ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1918

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      268-бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау
                мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар

      1. Теңіздегі мұнай операциялары, барлау, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды, минералдық және (немесе) ауыз суды барлау объектілерін консервациялау немесе жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. .P101245
      2. Сынау аяқталғаннан кейін ұңғымалар консервацияланатын жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оны консервациялау жөніндегі жұмысты жүргізуге, жұмыс қайта басталатын кезге дейін бұрғылау негіздерінің сақталуын және ұңғымалардың берік бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Үйінді негізден (су асты бермадан немесе аралдан) бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде жер қойнауын пайдаланушы олардың берік бекітілуін және көмірсутегілермен және өзге де химиялық заттармен ықтимал ластанудан тазартуды алдын ала жүргізе отырып, жасанды негіздің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Аралды (берманы) су шайып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы негізді түбегейлі тегістегенге дейін оны қадамен немесе қалқымамен белгілеуге және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз карталарына түсіру үшін оның координаттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.
      4. Кез келген үлгідегі платформадан бұрғыланған ұңғымаларды жою кезінде олардың конструкциялары толық қайта бөлшектенуге және жойылуға, ал берік бекітілген ұңғымалардың шығып тұрған шеттері балық аулауға және кемеде жүзуге кедергі келтірмеуі үшін түбінен кесіп тасталуға тиіс.
      5. Пайдаланудан шығарылған қазба үйінділері аралдарын жою туралы шешім, жою жөніндегі жұмыстардың қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалаудың негізінде қабылдануға тиіс.
      6. Су басып қалған және батып кеткен ескі ұңғымаларды консервациялау мен жою қоршаған ортаға әсерді бағалау қамтылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамадан, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 
заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткен жобалар бойынша орындалуға тиіс. Бұл ретте, міндетті түрде мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспары әзірленіп, бекітілуге тиіс. Жұмыстарды қажетті жабдықтармен, мамандармен, көліктермен және мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жоспарына сәйкес авариялық ахуалды болдырмау мен оларға ден қою жөніндегі өзге де құралдармен қамтамасыз етпей жүргізуге жол берілмейді.
      
Ескерту. 268-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі
                мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның
                мониторингі

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында міндетті түрде мемлекеттік экологиялық мониторингті жүзеге асырады.
      2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізуге міндетті.
      3. Мұнай операцияларының әрбiр кезеңiнің (геофизикалық зерттеулер, инженерлік–геологиялық іздестірулер, бұрғылау, құрылыс, жайластыру, пайдалану, жою және өзгелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарында өндірістік мониторинг жүргізу көзделуге тиіс, онда:
      1) мұнай операцияларының әрбір кезеңінде өндірістік объектілердегі қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей зерттеулер;
      2) ластану көздерінің мониторингі;
      3) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;
      4) қоршаған ортаны авариялық ластау салдарының мониторингі қамтылады.
      4. Қоршаған ортаның мемлекеттік экологиялық және өндірістік мониторингі мына параметрлерді:
      1) Каспий теңізінің мәртебесі (режимі) бойынша әртүрлі учаскелерінде судың, сондай-ақ су түбіндегі шөгінділердің физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша ластану деңгейін;
      2) Каспий теңізінің белгілі бір учаскелерінде (ашық теңізде, шығанақтарда, сағалық учаскелерде, теңізге құятын өзендерде, мұнай операцияларын жүргізетін аудандарда сынамаларды іріктеп алудың бақылау нүктелерінде) атмосфера - су бөліну шекарасында ластаушы заттардың балансы мен түрленуін және олардың су түбі шөгінділерінде (тұнбаларда) жинақталуын;
      3) табиғи циркуляциялық процестерді, гидрометеорологиялық көрсеткіштерді (судың температурасын, ағысын, желдің жылдамдығы мен бағытын, атмосфералық жауын-шашынды, атмосфералық қысымды, ауаның ылғалдығын) байқауды қамтуға тиіс.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы қажет болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап етуімен қоршаған ортаның жай-күйіне қосымша зерттеулер жүргізуге тиіс.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаның жай-күйін қадағалаудың түрлері мен әдістерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындайды.
      7. Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс.
      8. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылуға тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік мониторинг нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беруге міндетті.
      
Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      270-бап. Радиоактивті қалдықтар мен материалдарды
                трансшекаралық ауыстыру

      1. Өңдеу үшін басқа мемлекеттерге әкетілген Қазақстан Республикасының өз радиоактивті қалдықтарын қоспағанда, радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму мақсатында басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады. Радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізбей радиоактивті қалдықтар мен материалдарды жер бетіне және жер қойнауына көмуге (орналастыруға) тыйым салынады.
      2. Қазақстан Республикасына радиоактивті материалдарды, радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радиоактивтік заттарды қамтитын жартылай фабрикаттарды, шикізаттарды, жинақтаушы бұйымдарды әкелу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Радиоактивті материалдарды трансшекаралық ауыстыру кезінде табиғат пайдаланушы халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті. Бұл ретте:
      1) табиғат пайдаланушы межелі мемлекеттің рұқсаты және алдын ала хабардар етілуі, сондай-ақ келісімі бойынша ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті;
      2) транзит мемлекеттері арқылы трансшекаралық ауыстыру нақты пайдаланылатын көлік түрлеріне сәйкес келетін халықаралық міндеттемелерді орындау шартымен жүзеге асырылуға тиіс;
      3) пайдаланылған отынды немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму үшін оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 60 градус межелі орынға жөнелтуге тыйым салынады.
      
