Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 395

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Ақылды-ақылсыз (ақымақ)» оппозициялық концептісі – әлеуметтік, экономикалық, философиялық, психологиялық, ең бастысы, лингвистикалық бірлік. Тілімізде бұл оппозициялық концептіні, көбінесе, паремияларда молынан кездестіреміз. Мысалы: Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады; Ақылсыз адам айқайлай келеді, жан-жағын жайпай келеді, Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді, - деген және т.б. мақал-мәтелдерді атауға болады. «Ақылды-ақымақ» оппозициялық концептісі мақал-мәтелдерде адамның интеллектуалдық қабілетіне қарай ісінің нәтижесін саралап, елеп-екшеп көрсетіп отырғандай. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні арқылы ақылдыақылсыз адамдардан нені күтуге болатындығын, олардың психофизиологиялық күйін, қоғамдық-әлеуметтік қырларына байланысты хабар алуға болады.

Тіліміздегі «ақылды-ақылсыз» оппозициялық концептісін мақал-мәтелдерде «жақсы-жаман» оппозициясымен орын ауыстырып келетін де кездер бар. Олардың беретін мағынасы да адамның интеллектісінің жоғары не төмендігіне қатысты, бірақ тілімізде адамның сипатын көсететін жақсы, жаман сын есімдері ақылы мақал-мәтелдерде қолданылады. Мысалы: «Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер». «Жақсы адам қартайса, жазып қойған хатпен тең, Жаман адам қартайса, бықсып жанған отпен тең». Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде ақыл-ой тереңдігін, жан-жақтылығын сипаттайтын тілдік бірліктер ретіндеі мыналарды атауға болады: ақылды, білімді, жақсы, саналы, алғыр, ойлы. Бұлар салыстыру, қарсы қою әдісі арқылы берілетін болғандықтан, «білімді-надан (білімсіз)» оппозициясын да мақал-мәтелдерден кездестіруге болады: «Білім – гауһар бағасы жоқ, Надандық – кесел дауасы жоқ», «Білмесең, үндеме, білгенді күндеме».Сондай-ақ қазақ тіліндегі интеллект мәнді мақал-мәтелдер «саналы-санасыз» оппозициясы арқылы да беріліп отырған. Мысалы: «Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас» деген сияқты және т.б. көптеген паремиялар бар. Сол сияқты интеллект мәнді мақал-мәтелдерді тіліміздің мол қорынан көптеп кездестіріп, қолдана аламыз: Жетесіз ұл жеті атасын қаздырар. Асыл – тастан, ақыл - жастан. Ақыл азбайды, алтын тозбайды. Жалпы «интеллек» макроконцептісінің паремияларда бейнеленуі жеке зерттеу арнасы бола алатын тың әрі қызықты тақырып. Біздің ғылыми зерттеуімізде интеллект мәнді паремиялардың тек оппозициялық әдіспен жасалуы, салыстыру арқылы бейнелі мағынаның, астарлы мағынаның берілуі сияқты мәселелер аталып өтті. Тілімізде ежелден бері халық мұрасы болып табылатын мақал-мәтелдер әрқашан тәрбиелік қызмет атқарған. Ал интеллект мәнді мақал-мәтелдер адамның танымдық, парасаттылық, тәрбиелік сипаттарын анықтайды. Демек, интеллект мәнді паремиялардың танымдық әрі педагогикалық ерекшеліктері ұнемі қолданыста қатар қызмет атқарады. Сондықтан да мақал-мәтелдер халқымыздың тарихи, әдеби күнделігі әрі баға жетпес қазынасы болып қала бермек.


