ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1914
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
196-бап.
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру
кезiндегi
экологиялық талаптар мен
мiндеттемелердi
есепке алу
1.
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде
жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк
берiлген мемлекеттiк
орган экологиялық
талаптардың сақталуын қамтамасыз
етедi.
2. Кәсiпорындарды
және өзге де объектiлердi жекешелендiру
кәсiпорынды және өзге де объектiнi
жекешелендiру жоспарында көзделуге
тиiстi экологиялық жай-күйдi тексерудiң
нәтижелерi ескерiле отырып жүзеге
асырылады және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен
жүзеге асырылады.
197-бап.
Экологиялық қауiптi шаруашылық және
өзге де
қызметтер түрлерiн жүзеге асыратын
табиғат
пайдаланушы заңды тұлға банкрот болған,
қайта
ұйымдастырылған және таратылған
кездегi
экологиялық талаптарды есепке алу
1.
Экологиялық қауiптi шаруашылық және
өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге
асыратын табиғат пайдаланушы заңды
тұлғаның банкроттығы туралы iс қозғалған
кезде мiндеттi экологиялық аудит
жүргiзiледi.
Табиғат
пайдаланушы заңды тұлғаның банкроттығы
туралы iстi жүргiзу кезiнде мiндеттi
экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке
алу қамтамасыз етiледi.
2. Экологиялық қауiптi шаруашылық және
өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге
асыратын табиғат пайдаланушы заңды
тұлғаны қайта ұйымдастыру мiндеттi
экологиялық аудиттiң нәтижелерiн есепке
ала отырып және оларды бөлу балансында
(бөлiну немесе бөлiп шығару нысанындағы
қайта ұйымдастыру кезiнде) және өткiзу
балансында (бiрiгу нысанындағы қайта
ұйымдастыру кезiнде) көрсете отырып
жүргiзiледi.
3.
Экологиялық ықтимал қауiптi шаруашылық
және өзге де қызметтер түрлерiн жүзеге
асыратын табиғат пайдаланушы заңды
тұлғаны тарату кезiнде оның нәтижелерi
тарату балансында мiндеттi түрде
көрсетiлетiн жоспардан тыс инспекторлық
экологиялық тексеру тағайындалады.
29-тарау.
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
198-бап.
Шаруашылық және өзге де объектiлердi
жобалауға
қойылатын
экологиялық талаптар
1.
Кәсiпорындарды, ғимараттар мен
құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл
шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау
жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық
құрылыстарды, көлiк және байланыс
объектiлерiн, технологиялық процестердi,
бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да
объектiлердi жобалау кезiнде:
1) қоршаған орта сапа нормативтерiнiң
сақталуы;
2) қауiптi
қалдықтардың залалсыздандырылуы және
кәдеге жаратылуы;
3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың
пайдаланылуы;
4)
қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың
тиiмдi шараларының қолданылуы;
5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды
пайдалану көзделуi тиiс.
2. Мыналар:
1) мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың;
2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект
жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық
сараптаманың оң қорытындылары жоқ
жобаларды қаржыландыруға және iске
асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
29.12.2014 №
269-V Заңымен
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
199-бап.
Жалпы экологиялық талаптар және
табиғат
пайдаланушылардың шаруашылық және өзге
де
объектiлердi пайдалануға беру мен
пайдалану
кезiндегi жауапкершiлiгi
1.
Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге
де объектiлердi пайдалануға беру жобада
көзделген барлық экологиялық талаптар
толық көлемде орындалған жағдайда
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын
қабылдау комиссиясының актiсi бойынша
жүргiзiледi.
2. Қауiптi
қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi
залалсыздандыру және кәдеге жарату
жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау
нормативтерiн қамтамасыз ететiн
жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi
рекультивациялау, табиғи ресурстарды
молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi
жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай
кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге
де объектiлердi пайдалануға тыйым
салынады.
3. Шаруашылық
және өзге де объектiлердi пайдалануды
жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:
1) өзiне бөлiнген аумақта жұмысты
экологиялық қауiпсiздiк талаптарын
сақтай отырып жүргiзу;
2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi
жөнiндегi белгiленген құжаттаманы жүргiзу
және бүкiл қызметi бойынша мемлекеттiк
органдарға белгiленген есептiлiктi
беру;
3) мемлекеттiк
бақылаушы органдар инспекцияларының
жұмысына жәрдемдесу және заңды
нұсқамаларды белгiленген мерзiмде
орындау үшiн жауаптылықта болады.
4. Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды
ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы
органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап
беретiн арнайы бөлiмше құруға не
қызметкердi тағайындауға;
2) қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiн,
қоршаған ортаны және мүлiктi қорғау
мақсатында барлық операцияларды неғұрлым
қауiпсiз тәсiлмен жүргiзуге және жабдықтарды
қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
3) барлық қызмет түрлерi бойынша қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органның аумақтық органдарымен
келiсiлген, кемiнде бес жылда бiр рет
қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi нормативтiк-техникалық
құжаттарды әзiрлеп, бекiтуге тиiс.
