ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1928
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
220-бап.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операцияларды
жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операциялар шаруашылық қызметiнiң
экологиялық жағынан қауiптi түрлерi
болып табылады және мынадай талаптар
сақталған кезде орындалуға тиiс:
1) ұңғымалар мен тау-кен өндiру
конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы
және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан
жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау
шарттарын қамтамасыз етуге тиiс;
2) дизельдi-генератор және дизельдi жетегi
бар қондырғыларды қолдана отырып,
бұрғылау және жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде
атмосфераға осындай қондырғылардан
тазартылмаған газдардың шығарылуы
олардың техникалық сипаттамасына және
экологиялық талаптарға сәйкес келуге
тиiс;
3) құнарлы жерде
және ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды
монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу
процесiнде аумақтың құнарлылығын
кейiннен қалпына келтiру үшiн құнарлы
қабат алынады және жеке сақталады;
4) уытты заттардың табиғи объектiлерге
көшуiн болғызбау үшiн технологиялық
алаңдарды гидрологиялық оқшаулай
отырып, жер қойнауын пайдаланудың
қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен
сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге
тиiс;
5) ұңғыма құрылысы
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда
салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз
технологияны қолдану қажет;
5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде
күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған
ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі
шаралар көзделуге тиіс;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операциялар кезiнде шламдарды кәдеге
жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан
пайдалану, қоршаған ортаға қайтару
үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн,
бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан
шыққан сарқынды суды бейтараптандыру
жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға
сәйкес жүргiзiлуге тиiс;
7) бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi
(әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары)
негiзiнде қолданған кезде ауаның
газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар
қолданылуға тиiс;
8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың
улану ықтималдығын болғызбау мақсатында
пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн
жобаға сәйкес және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi органның,
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң
мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы
органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;
9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
құрылыстарды пайдалануға беру жобада
көзделген барлық экологиялық талаптар
толық көлемде орындалған жағдайда
жүргiзiледi;
10) жер
қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар
мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан
кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер
учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау)
жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi;
11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын,
оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын
ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға
жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған
ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен
жабдықтауға, консервациялауға немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жоюға тиiс;
12) қызметi жер асты суы объектiлерiнiң
жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе
зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды
тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын
және тартылуын болғызбайтын шаралар
қабылдауға мiндеттi;
13) ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын
немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы
объектiлерiнiң су жинау алаңдарында
қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал
қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)
және жерасты суының жай-күйiне әсер
ететiн басқа да объектiлер салуға жол
берiлмейдi;
14) сiңiрме
ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны
қорғау, су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы, жер қойнауын зерделеу және
пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк
органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтiң мемлекеттiк органының осы
ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы
тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн
оң қорытындылары болған кезде жол
берiледi;
15) өнеркәсiптiк,
емдiк минералды суларды пайдаланғаннан
кейiн ағызып жiберу Қазақстан
Республикасының Су
кодексiне сәйкес
жүргiзiлуге тиiс;
16)
ұңғымаларды тоқтатып қою және жою
келiсiмшарттық аумақтар шегiнде Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады;
17) пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме
ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда
жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы,
құдықтардағы судың сапасына қоршаған
ортаны қорғау, су қорын пайдалану және
қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдармен және халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттiк органмен
келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың
күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар
ұйымдастырылуға тиiс.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер
қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу кезiнде:
1)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы,
жер қойнауын зерделеу және пайдалану
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен,
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi
органмен келiсiм бойынша су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген
жерасты су объектiлерiне шектi жол
берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн
сақтауға;
2) "Техникалық
реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңындабелгiленген
тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе
өзге де лабораторияларға ағызылатын
сулардың химиялық құрамын анықтауды
қамтамасыз етуге;
3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
органдарына ластаушы заттардың авариялық
ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты
суларын алудың белгiленген режимiнiң
бұзылуы және оларға суларды ағызу
(айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты
беруге мiндеттi.
3.
