ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1891
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
145-бап.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингi
бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс
iстеу
негiздерi
Қоршаған
орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң
бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi:
1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен
жүргiзу, Қоршаған орта мен табиғи
ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi және
жеткiлiктi әдiстемелiк база;
2) қоршаған ортаның жай-күйiн айқындайтын
нормативтердi, оған антропогендiк әсер
ететiн нормаларды, қоршаған ортаның
жай-күйiн бағалау мен болжау, табиғат
қорғау қызметiнде басқарушылық шешiмдердi
шығару және қабылдау жөнiндегi жұмыстарды
орындау үшiн негiз болып табылатын
экологиялық қауiпсiздiк нормаларын
әзiрлеу және белгiлеу;
3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерi
мен элементтерiн құру және жұмысын
ұйымдастыру үшiн қажеттi талаптарды,
ережелер мен рәсiмдердi регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау
және қолданысқа енгiзу;
4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерiн
алуға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк
құжаттарды әзiрлеудi және енгiзудi
ұйымдастыру;
5)
ақпараттық жүйелердiң құрылымдарын,
деректер базасының жүйелерiн, жiктеуiштердi,
деректер сөздiктерiн және құжаттардың
бiрiздендiрiлген нысандарын әзiрлеу;
6) техникалық қамтамасыз ету;
7) талдамалық зертханаларды және
мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ететiн
басқа да бөлiмшелердi аккредиттеудi
ұйымдастыру негiзiнде жұмыс iстейдi.
145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау
1.
Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның
ішінде желіге бөлінген жер учаскелері
мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік
тек қана мемлекеттік меншікке жатады
және мемлекеттің қорғауында болады
әрі жекешелендіруге жатпайды.
2. Стационарлық және жылжымалы бақылау
жасау пункттерінің қызметін ұйымдастыру,
олардың орналасқан жерін (дислокациялау
орнын) айқындау жергілікті атқарушы
органдардың келісімімен қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органның
шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген бақылау жасау
пункттерінің қызметін тоқтату тек
қана қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның шешіміне сәйкес
жүзеге асырылады.
3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы
туралы анық ақпарат алу мақсатында
стационарлық бақылау жасау пункттерінің
айналасында шаруашылық қызметке шектеу
қойылатын қорғау аймақтары құрылады.
Стационарлық бақылау жасау пункттері
туралы ережені қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне
кіретін стационарлық байқау пункттеріне
өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын
болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан
Республикасының жер
заңнамасында айқындалған
тәртіппен сервитуттар белгіленуі
мүмкін.
Ескерту.
16-тарау 145-1-баппен толықтырылды - ҚР
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N
239-V(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы
1.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет
мемлекеттік бақылау жасау желісін
пайдалана отырып, қоршаған ортаның
жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық
және гидрологиялық мониторингті
жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық
гидрометеорологиялық қызмет бюджет
қаражаты есебінен құрылады және жұмыс
істейді.
Метеорологиялық
және гидрологиялық мониторингтерді
және қоршаған ортаның жай-күйіне
мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет
мемлекеттік монополияға жатады және
оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімі бойынша құрылған, шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорын – ұлттық
гидрометеорологиялық қызмет жүзеге
асырады.
Мемлекеттік
монополия субъектісі өндіретін және
(немесе) өткізетін тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
бағаларын монополияға қарсы органмен
келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Гидрометеорологиялық қызмет осы
Кодекске, Қазақстан Республикасының
техникалық реттеу туралы заңнамасына және
Қазақстан Республикасының өлшем
бірлігін қамтамасыз ету
туралы заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет
азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік
жүйесінің құрамына кіреді және өз
қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан
Республикасының азаматтық қорғау туралы
заңнамасына сәйкес
жүзеге асырады.
4.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет
осы Кодекске және «Жұмылдыру дайындығы
және жұмылдыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріне ақпарат ұсынады.
Ескерту.
16-тарау 145-2-баппен толықтырылды - ҚР
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N
34-V(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 №
189-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 29.09.2014 N
239-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
146-бап.