Нормативтiк-техникалық құжаттар жаңа
үлгiлiк ережелер мен нормаларды, жаңа
технологиялық процестердi, қондырғыларды,
машиналар мен аппаратураларды енгiзу
кезiнде де қайта қаралуға тиiс;
4) жұмыс учаскелерiнде (объектiлерiнде)
табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды
адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың
мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және
экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн
жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге
тиiс.
5. Экологиялық
қауiптi объектiлердегi жұмыстарды
ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi табиғат
пайдаланушы әзiрлеген арнайы ережеде
белгiленуге тиiс.
6.
Табиғат пайдаланушыда Қазақстан
Республикасы экологиялық заңнамасының
бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи
катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған
авариялық жағдайларды жою немесе
оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары
болуға тиiс.
7.
Экологиялық талаптардың, нормалардың,
ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын
немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына
қатер төндіретiн қауіпті, сондай-ақ
қоршаған ортаның ластану мүмкiндiгiн
анықтаған қызметкер туындаған жағдайды
жою немесе оқшаулау жөнiндегi шамасы
жететiн барлық шараларды дереу қабылдауға
және ол жөнiнде диспетчерге немесе
басшылыққа хабарлауға мiндеттi.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган, сондай-ақ шаруашылық
және өзге де объектiлердi пайдалануды
жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы
анықталған кемшiлiктердiң белгiленген
мерзiмдерде жойылуын бақылауға тиiс.
9. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға және
экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған
авариялар жазатайым оқиғаларға және
экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған
аварияларды техникалық тексеру және
есепке алу жөнiндегi нұсқаулықтарға
сәйкес тексерiледi. Ерекше жағдайларда
iрi техникалық аварияларды және экологиялық
зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым
оқиғаларды тексеру үшiн комиссия
тағайындалады.
10.
Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға
ластаушы заттар шығарылған және төгілген
авариялар туралы ол анықталған кезден
бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi органға
хабарлауға мiндеттi.
Ескерту.
199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
199-1-бап.
Технологияларға, техника мен жабдыққа
қойылатын
экологиялық
талаптар
1.
Қазақстан Республикасында технологиялардың,
көлік құралдарын қоспағанда, техниканың
және жабдықтың қолданылуы осындай
технологиялардың, техника мен жабдықтың
қоршаған ортаға әсерін бағалау
материалдарымен қоса олардың қолданылуын
негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік
экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
болған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға
табыс етілетін, технологияларды, техника
мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан
Республикасына өткізілетіндерін
(әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі
құжаттама құрамын қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган
айқындайды.
2.
Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық
сараптаманың нәтижелері бойынша
экологиялық қауіпті деп танылған
технологиялар, техника мен жабдық
шаруашылық және өзге де қызметте
қолдануға жатпайды.
Бұл ретте өткізілген (әкелінген),
экологиялық қауіпті деп танылған техника
мен жабдық осы Кодексте, өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптарында, Қазақстан
Республикасының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы, азаматтық
қорғау және техникалық реттеу туралы
заңнамасында белгіленген талаптар
сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға
немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан
Республикасынан тыс жерге әкетілуге
тиіс.
3. Мынадай:
1) қолданылуы осы Кодексте немесе
халықаралық стандарттарда белгіленген
экологиялық талаптарға сәйкес
келмейтін;
2) қолданылуы
нәтижесінде Қазақстан Республикасында
оларды залалсыздандыру немесе кәдеге
жарату жөніндегі технологиялары жоқ
не оларды кәдеге жарату экологиялық
зор қатермен байланысты немесе
экономикалық жағынан тиімсіз болатын
қалдықтар түзілетін технологиялар
экологиялық қауіпті деп танылады.
4. Мынадай:
1) нормативті
пайдаланылу мерзімі аяқталған;
2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан
Республикасының техникалық регламенттерінде
немесе халықаралық стандарттарда
белгіленген экологиялық талаптарға
сәйкес келмейтін;
3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан
Республикасында оларды залалсыздандыру
немесе кәдеге жарату жөніндегі
технологиялары жоқ не оларды кәдеге
жарату экологиялық зор қатермен
байланысты немесе экономикалық жағынан
тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін
техника мен жабдық экологиялық қауіпті
деп танылады.
5.
Мемлекеттік экологиялық сараптама
технологияларды, техника мен жабдықты
экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда
олар экологиялық қауіпті технологиялардың,
техника мен жабдықтың тізіліміне
енгізілуге жатады.
Экологиялық қауіпті технологиялардың,
техника мен жабдықтың тізіліміне
енгізілген технологияларды, техника
мен жабдықты Қазақстан Республикасының
аумағында қолдануға тыйым салынады.
Ескерту.
199-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.06.23 N
164-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз)
Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР
11.04.2014 №
189-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 29.09.2014 N
239-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
30-тарау.
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI
БОЙЫНША
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
200-бап.