Мыналарға:
1) құрылыс
салуға бөлiнген учаскенiң шегiнен тыс
жерлерде өсiмдiктердi және топырақ
жабынын зақымдауға;
2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын
жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына
төгуге;
3) егер жерасты
сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер
етсе немесе әсер ететiн болса, жердi
сарқынды сумен суландыруға;
4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын
қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды
жiберуге;
5) өнеркәсiптiк,
емдiк минералдық және жылу-энергетикалық
сарқынды суларды ағызуға арналған
сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен
жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға
жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын
су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер
болуы мүмкiн жағдайларда оларды
бұрғылауға;
6) сумен
жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау
аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен
құдықтар орнатуға;
7) құрамында радиоактивтi заттары бар,
пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме
ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым
салынады.
4.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн
пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының
табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су
объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасының Су
кодексiне сәйкес
санитарлық қорғау аймақтары
белгiленедi.
Ескерту.
220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17.01.2014 №
165-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
221-бап.
Жер асты суларын барлау және (немесе)
шығару
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Жер асты суларын өндiруге арналған
келiсiмшарт, сондай-ақ суды арнайы
пайдалануға оған қол қойылғанға дейiн
рұқсат алу қоршаған ортаны қорғау және
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк органдармен келiсiледi.
2. Жер асты сулары кенiн игерудi жүзеге
асыру негiзге алынатын жоба (технологиялық
схема) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан
өткiзiлуге тиiс.
3.
Табиғат пайдаланушылар барлау және
(немесе) су шығару кезiнде өз есебiнен
жерасты сулары кенiн игерудiң жаңа
тәсiлдерi мен технологиялық схемаларын
iздестiру және қолданыстағыларды
жетiлдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және
жобалау-конструкторлық жұмыстарды
жүргiзуге, технологиялық жабдықты,
үздiксiз және мерзiмдi бақылау құралдарын
жетiлдiруге, жер асты суларының ұтымды
пайдаланылуын және оның тартылу мен
ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз
етуге мiндеттi.
4.
Келiсiмшарт талаптарында және суды
пайдалануға арнайы рұқсатта көзделмеген
мақсатта немесе осы талаптарды бұза
отырып жер асты суларының кенiн игеруге
тыйым салынады.
5.
Жер асты суларының кенiн барлау мен
игеру келiсiмшарт және суды арнайы
пайдалануға арналған рұқсат талаптарына
сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасында көзделген
нормалар мен талаптар сақталып жүзеге
асырылуға тиiс.
6.
Жер асты суларына барлау және (немесе)
оны шығару жұмыстарын жүргiзетiн табиғат
пайдаланушылар:
1)
жер асты суларының кенiн ұтымды барлау
мен игеруге, сөйтiп судың толық кешендi
зерделенуiне және ұңғымаларды пайдаланудағы
кемшiлiктер есебiнен судың орны толмас
шығын болмауына және олардың сапалық
қасиетiнiң жойылмауына қол жеткiзiлуiн;
2) су тұтқыш жиектердiң ластану ықтималдығын
болғызбауды;
3) егер
бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлi
жиектегi судың араласып кету, бiр жиектен
екiншi жиекке құйылу ықтималдығын
болғызбауды;
4) жер
асты суларының бақылаусыз, реттелмей
шығарылуына жол берiлмеуiн, ал авариялық
жағдайларда судың шығын болуын жою
жөнiнде жедел шаралар қабылдануын;
5) пайдалы құрауыштары бар жер асты
суларының кешендi пайдаланылуын;
6) атмосфералық ауаның, жердiң беткi
қабатының, ормандардың, сулардың және
басқа да табиғи объектiлердiң, сондай-ақ
ғимараттар мен құрылыстардың жер
қойнауын пайдаланумен байланысты
жұмыстардың зиянды әсерiнен қорғалуын;
7) барлау және (немесе) өндiру процесiнде
жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде
кешендi қалпына келтiру жұмыстарының
жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
7. Жер қойнауын пайдаланушы гидрогеологиялық,
оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын және
барлау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға
жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған
ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен
жабдықтауға, консервациялауға немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жоюға тиiс.
8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы
қазбаларды барлау және өндiру үшiн
пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер
ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жер асты сулары объектiлерiн
қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет
және бұл жөнiнде қоршаған ортаны қорғау,
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы,
жер қойнауын зерделеу мен пайдалану
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға
және санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтiң мемлекеттiк органына хабарлауға
тиiс.
9. Жер астының
ашылған су тұтқыш жиектерi олардың
ластануын болғызбайтындай сенiмдi
оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау
көздерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн су
тұтқыш жиектер ашылған кезiнде бұрғылау
мен цемент ерiтiндiлерiн дайындау үшiн
(өңдеу үшiн) қолданылатын химиялық
реагенттердiң қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi органмен және
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң
мемлекеттiк органымен келiсiлген уыттылық
сипаттамасы болуға тиiс.
