Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 570

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

6-сынып

Қазақ әдебиеті

(оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы

Т араз – 2020
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған(хаттама №5, «24 » желтоқсан 2019 ж.)

Пікір жазған:

Т.А.Мұқашев – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

С.О.Құлбарақ – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор.


Редакция алқасы:

Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым; Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сарапшы; А.А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.

А.М.Конбаева, Д.Б.Болатбек – «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жиынтығы» 6-сынып, Қазақ әдебиеті – Тараз, 2020. – 103бет.


Ұсынылып отырған жинақ білім беру ұйымдарының 6-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша қазақ әдебиеті пәнінен жиынтық бағалау материалдары енгiзiліп, үлгі ретінде беріліп отыр. Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үлгілерін өткізуде мұғалімге қажетті кеңес-ұсыныстар мен нұсқаулар берілген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілерін аралған.

© Жамбыл облысы әкімдігі білім


басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті

Тараз қ. 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................................4

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..................................................................................................................................5

1-бөлім, І нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім» ..........................................................6

1-бөлім, ІІ нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»..........................................................9

1-бөлім, І нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»..........................................................12

1-бөлім, ІІ нұсқа «Туған жерім – аялы алтын бесігім»........................................................16

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................................................................................................................20

2-бөлім, І нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»................................................................................21

2-бөлім, ІІ нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»...............................................................................24

2-бөлім, І нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»...............................................................................27

2-бөлім, ІІ нұсқа «Абайды оқы, таңырқа!»..............................................................................30

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...........................................33

3-бөлім, І нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...................................................34

3-бөлім, ІІ нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...............................................36

3-бөлім, І нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...................................................40

3-бөлім, ІІ нұсқа «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»...............................................44

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................................................................................................47




4-бөлім, І нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»...................................................48

4-бөлім, ІІ нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»..................................................51
«Ұрпақ тәрбиесі»бөлімібойынша жиынтық........................................................... бағалау............................................................21


4-бөлім, І нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым».................................................54

4-бөлім, ІІ нұсқа «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»................................................57

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................60

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................69

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................79

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .........................................90

Қорытынды...................................................................................................................102

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................103

КІРІСПЕ
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге 6-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.

Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Жинақта «Туған жерім – аялы алтын бесігім», «Абайды оқы, таңырқа!», «Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған», «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімдері қамтылған. Әр бөлім бойынша тоқсан сайын жиынтық тапсырма мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы жинақталған.Тапсырмаларды әзірлеуде оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттары басшылыққа алынған.Әдістемелік нұсқау жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына жаңаша өзгерістермен, жас ерекшелігі ескеріліп жасалған, жаңартылған білім мазмұны негізінде құрастырылған.

Бөлімде ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарын
а жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоймай келе жатқан осы туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылық ізденіске қадам басады. Жиынтық бағалау тапсырмаларын жүргізудегі басты мақсат – білім алушыларды терең ойлауға бағыттау, ойларын еркін жеткізуге, дәлелдер келтіруге, салыстыруға, анализ жасауға және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Берілген тапсырмалар уақытқа сай жасалынған.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлімгеортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Осы негізді көркем шығармадағы астарлы ойды талдайды, шығарма оқиғаларын қазіргі өмірмен байланыстырады. Туындыдағы мәселеге өз ойын қосып, эссе жазады.

Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде білім алушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалім білім алушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру керектігін түсінеді.

Жиынтық бағалауда «Т» кестесі, сәйкестендіру картасы, салыстыру кестесі, «Үш қадам» кестесі, «Екі жақты күнделік» кестесі, тест тапсырмалары, келісу, келіспеу эссесі жұмыс түрлері берілді.

Жиынтық бағалау білім алушылардың өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Білім алушының кез келген жұмысы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі білім алушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерг
е, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.