Елдi мекендердi жобалауға және
салуға
қойылатын экологиялық талаптар
1.
Қалаларды және басқа да елдi мекендердi
жобалау, салу, реконструкциялау
экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар мен экологиялық қауiпсiздiктi
ескере отырып, халықтың өмiрiне, еңбек
етуi мен демалуына мейлiнше қолайлы
жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Қалалар және басқа да елдi мекендердi
жоспарлау және салу кезiнде оларды
санитарлық тазарту, өндiрiс пен тұтыну
қалдықтарымен қауiпсiз жұмыс iстеу
көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулi
табиғат пайдалану режимi қолданылатын
орманды-саябақты, жасыл және қорғау
аймақтары құрылуға тиiс.
3. Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар,
автомобиль жолдары және өзге де
өнеркәсiптiк объектiлер қолайлы қоршаған
ортаны қамтамасыз ететiн техникалық
регламенттердiң, санитарлық-эпидемиологиялық
ережелердiң, нормалардың, қала құрылысының
талаптары және өзге де талаптар ескерiле
отырып орналастырылуға тиiс.
201-бап.
Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге
де
объектiлердi орналастыруға
қойылатын
экологиялық талаптар
1.
Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де
объектiлер орналастырылатын жерлердi
айқындау қоршаған ортаны қорғаудың
шарттары мен ережелерi сақтала отырып,
аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық
салдарлары ескерiлiп жүргiзiледi.
2. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және
өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде
күзет, санитарлық-қорғау және өзге де
қорғау аймақтары белгiленедi.
202-бап.
Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа
да
объектiлердi
салуға және реконструкциялауға
қойылатын
экологиялық талаптар
1.
Кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де
объектiлердi салу және реконструкциялау
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың,
санитариялық-эпидемиологиялық
сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы
жоғары объектілерді салған және
реконструкциялаған жағдайда) оң
қорытындылары болған кезде және қоршаған
орта сапасының нормативтерiне сәйкес
жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны
немесе жұмыстардың құнын қоршаған
ортаға залал келтiре отырып өзгертуге
жол берiлмейдi.
2.
Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде
жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды
молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды
абаттандыру және қоршаған ортаны
сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға
тиiс.
3. Жоба бекiтiлгенге
дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге
дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға
тыйым салынады.
Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
29.12.2014 №
269-V Заңымен
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
203-бап.
Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және
байланыс
объектiлерiн, ауыл шаруашылығы
мақсатындағы
және мелиорациялау объектiлерiн
пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс
объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану
белгiленген экологиялық талаптар
ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан
негiзделген технологиялар, қоршаған
ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi
тазарту құрылыстары мен санитарлық
күзет аймақтары пайдаланыла отырып
жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi
пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ететiн аз қалдықты және
қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге
тиiс.
2. Жеке және
заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын,
ормандарды және өзге де өсiмдiктердi,
жануарлар дүниесiн ауыл шаруашылығы
қызметiнiң зиянды әсерiнен қорғау
жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға
мiндеттi.
204-бап.
Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын
жасау
мен пайдалану кезiндегi экологиялық
талаптар
Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтауға, шуыл деңгейiн және қоршаған ортаға өзге де терiс әсердi азайту жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
205-бап.
Атом, жылу және су электр
станцияларын
орналастыруға қойылатын экологиялық
талаптар
1.
Атом электр станцияларын орналастыру
және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық
және санитарлық-эпидемиологиялық
сараптамалардың оң қорытындысы болғанда
жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының
жобалары оларды пайдалануды қауiпсiз
түрде шығаруды қамтамасыз ететiн
шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге
жарату жөнiндегi шараларды қамтуға
тиiс.
Атом электр
станцияларын орналастыру, жобалау және
салу кезiнде Қазақстан
Республикасының заңнамасынасәйкес
толық радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi шаралар қабылданады.
2. Жылу электр станцияларының iргелес
аумақтың ауа бассейнiнiң жай-күйiне
зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды
орналастырудың алдында жобаның құрамында
әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр
ластаушы көзi) үшiн жылу электр станциясының
экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiн бақылау көрсеткiштерi (секундына
грамм есебiмен) және жылдық нормативтер
(жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы
қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау
жүргiзiледi.
Бақылау
көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен)
есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды
азайту жөнiндегi тиiстi iс-шараларды
әзiрлеу жылу электр станциялары
жабдықтарының жоспарланып отырған ең
жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып
(жоспарлы жөндеудi, резервке шығаруды
ескере отырып) жүргiзiледi.
3. Су электр станцияларын орналастыру,
жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң
электр энергиясына нақты қажеттiгi,
аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi
орналастыруға арналған жердiң рельефi,
жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi
түрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды
қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi
сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi
ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi
шаралар толық ескерiлуге тиiс.
4. Жобалану және салыну үстiндегi электр
станциялары үшiн қоршаған ортаға
эмиссиялардың нормативтерiн сақтау
оларды пайдалануға қабылдау кезiне
қарай қамтамасыз етiлуге тиiс.