ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1920

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп

      1. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауға және сақтауға міндетті.
      2. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті.
      3. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс.
      4. Қалдықтардың меншік иелері өзінің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметі туралы жыл сайынғы есебін Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан өздері дайындайтын бұйымдар және содан құралатын қалдықтар туралы мәліметтер талап етуге құқылы.
      6. Қалдықтар саласындағы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес табыс етіледі.
      Ескерту. 296-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу
                көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды
                ынталандыру

      1. Қалдықтардың құралу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) процесінде қалдықтарды кәдеге жарататын, оларды жинау мен дайындауды, кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату үшін жабдықтар жасап шығаруды ұйымдастыратын, қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға пайлық үлеспен қатысатын шаруашылық қызмет субъектілерінің қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту және қауіптілік деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларын ынталандыру жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды кәдеге жаратуға және олардың құралу көлемін азайтуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды.
      
Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ
САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары

      1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі.
      2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.
      3. Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
      4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптамадан;
      2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге жатады.
      5. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті объектілер болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.
      
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының
                сыныптары

      1. Қалдықтар орналастырылатын әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне жатқызылуға тиіс:
      1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      3) 3-сынып - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.
      2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды.
      
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына
                қойылатын экологиялық талаптар

      1. Қауіпсіз қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы мүмкін.
      2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуға тиіс.
      3. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтардың полигондарына орналастыруға тыйым салынады.
      4. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау критерийлері былайша айқындалады:
      1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;
      2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету;
      3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы;
      4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер;
      5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына қойылатын шектеулер;
      6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері.
      5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады.
      6. Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға тиіс.
      7. Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуға тиіс.
      8. Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
      9. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуге тиіс.
      10. Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады.
      11. Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорын құрады.
      Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады.
      12. Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
      13. Полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      
Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар

      1. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады:
      1) сұйық қалдықтар;
      2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар;
      3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар;
      4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары;
      5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;
      6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар;
      7) пестицидтер;
      8) қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар.
      2. Қабылдау критерийлерін орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.
      3. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
      