51.Интеллект мәнді тұрақты тіркестердің тірек ұғымдарын анықтап, интеллект мәніне қатысты тұрақты тіркестерді топтастырыңыз

Кез келген тілдегі тұрақты тіркестер – халықтың салт-санасынан ақпарат беретін адам ақыл-ойының тілдік көрінісі. Халықтың танымын 93 аңғартатын, ұлттың ұшқыр ойын, терең білімін айқындайтын, ғасырлар бойы қолданысын жоймай келе жатқан фразеологизмдер адамның интеллектуалдық сипатын таныту үшін қолданылады. Қазақ тілінде жиі айтылатын: көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), ақылы там (ақылды, ақылы мол), надан кеуде (көңілі соқыр, топас адам), ақылы Аплатондай (дана) және т.б. көптеген қолданыстар бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде адамның ақылын танытатын, білім деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесін, шешендігін білдіретін немесе интеллектісінің төмендігін я біліктілігін бейнелейтін жүзге жуық тұрақты тіркес қамтылған. Адамның ақыл-ой, парасат (интеллект) деңгейінен хабар беретін тұрақты тіркестер көбінесе тірек ұғымға негізделіп жасалады. Мысалы: ақыл қосты (кеңес берді, ой салды), ақыл таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады), ойға қонымды (көңілге, ақылға сыятын; түсінікті), ой салды (әр түрлі ой оралтты, әр түрлі пікір ұялатты), көңілінен шықты (ойлағандай, діттегендей болды), көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), көзі ашылды (1. Көкірегін, санасын оятты; санасы оянды, өмірді білді, таныды); миы жетті/миына қонды (ақыл алды; түсінерліктей, ұғынарлықтай болды), ми жетті (ақыл жетті, білді); тілі мірдің оғындай/тілі өткір (1. Тілі шаян щаққандай ащы. 2. Тілі тіліп түсер, дегенін жеріне жеткізе дәл, тура айта алатын адам), тілдің майын ағызды (сөзге шебер, шешен кісі туралы айтылады). Тірек ұғымдарына қарай келтірілген интеллект мәнді фразеологизмдерді абстрактілік ұғымдар тірек болған тұрақты тіркестер және соматикалық атаулар тірек болған тұрақты тіркестер деген екі топқа жатқызуға болады. Абстрактілі ұғым: ақыл, ой, көңіл. Соматизм: көз, ми, тіл. Адамның осындай ақыл-ойы, парасаты, саналылылығын сипаттайтын фразеологиялық бірліктер тіліміздегі «интеллект» макроконцептісінің мағыналық-ақпараттық аясын жан-жақты кеңейтіп, тередете түседі. Жалпы интеллект мәніне қатысты тұрақты тіркестерді екі негізгі топқа бөлуге болады: адамның интеллектуалдық әрекет-қызметін білдіретін (ойлау, саралау; білу, меңгеру; ақыл-кеңес беру) және интеллектуалдық қабілетін сипаттайтын (ақылды, дана; білімді, тәжірибелі; айлалы, тапқыр; шешен, ақын) тұрақты тіркестер. Ой туды [келді, түсті] (жаңа пікір келді, сана-сезімі, ойы оянды). Мысалы: Ой артынан ой туар, Желге мінсең, жеткізбес (Абай). Ойға салды (ойланып қарады, пікір таразысына өлшеді). Мысалы: Кім біледі кез болса арттағылар, Ойға салып оқыр да сөзін сынар (Абай). Ақыл [ой] таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады). Мысалы: Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек (І. Есенберлин). Көзін тапты (істің ретін, орайын келтірді). Мысалы: Еш нәрсенің көзін таппай, кібіртіктей жүріп, жоқ жерде оқыс кетуіңіз де мүмкін, - деді Қаржас Медешбековқа (Ә. Сатыбалдиев). Ебін [есебін] тапты (амалын келтірді, істің жөнін, қисынын келтірді). Мысалы: Есебін тапқан екі асар (мақал).



