ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4799
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Диспансердің негізгі қызметі – шығу тегі бір әр-түрлі аурулардың алдын алу және емду. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердің алдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.
Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер, медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін фельдшер (мейірбике) іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем подстанцияларымен, ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция және аппатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-эвокуаторлар линияда орналасқан санитарлық тасымалдау құралдарымен радио байланыспен қамтамасыз етілуі керек.
-
Стационарлық типтегі мекемелер
Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады.
Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған. Ауруханалық көмек (лат. stationaris –тұратын, қозғалмайтын) - квалификациялық, мамандандырылған, жоғары мандандырылыған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен, көмек көрсету формасы.
Аурухана- емдеу мекемесі, дәрігерлік күтімді, қадағалауды, қарауды қажет ететін науқастар жатқызылған. Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек, сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау, жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да манипуляциялар)
Ауруханалар бөлінеді:
-
бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік, психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)
-
көпсалалы, әр түрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)
Көмек көрсету аймағына байланысты;
-
аудандық
-
қалалық
-
облыстық
-
республикалық
Клиника - бұл аурухана, науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, білімгерлерді оқыту және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.
Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.
Госпиталь түрлері:
-
орталық;
-
қарулы күштер түрі;
-
аймақтық;
-
гарнизондық;
Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:
-
жазықтық жылжымалы;
-
эвакуациялық;
-
армияға көмек беретін әскери бөлімдер.
Сауықтыру орталығы ( лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті, науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа, теңіз суын, минералды суларды, емдік батпақтарды және т.б күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.
Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақтық зонадағы ірі кәсіпорындарда, санаториялар – курортты аймақтарда орналасады.
Перзентхана - бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.
Босану үйлері ауданның емдік-профилактикалық мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер консультациясы жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Хоспис (ағылшын тілінен Hospise) - жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.
Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді: науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері. Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.
Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған, бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі, емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы.
Күндізгі стационар құрамында болуы керек:
- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;
- дәрігерлер бөлмесі;
- ем-шара бөлмесі;
- науқастар күндіз болатын бөлмелер;
- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;
- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.
Травматологиялық пункт ауруханалар құрамындағы елді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.
3.1 АМСК жүйесінің жұмыс принципі
Біріншілік медициналық-санитарлық көмек медициналық көмектің ең қол жетімді, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімді түрі, денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып табылады. Себебі, науқастардың 80% емді біріншілік медициналық-санитарлық көмек шарттары бойынша бастайды және аяқтайды. Адамдар, отбасы, қоғамның денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесімен біріншілік деңгейдегі байланысы.
Біріншілік медициналық-санитарлық көмек – медициналық қызмет түрінің барынша қолжетімді, элеуметтік, экономикалық қолайлы түрі болып табылады. Себебі, науқастанған адамдардың 80% -ы дерттеріне шипаны осы БМСК жағдайында табады. Адам, отбасы, қоғамның ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен қатынасудың бірінші деңгейі – медициналық көмекті тұрғылықты мекен-жайына барынша жақындатуға мүмкіндік береді. БМСК – аз қаржыландыруды талап етіп, халық денсаулығының ең жоғарғы көрсеткіштерін береді.
БМСК амбулаторлық-емханалық, жедел және күттіруге келмейтін жәрдем, босануға профилактикалық, диагностикалық, емдік және реабилитациялық іс-шаралар жиынтығын келтіреді.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін реформалау жиегінде әрбір учаскіге емдік және профилактикалық іс-шаралардың орындалуына жауап беретін 1 учаскелік дәрігер, 2 мейірбике мен 1 акушер бекітіледі.