Ескерту. 301-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған
                
полигондарда орналастыруға тыйым салынатын
                
өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Коммуналдық қалдықтар полигондарында мынадай өнеркәсіптік қатты және шлам тектес қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады:
      1) хлор өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:
      синтетикалық каучук, хлор, каустика өндірісінің құрамында сынап пен оның қосындылары бар графитті шламы;
      метанол, оргшыны өндірісінің құрамында метанол бар қалдықтары;
      монохлорсірке қышқылының құрамында гексахлоран, метанол, трихлорбензол бар тұздар өндірісінің шламдары;
      ДДТ, уротропин, цинеб, мыстың үш хлорфеноляты, тиурам-Д тасымалы үшін пайдаланылған қағаз қапшықтар;
      мыстың үш хлорфеноляты өндірісінің құрамында үш хлорфенол бар шламдары;
      пластополимерлер өндірісінің құрамында бензол мен дихлорэтан бар пайдаланылған катализаторлары;
      құрамында хлоропрен бар коагулюм және омега полимерлері;
      үшхлорбензол қалдықтары, тыңайтқыштар өндірісінің құрамында гексахлоран, үшхлорбензол бар қалдықтары;
      2) хром қосындыларын өндіру жөніндегі химия өнеркәсібінің қалдықтары:
      натрий монохроматы және хлорлы натрий өндірісінің шламы, калий биохроматы өндірісінің құрамында алты валентті хром бар қалдықтары;
      3) сода өндіру жөніндегі өнеркәсіптің құрамында мырышы бар мырыш күйігі қалдықтары;
      4) жасанды талшық өндірісінің қалдықтары:
      құрамында диметилтерефталат, терефтал қышқылы, мырыш, мыс бар шламдар;
      капролактамды сүзуден қалған, құрамында капролактам бар қалдықтар;
      метанолиз қондырғысының құрамында метанол бар қалдықтары;
      5) сырбояу өнеркәсібінің қалдықтары:
      сыр мен эмаль қабықтары, құрал-жабдықтарды тазалау кезіндегі құрамында мырыш, хром, ерітінділер, тотықтырғыш майлар бар қалдықтар; құрамында мырыш пен магний бар шламдар;
      6) химиялық-фотография өнеркәсібінің қалдықтары:
      гипосульфит пен сусыз сульфит өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;
      магниттік сырдың, коллодийдің, бояулардың құрамында бутиллацетат, толуол, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;
      7) пластмасса өндірісінің құрамында фенол бар қалдықтары;
      8) азот өнеркәсібінің қалдықтары:
      коксты газды тазалау қондырғысынан алынған шлам (шайырлар) және синтез бен компрессия цехының құрамында канцерогенді заттар бар пайдаланылған майлары;
      моноэтаноламинді айдаудан қалған, құрамында моноэтаноламин бар текшелі қалдық;
      9) мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің қалдықтары:
      майларды, парафинді тазалаудан қалған, құрамында хром мен кобальт бар алюмосиликатты адсорбент;
      құрамында отыз проценттен астам күкіртті қышқыл бар қышқыл гудрондар;
      кокс алудың және жартылай коксты газдандырудың құрамында фенол бар фустары мен фусты-шайырлы қалдықтары;
      құрамында хром бар пайдаланылған катализаторлар;
      құрамында майлар бар пайдаланылған саз;
      алкилфенолды құю қондырғыларынан алынған сүзу процесінің құрамында мырыш бар қалдықтары;
      10) машина жасау қалдықтары:
      құрамында хром бар төгінділердің хромды шөгіндісі;
      құрамында циан бар төгінділердің цианды шөгіндісі;
      органикалық байластырғыштағы құрамында хром бар стерженьді қоспалар;
      вакуумды сүзгілерден, гальвандық цехтарды ыдырату станцияларынан кейінгі құрамында мырыш, хром, никель, кадмий, қорғасын, мыс, хлорофос, тиокол бар шөгінді;
      11) медицина өнеркәсібінің қалдықтары:
      синтомицин өндірісінің құрамында бром, дихлорэтан, метанол бар қалдықтары;
      байыту қалдықтары мен құрамында ауыр металдардың тұздары бар шламдар.
      Ескерту 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы
               талаптар

      1. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары орналасатын жерлерде:
      1) полигон шекарасынан тұрғын үй және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтыққа;
      2) жер асты, жер үсті суларының немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;
      3) геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға;
      4) учаскедегі су басу, ойысу, шөгу немесе сел жүру қатеріне;
      5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға қатысты талаптар ескерілуге тиіс.
      2. Полигонның сипаттарына және метеорологиялық жағдайларға қарай:
      1) полигон бойына судың кенеттен келуін бақылау;
      2) қалдықтарды көму орнына жер беті және (немесе) жер асты суларының келуін болдырмау;
      3) ласталған суды және сүзінді суды сарқынды сулар үшін белгіленген нормативтерге дейін жинау және өңдеу көзделуге тиіс.
      3. Қоқыс газды жинау, өңдеу мен пайдалану қоршаған ортаға залалды немесе оның нашарлауын және халықтың денсаулығы үшін тәуекелді барынша азайтатын тәсілмен жүргізілуге тиіс.
      4. Қалдықтарды көму полигондарының жұмыс істеу салдарларын:
      1) иістер мен шаңдардың эмиссиясын;
      2) жел айдап тарататын материалдарды, қосындылар мен аэрозольдарды;
      3) шу мен қозғалысты;
      4) құстарды, паразиттер мен жәндіктерді;
      5) өрттерді барынша азайту үшін шаралар қабылдануға тиіс.
      5. Қалдықтарды орналастыру полигоны ластың учаскеден қоғамдық жолдарға және жақын маңдағы аумаққа шығарылмайтындай етіп жабдықталуға тиіс.
      6. Полигон учаскеге басқа тұлғалардың еркін кіруінен қорғалуға тиіс. Әрбір техникалық құралға бақылау жасау және оған қол жеткізу жүйесі құралдардың заңсыз пайдаланылуын анықтайтын және оған кедергі келтіретін шаралардың бағдарламасын қамтуға тиіс.
      7. Қалдықтарды орналастыру полигондарын басқаруды полигонды пайдалануға техникалық құралдары бар және полигон қызметкерлерін кәсіби және техникалық біліммен және тренингпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      8. Жол берілетін әсер ету деңгейі қалдықтарды көму полигоны жобасының негізінде полигон орналасқан жердегі өзіндік гидрогеологиялық жағдайларды назарға ала отырып, экологиялық рұқсатта айқындалуға тиіс.
      9. Полигонға Қазақстан Республикасының Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізілген жеке тіркеу нөмірі беріледі. Полигон иесі полигонға қабылданатын қалдықтардың есебін жүргізуге арналған құжат айналымы жүйесін әзірлеуге тиіс.
      10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды.
      11. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға орналастырылатын қалдықтардың түрлері мен саны туралы және жоспарлы бақылаудың нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
      