11. Қазақстан Республикасының Су
кодексiнде және
Қазақстан Республикасының жер
қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында
көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз
суға жарамды сапасы бар жер асты суларын
шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға
байланыссыз қажеттiлiктер үшiн пайдалануға
жол берiлмейдi.
12.
Жер асты суларының су тартқыштарын
оларды суды реттейтiн құрылғылармен,
су өлшегiш аспаптармен жабдықтамай,
сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын
белгiлемей және жер асты сулары
объектiлерiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн
қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға
беруге тыйым салынады.
13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған
ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын
зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi
органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiм
бойынша су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген
жер асты сулары объектiлерiне зиянды
әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн
сақтауға мiндеттi.
14. Жер асты сулары объектiлерiн пайдалануға
байланысты су тартқыштарды орналастыру,
жобалау, салу, пайдалануға беру және
пайдалану кезiнде олардың жоғарғы
қабаттағы су объектiлерi мен қоршаған
ортаға зиянды әсерiн (аумақты су басуын,
шөлейттенуiн, жердiң батпақтануын,
топырақтың көшуi мен шөгуiн) болғызбайтын
шаралар көзделуге тиiс.
15. Табиғат пайдаланушылар жер асты
суларының мемлекеттiк есебiн, оның
пайдаланылуын бақылау және қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында:
1) жер
асты сулары объектiлерiнен алынатын
және оларға ағызып жiберiлетiн судың
бастапқы есебiн қоршаған ортаны қорғау,
су қорын қорғау және пайдалану саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың
келiсiмi бойынша жер қойнауын зерделеу
мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен
және мерзiмде жүргiзедi;
2) су тарту және су құю құрылыстарын су
шығындарын өлшейтiн құралдармен
жабдықтайды, сондай-ақ өздiгiнен ағатын
ұңғымаларға реттегiш құрылғылар
орнатады;
3) жер асты
сулары кен орындарының ағымдағы
игерiлуiне бақылау, ұңғымалардың жұмысын
жедел бақылау және кен орындарын игерудiң
бекiтiлген жобасы немесе технологиялық
схемаға сәйкес, технологиялық режимнiң
орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың
мерзiмдiлiгi игеру жобасында (технологиялық
схемада) белгiленедi;
4) мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті орган бекітетін статистикалық
әдіснамаға сәйкес жер асты суларын
пайдалану туралы алғашқы статистикалық
деректерді табыс етеді.
Ескерту. 221-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
2010.03.19 №
258-IV,
2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
222-бап.
Су асты кабельдерi мен құбырларын
жобалау,
төсеу және пайдалану кезiндегi
экологиялық
талаптар
1.
Әрбiр нақты объектiнi салу мен пайдалануға
арналған трассалар, конструкциялар,
жабдықтар, технологиялар мен техникалық
құралдар орналастырылатын жерлердi
таңдау қоршаған ортаға тигiзетiн терiс
әсердi азайту мақсатында баламалы
негiзде жүргiзiлуге тиiс.
2. Құбыр трассасына немесе су асты
кабельдерiне бес жүз метрден жақын
арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарына
және пневматикалық және басқа да қуатты
толқындар (сейсмикалық дабыл) тудыру
көздерiмен сейсмикалық барлауға тыйым
салынады.
3. Құбырлар
мен су асты кабельдерi трассаларын кесiп
өтетiн жолмен сейсмикалық косты сүйреуге
және балық аулау кемелерiне тралмен
балық аулауға тыйым салынады.
4. Салынуға тиiс құбырлар мен соған iлеспе
инженерлiк құрылыстарды жобалау:
1) олардың берiктiгiнiң, қауiпсiздiгiнiң,
олардың техникалық жай-күйiн қорғау мен
бақылаудың жоғары деңгейi;
2) кездейсоқ ахуалдарға жедел ден қою
мүмкiндiгi;
3)
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының
жеделдiгi мен сапасы;
4) қоршаған ортаға терiс әсердiң неғұрлым
аз болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Жобада мiндеттi түрде құрылыс,
санитарлық-эпидемиологиялық нормалар
мен ережелердiң талаптарына, сондай-ақ
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның нұсқамалық құжаттарына
сәйкес келетiн дербес "Қоршаған ортаны
қорғау" бөлiмi болуға тиiс.
