ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 413
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
демократиялық принциптер мен шаралар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері
Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары
-
Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялык, және социалистік саяси жуйелерді бөліп көрсетеді. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін формациялық тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бүл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дәуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған. -
Мұндай тәсілдің негізін М.Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легитимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.
-
Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден - мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген. -
М.Вебердің тәсілі саяси жүйелердің қазіргі классификациясының ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпапын тигізді. Оларда, жекелей алғанда, классификацияның негізіне жүйснің қызмет етуінің формалары мен әдістері секілді критерийлер де қойылған. -
Бір сөзбен айтқанда, негізі болып саяси режимнің сипаты қаланған типологияның мәні артуда. Марксизм саяси жүйенің таптық табиғатына басты назар аудара отырып бұл аспектіні жоққа шығарады. Антагонистік қоғам сипаты үшін мұндай тәсіл өзін ақтай алады. Антагонистік формациялардын саяси жүйелері әркилы болуы мүмкін, бірақ марксизм назар аударып отырған олардың таптық табиғаты бүл жағдайда өзгеріссіз қалады.
-
Саяси режимнің сипаттамасына сай саяси жүйелер демократиялық емес (тоталитарлық және авторитарлық) және демократиялық болып бөлінеді. Бұл
-
бөлініс саяси жүйе негізделген құндылықтармен, «құндылықтық пайымдардың» әлеуметтік болмыстың нағыз әмбебап құндылықтарымен сәйкестігімен, сондай-ақ оны ұйымдастырудың іргелі принциптерімен анықталынады. Орыс саяси ойшылы П.И.Новгородцев айтып кеткендей -
«жоғары билік үшін халық пен тұлғаның тәуелсіздік идеясы императив болыл қала береді». -
Саяси жүйелердің демократиялық және демократиялық емес (автократиялық) болып бөлінуі нақтылауды қажет етеді, өйткені әмбебаптық принциптеріне сәйкестік критерийі өте жалпы, ал саяси салада анықталмаған болып табылады. -
Типтердің ауқымы неғұрлым кең болған сайын, жүйелердің өлшемі неғұрлым үлкен назарға алынады.
-
Мәселен Аптердің жүйесінде типтер екі белгі есебінен бөлінеді: билікті орталықтандыру деңгейі және осы билік бөлетін құндылықтар жүйесі. Нәтижесінде ол екі типті бөліп көрсетеді: тоталитарлық және либералды- демократиялық. Автордың билікті шоғырландырудың әртүрлі болатындығына есеп беріп отырғандығы анық, сондықтан да авторитарлық деңгейі де әртүрлі болады; тоталитарлық термині автократияны белгілеу үшін қолданылады. -
Егер қандай да бір мәдениетте үстем болатын құндылықтар жүйесін нақтыласақ және осы негізде мәдениет типін анықтасақ, онда саяси жүйелердің тіптен бөлек, мейлінше орталықтандырылған классификациясы мүмкін болады. Бұл мүмкіндік Алмондтың типологиясында жүзеге асырылған.
-
Алмонд бойынша, мәдениет типтері еркіндік, мемлекеттің жеке сфераға араласпауы тәрізді құндылықтарға деген қатынаспен анықталынады. -
Осыған байланысты саяси жүйенің мәдениеттің төрт типіне негізделген төрт типін айырады. Біріншісі - англо-американдық саяси жүйе. Саяси жүйенің ағылшын-америкалық турі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халыктың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық кұндылықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Англо-американдық жүйені деэтатистік тенденциялар үстем болатын жүйе деп айтуға болады. Олар дәуірлердің қалыптан тыс этатистік тенденцияларына қарсы құрылған.Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады. -
Этатизмге негізделген екінші мәдениет жаңа мен ескінің элементтері қатар турған индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйенің негізінде жатыр. Жүйенің бұл типіне күш көрсетудің жоғары потенциалы тән, себебі жүйенің ішіндегі үлкен топтар саяси жүйе мен оның аспектілерін әртүрлі түсінеді. Мұндай жүйелер өздеріне заң шығару функцияларын алады, заң шығару органдары сот процедураларына да араласады, партиялық шешімдер саяси шешімдерді ауыстырады.Құрылықтық (континенталдық) - еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінін либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады. -
Индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйедегі құндылықтар құрлықтық Еуропа елдерінде белгілі орын алады және осы негізде саяси жүйенің континенталды-еуропалык типі құрылады. Ең алдымен бұл типке Франция, Германия мен Италия кіреді. Скандинавия елдері мен Бенилюкс англо-американдық жүйе мен еуропалық-континенталдық жүйенің арасындағы аралық орынды алады. Континенталды-еуропалық жүйеде гомогендік емес, гетерогендік үстем, яғни олар дамудың, өркендеу мен құлдыраудың бір өлшемді еместігі, индустриалды қоғам үшін тән болатын ескі мәдениет элементтерінің реанимациясы тән аралас мәдениетті білдіреді.
-
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
-
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1)кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік ақпараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерлерде біз сол мағынасын ұсынамыз. Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ, ол құл иеленуішлік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
-
теологиялықтеория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттщ пайда болуые құдайдың қүдыретімен түсіндіреді; -
патриархтықтеория. Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын. -
қоғамдықкелісімтеориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді; -
«зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды; -
географиялықтеория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді; -
психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. -
марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.
-
Сонымен мемлекет дөп белгілі аумақ шеңберінде адамдардыңәлеуметтіктоптар,таптарменбірлестіктердіңқатынастарыменқызметтерінұйымдастыратын, бағалайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементінайтамыз. Мемлекеттің бірнеше белгілері бар: аумақтық (территориялық) бөліну; ерекше өкімет аппараты; мемлекеттің егемендігі; ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру; салық салу; мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады. Мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктеуге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
- 1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 23
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
-
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты. -
Мемлекеттің белгілері:
-
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; -
Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады); -
Мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; -
Мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; -
Мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
-
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар: