ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1886

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
      2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.
 
      3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган 
бекiтедi.
      4.
 (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10  N 101-IV(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
      
Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн
                пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi
                төлемдер

      Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

      103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық
                ынталандыру

      Ескерту. 103-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      104-бап. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк
                кепiлдiктер беру

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бере алады.

      105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың
                нарықтық тетiктерi

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.
      2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
      
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы


      Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      107-бап. Экологиялық сақтандыру

      1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
      2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      3. Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
      
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАҒАЛАУ

      108-бап. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды
                экономикалық бағалау тәртiбi

      1. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерiн қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындардың құндық көрiнiсi. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтiру фактiсi анықталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қажеттi материалдарды жинау мен талдауды жүргiзедi және келтiрiлген залалға экономикалық бағалауды белгiлейдi.
 
      3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, жер қойнауын заңсыз пайдаланудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес тікелей немесе жанама әдiстермен айқындалады.
      
Ескерту. 108-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi

      1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi неғұрлым тиiмдi инженерлiк, ұйымдық-техникалық және технологиялық iс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтiруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тiрi организмдердi сауықтыруға қажеттi нақты шығындарды анықтаудан тұрады. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары бiрiншi кезекте қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.
 
      Қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның нақты iс-шаралар және оларды жүргiзу мерзiмi көрсетiлген кепiлдiк хатында жазылады.
      3. Залалдың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
 
      4. Залалды тура әдiспен экономикалық бағалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретiнде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлiк және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
 
      5. Тәуелсiз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөнiндегi мiндет қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаға жүктеледi.


      110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi

      1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады. 
      2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай залалды әрбiр ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ,
МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      111-бап. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты мен түрлерi

      1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттiк бақылаудың мынадай түрлерi қолданылады:
      1) экологиялық бақылау;
      2) жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
      3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау;
      4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы бақылау;
      5) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;
 
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау.

      112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
                қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы
                мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

      Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар: 
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкiлеттi орган;
      2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi 
орталық уәкiлеттi орган;
      4) орман шаруашылығы саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
      7) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
      9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
      10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
      11) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 
      12) атом энергиясын пайдалану саласындағы 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      13) 
көлiктi бақылау органдары болып табылады.
      
Ескерту. 112-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      113-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың мiндеттерi

      Мемлекеттiк экологиялық бақылау мынадай мiндеттердi:
      1) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершiлiкпен қарауын қалыптастыруды;
 
      2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшiн қызмет етедi.

      114-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың бағыттары

      Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
      2) қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
      3)
 алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4)
 алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) жерлердi жақсарту, жердiң жұтаңдауынан туындататын процестер салдарларының алдын алу мен жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне;
      6) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау кезiнде жердi рекультивациялау жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз ететiн экологиялық талаптардың сақталуына;
      7) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жердi рекультивациялау жөнiндегi жобаланған жұмыстарды орындау бөлiгiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
 
      8) жердi бүлдiрумен байланысты жұмыстар жүргiзген кезде топырақтың құнарлы қабатының алынуына, сақталуы мен пайдаланылуына;
 
      9) пайдалы қазбалардың өнеркәсiптiк қорларын өндiрiп алу шамасына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң нысаналы мақсатына сай одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрiлуiне;
      10) қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
      11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақталуына;
      11-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
      12) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануы мен жойылуына;
      13) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердiң сақталуына;
 
      14) минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
      15) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
      l6) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
 
      17) Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму, скважиналар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау ережелерiнiң сақталуына;
 
      18) су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
 
      19) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, ережелер мен өзге де талаптардың сақталуына;
 
      20) кәсiпорындарды пайдалануға бергенде, қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
      20-1) парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
      21)
 алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      22) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу, реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
 
      23) қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiнiң сақталуына;
      24) химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң сақталуына;
 
      25) экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
 
      26) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен ережелерiнiң сақталуына;
      27) ластаушы заттарды шығарудың, тастаудың стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлердiң санитарлық-қорғаныш аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
      28) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға, қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жөнiндегi жобалық шешiмдердiң орындалуына;
 
      29) тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
 
      30) өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуына;
 
      31) Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы 
заңнамасының сақталуына; 
      32) қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың 
бiлiктiлiк талаптарымен ережелерiнiң сақталуына; 
      33) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
 
      34) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
 
      35) Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
 
      36) қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерiнiң сақталуына;
      37) технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
      38) озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.
      
Ескерту. 114-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


      115-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру

      1.  Мемлекеттiк экологиялық бақылау:
      1) қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөнiндегi статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметi туралы деректерiн талдау;
      2) табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргiзу;
 
      3) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
 
      2. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде:
 
      1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды;
      2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;
      3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi;
 
      4) тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi;
 
      5) инспекторлық тексерулер жүргiзудi;
      6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;
 
      7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды;
 
      8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды.
      Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      116-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге
                асыратын лауазымды адамдар

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
      Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.
      1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды.
      2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) қызметтік куәліктермен, омырау белгілерімен және белгіленген үлгідегі мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етіледі.
      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      3. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн, мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш көрсету немесе зорлық iс-әрекет жасау арқылы қатер төндiретiн адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      5. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және солар бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына немесе сотқа шағым жасауға болады.
      6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.
      
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.