Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 396
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адамдар өте ақылды жандар және біз күн сайын біздің интеллектуалды қабілеттерімізге сенеміз. Зияткерлікті сансыз әдіспен анықтауға және өлшеуге болатынына қарамастан, біздің жалпы интеллектіміз түр ретінде бізді керемет ерекше етеді және ұрпақтарға өсіп-өнуге мүмкіндік береді.
47.«Ғылым» базалық концептісі ғалым, зерттеуші, теоретик, пайымдағыш, тапқыш, байқампаз, ұғымтал, аңдағыш сияқты және т.б. микроконцептілердің жинақ ақпаратын білдіреді. Әрқайсысына анықтама беріңіз
«Ғылым» базалық концептісі «Интеллект» макроконцептісінің мағыналық аясына енетін келесі базалық концепт – ҒЫЛЫМ. Бұл ұғымды «интеллект» макроконцептісінң мағыналық ақпараттық аясына енгізуімізге «ғылымның» тікелей адамның интеллектуалдық қызметінің жемісі болғандығы және «ғалымның» басты құралы интеллектісі екендігі себеп болып отыр. Басқа базалық концептілер сияқты нақты адамның интеллектуалдық категориясын бастапқы формасында көрсетпесе де, бұл ұғымның адамның интеллектуалдық сипатынан тыс қалуы мүмкін емес. Ғылымды адам интеллектісінің жемісі, тірегі, итермелеушісі және т.б. көптеген қырларынан қарастыруға болады. Негізінен, ғылым – ғалымның кәсібі, қызығушылығы, қызметі, еңбегінің жемісі. «Ғылым» «оқу-біліммен» тығыз байланысты, бірінсіз бірі дамымайтын абстрактілік түсініктер. Ақылмен тікелей байланысты, қатар жүретін ұғым. «Ғылым» термині адамның интеллектісінің жоғары сатысына қатысты. Ғылым-
-
белгілі бірбілімдердің жиынтығы, білім саласы, ағымы; -
Адамның ақылынан туған нақты деректердің жиындығы; -
Әлеуметтік қызмет деңгейі; -
Адамның интеллектуалды дамуының көрсеткіші; -
Қоғам дамуының тетігі; -
Кеңістіктегі адам ментабиғатқа тән құбылыстарды, байланысты саралаушы.; -
Адам интеллектісінің көрініс, көрсеткіші.
«Интеллект» концептісі «ғылым» ұғымынан тыс зерттелуі мүмкін емес. Адамның миының қызметімен байланысты дамитын ғылым саласын интеллектіден бөліп қарастыруымызға болмайды Сондықтан бұл ұғымды «интеллект» макроконцептісінің мағыналық-ақпараттық өрісіне қосамыз. «Ғылым» базалық концептісі ғалым, зерттеуші, теоретик, пайымдағыш, тапқыш, байқампаз, ұғымтал, аңдағыш сияқты және т.б. микроконцептілердің жинақ ақпаратын білдіреді. ҒАЛЫМ – сөзі арабтың а лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі. Біздің түсінігімізде, ғалымның екі мағынасы бар, біріншісі жоғарыда айтылған оқымысты адам болса, екіншісі ғылымның белгілі бір саласын жетік игенрген білімдар адам, маман.Ғылыммен шұғылданатын кез келген ғалымның негізгі қаруы – интеллектісі. Ғалым адам интеллектісін басқа иелерінен артық қолданады
деуге де болады, себебі ол білім алу, тәжірибе жинау, танымдық ұғымын кеңейту, есте сақтау, өзіне тән қабілетін пайдалану сияқты интеллектуалдық қызмет түрлерімен үнемі бірге боладын адам. Осы тұрғыдан келгенде «ғылым» базалық концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісін толықтыратын ғалым деген ұғымды қосамыз. «ҒАЛЫМ ақыл-ой иесі, ғұлама. Абай ғылым туралы жазғанда: «Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретесің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік» – деп толғанады. Бұнда ғылым жолының қаншалықты қиын жол екендігін тұспалдап отыр дана. Біздің түсінігіміз бойынша ғалым бола білген адам – зерттеуші, теоретик, пайымдағыш, тапқыш, байқампаз, ұғымтал, аңдағыш болмақ. Тілімізде ғалымды сипаттау үшін ғұлама ғалым деген тіркесті қолданатын кездер болады. Бұндағы ғұлама – «асқан ой иесі, оқымысты, ғалым» деген әдеби мағыналы сөз. Сонда ғұлама ғалым деген «ғалымдардың ішіндегі ғалымы» деген мағынаны береді деуге болады. Адам интеллектісінің жоғары белгісі деп отырғанымыз (жоғарғы интеллект) ақылы мен білімі толығып, саналылықтың биік шыңына жеткен адамдардың сипаты. Әлемдік тәжірибеде жоғары интеллектіге ие болған, соның қызметіне жүгінге қаншама тұлғалардың болғанын, бар екендігін ескерсек, адамның интеллектуалдық сипатын білдіретін тілдік бірліктер қатарына жоғарғы интеллектіні білдіретін ұғымдарды қосқан жөн деп санаймыз. «Ғылым адам баласының интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғарғы көрсеткіші болып табылады. Ол қандай да бір ойлау әрекетінің жиынтығы ретінде сипатталады және соның ішіндегі бастысы – менталды /ойлау/ әрекет».
