ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1935

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      58-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру
               кезiндегi келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi

      1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен не сот тәртiбiмен қаралады. 
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мәселелерi бойынша келiспеушiлiктердi кез келген мүдделi тараптың, оның iшiнде белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушiнiң, жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган келiссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы келiспеушiлiктердiң нысанасы бола алмайды.

      59-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру

      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      60-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

      1. Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi. 
      2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды.
      Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының 
Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.
      3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн.
      
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      61-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы - қоғамдық бiрлестiктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiледi және сараптама комиссиясының қызметiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылады. 
      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:
 
      1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар мен материалдар сұратуға;
 
      2) сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия құруға;
 
      3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.
      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:
 
      1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;
 
      2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелерi туралы жұртшылықтың хабардар етiлуiн және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзiрлеуде қоғамдық пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге;
 
      3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделi тараптар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


      62-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары

      1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық бiлiмi бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады. 
      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды:
 
      1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнiң өкiлi;
      2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушiнiң өкiлi;
      3) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жеке тұлға;
 
      4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкiлi.
      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.
      4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар.
      Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы:
      1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;
 
      2) экологиялық сараптама объектiсi бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының объективтiлiгi мен негiздiлiгiн, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделi жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктерден келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстардың ескерiлуiн қамтамасыз етуге;
 
      3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлiк меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      63-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi
               тапсырыс берушiсiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң жеке немесе заңды тұлғасы қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушi болып табылады.
      2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушiнiң:
 
      1) белгiленiп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердiң қорғалуына;
 
      2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткiзуге;
 
      3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткiзiлетiн қоғамдық тыңдауға және өзге де iс-шараларға қатысуға;
 
      4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергiлiктi атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсiндiрмелерi мен түсiнiктемелерiн беруге құқығы бар.
 
      3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсi:
 
      1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажеттi құжаттар мен материалдарды беруге;
 
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге мiндеттi.


      64-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру

      Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру: 
      1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргiзетiн қоғамдық бiрлестiктердiң өз қаражаттары;
 
      2) ерiктi қайырмалдықтар, өтеусiз негiзде ұсынылған гранттар;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынбаған өзге көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу тәртiбi

      1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады. 
      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi.
      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу туралы өтiнiште:
      1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
      2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;
 
      3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәлiметтер;
 
      4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
 
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылмаса, ол тiркелдi деп есептеледi.
 
      5. Егер:
 
      1) бұрын осы oбъектiге қатысты екi рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзiлсе;
 
      2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қамтитын болса;
 
      3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бiрлестiктiң қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметi көзделмесе;
 
      4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң белгiленiп отырған мемлекеттiк экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.
 
      6. Жергiлiктi атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерiн дәлелдi түрде негiздей отырып, жазбаша хабарлайды.

      66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi. 
      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:
 
      1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;
 
      2) тапсырыс берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң атауы мен орналасқан жерi;
      3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштiң жергiлiктi атқарушы органда тiркелгенi туралы мәлiметтер;
 
      4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмдерi;
      5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесiнде пайдаланылған басқа да құжаттардың тiзбеленiп көрсетiлуi;
      6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерiнiң құрамы;
 
      7) сараптама нәтижелерiнiң баяндалуы;
 
      8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу жөнiндегi тапсырмалардың сипаты;
 
      9) қоғамдық экологиялық сараптама процесiнiң, оның iшiнде жұртшылықпен, тапсырыс берушiмен және басқа да мүдделi тараптармен өзара iс-қимыл жасасудың сипаттамасы;
 
      10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиiс.
 
      3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:
 
      1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды;
 
      2) тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға әсерге жүргiзген  бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;
 
      3) жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу;
 
      4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi;
 
      5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.
      4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
 
      5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:
      1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға;
 
      2) осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға;
 
      3) жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне;
 
      4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға;
 
      5) бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi.


      67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерiн
               
пайдалану

      1. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бiр ай iшiнде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзiнiң түсiндiрмелерiн мемлекеттiк экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жiберуге мiндеттi.
      2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қаралуға тиiс. Қарау нәтижелерi қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс.
      3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн.
      Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде де ескерілуі мүмкін.
      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

      68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi

      Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар: 
      1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
 
      2) кешендi экологиялық рұқсаттар берiледi.
      Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының 
Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттың нысанасы болып табылмайды.
      
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

      1. Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi.
      3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
 
      4. Өз меншiгiнде өндiрiстiк объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн:
 
      1) бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтiнiм бере алады;
      2) әртүрлi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объектiнiң орналасқан жерi бойынша өтiнiм беруге тиiс.
      5. Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесiнде жүретiн болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етiлмейдi.
      
Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      70-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұны

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:
      1) табиғат пайдаланушы және ол жүргiзiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәлiметтердi;
      2) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн;
      3) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерiн;
      4) рұқсаттың қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi іс-шаралар жоспарын қамтитын, белгіленген үлгідегі құжаттар жиынтығы болып табылады.
      5)
 алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-1.
 Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган 
бекiтедi.
      
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      71-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап
               
етiлетiн объектiлердiң санаттары

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн табиғат пайдаланушыларға рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып төрт санатқа бөлiнедi.
      2. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады.
      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады.
 
      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады.
 
      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады.
      2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері IV санатқа жатады.
      3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, II санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, III санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, IV санат объектілеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады.
      4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      
Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.