ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4761
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Көрсетілген әртүрлі бөлімшелердің болуы берілген аурухананың қызметінен, көлемінен, диагностикалық және емдеу міндеттерінің қалада (ауданда) орталықтандыру деңгейіне байланысты.
Аурухананың жер бөлігі үш аймаққа бөлінеді: ғимараттар, шаруашылық құрылымдар орналасқан аймақ және жасылдатылған қорғаныш займағы. Емдеуге арналған аймаққа және шаруашылық аймақтарына бөлек кіретін жолдар болу керек.
Қандай бір аурухана болмасын оларды директор басқарады, оны жоғарыда орналасқан денсаулық сақтау ұйымы бекітеді және жұмыстан босатуға құқылы немесе ұжымның жиналысында таңдап алуға болады. Директор аурухананы басқарғанда өзі құқылы, өзі және орынбасарларына жауапкершілік артылады: ұйымдастырылуына, емдеу-диагностикалық процесстің сапасына және деңгейіне қазіргі уақыттағы ғылыми және тәжірибе талаптарына сай, материалды -техникалық базаның жағдайына жауапты және санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына, аурухананың медициналық қызметкерлерінің білімділігін жоғарылатыуын қамтамасыз етеді.
Науқастарды қабылдау қабылдау бөлімі арқылы жүргізіледі.
4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
Қабылдау бөлімі - бұл осы берілген мекеменің – көрінісі, өйткені аурухананың жұмысының ұйымдастырылу деңгейі және мәдениеті туралы осы қабылдау бөлімінен білуге болады. Қабылдау бөлімі күту залынан, кезекші медбике кабинетінен, дәрігерге қаралуға арналған бөлмелерден, ем көрсетілетін кабинеттен (жара таңу бөлмесі немесе кіші оталау бөлмесі), оңаша бөлмелерден, кезекші дәрігер кабинетінен, санитарлық өңдеу бөлмесі, диагностикалық бөлмелерден, рентген кабинетінен, зертханадан тұрады.
Күту залы науқастар мен олардың туыстарына арналған. Бұл жерде орындықтардың жеткілікті саны болуы тиіс. Стендтерге бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, пациенттерге табыстауға рұқсат етілетін тамақ өнімдерінің тізімі және т.б ілінеді.
Кезекші мейірбике кабинеті/тұрағы күту залының қасында орналасқан. Мейірбике келуші пациенттердің тіркеуін және қажетті құжаттарды рәсімдеуін, антропметриялық өлшеулерді, термометрияны өткізеді.
Аурухананың әлеуттілігіне байланысты қабылдау бөлімінде бір немесе бірнеше дәрігерге қаралуға арналған бөлмелер жұмыс атқарады. Ол жерде кезекші дәрігер пациенттерді бақылаумен, алдын ала диагноз қоюмен, бағыт берумен, науқасты қандай бөлімге бағыттауды шешумен айналысады. Стационарлық емделуді қажет етпейтін пациентке көмек көрсетіледі және тұрып жатқан мекен жайына байланысты емханаға жіберіледі. Аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты дәрігер тасымалдау түрін анықтайды.
Ем-шара кабинеті/кіші оталау бөлмесі жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған.
Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінде келіп түсетін науқастар санитарлық өңдеуден өткізіледі: бастың шашты бөлігі- педикулезге, тері- іріңді бөртпенің барлығына, қол мен аяқ таз ауруына тексеріледі. Жағдайына байланысты науқасқа гигиеналық ванна душ немесе ең кірленген жерлердің ысушылық ұсынылады. Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінде науқасты өңдеуден өткізуге арналған барлық құралдармен жабдықталу керек: жастықты тақтай төсек-кушетка, таза киім-кешекке арналған шкаф, кір киім кешекке арналған күбішелер, санитарлық өңдеуге арналған құралдармен жабдықталған шкаф немесе үстел. Санитарлық өңдеуге міндетті түрде қажет етілетін заттар: клеенка, сабын, жеке қолданылатын жуыну жөкелері, шаш кесуге арналған машинкалар, ұстара жабдықтары, қайшылар, ауа және су температурасын өлшеуге арналған термометрлер, ваннаны санитарлық өңдеуден өткізуге арналған жөкелер мен қылшақтар, шелектер, бөлмелерді жинауға арналған швабралар, сонымен қатар дезинфекциялық құралдардың жеткілікті саны.
