ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1896

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына арналған
                 
сертификат

      1. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 94-2-бабының 9-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзімде қондырғыдан (қондырғылардан) не оның бөліктерінен шыққан парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол бір өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
      3. Сертификат мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) қондырғы операторының атауы және мекенжайы;
      2) қызмет түрлерінің сипаттамасы және парниктік газдар шығарындылары квоталарының көлемі;
      3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарты көрсетілген мониторингке қойылатын талаптар;
      4) есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификатты және осы қондырғының парниктік газдар шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі туралы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған есепті тапсыру мерзімі.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты берген кезде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жазба жүргізіледі.

      94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына
                 
квоталарды өзгерту және парниктік газдар
                 
шығарындыларына арналған сертификатты қайта
                 
ресімдеу

      1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер болған немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.
      2. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
      Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
      3. Таратылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      
Ескерту. 94-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


      94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
                 
бөлудің ұлттық жоспары

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті кезеңге бекітеді.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында экономика салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және табиғат пайдаланушылар үшін квоталар көлемі белгіленеді.
      3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекіткен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда шығарындыларға квота бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін құрайды.
      Квоталар көлемінің резерві опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.

      94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру
                 
субъектілері

      1. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) экономиканың мынадай салаларында: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында көлемі жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден аспайтын парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
      2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады.
      4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
      
Ескерту. 94-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен
                 
сіңірудің нарықтық тетігі

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:
      1) парниктік газдар шығарындыларына квоталармен 
сауданы;
      2) парниктік газдарды сіңіру, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
      3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.
      3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
 
      4. Парниктік газдар сіңірулері, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, квоталар, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін екінші айналымда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.


      94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

      Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

      94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын
                 
талаптар

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы квоталар бірліктері тек қана ішкі сауда нарығында басқа да елдердің белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесіне беру құқығынсыз айналымда болады. Квоталар бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда оларға баға белгілеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
      Халықаралық шарттар екіжақты негізде қабылданған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемдегі Қазақстан Республикасының 
көміртегі бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен шығарылуы мүмкін.
      2. Азайтудың сертификатталған бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту
                  
жөніндегі ішкі жобалар

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды заңды тұлғалар өздерінің меншігі болып табылмайтын немесе өздерінің заңды пайдалануында жоқ және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған қондырғыларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
      2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
      1) тау-кен металлургиясында (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
      2) ауыл шаруашылығында;
      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
 
      4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
      5) жердің тозуының алдын алуда;
      6) жаңартылатын энергия көздерінде;
      7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
      8) көлікте;
      9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста іске асырылуы мүмкін.
 
      3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
бекітеді.

      94-11-бап. Мониторинг рәсімі

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарларын әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға міндетті.
      2. Мониторинг жоспарларын әзірлеу және орындау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер шеңберінде іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобалар үшін міндетті болып табылады.
      3. Мониторинг жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу туралы 
есептер әзірлеудің дұрыстығын қадағалауды аккредиттеген тәуелсіз ұйым уәкілетті орган бекіткен өлшемдер мен әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.


      94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар 

      1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
      3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
      
Ескерту. 94-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

      95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды
               
экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi

      Мыналар:
      1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
      2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
 
      3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
      4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
      5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;
      5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;
      6) экологиялық сақтандыру;
      7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
      
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

      1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:
      1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
 
      2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
 
      3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
      4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
      4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;
      5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
 
      6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
 
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
 
      8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн;
      9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.
      3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
 
      4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган 
бекiтедi.
      
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
               қаржыландыру

      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаты;
      2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      98-бап. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
               қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
               жоспарлау

      1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.
      2.
 алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3.
 алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган 
белгілеген тәртіппен келісуге жатады.
      5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
 
      6.
 Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары
               есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны
               қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

      1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

      100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
                салынбаған өзге де көздер есебiнен
                қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау
                жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау