ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 1779
Скачиваний: 10
СОДЕРЖАНИЕ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқылатын шығарма | Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Он жетінші қарасөз» |
Оқу мақсаты | 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; |
| 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
|
|
|
|
Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
1-тапсырма. А.Құнанбайұлының «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге тән өзіндік ерекшеліктерді анықтаңыз.
Кейіпкерлер | | | |
Ерекшеліктер | | | |
Өмірлік мақсаттары | | | |
2-тапсырма. А.Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға беріңіз.
Өлең үзіндісі | Көтерілген мәселе | Жаңашылдығы |
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. | | |
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын. | | |
3-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы А.Құнанбайұлының «Он жетінші қарасөзінен» берілген үзінділер арқылы ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырып, түсіндірме беріңіз.
Үзінділер | Түсіндірме |
Ақыл: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? | |
Қайрат: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім». | |
Ғылым: «Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым». | |
Жүрек: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ....Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады». | |
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Кейіпкерлердің ерекшеліктері бойынша типтік образдарды анықтайды. | 1 | Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтайды; | 1 | |
Өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтайды; | 1 | |||
Поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады; | 1 | |||
Өз пікірін дәлелдейді. | 1 | |||
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді. | 2 | Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды; | 1 | |
Жаңашылдығына баға береді; | 1 | |||
Өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді. | 1 | |||
3 | Ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырады; | 1 | ||
Оларға түсіндірме береді. | 1 | |||
«Қос жазба күнделігін» толтырады. | 1 | |||
Барлығы | 10 |
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы, «Лай суға май бітпес, қой өткенге», «Отыз екінші қарасөз»
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | орта | жоғары | |
Кейіпкерлердің ерекшеліктері мен типтік образдарын анықтайды. | Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтауда, өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтауда, поэмада ерекшеленген кейіпкерді табуда, өз пікірін дәлелдеуде қиналады. | Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтауда, өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтауда, поэмада ерекшеленген кейіпкерді табуда, өз пікірін дәлелдеуде қателеседі. | Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтайды. Өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтайды. Поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады. Өз пікірін дәлелдейді |
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді. | Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтауда, жаңашылдығына баға беруде, өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға беруде, ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстыруда, түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтыруда қиналады. | Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтауда, жаңашылдығына баға беруде, өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға беруде, ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстыруда, түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтыруда қателеседі. | Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды. Жаңашылдығына баға береді. Өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді. Ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырады. Түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтырады. |