Диагностикалық палаталарды науқастарды белгісіз диагнозымен инфекциялық ауыруы қауіпі бар кезінде бақылау және тексерулер жүргізу үшін қолданылады.
Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:
-
науқастарды қабылдау және тіркеу;
-
қарау, науқастарды біріншілік тексеруден өткізу және көрсеткіштері бойынша лабораториялық экспресс-диагностика жүргізу;
-
науқастарды сұрыптау;
-
шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
-
санитарлық өңдеуден өткізу (толық немесе жартылай);
-
медициналық құжаттарды толтыру;
-
науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімінде кезекі мейірбике барлық түскен науқастарға біріншілік құжаттарды толтырады.
-
науқасты қабылдау және госпитализациядан бас тартқан науқастарды тіркеу журналы;
-
шұғыл түрде түскен және шығарылған науқастарды тіркеу журналы;
-
қате жолдамалар журналы
-
қабылдау бөлімі бойынша медикаменттерді тіркеу журналы;
-
кеңес беру журналы;
-
госпитализациядан бас тартқандарды тіреку журналы;
-
егу бөлмесін кварцтау уақытын тіркеу журналы;
-
шұғыл хабарламаларды тіркеу журналы;
-
инфекциялық ауруларды тіркеу журналы;
-
қортынды тазалау жүргізу журналы;
-
туберкулезге күдік туған науқастарды тіркеу журналы;
-
педикулез және қышымаға науқастарды қарау журналы;
-
алғаш рет онкологиялық аурулар анықталған науқастарды тіреку журналы.
Әрбір стационарға түскен науқасқа ауру тарихы (стационарлық науқастың картасы) және ауруханадағы алғашқы медициналық құжат болып табылатын статистикалық талон толтырылады. Қабылдау бөлімінде ауру тарихының алғашқы парағында науқас туралы келесі мәліметтер толтырылады: аты-жөні, туған жылы, үйінің мекен-жайы, жеке құжатының нөмірі немесе сериясы, жұмыс орны, қызметі, жұмыс және үй телефонының нөмірі (қажет болған жағдайда жақын туыстыраның телефон нөмірі), түскен кездегі тура уақыты, жолдама берген мекеменің диагнозы көрсетіледі.
Егер науқас ауыр жағдайда болса, оған алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, тек содан кейін ғана оны тіркейді. Егер науқас ес-түссіз халде болса оны әкелген адамдардан мәлімет жинайды. Ауру тарихынан басқа госпитализациялау журналына тіркейді. Егер ануқастың ес-түсі және қасында адамдар болмаса оның аты-жөнін «белгісіз» деп белгілеп полицияға хабарлайды. Егер науқастың жағдайы өте ауыр халде болса оны реанимациялық бөлімшеге тасымалдайды.
Науқасты тіркегеннен кейін дәрігердің қарауына тексеру бөлмесіне жіберіледі. Кезекші дәрігер пациентті қандай бөлімшеге жатқызатынан шешеді. Шұғыл жағдайларда (дене қызуының көтерілуі, қан қысымының жоғарлауы, тырысулар) дәрігер шұғыл түрде тағайындау жасайды. Егер диагнозы анықталмаса, болмаса дәрігер қосымша тексерулер жүргізе алады (жалпы қан анализі, рентгенография және т.б.) немесе арнайы маманның кеңесін алуға дәрігер шақыра алады.
Бөлімшедегі науқастарды орналастырғанда жағадан түскен науқастарды ауруынан жазылған пациенттердің немесе ауруы асқынған науқастардың палатасына жатқызбайды. Мүмкіндігінше палатаны бір мезгілді толтырып бір мезгілде босатуға тырысады.
Инфекциялық ауруға күдік туғанда пациентке санитарлы өңдеу жүргізгеннен кейін пациентті қабылдау бөлімінің диагностикалық палатасына немесе инфекциялық ауруханаға жолдайды. Стационарлық емді қажет етпейтін пациенттерге көмек көрсетіліп мекен-жайы бойынша тіркелген емханаға ем алуға жолдайды.