«Интеллектуалдық қызметті білдіретін ТТ» тобына жататын тұрақты сөз тіркестерінен адамның ақыл-ой жүйесі жеке емес, қоршаған ортамен байланыс орнату арқылы жетілетінін, танылатындығын аңғартады. «Интеллектуалдық қабілетті сипаттайтын ТТ» тобына: Тақыр жерден шөп шығарған (қу, айлакер адам туралы айтылады). Қулық, айла – тапқырлықтыңбелгісі ретінде алынып, контексте интеллектуалдық мәнге ие деп санаймыз. Сондықтан осындай мағынадағы фразеологизмдер де топтауға қосылған. Тасбақаның аузынан шөп алған адам (диал.өте айлалы, тапқыр, епті адам). Су жұқпас шешен (сөзден мүдірмейтін ділмар). Мысалы: Япырай, өзім-өз болғалы дәл осындай су жұқпас шешен адамды көрген жоқ едім (Б. Соқпақбаев). Қызыл тіл (шешен, орамды, жүйрік). Мысалы: Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл (Абай). Бұл топқа адамның интеллектуалдық сипатын танытатын тұрақты тіркестер жатады, олар адамның жаратылысынан немесе уақыт өте келе жинаған білімінен туындап, интеллект мәніне ие болады. Осындай белгілерді айқындау үшін тілімізде жоғарыда келтірілген (интеллектуалдық сипаттағы) тұрақты тіркестер молынан қолданылады. Адамның ақыл-ой, сана-сезімінің төменгі деңгейі – ақылсыздығын білдіретін фразеологизмдер де интеллект мәнді тұрақты тіркестердің қатарын толықтырады. Сонымен, интеллект мәнді фразеологизмдер көз, ми, тіл сияқты соматикалық атаулар мен ақыл, көңіл, ой сынды абстрактілік ұғымдар тірек қызмет атқару арқылы жасалады. Сондай-ақ интеллект мәнді фразеологизмдердің өзіндік жасалу жолдарын мағыналық ерекшеліктеріне, қолданысына қарай «адамның интеллектуалдық әрекет-қызметін білдіретін» және «интеллектуалдық қабілетін сипаттайтын тұрақты тіркестер» деп топтастыруға болады.

52 Гендерлік психология мен гендерлік лингвистика арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды салыстырыңыз.

Гендерлік психологияда екі бағыт бөлінеді: жыныстық психология және жеке тұлғаны дамыту. Бұл аспект адамның жынысына байланысты. Адамның жеке басын дамытқанда оның тікелей жақын жері (ата-аналары, туыстары, тәрбиешілері, достары) тікелей қатысады. Бала гендерлік рөлдерге ұмтылады, ересектерге қарағанда әлдеқайда нәзік болуы немесе ерлерге қарағанда ересектердің үлгісі бойынша қарсы жынысты адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйренеді. Адамда әртүрлі дәрежедегі екі жыныстың ерекшеліктері де көрінуі мүмкін.


Гендерлік психология мен гендерлік лингвистика арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды салыстырыңыз.

Гендерлік лингвистика – биоәлеуметтік субьект ретінде танылатын ер кісілер мен әйел затының тіліндегі ерекшеліктерді зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ол ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тіліндегі тілдік ерекшеліктердің мәнін, түрлі құрылымдық типтегі мәтіндерде сақталған ерлер мен әйелдер тіліне тән ұлттық және мәдени құндылықтарды, гендерлік этикет нормаларын, ерлер мен әйелдер тіліндегі сөз қолданыстарының стильдік ерекшеліктерін, тілді меңгерудегі гендерлік ерекшеліктердің ықпалын және әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы гендерлік оппозиция мәселелерін шешуді қарастырады.

Гендер (gender) ағылшын тілінің термині, ол тіл білімінде грамматикадағы тек категориясына сәйкес жұмсалады. Дж. Скотт бұл категорияны «жынысаралық ерекшеліктерге негізделген мәдени-әлеуметтік қатынастардың құрамдас бөлігі», – деп таниды.

Гендрология ғылымында «гендер» мен «жыныс» ұғымдарының ара жігі сараланып көрсетілмей келеді. «Жыныс» термині (ағылшын тілінде sexus) еркек пен әйел арасындағы табиғи, биологиялық ерекшеліктерді білдірсе, гендер биологиялық тұрғыдан емес әлеуметтік және мәдени тұрғыдан анықталады, оның мәні, түсіндірілуі мен көрінуі іштей де, мәдени аралық та өзгерістерге ұшырап, тарихи алмасулар нысанына айналып отырады.