6. Жобалау-сметалық құжаттамалардың
толықтығы мен дұрыстығына тапсырыс
берушi мен жобаны әзiрлеушi жауап
бередi.
7. Бекiтiлген
жобаны қоршаған ортаға тигiзетiн терiс
әсердi арттыратындай өзгерту және одан
ауытқу мемлекеттiк экологиялық
сараптамадан қайта өтудi талап етедi.
8. Құбыр төсеу жобаларында құрылыстарды
салған және кейiннен пайдаланған кезде
оларды қорғау жөнiндегi шаралар көзделу
қажет. Құрылыстың әрбiр кезеңiнде және
көмiрсутегi шикiзаты мен оның өңделген
өнiмдерi тасымалданатын құбырды
пайдаланған кезде қоршаған ортаны,
сондай-ақ тәуекелi жоғары объектiлерге
жататын құбырларды қорғау жөнiнде
шаралар қабылдануға тиiс.
9. Құбырлардың кеме жүзетiн өзендермен
және каналдармен қиысу орындары
жағалауларда навигациялық белгiлермен
белгiленедi. Навигациялық белгiлер
магистральдық құбыр салған кезде
Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi
саласындағы заңнамасына сәйкес
орнатылады.
10.
Құбырлардың зақымдану ықтималдығын
болғызбау үшiн оларды төсеудiң кез келген
түрiнде күзет аймағы:
1) су асты өтпе жолдарының бойымен - өтпе
жолдардың шеткi сызықтарының осiнен
әрбiр жағынан жүз метр қашықтықтағы,
параллель жазықтар арасында орналасқан,
су үстiнен түбiне дейiнгi су кеңiстiгiнiң
учаскесi түрiнде;
2)
өнiмдi тасымалдауға дайындаудың
технологиялық қондырғыларының, басты
және аралық, қайта айдайтын және құятын
насос станцияларының, резервуарлық
парктердiң, компрессорлық және газ
бөлетiн станциялардың, өнiм өлшейтiн
тораптардың құятын және ағызатын
эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнiмдерiн
қыздыратын пункттердiң айналасында -
аталған oбъектiлер аумағы шекараларының
жан-жағынан жүз метр қашықтықта орналасқан
тұйық сызықпен шектелген жер учаскесi
түрiнде белгiленедi.
11. Күзет аймақтарын, оның құрамына
кiретiн коммуникациялар мен объектiлердi
қоса, құбырлардың нақты жағдайының
материалдары оларды аудандық жер
пайдалану карталарына енгiзу үшiн тиiстi
жергiлiктi атқарушы органдарға берiлуге
тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдар мүдделi
заңды тұлғаларға олардың сұраулары
бойынша құбырлардың орналасқан жерi
туралы мәлiметтер бередi.
12. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында
олардың қалыпты пайдаланылуының
бұзылуына не бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн
iс-әрекет жасауға:
1) навигациялық айырым белгiлерiн,
бақылау-өлшеу пункттерiнiң орнын
ауыстыруға, оларды көмуге және
сындыруға;
2) кабель
байланысының қызмет көрсетiлмейтiн
пункттерiнiң люктерiн, қақпалары мен
есiктерiн, тораптық арматуралар
тораптарының қоршауларын, катодтық
және сорғыту қорғаныс қондырғыларын,
желiлiк және қарап көруге арналған
құдықтар мен басқа да желiлiк қондырғыларды
ашуға, крандар мен жылжытқыштарды ашып,
жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау
және құбырлар телемеханикасы құралдарын
қосуға немесе ажыратуға;
3) қоқыс үйiндiлерiне айналдыруға,
қышқылдар, тұздар мен сiлтiлер ерiтiндiлерiн
төгуге;
4) жағалауларды
бекiтетiн құрылыстарды, су өткiзетiн
қондырғыларды, құбырларды бұзылудан,
ал iргелес аумақтар мен айналадағы жердi
тасылатын өнiмдердiң авариялық жайылып
төгiлуден сақтайтын топырақтан жасалған
немесе өзге құрылыстарды (қондырғыларды)
бұзуға;
5) зәкiр
тастауға, түсiрiлген зәкiрлермен,
шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен
және тралдармен өтуге, түбiн тереңдететiн
және топырағын аршитын жұмыстар
жүргiзуге;
6) от жағуға
және ашық немесе жабық от көздерiн
орналастыруға тыйым салынады.
13. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында
магистральдық құбыр желiсi меншiк иесiнiң
жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмысты
атқаруға, оның iшiнде ұңғымалар, шурфтар
орнатумен және топырақ сынамасын алумен
байланысты геологиялық-түсiру,
геологиялық-барлау, iздеу, геодезиялық
және басқа iздестiру жұмыстарына,
сондай-ақ жару жұмыстарын жасауға тыйым
салынады. Құбырлардың күзетiлетiн
аймақтарында жару жұмыстарын жүргiзуге
жазбаша рұқсат осы
жұмыстарды жүргiзетiн ұйым Жару жұмыстары
кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай
ережелерiнде көзделген тиiстi материалдарды
табыс еткеннен кейiн ғана берiледi.
14. Құрамында күкiрттi сутегi бар мұнай
және су авариялық жағдайда төгiлген
кезде оларды дереу жинау және сол жерде
залалсыздандыру немесе көмуге алып
кету керек.
15. Газ-,
мұнай-, конденсат құбырлары қиылысатын
темiр және су жолдарына, автомобиль
жолдарына, жыраларға және басқа да
табиғи кедергiлерге, бұрылыс бұрыштарына,
адамдар көп жиналуы мүмкiн пункттерге,
газ-, мұнай-, конденсат құбырлары
технологиялық тораптарына тиiстi
қауiпсiздiк белгiлерi мен жазбалар
қойылады. Аталған жерлер үшiн жобада
шығарындылардың қауiптiлiгiн болғызбайтын
немесе азайтатын қосымша iс-шаралар
көзделуге тиiс.
223-бап.
Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын
пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзу
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге
асыратын жер қойнауын пайдаланушы
оларды су деңгейi көтерiлген жағдайда
теңiздiң ластануын болғызбайтындай
немесе барынша азайтатындай етiп
жүргiзуге мiндеттi.
2. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге
асыратын жер қойнауын пайдаланушы,
өзiнiң келiсiмшарт аумағында теңiз
ластанған жағдайда, жер қойнауын
пайдаланушының кiнәсi болмаса да, қоршаған
ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға
келтiрiлген залал мен шығындар үшiн
жауаптылықта болады.
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
224-бап.
Су объектiлерiн пайдалану
кезiндегi
экологиялық
талаптар
1.
Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану
Қазақстан Республикасының су
заңнамасында белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалар облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары
белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға
мiндеттi.
3. Су
объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн
кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды
орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың,
жер қойнауын қорғаудың,
санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк
қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту
мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен
ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ
аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық
салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер
ететiн кәсiпорындар мен басқа да
құрылыстарды салу, реконструкциялау,
пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған
ортаны қорғау, су қорын пайдалану және
қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдардың және санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет мемлекеттiк органының (эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілерге
жатқызылған объектілерге) оң қорытындылары
болған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту.
224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2014 №
269-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
225-бап.
Сарқынды суды ағызып жiберу
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Табиғи су объектiлерiн сарқынды суды
ағызып жiберу үшiн пайдалануға осы баптың
2-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, тыйым салынады.
2. Қоршаған ортаға эмиссияға тиiстi
экологиялық рұқсат бар болған кезде
сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне
және жер қойнауына ағызып жiберуге жол
берiледi.
Бұл ретте,
сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне
ағызып жiберуге - су қорын пайдалану
және қорғау саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша,
сарқынды суды жер қойнауына ағызып
жiберуге Қазақстан Республикасының жер
қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына
сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң
қорытындысы болған кезде жол берiледi.
3. Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат
пайдаланушылар оның қоршаған ортаға
әсерiн болғызбайтын қажеттi шаралар
қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану
тоқтатылғаннан кейiн осы жинақтаушылар
орналасқан жердiң қайта өңделуiн жүзеге
асыруға мiндеттi.
3-1. Жинақталған сарқынды суды кәдеге
жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске
ауыстырудың басқа әдістерін қолданудың
мүмкін еместігі негізделген кезде жаңа
жинақтауыш-буландырғыштар құруға
(қолданыстағыларын кеңейтуге) облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдарының
рұқсаты бойынша жол беріледі.
Жобаланған (пайдалануға жаңадан
берілетін) өндірістік сарқынды суларды
жинақтауыш-буландырғыштарға:
1) сүзгіге қарсы экранның болуы;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың
оң қорытындысы бар жобалық шешімдерге
сәйкес нормативтік-тазартылған сарқынды
суды орналастыру талаптары қойылады.
