Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 652
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)
II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ
2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ
2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ
2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)
3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)
3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ
4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.
4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ
V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ
5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)
VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ
VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ
Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
Карағанды мемлекеттік медицина академиясы
Жалпы хирургия кафедрасы
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профессор Ө.Мәдікенов
Кураторлық науқаснама
I. Жалпы мағлұматтар
1 . Фамилиясы, аты, әкесінің аты –
2. Емханаға түскен уақыты - Емханадан шығарылған уақыты -
3. Жынысы
4. Жасы
5. Мамандығы және қызмет жасайтын мекемесі -
6. Ұлты
7. Мекен жайы
8. Семъялық жағдайы
9. Емханаға түскен диагнозы
10. Клиникалық диагнозы
11. Қосалқы аурулар
12. Ауру асқынулары
13. Операцияның аты (орындалған күні, сағаты, ұзақтығы, хирургтің аты-жөні)
14. Жансыздандырудың түрі (қандай жансыздандыру, наркоздық препараттың мөлшері, наркоздың қолданылған уақыты, анестезиологтың аты-жөні)
15. Операциядан соңғы асқынулар
16. Аурудың ақыры (толық жазылу, тәуір болу, өзгеріссіз, нашарлану, қайтыс болу)
II. Аурудың басталу анамнезі
1 . Наукастың емханаға түскендегі шағымдары
2. Аурудың басталған уақыты және дамуы. Бұдан бұрынғы қолданылған емдер (қашан, қайда, қандай?)
3. Аурудың субьективті жағдайы және жеке мүшелерінің жағдайы
III. Науқастың ғүмырының анамнезі
1 . Биографиялық мағұлматтар туғаннан осы емханаға түскеніне дейін хронологиялық кезекпен толтырылады
2. Бұдан бұрын ауырған аурулары:
а) нервті-психикалық
б) жедел жұқпалы
в) түберкулез
г) венерологиялық
д) безгек (малярия)
е) жасалған операциялар мен жарақаттар
ж) әйелдерде - етек кірі, жүктілік, босану
3. Жанұя жағдайы, тұқым қуалайтын аурулар, қатерлі ісіктер, ұстамалы, венерологиялық, түберкулезді аурулар
4. Кәсіптік анамнезі
5. Түрмыс факторлары - үй жағдайы, гигиеналық тазалық, көректену сапасы, дем алу режимі
6. Зиянды әсерлер - темекі шегу, арақ-шарап ішу, наркотиктар пайдалану
IV. Обьективті тексерістермен аныкталатын көріністер
А. Жалпы көріністер
1 . Аурудың жалпы жағдайы
2. Дене кызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы.
3. Бойы, дене құрылысы, салмағы
4. Tepici мен кілегейлі қабаттарының жағдайы
5. Тері асты май қабаты
6. Лимфатикалық жүйе
7. Бұлшық еттері
8. Сүйектері мен буындары
9. Қалқанша безі
10. Тыныс алу мүшелері
11. Жүрек-тамыр жүйесі (функциональды сынақтар, қан қысымы)
12. Ac қорыту мүшелері - (ауыз, тістер, тіл, бадамшалар)
- Ішті көру, сипау, тыңдау
- Карынды, ішекті, бауырды, үйқы безін, көк бауырды тексеру
13. Зәр және жыныс мүшелерін тексеру
14. Жүйке жүйесін тексеру (есі, көңілі, ақылы, сөйлеуі, Ромберг сынағы, сезімі, рефлекстері, дермографизм, дыбыс естуі, көз көруі, иіс сезімі)
Б. Ауруға шалдыққан ағзаны тексеру
1. Карау
2. Қозғалу (белсенді және пассивті қозғалыс)
3. Перкуссия
4. Аускультация
5. Пальпация
6. Арнайы тексерістер
Г. Лабораториялык тексерістер
Д. Рентгенмен тексерістер
Е. Арнайы тексерістер
V. Аурудың диагнозы және оны дәлелдеу
Қандай анамнездік, субьективтік және обьективтік хабарлар негізінде диагноз шешіліп отыр. Қандай лабораторлық, рентгендік және инструментальдық тексерістер диагноздың дұрыстығын дәлелдейді.