Ескерту. 270-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      271-бап. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі
                экологиялық талаптар

      1. Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті материалдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол берілетін шекті деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы байқалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар бұл туралы атом энергиясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына кідіріссіз түрде хабарлауға тиіс.
      3. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезінде табиғат пайдаланушылар:
      1) радиоактивті материалдарды пайдалану мерзімі ішінде оларға әсер етуі мүмкін барлық факторларды бағалауды;
      2) радиоактивті материалдардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды;
      3) азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, радиоактивті материалдардың сипаттамасы мен оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың берілуін;
      4) Қазақстан Республикасының халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы 
заңнамасына сәйкес радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормалары мен ережелерін ескере отырып, халық денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық, оның ішінде авария салдарынан болатын радиациялық әсерді шектеу шараларын;
      5) радиоактивті қалдықтар түзілуінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.


      272-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды
                сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Қазақстан Республикасының аумағында түзілетін радиоактивті қалдықтар олардың ықтимал қауіптілігі болуы мүмкін уақыт кезеңі ішінде халық пен қоршаған ортаның радиациядан қорғалуын қамтамасыз ететіндей түрде көмілуге тиіс.
      2. Радиоактивті қалдықтарды орналастыру радиоактивті қалдықтардың түзілуіне алып келетін қызметтің кез келген түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және техникалық құжаттамада көзделуге тиіс. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау мен көму тәртібі және оларды ұйымдастыру осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы 
заңнамасынасәйкес жүзеге асырылады.
      3. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезінде табиғат пайдаланушылар:
      1) өздігінен жүретін тізбекті ядролық реакцияларды болғызбауды және жылудың көп бөлінуінен қорғауды;
      2) радиациялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларына сәйкес тиісті қорғау әдістерін қолдану арқылы халықтың және қоршаған ортаның тиімді қорғалуын;
      3) радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтаумен байланысты болуы мүмкін биологиялық, химиялық және басқа да тәуекелдердің есебін;
      4) көму объектісінің орналасқан жеріне, конструкциясы мен құрамына қатысты есеп құжаттарының сақталуын;
      5) радиоактивті материалдарға санкциясыз қол жеткізуді бақылау мен шектеу, сондай-ақ радиоактивті заттардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуын болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

      273-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды
                тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген ережелерге және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау ережелері жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қауіпсіздік, физикалық жағынан қорғалу шараларын, оқиғалар мен аварияларға жол бермеу жөніндегі келісілген шаралар жүйесін, буып-түюге, таңбалауға және көлік құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың салдарын тұмшалау жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.

      274-бап. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті
                қалдықтармен жұмыс істеуге арналған
                объектілерді орналастыру мен пайдалануға
                қойылатын экологиялық талаптар

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыруға қатысты ұсыныстар енгізуге жергілікті мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
      Ядролық қондырғыларды немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру туралы мәселенің қаралуы үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген, осындай қондырғыны немесе объектіні салу қажеттігінің негіздемесі, сондай-ақ оларды орналастыруға арналған алаңдардың балама нұсқалары қамтылуға тиіс материалдарды табыс етеді.
      Материалдар:
      1) ядролық қондырғы немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объекті орналастырылуы мүмкін аудандағы қоршаған ортаның сипаттамасын;
      2) объектілерді салу, пайдалануға беру, пайдалану, пайдаланудан шығару және жабу жөніндегі жоспарланған жұмыстардың адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалауды;
      3) қоршаған ортаға теріс әсерді төмендететін іс-шараларды;
      4) қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары міндетті түрде ескерілген мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық сараптамалардың оң қорытындысын қамтуға тиіс.
      2. Ядролық қондырғыларды және объектілерді салу туралы шешімді аумағында ядролық қондырғы және (немесе) объекті салу жоспарланатын жергілікті өкілді органдар келіскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      3. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін және жер қойнауын беру Қазақстан Республикасының 
Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыруға қатысты шешімдер қабылдау кезінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған қосымша іс-шаралар көзделуге тиіс. Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың көлемі мен тәртібін әрбір нақты жағдайда ғылыми-экономикалық негіздемелер негізінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
      6. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдалануға қабылдау жобада көзделген өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы объектілермен бір кешенде жүзеге асырылуға тиіс.
      7. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдаланудан шығару және радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қойманы жабу тәртібі атом энергиясын пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес жобада көзделуге тиіс. Шығыстарды қаржыландыруды ядролық қондырғының немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектінің иесі жүзеге асырады.
      8. Ядролық қондырғыны немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектіні пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қойманы жабу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және аталған іс-қимылдар басталғанға дейін екі жылдан кешіктірмей пайдаланушы ұйымның немесе осы салада маманданған ұйымның назарына жеткізіледі.
      9. Ядролық қондырғы немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объекті орналасқан жерлерде санитарлық-қорғаныш аймағы және бақылау аймағы белгіленеді.
      Аймақтардың көлемдері мен шекаралары жобада ядролық энергияны пайдалану саласындағы нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес белгіленеді. Санитарлық-қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүзеге асырылады.
      10. Параметрлері мен кімге тиесілі екеніне қарамастан, санитарлық-қорғаныш аймағында, бағбандық және бақшалық жер учаскелерін орналастыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қоса алғанда, тұрғын үй ғимараттарын, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорттық-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға (салуға) тыйым салынады.
      11. Санитарлық-қорғаныш аймағында орналасқан жерлер мен су айдындарын өнімдерге радиологиялық бақылауды міндетті түрде жүргізу шартымен шаруашылық мақсатында пайдалануға болады.
      
Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      275-бап. Құрылыс материалдарының, минералдық
                тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол
                берілетін радиоактивтілік деңгейі

      1. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленеді.
      2. Көмір радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген мөлшер шегінен аспаған кезде кез келген мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Радиоактивтілігі радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларында және санитарлық ережеде көзделген деңгейден жоғары көмір, радиациялық қауіпсіздік нормалары сақталу шартымен карьердің ішкі үйіндісіне жинақталып, көмілуге тиіс.

      276-бап. Елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің
                және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы
                радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының,
                минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық
                шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және
                мұнай операциялары кезіндегі радиациялық
                қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыру

      1. Радиациялық бақылауды ұйымдастыру радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген нормативтік шамаларынан асуына жол бермеуін, сондай-ақ халыққа дозалық жүктемені төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуді өзіне міндет етіп қояды.
      2. Елді мекен пункттерінің, тұрғын үй-тұрмыстық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, демалыс және рекреация аймақтарының, бағбандық серіктестіктерінің құрылысына жер учаскелері бөлініп берілген кезде, міндетті іздестіру жұмыстары көлеміне бөлініп берілген учаске аумағындағы сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу енгізілуге тиіс. Нәтижелері құрылысқа учаске таңдау жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
      3. Тұрғын үй объектілері пайдалануға берілген кезде сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық мөлшерінің қуаты - әрбір пәтерде, ал радонның шоғыры әрбір кіреберістің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өлшенеді. Радонның жол берілетін шоғырлануы асып кеткені анықталған жағдайда зерттеу үйдің барлық пәтерлерінде жүргізіледі.
      4. Сыртқы гамма-сәуленің дозалық қуатын өлшеу жер бетінен немесе үй-жай еденінен 1 метр биіктікте жүргізіледі.
      5. Радонның баламалық тепе-тең көлемді белсенділігінің болуын бақылау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның әдістемелік нұсқауларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған басқа да әдістемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Пайдалануға берілетін құрылыс объектілеріндегі өлшеулердің нәтижелері радиациялық тексеру актісі түрінде ресімделіп, оның бір данасы объектіні пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне тіркеледі. Өлшеулерді өткізу үшін жауапкершілік объект құрылысын жүзеге асыратын және оны пайдалануға ұсынатын ұйымға жүктеледі.
      7. Үй-жайлардағы гамма-фонды және радонның мөлшерін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін, қажеттілігін, көлемі мен мерзімдерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілдерін міндетті түрде қатыстыра отырып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының комиссиясы айқындайды.
      8. Табиғат пайдаланушы құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетика шикізаты кен орнын игеруді бастағанға дейін олардың радиациялық қауіптілік деңгейі мен пайдаланылу шарттары туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс. Қорытындыны геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша пайдалы қазбаларды радиациялық-гигиеналық бағалау бөлімі қамтылатын, кен орындарын игеру жобасының негізінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган береді.
      9. Табиғат пайдаланушының радиациялық бақылау қызметі кен орындарын игеру жөніндегі жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, радиациялық бақылау нәтижелері құжатпен ресімделеді.
      10. Өнімнің радиациялық сапасы аккредиттелген зертханалар орындаған зертханалық зерттеулер негізінде мемлекеттік бақылау органдарының қорытындысымен расталады. Өнімнің сапасын растаудың тәртібі мен кезеңділігі кен орындарын игеру жобаларының сараптамасы кезінде белгіленеді.