4. Табиғат пайдаланушы ластаушы заттардың
сарқынды суда белгiленген шоғырлану
нормативтерiн асыра немесе сарқынды
судың құрамына экологиялық рұқсатта
көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды.
Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды
суды ағызып жiберу тоқтатылуға тиiс.
Беткі су айдынына ағызылатын су мөлдiр,
бояусыз, иiссiз болуға, құрамында ауру
тудыратын бактериялар және гигиеналық
нормативтерден асатын шоғырлануларда
адамның денсаулығы мен жануарлар үшiн
зиянды заттар болмауға тиiс. Ағызылатын
судың температурасы Цельсий бойынша
30 градустан аспауға тиiс.
5. Ағызылатын суда бетон мен металды
бүлдiрiп-бұзатын заттар болмауға
тиiс.
6. Сарқынды
суды, олардың тазалану деңгейiне
қарамастан, орталықтандырылған ауыз
сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық
қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы,
суға түсуге арналған жерлердегi су
айдындарына ағызып жiберуге жол
берiлмейдi.
7. Сарқынды
суды су объектілеріне, жер қойнауына,
сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті
жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын
немесе су бөлудің тұйықталған циклінде
жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар
Қазақстан Республикасының су заңнамасына
сәйкес су көлемін есептеу аспаптарын
пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді
есепке алу журналын жүргізуге тиіс.
8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының
карьер суын, сондай-ақ сумен суыту үшін
пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың
тұйықталған (айналымды) жүйесінде
орналасқан су жинақтауыштарға төгуді
қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала
тазартусыз су объектілеріне, сарқынды
су жинақтауыштарға, жергілікті жердің
рельефіне ағызуға тыйым салынады.
Ескерту.
225-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
34-тарау.
ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI
ПАЙДАЛАНУ
КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР
226-бап.
Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесудi
жүзеге
асырған кезiндегi экологиялық талаптар
Мемлекеттiк орман қоры санатындағы ормандарда бағалылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялаумен байланысты ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша ғана жүргiзiледi.
227-бап.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
орман
пайдалануды
жүзеге асыру кезiндегi экологиялық
талаптар
Мемлекеттiк
орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды
жүзеге асырған кезде орман
пайдаланушылар:
1)
жұмысты топырақ эрозиясының пайда
болуына жол бермейтiн, ормандардың
жай-күйi мен молықтырылуына, сондай-ақ
су және басқа да табиғи объектiлердiң
жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын
немесе оны шектейтiн және жануарлар
дүниесi мен олардың тiршiлiк ету ортасының
сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен
жүргiзуге;
2) ағаш
сүрегiн дайындаған кезде мемлекеттiк
экологиялық сараптамадан өткен жобаларда
көзделген техника мен технологияны
пайдалана отырып, ормандарды табиғи
түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды
сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;
3) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау
мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi
аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған
ағаш сүректерiн қалдырмауға;
4) ағаш сүрегiн дайындаумен бiр мезгiлде
кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың
қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге;
5) мемлекеттiк орман қорының орман
пайдалануға бөлiнген учаскелерiнде
ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын
өзгедей бұзуға жол бермеуге;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш
кескен кезде, орман орналастыру жобасына
сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса
алғанда, ағашы кесiлген алаңның екi
еселенген мөлшерiнен астам алаңға ағаш
отырғызуды жүзеге асыруға;
7) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң
қызметi нәтижесiнде өскiндерi жойылған,
ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен
алаңдарда ормандарды молықтыруды өз
есебiнен жүзеге асыруға;
8) ормандардың санитарлық жай-күйiн
қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi
ережелердi сақтауға;
9) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман
зиянкестерi мен ауруларынан қорғау
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
10) мемлекеттiк орман иеленушiлердi
мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану
үшiн оларға бөлiп берген учаскелерiнде
орман зиянкестерi мен ауруларының пайда
болғаны туралы хабардар етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға
және оның аумақтық органдарына,
облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы
органдарына және мемлекеттiк статистика
саласындағы уәкілетті органға орман
қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк
орман кадастрын, мемлекеттiк орман
мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану
төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн
қажеттi ақпаратты берiп тұруға
мiндеттi.
Ескерту. 227-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР
2010.03.19 №
258-IV Заңымен.