ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4763
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Бөлімшеде аға мейірбике жұмысының маңызы зор. Аға мейірбикеге барлық мейірбикелер, кіші медицина және күтуші қызметшілер бағынады. Бөлімшедегі науқасқа медициналық көмек көрсету сапасы аға мейірбике жұмысының ұйымдастырылуына байланысты.
4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
-
Бөлімшедегі орта және кіші мейірбике жұмысын ұйымдастырады және олардың өз қызметін орындауын бақылайды.
-
Дәрігерлердің жұмысына қалыпты жағдайды және бөлімшедегі жалпы тәртіпті қамтамасыз етеді.
-
Орта және кіші медицина қызметкерлер кадрлерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.
-
Бөлімшені медициналық құралдармен, медикаменттермен, науқасты күту құралдарымен, жиһаздармен жүйелі түрде қамтамасыз етеді және олардың қолдануын бақылайды.
-
Мейірбикелердің дәрігердің тағайындауын толық және уақытында орындауын бақылайды.
-
Қайта түскен науқастарды санитарлы өңдеу сапасын бақылайды.
-
Науқастарды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
-
Мейірбикелердің медициналық құжаттармен дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.
-
Орта және кіші мейірбикелердің санитарлы - эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз етеді және бақылайды.
-
Қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден уақытында өтуі бақылайды.
-
Бөлімшедегі өртке қарсы жағдайды бақылайды, еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіз техниканы сақтауды бақылайды.
-
Орта және кіші мейірбикелердің біліктіліктерін жоғарлату жоспарын құрады және оның орындалуын бақылайды.
-
Орта және кіші мейірбикелерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.
-
Аурухананың Мейірбикелер Кеңесі жұмысына және мейірбикелерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.
-
Мейірбикелердің қызметтік міндеттері
-
Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің тиімділігін бағалайды.
-
Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді.
-
Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге асырады.
-
Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар комплексін, организмге дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.
-
Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.
-
Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады.
-
Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуды жүзеге асырады.
-
Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-игиеналық тәрбие бойынша үгіт насихат жүргізеді.
-
Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы
Кезешілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып табылды. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдай тексеріледі. Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.
Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.
Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.
Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша журнал тексеруліуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жаңдайы ауыр науқастар тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильды түрде тапсырылады. Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының орындалуы туралы баяндалады.
Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар, шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.
4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі)
-
Мейірбикенің жетекшілігімен өзінің міндеттерін атқарады.
-
Пациенттің психофизиологиялық жағдайы, емге және емшараларға реакциясы тіркеліп бағаланады.
-
Үйде және емдеу алдын-алу мекемесінде науқастарды күту және жағдайын бақылау мен бағалауды жүзеге асырады.
-
Алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативті көмек көрсетеді, зертханалық тексеруге материал жинауды жүзеге асырады.
-
Аспаптарды, таңу және науқасты күту құралдарын зарарсыздандыруды орындайды.
-
Науқасты күті бойынша барлық іс-шаралар комплексін, организмге дәрі енгізуді жүзеге асырады.
-
Тіркеу-есепке алу бойынша медициналық құжаттарды жүргізеді.
-
Бөлмелердің таза болуын қамтамасыз етеді.
-
Науқастарды күту құралдарын дұрыс қолдану және сақтауды бақылайды.
-
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздікті, санитарлы эпидеияға қарсы режимді сақтайды.
4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
Науқастың стационарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша госпитализациялануы:
1) БМСК мамандарының жолдамасы және Бюро госпитализациясы Порталы арқылы жүзеге асады.
2) шұғыл көрсеткіштердің бар болса, мамандардың жолдамаларысыз жатқызылады.
Стационарға жоспарлы госпитализация науқастың стационарға келуінен кейін 30 минут ішінде жүргізледі. Шұғыл жағдайларда науқас стационарға медициналық мекеменің санитарлы автотранспортымен, жедел медициналық көмектің стациясымен және медициналық қызметкермен бірге санитарлы авиациямен жеткізіледі. Басқа жағдайларда науқастар стационарға ішкі істер қызметкерлерлерімен немесе азаматтармен жеткізіледі.
Стационардың қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы қабылдау жүргізіліп, науқастардың шұғыл түрдегі немесе жоспарлы медициналық көмекке тіркеу орнатылады. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсетілу кезінде:
1)науқастың жеткізілгенінен кейін 10 минут ішінде, ал өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде профильді маманмен қаралуы;
2) қарау нәтижесінне байланысты науқастың госпитализациялануы немесе амбулаториятқ немее стационар алмастырушы жағдайда, информацияның тұрғызылған орнына байланысты БМСК-ке жіберілуі орнатылады;
3) стационарлы емдеуді қажет етпейтін науқастарға амбулаторлы-поликлиникалық жағдайларда емделуге ұсыныс беріледі.
Науқасты стационарға госпитациялау жағдайында:
-
Медициналық картаға емделушінің жалпы жағдайы жазылады, егжей-тегжей және дәйекті түрде шағымдары, ауруға шалдығудың анамнезі және өмірбаяны, объективті тексеру - деректері, айқынды паталогиясы, орындалған лабораториялық және функционалдық зерттеулері, клиникалық белгілері, алдын-ала қойылған диагноз, диагностикалық және емдік іс-шаралар жазылады, емделушіден жазбаша келісім алынады емдік-диагностикалық іс-шара жасалуға.