48.Интеллектінің физиологиялық және биологиялық табиғаты туралы қандай зерттеулер жүргізілген. Ғалымдар жасаған 3 зерттеуге тоқталыңыз, жетістіктерін талдаңыз.
Жоғарыда айтылғандай, биологияны зерттеуді ежелгі заманнан бастап адамдар жасаған. Ер адам өсімдіктер мен жануарларды қалай құрастырғанына қызығушылық танытты. Жануарлар дүниесіндегі байқау жүргізілді және қорытындылар жасалды, сондықтан нақты материал, ғылымның теориялық негізі жиналды.
Қазіргі заманғы биологияның жетістіктері әлдеқайда алға жылжыды және ең кішігірім және ең керемет күрделі құрылымдарды қарастыруға мүмкіндік береді, табиғи процестердің жүрісіне кедергі келтіреді және олардың бағытын өзгертеді. Мұндай нәтижелерге әрқашан қол жеткізудің қандай жолдары бар? Білім алу үшін оларды алудың әр түрлі әдістерін қолдану қажет. Бұл биологиялық ғылымдарға қатысты. Сондықтан, бұл тәртіптің әдістемелік және нақты пигжи-банкін толықтыруға мүмкіндік беретін өзінің жеке шаралары бар. Бұл биологиядағы зерттеу әдістері . Мектептегі биология сабағы міндетті түрде осы тақырыпқа қатысты, себебі бұл мәселе негіз болады. Сондықтан, бұл әдістер тіпті бесінші сыныптағы табиғи тарих немесе биология сабақтарында да айтылады.
Зерттеу әдісі қандай?
-
Сипаттама. -
Биологиядағы бақылау әдісі . -
Эксперимент. -
Салыстыру. -
Модельдеу әдісі. -
Тарихи жол. -
Технологиялардың жаңа жетістіктерін және заманауи жабдықтарды қолдануға негізделген модернизацияланған опциялар. Мысалы: электрондық спектроскопия және микроскопия, бояу әдісі, хроматография, молекулярлық биология және т.б.
Олардың барлығы да әрдайым маңызды болған, бүгінгі күннің өзінде қалады. Дегенмен, олардың арасында бірінші болып пайда болған және әлі де маңыздысы бар.
