ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1929

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      33-бап. Техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзiрлейдi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және қолдану жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.

      34-бап. Халықаралық стандарттарды енгiзу

      1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзуi:
      1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату;
 
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзген және мұндай енгiзудi растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға инспекторлық тексеру жүргiзу жиiлiгiн қысқартуы;
      3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетiктерiн пайдалану арқылы ынталандырылады.
 
      2. Халықаралық стандарттарды енгiзудi ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері
                 
саласындағы стандарттар

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.
      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады.
      
Ескерту. Кодекс 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

      35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

      Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм.

      36-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мiндеттiлiгi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      3. Жобаланып жатқан объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған  ортаға әсерiн бағалауға жатады.
      4. Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15  N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау кезеңдерi ескерiле отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады.
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);
      2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);
      3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең).
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3-кезеңдерiнде осы Кодекстiң 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.
      
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      38-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының дәйектілігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      4. Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15  N 461-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      39-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде
               есепке алынуға тиiс әсерлердiң түрлерi

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:
      1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн  әсерi;
      2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
      3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс.
      2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:
      1) парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда, атмосфералық ауаға;
      2) жер үстi және жер асты суларына;
      3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына;
      4) ландшафттарға;
      5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
      6) өсiмдiктер дүниесiне;
      7) жануарлар дүниесiне;
      8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне;
      9) халық денсаулығының жай-күйiне;
      10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi.
      3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу процесiнде табиғи орта мен адам денсаулығына терiс және оң әсерлер есепке алынуға тиiс.
      
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау объектiлерiн
               
бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша
               
сыныптау

      1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi.
      I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.
      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.
      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
      1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.
      2. Әртүрлi санаттағы объектiлерге қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта 
белгiленедi.
      
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      41-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау құжаттамасы

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама:
      1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн;
 
      2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны;
      3) қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын;
 
      4) жобаның жазбасын, оған қоса:
 
      бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын;
 
      жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын;
 
      5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;
 
      6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды;
 
      7) қызметтiң қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерiнiң сипаттамасын;
 
      8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтiң қоршаған ортаға беймәлiм әсерлерiн;
 
      9) экологиялық тәуекелдi және халықтың денсаулығына төнетiн тәуекелдi бағалауды;
 
      10) экологиялық мониторинг жөнiндегi ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi болдырмау, азайту үшiн көзделетiн шаралардың сипаттамасын;
 
      11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерiн және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерiн;
 
      12) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының негiздемесiн;
 
      13) ықтимал тәуекелдердi және келтiрiлген залалдарды өтеудi ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;
 
      14) хаттамалармен ресiмделген және жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық аспектiлерiн қоғамдық талқылау нәтижелерi жөнiндегi қорытындыларды қамтитын қоғамдық пiкiрдi есепке алу жөнiндегi материалдарды;
 
      15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу кезiндегi кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетiспеушiлiгiн көрсетудi;
      16) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi жөнiндегi негiзгi қорытындыларды қамтиды.
 
      2. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады.
 
      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады.
      
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзудi
               әдiстемелiк қамтамасыз ету

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде тиiстi жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсердi бағалауды әзiрлеу процесiнде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      43-бап. Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған
               ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi

      Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

      44-бап. Қолданыстағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға
               әсердi бағалау ерекшелiктерi

      Ескерту. 44-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

      45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

      46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

      Экологиялық сараптама:
      1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
 
      2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

      47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi

      1. Міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамаға:
      1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
      2)
 алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;
      4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
      5)
 алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
      7) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;
      8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
      9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;
      10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады.
      11)
 алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда:
 
      1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген;
      2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда;
      3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.
 
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi.
      Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады.
      Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады.
      Осы баптың 1-тармағының 5) – 11) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.
      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын, қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы II санатқа жатады.
      
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.