-
Егер пациент медициналық көмекке жүгінген кезде алкогольды, наркотикалық немесе токсикалық улану белгілері кездессе онда медициналық қызметкер науқастың медициналық картасында бұл туралы белгі қойылады.
-
Кейбір жағдайларда, диагноз қою үшін уақыт қажет болса динамикалық бақылау үшін, бұл жағдайда пациент қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында екі сағатқа қалдырылады. Осы уақытта шұғыл емдеу-диагностикалық шаралардың толық көлемі жүргізіледі.
-
Стационарға түскен жағдайда науқасқа медициналық мекеменің ішкі ережелі және күн тәртібі, оған медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің кәсіби статусы туралы мәлімет беріледі.
-
Медициналық көмек тек науқастың немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі келісімінен кейін ғана көрсетіледі. Науқас немесе оның заңды түредегі өкілі медициналық көмектен бас тартуға құқылы. Науқастың медициналық көмектен бас таруы оның салдарларымен бірге талқыланып, құжатқа жазылады, ол құжатқа науқас немесе оның заңды өкілі және медициналық қызметкер қол қояды.
-
Кәмелетке келмеген немесе қабілеті жоқ науқастардың заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезінде, науқастың өмірін сақтап қалу үшін медициналық мекеме қамқорлық және қорғаныш мекемесіне немесе/және сотқа мәлімдеме беруіне құқықтары бар.
-
Науқас медициналық көмек алған кезде толыққанды мәлімет алуға өзінің денсаулық жағдайы туралы, сонымен қатар қауіп қатері туралы және жасалайын деп отырылған емдеу әдістері жайында, егер емнен бас тартқан жағдайда қандай асқынулары болуы туралы, диагноз жайында, болжамы және емдеу шараларының жоспары туралы науқасқа түсінікті деңгейде мәліметтер алуға құқылы, сондай-ақ үйіне шығарылу немесе басқа медициналық мекемеге ауыстырылу себептерін түсіндіру керек.
-
Науқас адам ауруханаға түскеннен бастап қажетті күтім шаралары, емдік тамақтандыруды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу басталады.
-
Науқас ауруханаға түскеннен кейін үш тәуілік ішінде клиникалық диагноздың қойылуы шарт. Кейбір диагностикалық жағынан түсініксіз жағдайларда, бұл туралы ауру тарихында диагноздың кешіктіру себебі жазылады және де тағы да қосымша диагностикалық зерттеу әдістері және мамандардың қосымша кеңестері белгіленеді. Клиникалық диагноз қойылған күні бұл туралы ауру тарихында жазылады.
-
Барлық ауруханаға түсіп жатқан науқастарда жұқпалы ауру бар туралы ой келсе, онда қатаң түрде санитарлық өндеу жүргізіледі. Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өндеу жартылай және толық болуы мүмкін. Қажетті кезде науқастың киімдерін дезинфекцялайды.
-
Ауруханада айналасындағы адамдарға қауіп төндірген жағдайларда (жұқпалы аурулар, жұқпалы тері аурулары, психикалық өзгерістері бар науқастар) науқастарды бір-бірінен бөлек орналастыруы үшін бөлек орналасқан палаталар немесе бокстар болуы керек.
-
Ауруханаға түскен науқастардың барлығын мереке және демалыс күндерден басқа күндері күн сайын дәрігер қарайды, мереке және демалыс күндері кезекші дәрігер қарайды, диагностикалық және емдеу шаралары белгіленеді және бұл туралы ауру тарихына күнделік жазылады. Ауру туралы күнделік егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса емдеуші дәрігер үш күнде бір рет жазады, орташа ауыр жағдайда күніне бір рет жазады, ал ауыр және өте ауыр жағдайларда күнделік жазу саны науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты, өзгерістер пайда болған сайын, емдеуге коррекция жасаған сайын, бірақ үш сағаттан сирек емес жазылады, шұғыл жағдайларда – әр кезең сайын шұғыл көмек көрсеткен уақытын белгілеп, сағат немесе минут сайын жазылады.
-
Бөлім меңгерушісі науқасты ауруханаға түскен күні қарайды, одан кейін медициналық көрсеткіштері бар болса қарап отырады (ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар күніне, ал орташа ауыр және қанағаттанарлық жағдайдағы науқастарды –аптасына бір реттен кем емес қарайды) және ауруханадан шығаратынның алдында қарайды. Бөлім меңгерушісінің науқастарды қарағанда жасаған мәліметтері диагнозы және нұсқаулары ауру тарихына жазылады және ол өз қолын қояды.
-
Балалар стационар жағдайында емделгенде:
1) Үш жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар ауыр жағдайдағы үлкен жастағы балалар, дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін, анасына (әкесіне) немесе басқа да туысына күтім жасаған жағдайда, оларға оның жанында медициналық мекемеде болуына мүмкіндік беріледі, оларға уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат беріледі.