Жалпы гендерлік лингвистикадағы көркем проза тілі мен сөйлеу тіліндегі сөз таптарының жиілігін салыстыратын болсақ әйелдер тілінде сын есімдер, есімдіктер, шылау түрлері жиі қолданылады екен. Сонымен қатар әйелдер лексиконы стереотип, ассоциацияны тез сезетін, сол арқылы ойын эмоционалдық, иррационалды, бейнелі жеткізуге бейім болатынын да өзіндік ерекшелік ретінде тануға болады. Мәселен, күлім көз, құралай көз, қалам қас, қолаң шаш, бұраң бел, қиғаш қас, сырғалы, кербез және т,б.

Керісінше еркектердің сөйлеу тілінде зат есімдер мен етістіктер, одағайлар, қаратпа сөздер, бұйрық рай мен дөрекі мәнді сөздер кең қолданыс тауып, ақиқат дүниені шынайы қабылдап, ойын рационалды, тура мағынада жеткізуге бейім болады екен. 
Мәселен, Көңіл-күй одағайлары: Бәрекелді!, Ой жарайсың!, Жігітсің!, Азамат! Қаратпалар: Бауырым, дос, інішек, қарындас, бәйбіше, кемпір, басеке, бәке, сәке және т.б. Жігіттердің қасиеттерін сипаттайтын сөздер мен тіркестер:жігіттің сырттаны,күйеу жолдас, қылшылдаған жігіт, сүр бойдақ, сомадай жігіт, от жігіт, омыртқасы түзу жігіт,қу мұрт, қияқ мұрт, дудар шаш, шолақ белсенді, қылаң сақал, ақ сұңқар, есіл сабаз, арыстан жүректі, мар қасқа,, атқа мінер, сегіз қырлы бір сырлы, сылқым сері.

53.Логикалық-математикалық интеллект және оған тән белгілерді сипаттап жазыңыз

Логикалық- математикалық интеллект- белгілі бір әрекеттердің заттарға немесе идеяларға әсерін және олардың бір -бірімен қалай байланысты екенін байқау, есептеу мүмкіндігі. Мұндай интеллекті бар адамдар логикалық ойлауды қолданады және математикалық есептер мен міндеттерді шешу үшін индуктивті және дедуктивті ойлауды қолданады. Логикалық математикалық интеллекті бар адамдар ғылыми зерттеулерде, әр түрлі элементтер арасындағы қатынастарды анықтауда, дерексіз және күрделі идеяларды түсінуде және т.б. Бұл адамдар логикалық қабілеттерін қолдана отырып, кез келген нәрсені үйренуге қабілетті және мектепте және колледжде математика пәнінен жақсы баға алады. Олар күнделікті математикалық дағдыларды қолдануды ұнатады. Мысалы:

- Сандарды шебер қолдана білу.

- Логикалық ұғымдарды жақсы түсіну.

- Ой қорыту үшін жоғары дағдылар.

- Есептер мен жұмбақтар шешудің жақсы қабілеті. Бұл адамдар психикалық қиындықтарды ұнатады және логикалық, дерексіз және математикалық есептерді шешуді оңай іздейді.

- Математикалық амалдарды оңай орындайды;

- Эксперименттер жүргізеді және олардың орындалуынан ләззат алады.

- Ғылыми принциптерді түсіну және қолдану қабілеті жақсы. Индуктивті және дедуктивті ойлау мен логикалық ойлау сияқты.

- гипотезаларды тұжырымдап, тексере біледі.

- Олар белгілі бір элементтер арасындағы байланыстарды байқай және өлшей алады.

- Бұл адамдар шахмат немесе виртуалды шайқас сияқты шеберлік пен стратегия ойындарында жақсы.

- Бұл адамдар күнделікті өмірде мәселелерді шешудің жақсы дағдыларына ие. Олар әдетте табиғатынан қызығушылық танытады және айналасындағы құбылыстарды зерттегенді ұнатады.

- Оларда абстрактілі ойлауға мүмкіндік бар.

- қарапайым және нақты себеп -салдарлық қатынастарды тану.