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


      304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері

      1. Қалдықтарды полигонға тапсыратын қалдықтардың меншік иесі полигонның иесіне қалдықтарды белгілі бір түрге жатқызуды растайтын және қауіпті қалдықтар паспортының көшірмесімен қауіпті қалдықтарға ілесіп жүретін, олардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы дұрыс ақпаратты табыс етуге міндетті.
      2. Полигондардың иелері қалдықтардың осы полигонға орналастыруға рұқсат етілген және оларды орналастыру құқығы экологиялық рұқсатпен расталған түрлерін ғана полигонға қабылдауға құқылы.
      3. Полигонның иесі қалдықтар қабылдаудың мынадай рәсімдерін сақтайды:
      1) қауіпті қалдықтардың паспортын қоса алғанда, қалдықтар құжаттамаларын тексеру;
      2) қалдықтарды кіреберісте және орналастырылатын жерде көзбен шолып қарап тексеру;
      3) қалдықтар құрамын қалдықтардың меншік иесі табыс еткен құжаттамадағы жазбамен салыстыру;
      4) шығарылған жерін, әкеліну күнін, шығарушысын немесе жинаушысын бірдейлендіруді, ал қауіпті қалдықтар бар болғанда - олардың полигондағы нақты орналасу орнын көрсете отырып, орналастырылған қалдықтардың саны мен сипаттамасының есебін жүргізу;
      5) полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін қалдықтардың әрбір тобына дозиметрлік бақылау жүргізу қажет.
      4. Полигонның иесі учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғанын жазбаша растауды тұрақты түрде қамтамасыз етуге және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Қалдықтардың түсетін массасын анықтау үшін қабылдау пункттерінде өлшеуіш аспаптары орналастырылады.

      305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен
               мониторинг

      1. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізілгені туралы есеп береді.
      2. Полигонның иесі бақылау және мониторинг нәтижесінде анықталған, қоршаған ортаға қолайсыз әсер туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге, сондай-ақ қабылданылатын түзету шараларының сипаты мен мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс.
      3. Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды аккредиттелген зертханалар орындауға тиіс.
      4. Сүзінді су мен жер бетіндегі судың сынамасы репрезентативті пункттерде іріктелуге тиіс. Сүзінді суды іріктеу мен оның көлемін және құрамын өлшеуді жүзеге асыру учаскенің сүзінді су құралатын әрбір пунктінде жеке орындалуға тиіс.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен 
әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі жүргізіледі.
      6. Іріктеу мен талдауды жүзеге асырудың жиілігі қоршаған ортаға эмиссия рұқсатына қоса берілетін мониторинг бағдарламасында негізделеді.
      7. Өлшенетін параметрлер мен талданатын заттар орналастырылатын қалдықтардың құрамына қарай түзетіледі.
      8. Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс. Параметрлер су сапасындағы бұрын анықталған өзгеріске кепілдік беру үшін индикативтік көрсеткіштерді қамтуы мүмкін.
      
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.