ТМККК жиегінде амбулаторлық-емханалық көмектің жұмыс тәртібі 08.00-ден 20.00-ге дейін сырғымалы кесте бойынша барлық мамандардың, кезекші дәрігерлердің демалыс пен мереке күндері қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. БМСК дәрігерінің қабылдау уақыты күніне 5 сағаттан кем болмауы керек. Дәрігерлермен немесе орта медперсоналмен қоңырауларға қызмет көрсету жұмысын учаскелік қызмет бөлімінің (жалпы дәрігерлік) меңгерушісі қадағалайды, ол жоқта учаскелік (жалпы тәжірибелі дәрігер) бақылауды қолына алады. Қабылдау БМСК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанға дейін бітеді (18.00-ге дейін).
Үйге шақырып емдеу жүргізудің көрсеткіштері:
1) БМСК мекемесіне өзі бара алмайтын, ауруы асқынған жағдайда:
-
дене теппературасы 38 градус С-дан жоғары көтерілген кезде;
-
артериальді қысымның жоғарылауы кезіндегі өзін-өзі сезінудің бұзылыстырының болуы;
-
сұйық нәжістің жиілеуі;
-
қозғалудың шектелуіне әкеп соғатын омыртқадағы және аяқ буыдарының қатты ауырсынуы;
-
бас айналуы, жүректің айнуы құсу;
2) науқастар емханаға өз бетімен келе алмайтын жағдайлар - бұл (онкологиялық аурулардың ауыр түрдегі ағымдары, мүгедектіктің (І - II топтары), параличтер, аяқ-қолдың парездері) созылмалы ауырсыну жағдайлары;
3) қоршаған ортаға қауіп-қатер төндіретін, шұғыл инфекциялық аурулары бар науқастар;
4) тасымалдауға жарамайтын науқастар;
5) жедел медициналық көмек көрсету станцияларынан, БМСК ұйымының жұмыс уақыты кезінде, берілген жағдайларға белсенді түрде бару.
БМСК ұйымының медициналық қызметкері науқасты белсенді түрде үйлеріне барып қарауы, сонымен қатар әрбір үй және пәтер тұрғындарын қарау жүзеге жетеді:
1) шұғыл ауру, асқынған созылмалы аурулардың жағдайларын бақылап, аурудың ағысы мен зертеу немесе/және емдеудің дер кезінде өтуі мақсатымен;
2) белгілі бір тұрғындар тобының (аяғы ауырлар, жаңа туылған нәрестелер) патронаждары немесе инфекциялық аурумен ауырған науқастар мен инфекциялық ауруға күдікті науқастар.
Жанұялық дәрігердің мамандық спецификасы бірнеше өлшемдермен белгіленеді:
-
берілетін медициналық көмектің интегрирілінгендігі – жанұялық дәрігердің мамандығы өзіне бірнеше көмек түрін жатқызады (диагностикалық, емдік, реабилитациялық, профилактикалық, санитарлық-ағарту, медикалық-әлеуметтік, кеңестік және ұйысмдастырушылық);
-
жанұяны ден саулықтың бірлігі деп бағдарлау (жанұялық дәрігер жанұяға тиген барлық медициналық ықпалды шешеді),
-
мамандандырылған қызметтің профилактикалық бағытының басымдылығы,
-
тұрақты негіздегі әр жастағы науқастар контингентіне медициналық көмек көрсету,
-
«дәрігер-науқас» желісі қарым-қатынасының көпаспекті мінез-құлығы, манмандықтың әлеуметтік маңызы,
-
жанұялық дәрігердің әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырылушылық жоспарларындағы жоғары тиімділігі.
3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері
-
Науқастардың алдын-алу, диагностика, емдеу, оңалту шараларын жүргізеді.
-
Мамандандырылған, шұғыл дәрiгерлiк және басқа да медициналық көмектi қамтамасыз етеді;
-
Науқасты жүргізу тактикасы.
-
Науқасты зерттеу жоспарын жетілдіру.
-
Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).
-
Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.
-
Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
-
Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.
-
Денсалық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
-
Емізу. Шыңдау, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке даярлау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммундық алдын-алу сауалдары бойынша кеңес береді.
-
Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын ануқтау жұмысын жүргізеді.
-
Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.
