ойлармен анықтап көрелік.

  3. Ғылымға ХХ ғ. 50-жылдары енген "саяси мәдениттің" кеәбір құбылыстары антикалық философияда, ХІХ ғасырда "ұлттық мінез" бағытындағы зеттеулерде қарастырылған. Дегенмен де, бұл ұғым категориялық дәрежеге ХХ ғасырдың екінші жартысында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай, Д. Каванах, У. Розенбаум тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектері негізінде ие бола бастады. Қазіргі кездегі саяси ғылымдағы "саяси мәдениет" ұғымын бірнеше рет американ саясаттанушысы Г. Алмонд өзінің "Салыстырмалы саяси жүйелер" мақаласында ұсынды. Саяси мәдениеттің мақсаты қоғамдық ғылымдардың саяси белсенділігін арттыру немесе, шартты түрде айтқанда, демократиялық саясатты басқа елдерге тарату және осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.













  1. Саясиәлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

  1. Саясиәлеуметтану -

  2. арнайығылымипәнретіндесаясаттысоциологиялыққұралдармен, яғнисаясаттысаясиөмірсипатынанықтаушыөзарақарым-

  3. қатынастағысубъектілер, институттар мен ережелерарқылызерттейді. Саясиәлеуметтанужекеғылымсаласыретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақоныңпәндіксаласыәлдеқайдаертеректе Платон, Аристотель сияқтыкөне

  4. грек ойшылдарымен, жаңазаманойшылдарыН.Макиавелли, А.Токвильменқалыптастырылған.

  5. Саясиәлеуметтанушеңберіндесаясаттөртаспектідеқарастырылады:

  1. саяси дау-жанжалдар мен мемлекетаралықкүрестізерттеу;

  2. қоғамөміріндегімемлекеторны мен рөлі, басқаруқызметтерінжүзегеасырушыинституттар, ұйымдар мен әлеуметтіктоптардыңқоғамғажәнеоныңжекебөліктерінеқатынасынзерттеу;

  3. саясиұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардыңәлеуметтікқұрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарынталдау;

  4. жекетүлғалардыңсаясиқатысуы мен саясимінез-құлқын, соныңішіндесайлауда, саясиүміткерлер мен мәселелербойыншадауысберуінзерттеу.

  1. Саясиәлеуметтанусаясаттыәлеуметтікқұрылым,

  2. биресмиәлеуметтікинституттар, қоғамдықпікір, саясимәдениет, саясиқатысу, саяси идеология көмегіменталдайды.

  3. Саясиәлеуметтануәдістері -

  4. макросоциологиялықжәнемикросоциологиялықболыпбөлінеді. Макросоциологиялықұстанымдабиліктіңәлеуметтікнегіздері,

  5. әртүрліәлеуметтіктоптарарасындағы дау- жанжалдардыңсаясиүрдіскеықпалыанықталады, ал микросоциологиялықтанақтысаясиинституттарәлеуметтікұйымретіндеқараст ырылады. Соныменбіргеқұжаттардыталдау, бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялықәдістеріқолданылады.

  6. Саясиәлеуметтенуүлгілері-жүйелік - билікке, құқықтықтәртіпке, дәстүрліинституттарғапозитивтіқатынастықалыптастыруменсипатталады.

  7. Әлеуметтенудіңнегізгіагентураларыболыпмектеп пен отбасы, сондай-ақ, тұлғаныңқоршағанортасы, оныңқұрбыларытабылады;

  8. гегемониялық-«өзінікінен» басқакез-

  9. келгенәлеуметтікжәнесаясижүйегедұшпандықкөзқарастағыжастардықалыпта стырады.

  10. Бұлүлгідегіжетекшіагентураларболыпбұқаралықақпаратқұралдарытабылады;

  11. плюралистік - азаматтардыңөзсаясимүдделерітуралыкөзқарасын, олардыжүзегеасыруғақатысутілегін,

  12. азаматтықбелсенділіктіңжоғарғыдеңгейінқалыптастыру.