Паицентті дәрігер қарап және оның жағдайын бағалап болғаннан кейін мейірбике дәрігердің тағайындауын орындайды, қосымша тексерілулердің орындалуын қадағалайды және пациентті қабылдау және санитарлы-гигиеналық өңдеу бойынша іс-шараларды жүргізеді.
-
шашты педикулезге тексеру
-
теріні қарау – іріңді бөртпелердің болуын анықтау
-
сағырауқұлақ ауруларына қарау үшін қол-аяқтарын тексеру
-
гигиеналық ванна, себізгі немесе терінің былғанған аймақтарын тазалау
-
антропометриялық көрсеткішерді анықтау: бойын, дене салмағын
-
дене қызуын өлшеу – функциональды жағдайын анықтау үшін және АІИ алдын-алу үшін
-
медициналық құжаттарды толтыру: дене қызуын белгілеу, емді жүргізуге және т.б. пациенттің келісімін алу.
-
Бөлімше палатасына пациентті тасымалдау. Тасымалдау түрін пациенттің ауруына және жағдайына байланысты дәрігер анықтайды, тасымалдау түрін алғашқы парақта көрсетіледі: «жүре алады», «орындық-арбамен», «каталкамен».
4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі
Емдеу бөлімшесі аурухананың негізгі құрылымы болып табылады, бас дәрігердің бұйрығымен белгіленеді және жұмысынан босатылатын меңгерушімен басқарылады. Бөлім меңгерушісі дәрігер-ординаторлардың жұмыстарын және аға мейірбике арқылы орта медициналық қызметкердің жұмысын басқарады. Бөлімшелер 30 немесе одан да көп төсек-орнымен қамтамасыз етілген, өз жұмысында барлық емдеу және диагностикалық қызметтерді қолданады.
Емдік бөлімшелер келесі бөлмелерден тұрады:
-
пациенттерге арналған палатлар;
-
ем-шара/байлам салу кабинеті;
-
кіші ем-шара кабинеті - бұл жерде клизмалар жасалады, асқазан жуады және т.б.
-
бөлім меңгерушісінің кабинеті;
-
ординатор бөлмесі (дәрігерлеркабинет для врачей);
-
буфет бөлмесі және асхана науқастарға тамақ тарату үшін;
-
санитарлық бөлме (ванна, душ, дәретхана, гигиеналық бөлме);
-
аға мейірбикенің кабинеті;
-
таза киімдерді және төсек-орындарды сақтайтын бөлме;
-
мейірбикелер бөлмесі;
-
шаруашылық бөлмелері.
Бөлімшеге профиліне байланысты арнайы кабинеттерге орын беріледі (мысалы, кардиологиялық бөлімшеде- кабинет ЭКГ, гастроэнтерологиялық бөлімшеде – эндоскопия кабинеті).
Инфекциялық стационарларда палата бөлімшесінің негізгі құрылымы боксты орындар болады: бокс, жартылай бокс, боксталған палаталар. Туберкулезге қарсы ауруханаларда құрылымдық бірліктер палаталық секциялар болады, олар «таза» және «таза емес» зоналарға бөлінеді.
Мейірбикенің жұмыс орны бөлімшенің дәлізінде, бұл жерде мейірбикелік тұрақ-пост орнатылған. Пост палаталарға жақын орналастырады, өйткені мейірбике барлық өзіне қарасты палаталарды көріп отыру керек. Посттың жабдықталуы: үстел, құрал-жабдықтарды және дәрі - дәрмектердің сақталуына арналған шкафтар, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды сақтайтын сейф, дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқыш (инфузиялық ерітінділерге), дәрі- дәрмектерді таратуға арналған қозғалмалы үстел. Мейірбикелік пост телефонмен, үстел үсті лампасымен, палаталардағы науқастар шақыру үшін арналған сигнализация нүктесі, қолжуғыш. Кезекші мейірбике аурухананың барлық бөлімшелерінің телефондар тізімімен қамтамасыз етілуі керек (сонымен қатар, шаруашылық қызметі), авариялық жағдайдағы қызметтер, науқастарды эвакуациялау жоспары.