49.Интеллектіні танудағы философиялық көзқарастарды (еңбекті) хронологиялық ретпен жазыңыз
Бүгінгі ғарыштық заманның көріністері – адамзат ақылының жетістігі. Қаншама тарихи дәуірлерді артта қалдырған адам баласы жаратылғаннан бастап, қазірге дейін санасының үздіксіз еңбек етуімен байланысы ешкімнің ешқашан ойына келмеген «даму құбылыстарын» кешуде: адам жаратылды, санасын оятып, дамытты, ұрпақ таратты, шаруаға бейімделіп, айналасында қажеттіліктер қалыптастырды, ой және дене еңбегіне үйренді, сайып келгенде, осындай қарапайым үдерістердің үнемі жалғасуы технологияның ең биік жетістіктеріне, рухани-танымдық жаңарып отыруға қол жеткізді. Бұның барлығы, бір сөзбен айтқанда, адамның интеллектуалдық сипатының шексіз әрі өлшеусіз екендігін танытады. Адам интеллектісі – кез келген философиялық құбылыстың итермелеушісі және басшысы. «...адамның бүкіл өміртанымының өзегі, тіршілігінің тірегі саналатын сөзге қатысты кез келген мәселенің терең тамырларын ашу үшін философияға жүгіну қажет деп саналады» философиялық бағыт қалыптасқан антика философиясынан бастау алады. Интеллектуализм интеллектіні сезімдік таным мен тәжірибеден бөле отыра, алдыңғы орынға танымды қояды. Б.э.д. V-VІ ғасырларда интеллектуализмнің алғашқы өкілдері элеаттықтар шынайы тұрмыстың бұлжымас мәні туралы ілім ұсына отыра, көзге көрінер өзгерістер мен айырмашылықтардың бейнесі сезімдік тәжірибені таным негізіне түсіріп тастады. Осы жағдайларды дамыта келе, әйгілі «Табиғат туралы» шығармада Гераклит: «танымның негізі сезінуде (түйсіну), бірақ тек ойлау ғана даналыққа әкеледі: егерде белгілі бір зат сезіммен қабылданған жарықтан таса қалса, ол сана жарығынан тысқары қала алмас еді», [30] – дегенін білеміз. Аристотель өзінің «Жан туралы» трактатында ақылды материалдық дүниенің әмбебап бастамасы ретінде анықтаған, содан кейін барып оны адамзат тіршілігінің ажырамас бөлігі деген. «Ақыл энергиясы айналадағы ақиқат туралы білімді жинақтайды және сол шындықтың өзін ауыстыра отыра адамның күнделікті қызметін бағыттап отырады» [31]. Осылайша, Аристотельдің пікірі негізінде адамның денесі сананың билігіндегі жаратылыс болып қалады.
Әл-Фарабидің «Философилық тарктаттарында» осы тақырыпқа көп талдау жасағанын көруге болады. Интеллектінің тағы бір сипаттамасы ретінде Аристотелдің интеллектіні адамға жаратылысынан тән сипат деп түйеді. Оны мына пікірінде жазған: «Дәлелдеме» деген кітабында Аристотель айтатын интеллектіге келетін болсақ, ол мұны жанның қабілеті ғана, – өзіне қалай және қайдан келіп қалғанын білмесе де, – аналогия жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен – жаратылыстан немесе жастайынан біткен – қасиеті арқылы универсалды, ақиқат және қажетті пасылкалар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қана түсінеді»
Абай өзінің «Қара сөздерінде» нақты «интеллект» терминін қолданбаса да, семантикасы мен философиялық мазмұнына қарай «ақыл» (кейде арабша «ғақыл»), «ғылым» деген ұғымдарды қолданады. Негізінен, «интеллект» терминінің шыққан төркіні көне грек тілінің «нус» (орыс. ум) латын тіліне аударған нұсқадан тарайды және мағынасына қарай «ақылмен» барабар [25; 210 б.]. Сондықтан да, Абайдың ақыл, ғылым туралы пайымдауларын интеллектінің философиялық аспектісіне енгізуге толық негіз бар.
50.«Интеллект» макроконцептісінің паремиялардағы көрінісін талдаңыз
Тіл білімінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, афоризмдерді зерттейтін сала – паремиология деп аталады. Паремиология – гректің paroimia – притча, proverbium, parabola сөзінен пайда болған. Paroimia деген нақыл, өсиет әңгіме, сөз деген ұғымды білдіреді. Н. Пазяктың айтуынша, паремиология паремиографияның бір бөлігі болған, кейін мақалдың теориялық зерттеулеріне байланысты бөлек бір сала ретінде бөлінген. Паремия термині 1960-70 жылдардан бастап ғылыми қолданыс таба бастады. Зеттеушілердің кейбіреулері терминнің шегін кеңейтіп, оның қатарына паремиялардан басқа жұмбақтар, ырымдар мен анекдоттар, ертегілер де, аңыз әңгімелерді де кіріктірді (Г.Л. Пермяков). Басқа зерттеушілер (Э.Я. Кокаре) паремияларға шек қойып, оған тек қана мақалдарды, мәтелдерді, идиомаларды және фразеологизмдерді кіріктірді.
В.В. Радлов: «Қазақ ақындарының қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде, қалай әсем сөйлейді. Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіреді, қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі, балаларының ақыл-ой, есі де тез жетіледі. Ойын дәл ұғындыра алады» десе, М. Әуезов «Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, әдетте ол бір немесе бірнеше толық сөйлемшеден құралады. Ал, мәтел мақал сияқты, толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады» деген тұжырымдама айтады.