2) Бір жасқа дейінгі баласын емізетін анаға осы медициналық мекемеде болған күндерінің бәрінде баласын күту уақытында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
3) Анасы (әкесі) немесе басқада адамға, стационарда жатқан балаға күтім жасап жатқан, тегін жататын төсекпен қамтамасыз етіледі.
-
Мектеп жасындағы балалар стационарда емделу уақытында стационар жағдайында үзіліссіз білім алуға құқығы бар.
-
Диагнозды қоюға қиыншылық туғызған жағдайларда, беріліп жатқан емнің оң нәтижесі болмағанда және де тағы басқа да көрсеткіштер болған жағдайларда, емдеу бөлімі бастығының орынбасары емдеуші дәрігерден біліктілігі жоғары мамандардын немесе басқа профильді мамандардың кеңесіне жүгінеді, немесе қажет жағдайда республика деңгейіндегі мамандарды шақыртып консилиум ұйымдастырады (үштен кем емес жоғары дәрежелі мамандардың немесе басқа мамандардың қарауы, қажетті жағдайларда диагноз қою, емдеу тактикасын және болжамын анықтау мақсатымен науқасқа қосымша тексеру әдістерін жасайды). Науқас кеңес жасайтын немесе консилиумға қатысатын мамандарды таңдауға құқылы.
-
Ауруханадан шығаруға қарасты көрсеткіштерге жатады:
1) Жалпылай алынған аурудың аяқталу жолдары (жазылу, жағдайының жақсаруы, өзгеріссіз, қайтыс болу, басқа медициналық мекемеге ауыстырылуы);
2) Науқастың жазбаша арызына байланысты (немесе оның заңды өкіліне қарасты) емдеу курсының аяқталғанына дейін, егерде науқастың денсаулығына және оны қоршаған адамдарға қауіп-қатер туғызбаса. Бұл жағдайларда емдеуші дәрігер науқасқа емнің аяқталмаған салдарынан болуы мүмкін өзгерістер туралы мәлімет беріледі.
-
Егер аурухананың бекітілген ережелерін және күн тәртібін бұзған болса, және де емдеу-диагностикалық процессіне кедергі туғызылса, басқа науқастардың медициналық көмекпен қамтамасыз ету құқықтарына зиян келсе, онда науқас емін бітірмей жатып ауруханадан шығарылады (егер науқастың өміріне қауіп- қатер төнбеген жағдайда) медициналық ұйымның бастығының шешімі бойынша және медициналық құжатында белгі қойылады.
-
Науқас стационардан шыққанда оның қолына форма 027/у беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, жүргізілген тексеру әдістерінің көлемі, жасалған емдеу шаралары және одан да кейінгі науқасты бақылау және емдеу үшін берілген нұсқаулар жазылады.
-
Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шет ел өкілдері ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы, егер олар шұғыл аурулармен ауырып қоршаған ортаға қауіп туғызған жағдайларда.
-
Қосымша медициналық ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінен артық 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2299 Қазақстан Республикасының қайта қалпына келтіру құжатына «денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету және ережелерінің бекіту туралы» сәйкес көрсетіледі.
Тарау ІІ
МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Мейірбикелік үрдіс – бұл науқастың қажеттіліктеріне бейімделген, мейірбикелік көмектік көрсетілуінің ғылыми-негізделген жүйелік көзқарас. Мейірбикелік үрдіс науқастың мәселелерін шешу арқылы оның өмірлік қасиеттерін сақтауға негізделген.
-
Мейірбикелік үрдістің кезеңдерінің мінездемесі
Мейірбикелік үрдістің мақсаты: науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру.
Мейірбикелік үрдіс бес кезеңнен құралады:
-
мейірбикелік зерттеу;
-
мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);
-
мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;
-
ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;
-
мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.
1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:
-
Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.
-
Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальді қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.
-
Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау: отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;
Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің анализі науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, медициналық қызметкерлерден зәру).
Мейірбикелік үрдіс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үрдіске ауыстырыла алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үрдіс әр түрлі мақсатты көздейді.
Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау. Мейірбикенің мақсаты –науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)
1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
Диагностиканы жүргізу үшін «денсаулық» және «ауру» түсініктерінің мағынасын анық білу керек. БДҰ сарапшыларының белгілеуі бойынша «денсаулық» – бұл тек аурудың болмауы мен мүгедектіксіздік қана емес, ол ағзаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сақтандығы. Ауру (morbus) – бұл ағзаның сыртқы ортаның факторларының ықпалына, арнайы инфекциялық агенттерге жауап қайтару реакциясы, туа біткен бұзылыс немесе осы факторлардың қиылысуы. Әр ағза ерекше және әр қайсысы ауруға әр түрлі жауап қайтарады, сондықтан бір аурудың клиникалық белгілері әр науқаста әрқалай болуы мүмкін. Яғни, аурудың клиникалық белгілері екі факторға байланысты қарастырылады: ағзаның/тіндердің зақымдануы және ағзаның ауруға жауап қайтарып, әрекеттесуі.