ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1927
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
155-бап.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын
жүргiзу
нәтижелерi туралы ақпарат
1.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган Қалдықтардың мемлекеттiк
кадастрын жүргiзу нәтижелерi бойынша
жыл сайын ақпараттық шолу жасайды.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры
мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жеке
безендiрiлген кiтап түрiнде қағаз
жеткiзгiште бес жылда бiр рет мерзiмдiлiкпен
басып шығарылады.
20-тарау.
ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ
КӨМУ
МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА
АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
КАДАСТРЫ
156-бап.
Зиянды заттарды, радиоактивтi
қалдықтарды
көмудiң және сарқынды суларды жер
қойнауына
ағызудың мемлекеттiк кадастры
1.
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды
көму мен сарқынды суларды жер қойнауына
ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан
әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу -
Қазақстан Республикасының аумағында
зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды
көму мен сарқынды суларды жер қойнауына
ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар
үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жедел
ақпарат алу, қоршаған орта саласында
шешiм қабылдау, зиянды заттарды,
радиоактивтi қалдықтарды көму мен
сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың
жай-күйiне жоспарлы бақылау жасау
мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган
ұйымдастырады.
3.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi
жер қойнауы туралы бiртұтас цифрлы
ақпараттар жүйесiне енгiзiледi және жер
қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң
құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының есебiне
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар
көмiлетiн объектiлер мен жер қойнауына
сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.
157-бап. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының мазмұны
1.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрында көмiлген
заттардың және ағызылған сулардың
сандық және сапалық көрсеткiштерi, көму
мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы
инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық
және экологиялық жағдайлары көрсетiлген
үлгiсi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтер
болады және:
1) зиянды
заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн
объектiлер мен сарқынды су ағызылатын
жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан
жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға
жұмсалатын шығынды, қоршаған орта
жай-күйiнiң мониторингi мен жер қойнауы
мониторингiн бақылау желiсiнiң болуын
және орналасуын;
2)
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар
көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су
ағызылатын жерлердiң физикалық
сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын,
тау-кен жынысы типiн, қабатты-коллектор
жатқан жердiң тереңдiгi мен тиiмдi қуатын,
оның алаңын, кеуектік коэффициентiн,
төсенiштiк және бөгесiндiк су қысымының
сипаттамасын, жер асты суларының табиғи
ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың
сақталуы мен басқа да сандық және сапалық
көрсеткiштердi;
3)
зиянды заттардың, радиоактивтi
қалдықтардың, сарқынды сулардың
сипаттамасын: өнiмнiң атауын, нәтижесiнде
өнiм жасалатын технологиялық өндiрiстер
немесе процестердi, физикалық сипаттамасын
(толық химиялық құрамын, уытты
компоненттерiнiң болуын, өрт шығу-жарылыс
қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде
басқа заттармен сыйысымдылығы, негiзгi
ластаушы радионуклидтер, олардың
активтiлiгi және басқа да сипаттамалар),
тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын
қамтиды.
2. Көмудiң
мемлекеттiк кадастры қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi
орган бекiткен нормативтiк
құқықтық актiлерге сәйкес,
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар
және жер қойнауына ағызылатын сарқынды
сулар үшiн жеке жүргiзiледi.
158-бап. Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
1.
Табиғат пайдаланушылар есеп беретiн
жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанының
iшiнде 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша
жыл сайын осы Кодекстiң 157-бабының
1-тармағында аталған мәлiметтердiң екi
данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылардан
түскен деректердiң негiзiнде Көмудiң
мемлекеттiк кадастрын жасайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган Көмудiң мемлекеттiк
кадастрын жүргiзу кезiнде:
1) табиғат пайдаланушылардан мәлiметтердiң
уақтылы түсуiн бақылауды;
2) материалдарды жинауды, олардың есебiн,
жүйеленуi мен сақталуын;
3) табиғат пайдаланушыларға
анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету
мақсатында есептеу техникасын пайдалану
арқылы деректердi өңдеудiң автоматтандырылған
жүйесiн жасауды және оның жұмыс
iстеуiн;
4) Көмудiң
мемлекеттiк кадастрын дұрыс ресiмдеудi
қамтамасыз етедi.
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
Ескерту. Кодекс 20-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
158-1-бап.
Парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерін
мемлекеттік
түгендеу жүйесі
1.
Парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі
парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты
көлемін айқындауға қажетті деректерді
жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі
ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын
білдіреді.
2. Парниктік
газдарды мемлекеттік түгендеу үшін
ақпарат жинау статистикалық есептілікке,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес қондырғылар
паспортында ұсынылатын деректерге
негізделеді.
3.
Парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерін мемлекеттік түгендеу
жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және
үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган жүзеге
асырады.
4. Парниктік
газдар шығарындылары мен сіңірулерін
мемлекеттік түгендеудің толықтығын,
айқындығын және анықтығын бақылау
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
жыл сайын жүргізіледі.
Ескерту.
158-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
29.09.2014 N
239-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
158-2-бап.
Парниктік газдар шығарындылары
көздерінің
және
сіңірулерінің мемлекеттік кадастры
1.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган парниктік газдар
шығарындылары көздерінің және
сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын
әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
2. Парниктік газдар шығарындылары
көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік
кадастры парниктік газдар шығарындыларының
көздері, қондырғы операторлары, парниктік
газдар шығарындылары мен сіңірулерінің
мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Парниктік газдар шығарындылары және
сіңірулері көздерінің мемлекеттік
кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган айқындайды.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган парниктік газдар
шығарындылары көздерінің және
сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының
деректері негізінде парниктік газдар
шығарындылары мен сіңірулерін талдауды
және болжауды жүзеге асырады, парниктік
газдар шығарындылары мен сіңірулері
көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін
ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан
Республикасының жыл сайынғы есептілік
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз
етеді.
Ескерту.
158-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
29.09.2014 N
239-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі
1.
Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік
тізілімінің негізгі
функциялары айналымға енгізілген,
сақтауда жатқан, берілген, сатып алынған,
жойылған және айналымнан алынған
көміртегі бірліктерінің нақты есебін
қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық
тізілімдермен деректер алмасу болып
табылады.
2. Көміртегі
бірліктерінің мемлекеттік тізілімін
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның ведомстволық
бағынысындағы ұйым болып табылатын
оператор қалыптастырады және жүргізеді.
158-4-бап.
Верификация және валидация
(детерминация),
парниктік
газдарды түгендеу туралы
есепті
растау
1.
Верификацияны, валидацияны (детерминацияны)
және парниктік газдарды түгендеу туралы
есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеуді қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган
бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган
жүргізеді.
2. Тәуелсіз
аккредиттелген ұйым түгендеу, верификация
және валидация (детерминация) туралы
деректердің дәйектілігі үшін жауаптылықта
болады.
3. Табиғат
пайдаланушыларды түгендеу туралы жыл
сайынғы есеп қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген
тәуелсіз ұйымның міндетті растауына
жатады.
Түгендеуді,
верификацияны және валидацияны
(детерминацияны) растау табиғат
пайдаланушылардың қаражаты есебінен
жүзеге асырылады.
4. Парниктік газдар шығарындыларын
азайтудың және сіңірудің сол бір
жобасының верификациясын және валидациясын
(детерминациясын) сол бір тәуелсіз
аккредиттелген ұйым жүргізе алмайды.
Ескерту.
158-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
29.09.2014 N
239-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ
159-бап. Экологиялық ақпарат
1.