Паремиялардың тілдік табиғатын, олардың басқа тұрақты тіркестері мен ұқсастықтарын немесе ерекшеліктерін отандық тіл білімінде А. Байтұрсынов, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Габдуллин, Ғ. Тұрабаева тәрізді ғалымдар қарастырған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В. Виноградов, Н.Н. Амосова, М.Т. Тагиев, Н.М. Шанский, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар өздерінің ұсыныстарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін – тұжырымдарымен белгілі.
Паремиология саласына зерттеу жүргізген ғалымдардың тұжырым пайымдары өте көп. Ал «интеллект» макроконцептісін қарастыруда тіліміздің мол тілдік бірліктері бар екенін ескерсек, адамның ақылой, сана, білім жүйесіне байланысты халық даналығы, мақал-мәтелдерді көптеп кездестіруге болады. Қазақ тіліндегі интеллект мәнді мақал-мәтелдер, көбінесе, қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру арқылы беріліп отырады.
Қарапайым өмірдің өзі заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстырудан, қарама-қарсы қойып, саралаудан тұратыны сияқты кез келген ғылым саласында бұл әдіс танымның (белгілі бір құбылысты зерттеудің) қажетті әрі ажырамас бөлігі. Тіл білімінде бұндай әдіс – оппозициялық әдіс деп аталады. Мәселен, біздің зерттеу нысанымыз болып жүрген «интеллект» макроконцептісін оппозициялық әдіспен зерттеуде «ақылды-ақылсыз (ақымақ)», «білімді-білімсіз (надан)» сияқты жұптарды атауға болады. Бұлар оппозиция ретінде қазақ тілінде молынан кездесетін лексикалық бірліктерде, фразеологиялық бірліктерде, әсіресе, паремияларда айқын бейнеленеді. Когнитивті тіл білімінің тәжірибесіне сүйене отыра, аталған жұптарды «ақылды-ақылсыз (ақымақ)», «білімді-білімсіз (надан)» оппозициялық концептілері деп атауға болады. Оппозициялық концепт түсінігі қазіргі лингвистикада жиі аталып жүр. «Ақылды-ақылсыз (ақымақ)», «білімді-білімсіз (надан)» оппозициялық концептілері адамның интеллектуалдық сипатын танытатын тілдік бірліктер болып табылады. Адамның адамдығын ақылынан танимыз. Дүние жүзілік ғылымда әлі де нақты мәні ашылмаған жаратылыс – адам – интеллект иесі әрі интеллект нысаны. Адамды танымдық тұрғыдан зерттеуде сана-сезімі мен ақыл-ойына келіп тірелеміз. Ақылы арқылы адамның қаншалықты күрделі құбылыс-жаратылыс екеніне көз жеткіземіз. Осы орайда адам интеллектісін тек ақылдылық, саналылық, парасаттылық, даналық сипаттарынан ғана емес, болмысымызда бар ақылсыздық, ақымақтық, білімсіздік, надандық сияқты абстракциялық ұғымдардың да интеллектіге қатысы бар екендігін атап айту керек. Интеллектінің өзін жоғары интеллект, төменгі интеллект деген категорияларға бөлу заңды. Ақылды адамның сипатын, мәнін ғылыми тұрғыда ашып алдық. Ал ақылсыз, ақылы төмен адам қандай, ақылсыз адамның интеллектісі қалай бағаланбақ? Ең алдымен осы ұғымның түп мағынасын сөздіктерден қарастырып көрсек. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» мынандай түсініктеме берілген: АҚЫМАҚ (араб) сын. Ессіз, жөн білмейтін, парықсыз адам. АҚЫМАҚТЫҚ зат. Ақылсыздық, білместік, өкінішті іс-қылық. Айлалас және кесірлес Ағайын сені өсірмес. Ақымақтығыңды кешірер, Ақылдылығыңды кешірмес! (Қ. Мырзылиев, Мәңгі майдан). АҚЫЛСЫЗ сын. 1. Ессіз, санасыз, ойсыз. 2. Ой-өрісі тар, ақымақ. НАДАН (араб) сын. 1. Топас, пайымсыз. 2. Хат танымайтын қараңғы, білімсіз. НАДАНДЫҚ зат. 1. Білімсіздік, қараңғылық. 2. Топастық, көрсоқырлық, парықсыздық.