-
Жүктілік диагностикасы, жүктілік барысын бақылау, экстрагенитальды патологияларды анықтау мен емдеу, босануға психикалық даярлау жұмысын жүргізеді.
-
Жүктілік пен босануға қарсы көрсетілімдерді анықтап, жүктілікті үзуге жолдама береді.
-
Босанғаннан немесе жүктілікті үзгеннен кейінгі әйелдердің реабилитациясын жүргізеді.
-
Науқастардың жұмысқа қабілетсіздігін анықтап, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.
-
Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санитарлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.
-
Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.
-
Ауруларды емдеу мен профилактикасының жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.
-
Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкер жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.
-
Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.
Дәрігердің жоғары нәтижелі еңбегі – мейірбикемен өзара түсінусіз ойға сыймайды. орта мед.қызметкер БМСК ұйымдарының бірінші қатарында болуы тиіс, себебі, олар халыққа, отбасыларға, қоғамға барынша жақын келіп, қажетті медициналық қызмет көрсете алады.
3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері
-
Амбулаторлық қабылдау жүргізеді.
-
Науқастың мейірбикелік көмекке тапшылығын бағалалау (мейірбикелік диагноз), науқастарды зерттеу, емдеу, күту жаспарын құрып, емнің нәтижелілігін, жалпы жағдайының динамикасын бағалап, деректерді ауру тарихына белгілеп, науқастардың күнделікті күтімін жүргізеді.
-
Науқастардың күтімін емдік-профилактикалық мекемеде немесе үй (патронаж) жағдайында орындайды.
-
Азаматтарға біріншілік медициналық көмек көрсетеді, соның ішінде экстремалды жағдайдағы дәрігерге дейінгі, паллиативті көмек.
-
Лабораторлық зерттеулерге алдамаларды алады, бөлімшедегі дәрілік кіріс-шығысты санап, дәрілердің есебін, сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді.
-
Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Науқастардың күтімін, дәрілерді ағза ішіне енгізілуін орындаумен қатар, науқасарды диагностикалық зерттеулерге дайындап, электрокардиография жүргізеді.
-
Науқастар мен олардың туысқандары арасында санитарлық-ағаттық жұмысты жүргізеді. Есеп-қисаптық медициналық құжаттарды толтырады.
-
Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.
-
Осылайша, дәрігер мен мейірбике – БМСК ұйымдарындағы медициналық қызметтерді көрсетудің барлық жүйесіне әсер ететін доминантты жұп.
Амбулаторлық-емханалық көмек - қозғалмалы медициналық кешендегі мобильді медициналық бригадамен, кеңес-диагностикалық пойыздармен климатгеографиялық жағдайлардың ескерілуімен, медициналық ұйымнан шалғайда орналасқан немесе жол қатынасы нашар елді мекендерге көмек көрсете алады.
4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
ЕПМ стационардың келесі құрылымнан тұрады:
Емдеу-диагностикалық бөлім:
-
қабылдау бөлімі, мұнда изолятор болуы қажет (диагностикалық палаталар);
-
мамандандырылған емдеу бөлімшелері (терапиялық, хирургиялық, неврологялық және т.б.);
-
ота жасалатын блок;
-
реанимация және шұғыл көмек көрсету бөлімшесі;
-
диагностикалық бөлімшелер: рентгенологиялық бөлімше (кабинет); отделения функциональды диагностика бөлімшелері; патологиялық-анатомиялық бөлімше; зертханалар және т.б.;
-
емдік дене шынықтыру және физиотерапия бөлімшелері, сәулемен емдеу бөлімшесі, гемодиализ және гемосорбция бөлімшелері және т.б.;
Әкімшілік-шаруашылық бөлім:
-
директордың және орынбасарларының кабинеті;
-
бухгалтерия;
-
орталықтандырылған стерилизация жасайтын бөлім;
-
тағам тарататын бөлім, тамақ пісіру бөлімі;
-
кір жуу бөлімі;
-
от жағу бөлімі.