ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 414
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
демократиялық принциптер мен шаралар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері
Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
-
ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге қатты соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты.
-
Бұл дәуірдің көрнекті ағылшын ойшылы ТомасГоббс(1588-1679). Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімінің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға немесе мемлекет ұйымдарына жеке адамдардың құқығы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. -
Франция буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье(1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарын, айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға және ауа райына, -
жер бедеріне, топырағына байланыстырды. Бостандық теориясына сипаттама берді. Заң неге ерік берсе соны істеу керек деген. Саяси бостандық экономиканың дамуына әсер етеді. Ол өзі ұждан бостандығын жақтады. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді. -
Францияның ойшыл-ағартушысы ЖанЖакРуссо(1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркінділіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жол бермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Руссо жиі халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. -
Демократияны жақтаушы ТомасДжефферсон(1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат – АҚШ «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік үкіметін құрып, оны бақылау құқынан еш адам шектеуге болмайды. Егер өкімет халық құқығын қорласа ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуге болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушілерге қарсы шығып барлық адамдарды тең көрді. -
Тәуелсіздік үшін күрес кезіңде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн(1737- 1809) көзге түсті.Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкімет мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамт амасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкіметті құлату керек. Бірақ ол әділет соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Т. Джефферсон мен Т. Пейннің еңбегінің арқасында 1776 жылғы 4 шілдеде АҚШ Тәуелсіздік Декларациясы шықты. Бұл Тәуелсіздік Декларациясында адамның бостандығы жан-жақты қарастырылған. -
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Кант(1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихының идеялары», -
«өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған. -
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны -
«категориялық императив» деп айтты. Оның мәні – әрбір адамның іс – әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
-
ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі
-
– капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіптік өзгерістерді капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе Жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын тілінен шыққан) болды. -
Сонымен қатар, капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болуы мүмкіндігін туралы пікір айтты. Осыған байланысты еңбек ету құқығын алдыңғы қатарға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист – социолистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама – қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. Утопист-социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
- Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи және т.б.)
-
Қазақ халқының рухани мұрасы саяси пікірлерге өте бай. Бізге мол мұра қалдырған ойшылдар қатарында: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа АхметЯссауйболды. -
Әл-Фараби- саясат жөнінде өз заманында терең ойлар айтқан, қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, тіл маманы. 870-950 жылдары өмір сүрген ойшыл Фараб қаласында дүниеге келген. Бұхара, Каир, Бағдат сияқты қалаларда білімін ұштап, сол кезден-ақ әріптестері «екінші Аристотель» деп атаған болатын. Оның ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді. Әл-Фарабидің саяси идеялары негізінен рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру арқылы беріледі. «Рахымды қалада» билеуші мен оның тұрғындарының дүние және бақыт жөнінде шынайы түсінігі бар. «Рахымсыз, күнәға батқан қалада» ондай ұғым жоқ. Сонымен қатар бұл трактатта мемлекет деген ұғымға адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасалған ұйым деген түсінік беріледі. Бұл қалалар сипаты мұраларға қатысы жағынан да -
өзгеше. Бақытсыз және опасыз қалада тұрғындар сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйенетін рахатты жоғары бағалайды, ал қайырымды қалада басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделеді. Әл-Фараби шындықты сүю, игіліктілік, мінез парасаттылығы сияқты адамгершілік қасиеттерді атап көрсетеді. Бұдан Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды деп ойлаймын. Яғни ғалымдарды қоғамның жүрегі деп санайды. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының және Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси білімдердің дамуына игі әсерін тигізді. -
-
-
Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен аты әлемге әцгілі ақын, философ, қоғам қайраткері – Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Хас Хаджиб(1021 – 1077) Шу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның -
«Құтадғу білік» («Құтты білім») атты поэмасы арқылы ол туралы мағлұматтарды ала аламыз, бұл поэма – ортағасырлық қазақ даласындағы әртүрлі тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер беретін шығарма. Ерекшелігі – ол кездегі ресми тіл араб тілі болса да, өз ана тілі – түрік тілінде жазылғандығында. Бұл ұзақ уақыт толастамаған қырғын соғыстар кезеңі болса да, түркі тайпаларынан кейінгі қазақ ұлтына этникалық негіз болған қыпшақтар бірлестігі қалыптаса бастаған маңызды кезең. Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, сол кездегі қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып, бастары қосылмағандығын негізге ала отырып, мемлекетті орталықтандыру және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік пен бостандықтың болуын қалайтындығын өз шығармасымен жеткізе білді . «Құтадғу білік» - саяси ғана емес, халықтың салт-санасы, өмірдің мән-мағынасы, адам тағдыры, оның қоғамдағы рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы жөніндегі көзқарастар жинақталған құнды шығарма. -
Еліміздің тарихындағы елеулі мәдени-тарихи ескерткіш – Түркістан қаласынан шыққан сопы ақын Қожа Ахмет Яссауидың(1166 жылы қайтыс болды) «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») тты өлеңдер жинағы. Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы көшпенділер арасына кеңінен тараған. Ислам дінін халыққа таратушы Арыстан Бабаның баласы Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген. Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси-әлеуметтік ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты. Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған -
болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы оның тек ақын, ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын білдіреді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)
-
ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы- демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші ШоқанУәлиханов(1835— 1865) өмір сүрді.Ол атақты Абылай ханның шөбересі еді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты - халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді. Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе — олардын колындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың, саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық кұрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес,реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді болады деді.Шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл-ауқаттығын жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді» дейді Ш. Уәлиханов.Шоқан сол кездегі патриархтық-феодалдық қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, «дала пролетариаты» деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүлдем қайшы деп білді.Уәлиханов қазақ жеріне ектемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып «ашықтан-ашық аямай сорады» деп, халқын тонап жатқан патша