Экологиялық ақпарат:
1) қоршаған ортаның және оның объектiлерiнiң
жай-күйi;
2) қоршаған
ортаға әсер ету факторлары, оның iшiнде
оның ластануы туралы;
3) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе
әсер ете алатын бағдарламалық, әкiмшiлiк
және өзге де шаралар;
4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық
және өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптар;
5) қоршаған ортаны қорғау жөнiнде
жоспарланатын және iске асырылатын
iс-шаралар және оларды қаржыландыру;
6) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе
әсер ете алатын қызмет, ол бойынша шешiм
қабылдау процесi және инспекторлық
экологиялық тексерулер нәтижелерi, оның
iшiнде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға
қатысты есептер, талдаулар мен өзге де
мәлiметтер;
7) қоршаған
орта жай-күйiнiң халықтың денсаулығына,
қауiпсiздiгiне және тiршiлiк жағдайларына,
мәдениет объектiлерiне, ғимараттар мен
құрылыстарға әсер етуi туралы мәлiметтер
мен деректердi қамтиды.
2. Экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық,
дыбыс бейнелi немесе өзге де нысанда
көрсетiлуi мүмкiн.
160-бап.
Мемлекеттiк органдар мен өзге де
заңды
тұлғалардың экологиялық
ақпаратты
қалыптастыру және тарату жөнiндегi
қызметi
1.
Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды
тұлғалардың экологиялық ақпаратты
жинауы, есепке алуы, сақтауы және таратуы
мемлекеттiк органдардың қызметiн
ақпараттық қамтамасыз ету, қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
жоспарлау мен орындау және азаматтардың
өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған
ортаға құқығын iске асыру мақсатында
жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды
тұлғалар мiндеттi түрде жинауға, есепке
алуға және сақтауға тиiс экологиялық
ақпарат Қазақстан Республикасының
заңнамасында айқындалады.
3. Қоршаған ортаға айтарлықтай әсерiн
тигiзуi мүмкiн жоспарланатын және жүзеге
асырылатын қызмет туралы, сондай-ақ
қоршаған ортаға және азаматтардың өмiрi
мен денсаулығына елеулi қатер төндiретiн
табиғи және техногендiк сипаттағы кез
келген төтенше жағдайлар туралы
мәлiметтердi арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдар мiндеттi түрде тексеруге және
есепке алуға тиiс.
4. Мемлекеттiк органдар Экологиялық
ақпаратты жүйелендiру және оған қол
жеткiзудi жақсарту мақсатында экологиялық
ақпараттың электрондық кадастрын
қалыптастырады және сүйемелдейдi.
5. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне
сәйкес Интернетке орналастыру және
өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды
қолдану арқылы экологиялық ақпараттың
мына түрлерiн:
1)
қоршаған ортаның жай-күйi туралы
баяндамаларды;
2)
қоршаған ортаны қорғау мәселелерi
бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң
және халықаралық шарттардың жобалары
мен мәтiндерiн;
3)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясатқа қатысты құжаттардың
жобалары мен мәтiндерiн;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
бақылау-инспекциялық және құқық қолдану
қызметiнiң нәтижелерi жөнiндегi
есептердi;
5) электрондық
үкiметтiң қоршаған ортаны қорғау
саласындағы базалық қызметтерiнiң
тiзбесiне жатқызылған ақпаратты
таратады.
6. Мемлекеттiк
органдар экологиялық ақпаратты тарату
үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
сатып алу және
мемлекеттiк әлеуметтiк
тапсырыстуралы
заңнамасында көзделген тәртiппен жеке
және заңды тұлғаларды тартуы мүмкiн.
Ескерту.
160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 №
124-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
161-бап. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры
1.
Экологиялық ақпаратты бiр орталықтан
жинауды, есепке алуды және сақтауды
Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры
жүзеге асырады.
2.
Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорын
жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi органға ведомстволық
бағыныстағы ұйым жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат
қорының ақпараттық ресурстары:
1) мемлекеттiк органдар және заңды
тұлғалар мiндеттi түрде ұсынатын;
2) жеке және заңды тұлғалар ерiктi түрде
беретiн материалдар мен құжаттарды
қамтиды.