Қоршаған орта мен табиғи
ресурстар
мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiн
қаржыландыру
1.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесi бюджет қаражаты және Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де көздер есебiнен
қаржыландырылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiн қаржыландыру:
1) мониторингтiң республикалық деңгейiн
жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау
көрсетуге;
2)
мониторингтiң және оның кiшi жүйелерiнiң
жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету,
ғылыми-техникалық бағдарламаларды
орындау үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi
жасауға;
3) мониторингтiң
аумақтық деңгейiн жасауға және оның
жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге, оны
дамыту мүддесi үшiн ғылыми-техникалық
өнiмдi жасауға арналып көзделедi.
Ескерту.
146-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 №
124-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
17-тарау.
ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН
МЕМЛЕКЕТТIК
ЕСЕПКЕ АЛУ
147-бап.
Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн
есепке
алуды жүргiзудiң мiндеттерi мен принциптерi
1.
Қоршаған ортаның ластану учаскелерi
мен объектiлерiн мемлекеттiк есепке алу
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес белгiленген нормативтерден
жоғары деңгейде зиянды, оның iшiнде шығу
тегi табиғи заттармен ластанған қоршаған
орта учаскелерi мен объектiлерiн
сипаттайтын сандық және сапалық
көрсеткiштердi жүйелi түрде айқындау
мен бекiту болып табылады.
2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн
мемлекеттiк есепке алудың деректерi
олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн
өнеркәсiптiк және экологиялық
қауiпсiздiгiнiң, зерделенуiнiң, пайдаланылуының
және рекультивациялануының дәрежесiн
сипаттайды.
3. Қоршаған
ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк
есепке алуды арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдардың тапсырысы бойынша табиғат
пайдаланушылар және қоршаған орта мен
табиғи ресурстар мониторингiн жүзеге
асыратын ұйымдар ұсынатын деректердiң
негiзiнде қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
148-бап.
Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн
есепке
алуды жүргiзудiң тәртiбi және
олардың
тiзiлiмдерi
1.
Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмi ластану учаскелерiнiң
түрлерi мен шығу көздерi, олардағы
ластаушы заттардың көлемi мен шоғырлану
көлемi, ластану учаскелерiнiң тиесiлiгi
және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы
деректер жинақталатын деректер банкi
болып табылады.
2.
Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмi орталық және аумақтық
тiзiлiмдерден тұрады. Мемлекеттiк
тiзiлiмнiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруды
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмi бюджет қаражаты
есебiнен жүргiзiледi.
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
149-бап.
Табиғи ресурстардың мемлекеттiк
кадастрларының
бiрыңғай жүйесi
1.
Қазақстан Республикасының табиғи
ресурстары мемлекеттiк кадастрларының
бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың
бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының
табиғи және экономикалық әлеуетiнiң
бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн
жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының
табиғи ресурстары мемлекеттiк
кадастрларының барлық түрлерiн
бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе
ретiнде құрылады және жүргiзiледi.
2. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк
кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамалық
актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи
ресурстардың сандық және сапалық
көрсеткiштерi туралы ақпараттың
жүйелендiрiлген жиынтығы болып
табылады.
3. Қоршаған
ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су,
орман, топырақ, жер қойнауы, өзара
байланыста болатын өсімдіктер мен
жануарлар дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай
жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.
4. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен
оларды пайдалану есебi деректерiнiң
негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi
түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын
арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен
бiрлесiп жүргiзедi.
5. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк
кадастрлары жүйесiнде географиялық
байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны
көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған
кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы
цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер
қамтылады.
6.
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң
негiзгi принциптерi:
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну
технологиясының бiртұтастығы;
2) автоматтандырылған ақпараттық
технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың
объективтiлiгi болып табылады.
150-бап.
Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы
мен
мазмұны
Кадастрлардың
бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке
алу объектiлерi құрайды, олар бойынша
мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi
мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер
ресурстарын басқару саласындағы орталық
уәкiлеттi орган - жалпы республика
бойынша, ал оның аумақтық органдары -
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер
үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын
пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су
қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын
зерттеу мен пайдалану саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы
республика бойынша, ал оның аумақтық
органдары - өзендер бассейнi және
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша -
орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган - жалпы республика
бойынша, ал оның аумақтық органдары -
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
4) кен орындарының және пайдалы қазбалар
көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық
түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры
бойынша - жер қойнауын зерттеу және
пайдалану саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган - жалпы республика
бойынша, ал оның аумақтық органдары -
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы
республика бойынша, ал оның аумақтық
органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер
шегiнде;
6) жануарлар
дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша
- жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру
және пайдалану саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган - жалпы республика
бойынша, ал оның аумақтық органдары -
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде.
151-бап. Ақпарат беру
1.
Табиғи ресурстардың кадастрлары
шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке
алу мен тiркеудiң нәтижелерiн арнайы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға өтеусiз бередi.
2. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiне
енгiзiлген объект туралы деректерде:
1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар
бекіткен есептік материалдар, объект
паспорты және статистикалық ақпарат;
2) объектiлердiң кеңiстiктегi жағдайы
туралы картографиялық материал және
аумақтарды кешендi бағалау үшiн қажеттi
басқа да деректер қамтылуға тиiс.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың
тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге
асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдардың кадастрларында қамтылатын
ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге
мiндеттi.
Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР
2010.03.19 №
258-IV Заңымен.
19-тарау.
ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК
КАДАСТРЫ
152-бап.
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының
мемлекеттiк
кадастры
1.
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының
мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi -
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры)
қалдықтарды орналастырудың әрбiр
объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын
көрсете отырып) бойынша геоақпараттық
жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi,
олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық
қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға
қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк
құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi,
оларды сақтаудың, көму мен тастаудың
техникалық, гидрогеологиялық және
экологиялық шарттары, оларды пайдалану
мен залалсыздандыру технологиялары
негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен
толықтырылатын және нақтыланатын
бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып
табылады.
2. Барлық
қалдық түрлерi және қалдықтарды
орналастыру объектiлерi Қалдықтардың
мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға
тиiс.
153-бап.
Қалдықтардың мемлекеттiк
кадастрының
мақсаттары мен мiндеттерi
1.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры
мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке
және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны
қорғауға қатысты технологиялық,
экономикалық, құқықтық және басқа да
шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн
ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ
қалдықтардың жалпы мемлекеттiк кешендi
есебiн жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын
жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк,
өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық
жүйелердi және деректер банкiн қалдықтар,
оларды өңдеудiң қасиеттерi мен
технологиялары бойынша ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
154-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
1.
Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға мына
құжаттаманы:
1)
қауiптi қалдықтардың паспортын;
2) қалдықтарды түгендеу материалдарын;
3) нысанын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қауiптi
қалдықтар бойынша есептердi;
4) мыналарды:
облыстың
(республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органының
қалдықтарды жинақтауға және жоюға
арналған жер учаскесiн бөлу туралы
шешiмiн;
жер учаскесi
орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi
шеңберiнде облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың)
жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық
маңызы бар қалалардың, кенттердiң,
ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi
растаған, жер учаскесiнiң шекараларын
белгiлеу және жер учаскесiне құқық
белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы
анықтаманы;
қалдықтарды
орналастыру объектiлерiн құрудың
техникалық-экономикалық негiздемесiн;
қалдықтарды орналастыру объектiлерiн
құруға арналған мемлекеттiк экологиялық,
санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар
мен Қазақстан Республикасының жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы заңнамасына сәйкес
жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын
қамтитын, қалдықтарды орналастыру
объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3)
тармақшаларында аталған құжаттама есеп
беру жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан
1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл
сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштермен
берiледi.
Осы баптың
1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында
аталған құжаттама оны өзгерткен жағдайда
қайта ұсынылады.
Ескерту.
241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 №
121-V Конституциялық
заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).