Бөлімшенің палаталары кең, жарық, жақсы желдетілетін, есіктері кең болуы қажет. Палата қабырғалары ашық түстес майлы бояулармен боялып, палаталар тек ең қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілуі керек (төсектермен, функциональды кереуеттермен, аласа шкафтармен, орындықтармен). Төсектерді бас жағымен қабырғаға қаратып, олардың араларында 1 м қашықтық болуы талап етіледі. Палаталардағы науқастар саны төртеуден көп болмауы керек. Әлсіз, әрі ауыр жағдайдағы науқастарды тамақтандыру үшін төсек жанындағы үстелдер және палатада науқастардың туысқандары әкелген азық-түлік сақталуына арналған тоңазытқыш болуы қажет. Ауруханадағы жиһаздар жайлы, жеңіл жуылатын және беткейлері жылтыр болуы шарт.
Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және ем-шара кабинеттеріне жақын шу және вибрация туғызатын құрал-жабдықтардың орнатылуына тыйым салынады.
Негізгі бөлмелер табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Тек жасанды жарықпен қолдануға тек қоймалар, санитарлық бөлмелер, клизма жасайтын бөлмелер, жеке гигиенаға арналған бөлмелер, персоналға арналған душ және сыртқы киім сақталатын бөлмелер, операцияға дейінгі және операцияға арналған, аппараттар сақталатын, наркозға арналған және т.б. қолданылуы табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін бөлмелерге рұқсат етілген. Бөлімшенің дәліздері қабырғалардағы терезелерден және холлдардан табиғи жарық түсіп тұру керек. Жарық түсу көздерінің ара қашықтығы 24 м аспауы керек. Жалпы жасанды жарық көзі барлық бөлмелерде болу керек. Бөлменің төбесінде орнатылған жалпы жарық беретін шамшырақтар біріңғай плафондармен жабдықталған. Палаталарды жарықпен қамтамасыз етуге арналған қабырғаға орнатылған шамшырақтар әр төсек орынның жанына, еденнен 1,7м биіктікте тұрады.
Апатты жарықпен қамтамасыз ету операциялық блоктарда, реанимациялық, бала туу бөлімшелерінде, таңу, ем-шара және манипуляция жасайтын бөлмелерде, қабылдау бөлімшелерінде, шұғыл зерттеулер жасау, кезекші мейірбикелік посттарда, оперативті бөлімшелер орындарында, шақырылған жерге барып, жедел көмек көрсететін бригадалардың жәшіктерін сақтауға арналған орындар, жедел медициналық көмек станциясының (бөлімше) дәрі-дәрмек сақтау бөлмелерінде орнатылған.
Палаталардың желдетілуі тарту-сору жүйесі және табиғи желдетілу (терезелер) арқылы жүзеге асырылады. Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балалар бөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде болу керек +25°С. Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек.
Стационарға жатқызу көрсеткіштеріне науқасқа мамандандырылған, арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тәулік бойы медициналық байқаумен қамтамасыз етілуі жатады.
4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
-
Білікті, жедел және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.
-
Науқасты жүргізу мен зерттеуі тактикасын анықтайды.
-
Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).
-
Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.
-
Емді тағайындап, бақылайды, арнайы диагностикалық, емдік, профилактикалық іс-шараларды өз бетінше жүргізеді.
-
Науқасты күнделікті қарайды.
-
Науқастың жағдайына байланысы емдеу жоспарына өзгерістер енгізіп, қосалқы зарттеу әдістерінің қажеттілігін анықтайды.
-
Диагностикалық және емдік іс-шаралардың орындалуын, құрал-аспаптардың дұрыс қолданылуын бақылайды.
-
Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
-
Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.
-
Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
-
Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.
-
Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.
-
Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санитарлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.
-
Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.
-
Ауруларды емдеу мен профилактикасының жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.
-
Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкердің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.
-
Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.
Медициналық ұжымдағы сәтті қызмет – дәрігерлердің орта және кіші мед.қызметкерлерімен өзара сыйластығына байланысты келеді. Мейірбикелер мен санитарлар науқастармен күні-түні қатынаста болып, аурудың жаңа белгілерін байқай алады. Мейірбикелердің науқастардың жағдайының ушығуын уақытылы байқау арқасында дер кезінде көмек көрсетіліп, қаншама адамның өмірі сақталған. Осыған орай дәрігер өз көмекшілеріне деген қарым-қатынастың қызметтік түрін нығайтып, мейірбикелік үрдістің дұрыс ұйымдасуына жәрдемдесуі міндетті.