4. Мемлекеттiк
экологиялық ақпарат қорының құрамына
экологиялық ақпараттың мынадай түрлерi
кiредi:
1) табиғи
ресурстардың кадастрлары;
2) ластаушылардың шығарындылары мен
тасымалдарының тiркелiмi және экологиялық
ақпараттың өзге де тiркелiмдерi;
3) экологиялық қауiптi өндiрiстер
тiзбесi;
4) экологиялық
мониторинг деректерi;
5) жоспарланатын қызмет тапсырыс
берушiсiнiң келiсiмiмен қоршаған ортаға
әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық
сараптама материалдары;
6) қоршаған ортаны қорғау және табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы
нормативтiк құқықтық актiлер және
нормативтiк-техникалық құжаттар;
7) қоршаған ортаны қорғауға байланысты
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарды орындау туралы есептер;
8) экология және экологиялық жағынан
таза технологиялар саласындағы
ғылыми-техникалық әдебиет;
9) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге
де материалдар мен құжаттар.
162-бап. Ұлттық экологиялық атлас
1.
Экологиялық ақпаратты жүйелi және
көрнекi түрде беру мақсатында картографиялық
материалдардың кешендi ғылыми-анықтамалық
жинағы - Ұлттық экологиялық атлас
жасалады.
2. Ұлттық
экологиялық атласты әзiрлеудi және
жариялауды қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу
1.
Экологиялық ақпарат, Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей
қолжетiмдi болып табылады.
2. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық
ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер
мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке
және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша
беру, бұқаралық ақпарат құралдарында,
арнайы басылымдарда тарату, Интернетте
орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де
жалпыға бiрдей қолжетiмдi
ақпараттық-коммуникациялық құралдар
қолданыла отырып жүзеге асырылады.
3. Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк
ақпараттық ресурстарына (ақпараттық
деректер базасына) қол жеткiзу жалпыға
бiрдей қолжетiмдi тiркелiмдердi және
экологиялық ақпарат кадастрларын
қалыптастыру мен сүйемелдеу арқылы
жүзеге асырылады.
4. Қол жеткiзу шектелген мәлiметтер мен
деректердi қамтитын құжаттарға және
ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге
рұқсат беру Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.
164-бап.
Субъектiлердiң экологиялық ақпаратқа
қол
жеткiзуге қатысты құқықтары мен мiндеттерi
1.
Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық
ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi
мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына
еркiн қол жеткiзуге құқығы бар.
2. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ
мемлекеттiк функцияларды атқаратын
лауазымды адамдар немесе жария шарттың
негiзiнде халыққа қоршаған ортаға қатысы
бар қызметтер көрсететiн жеке және заңды
тұлғалар экологиялық ақпаратқа, оның
iшiнде жеке және заңды тұлғалардың
сауалдары бойынша ашық түрде қол
жеткiзудi ұсынуға мiндеттi.
3. Қызметiн Қазақстан Республикасының
аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке
және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi
мен денсаулығына әсер етуге қатысты
экологиялық ақпаратты адамдардың
сауалдары бойынша беруге мiндеттi.
4. Жеке және заңды тұлғалар осы баптың
2-тармағында аталған тұлғалардан, егер
оны басқа нысанда беруге негiз болмаса,
сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат
алуға құқылы.
165-бап.
Экологиялық ақпарат берудiң мерзiмдерi
мен
тәртiбi
1.
Мемлекеттiк органдардың экологиялық
ақпарат беру мерзiмдерi мен тәртiбi
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк
рәсiмдер туралы
және азаматтардың
өтiнiштерiн қараудың тәртiбi туралызаңнамасында
белгiленедi.
2. Осы
баптың 1-тармағында аталғандарды
қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар
сұратылған экологиялық ақпаратты сауал
алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей
бередi.
3. Қоршаған
ортаға әсер етудi бағалау рәсiмiне және
жоспарланып отырған шаруашылық және
өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау
процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа
қол жеткiзу қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
қамтамасыз етiледi.
4. Сұратылған экологиялық ақпарат
мемлекеттiк органда болмаған жағдайларда
алынған сауал Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
мерзiмде құзыреттi мемлекеттiк органға
жiберiледi.