Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 553

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін

ТҮСIНУ


МАЗМҰНЫ

Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену, ”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау. 2. Аударма (трансформация) - мағына-

сын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.

  1. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.

  2. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).




Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)

1. Түсiндiрме: Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

- А мен Б-ны салыстырыңыздар.

2. Аударма: Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеудi кесте (диаграмма, схема, сурет) жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз.

  1. Мысалдар: Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер (оқулықтан тыс).

  2. Анықтамалар: 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;

- Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеу, мәлімдеу, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мысал келтіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау

Таным мен ойлау деңгейі

Орта

ҚОЛДАНУ


МАЗМҰНЫ

Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Шәкірт ұстаздың көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек.

Педагог тек шешiмге емес, шешу процесiнiң барысына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.

Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)

  • Қалай қолдануға болады?

  • Жасап көрсе қалай болады?

  • Не бiлгiңіз келедi?

  • Егер былай/ олай жасаса (былай/ олай болса), нәтижесі қандай болар еді?

  • Мына мәселені қалай шешуге болады, егер анауды қолдансақ?

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау, рөлді орындау, рөлдерге бөліп ойнау, практикада қолдану, сахналау, иллюстрацииялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу,нобайын салу

Таным мен ойлау деңгейі

Орта

ТАЛДАУ (анализ)


МАЗМҰНЫ

Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi.

Талдаудың түрлерi:

  1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

  2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).

  3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.




Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)

1. Негiзiн тану

- Бөлімдердің өзара

айырмашылықтарын келтiрiңiз/ салыстырыңыз. - Қалайша жіктеуге

(классификациялауға) болады?

2. Астарлы мағына

  • Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) мәнi қандай?

  • Мынаны қалай түсiнесiз?

  • Егер мынандай болса, онда қалай болады?

3. Мотивация

  • Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) себебi мен салдары қандай?

  • Мынау нелiктен дәл осындай, басқаша емес?

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Бөліп шығару, талдау, бөлу, ретін дәлелдеу, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарамақарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, жіктеу, сұрыптау, категорияларға бөлу, себеп-салдарын айқындау

Таным мен ойлау деңгейі

Жоғарғы

СИНТЕЗ


МАЗМҰНЫ

Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлерi:

  1. Шығармашылық жанрлар: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

  2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу: мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

  3. Абстрактылы ұғымдармен негiз-

делетiн нәтижелер: ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.

Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)

  • Жаңа мазмұн құрастыру үшін мынаны қалайша өзгертуге (бейімдеуге, құрастыруға) болады?

  • Жақсарту (ұлғайту, көркейту, дамыту, тереңдету, т.б.) үшін не істеуге болады?

  • Қалайша біріктіруге болады?

  • Қандай критерийлер бойынша біріктіруге болады?

  • Мына мәселені (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады?

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, жазу, ретімен қою, жинақтау, өзгерту, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру

Таным мен ойлау деңгейі

Жоғарғы

БАҒАЛАУ


МАЗМҰНЫ

Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу.

Оқушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.

Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)

  • Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе?

  • Мұны жақтайсыз (немесе оған қарсысыз) ба?

  • Былай (немесе олай) жасаса, дұрыс бола ма?

  • Мұның жағымды/жағымсыз, оң/сол, ұтымды/ұтымсыз жақтары қандай?

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру, шешім қабылдау

Таным мен ойлау деңгейі

Жоғарғы

Блум таксономиясы бойынша оқушылардың әрекеттері (сабақ мақсаттары)

Деңгейі

Сұрақтар

Білім

Жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалып қойған әріптерді қояды тыныс белгілерін қояды, формуларды жауседы, көшіреді, диктант жазады, .....

Түсіну

Әңгімелейді, мазмұндайды, салыстырады, ереже құрастырады, мысал келтіреді, формуларды шығарады, тірек схемалар арқылы түсіндіреді/көрсетеді, орфограмманы түсіндіреді, өз сөзімен айтып береді, кестемен (сөзбен, суретпен, сызбамен, схемамен) көрсету, ...

Қолдану

Есеп шығарады, сөйлем құрастырады, контур картамен жұмыс жасайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды, рөлдер ойнайды, тәжірибе қояды, макет жасайды, ситуацияны ойнайды, инсценировка, баяндама жазады, ...

Талдау

Дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, «неліктен?» деген сұраққа жауап береді, себеп-салдарын айқындайды, себеп-салдарлық байланыстарды онықтайды, ішкі мәтінді анықтайды...

Синтез/ Жинақтау

Шығармашылық жұмыспен айналысады, өлең жазады, сценарий жазады, есеп құрастырады, баяндама жазады, жоба жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, ...

Бағалау

Таңдайды, шешім қабылдайды, қажеттілігін айқындайды, жақтайды немесе қарсы шығады, өз пікірін келтіреді, керегін таңдайды, рейтинг жасайды,...


Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар:



  1. Білім (қайталау, еске түсіру)

Тіл мәдениеті деп сөйлегенде, жазғанда... құралдарын (..., сөз тіркесі,... түрлерін) дұрыс... айтамыз.



  1. Түсіну (түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау) Тіл мәдениетіне нелер нұқсан келтіреді?

Тіл өнерін халқымыз қалай бағалаған?

«Сөз мағынасы - тауып сөйлеудің кілті», - деген сөзді қалай түсінеміз?



  1. Қолдану (жасап көру, көрсетіп беру) Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс.

Диалогтік өлең оқу. Монолог оқу.



  1. Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)

Мәтіндерді талдап, тақырып қою, мәтін мазмұнын ашатын мақал - мәтелдер жазыңдар.



  1. Жинақтау(құрастыру, шығармашылықпен орындау)

Сұрақ - жауап эссесі Неліктен? сұрағын қолдану



  1. Бағалау (ұсыныс жасау, таразылау) Менің тілім ХХII ғасырда қандай болады?

(Гипотеза, яғни болжам жаса, бағала, салыстыр)



  1. Сергіту сәті. Мен қандаймын? Ақыл - кеңес

  1. Өзгені түсін.

  2. Өзгенің ойын тыңдай біл.

Тест тапсырмалары:

1. Зерттеушілік әңгімеге тән белгілер

  1. орта бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестікке бағытталған

  2. ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әркім өз пікірінде қалады

  3. әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанмен, мұқият бағаланады

  4. идея қайталанады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді

  5. айтылған пікірлермен тыңдаушылар механикалық түрде келісе береді

2. Оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою түрі

  1. жабық сұрақ

  2. түрткі болу

  3. сынақтан өткізу

  4. талқылау

  5. қайта бағыттау

3. Оқушылардың білім, дағдыларын дамытуға мұғалімнің қолайлы жағдай қалыптастыруы

  1. көпіршелер тұрғызу

  2. әлеуметтік әрекеттестік

  3. өздігінен реттелетін оқу

  4. оқыту ортасын құру

  5. табысқа итермелеу

4. Баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылады

  1. салыстыру

  2. модельдеу

  3. алгоритмдеу

  4. бағалау

  5. жүйелеу

5. Оқу пирамидасына сәйкес оқушылардың алған ақпаратты есте сақтауының ең тиімсізі

  1. өзгелерді оқыту

  2. тәжірибе жасау

  3. дәріс

  4. көрсетілім

  5. талқылау