VI. Дифференциальды диагноз - табылған ауруды басқа қандай аурулардан айыру қажет.
VII. Анықталған аурудың этиологиясы және патогенезі басқа жеке қағазға жазылып асистентке көрсетіледі.
VIII. Анықталған ауруды емдеу шаралары жеке қағазға жазылады
I.. Операцияның қажеттілігі (қандай) немесе қажетсіздігі. Қажетті жансыздандыру тәсілі. Ауруды операцияға даярлау (ішек-қарынды, ауызды, жүректі, наркозға дайындау. Қан құю және оған дайындық. Тобы, резусы, даярланған күні, сапасы, құйылған мөлшері, қанға реакция.
Жасалған операцияның аты (анестезия, тілік, не табылды, не орындалынды, оператордың аты-жөні, ассистент, анестезиолог, операцияның орындалу уақыты. Операциямен алынған мүшені немесе тінді қасиеттеу.
I. Эпикриз
Аурудың ағымы, орындалған тексерістер, анықталған диагноз. Қолданылған емдеу және оның нәтижесі. Байқалған асқынулар.
Науқастың емханадан шығарылғандағы жағдайы. Аурудың болжамы, денсаулығының айығуы және жұмыс қабілетінің түзелуі. Ауру адамға дәрігерлік кеңес.
Хиурургиялық ауруларды тексеру ерекшіліктері.
Аурудың анықтауға бағытталатын тексерістер келесі 3 бағытта орындалады:
-
Қандай мүше зақымдалған және оның жағдайы қанша бұзылған. -
Аурудың себебін және даму механизмін анықтау. -
Ағзаға көрсететін аурудың әсері қандай.
Науқасты тексерумен анықталған жауаптар науқаснамаға тіркеледі. Науқаснама- емдеуге, білімге, сотқа өте маңызды құжат. Ол таза, анық, еш бір қысқартусыз жазылуға тиісті.
Хиуругиялық аурулардың науқаснамасы келесі тексерістермен анықталатын хабарлар негізінде толтырылады.
Сұрау- белгілі сұрақтарға жауап алу негізінде, дәрігер аурудың белгілі көріністерін іздестіреді.
Тексеріс науқас адамның шағымдарын анықтаудан басталады. Әрбір шағымның барлық ерекшіліктері толық анықталады. Мысалы-шағым дене ауыратындығына болса, оның орнын, басқа орынға шабуын, пайда болған уақытын, тұрақтылығын, күшін және ерекшілігін, қайталануын және қайталану арасындағы мерзімін, ауыр жұмыспен байланысты немесе байланыссыздығын, жарақатпен, дене қызуының бұзылуымен т,б, байланыстылығын анықтайды.
Ауру тарихын анықтағанда оның алғашқы көріністерін пайда болған уақытты, одан бергі өзгерістері, пайдаланылған емнін түрі (хирургиялық, санаторлық, амбулаторлық) және олардың нәтижесі.
Аурудың қолындағы медициналық құжаттар тексеріледі (куәліктер, науқаснама көшірмесі, қан, зәр тексерістері, рентгенмен тексеру нәтижелері) науқаснамаға көшіріліп жазылады.
Аурудың өмір тарихын, оның биографиялық хабарларын толық анықтаумен (тууы, өсуі, тұрмыс және жұмыс ерекшіліктері, тағамдануы, аллергиялық жағдайы). Бұдан соң объективті тексеріске көшеді- көру, сыйпау, тыңдау, дене қызуын анықтау.
Қарау хирург үшін бұл өте маңызды тексеріс, кейде ауру диагнозын анықтауға көмектеседі. Зерттелетін дене толығымен ашылады, ауру жарық орынға орналасады, дененің қарама қарсы бөлімдерінің формасы, өзгерісі қоса анықталады. Мәселен- оң тізені тексергенде, сол тізе де қоса ашылады, тексеріледі. Мүшенің немесе дененің түрін анықтаумен аурудың түрін оның басталған уақытын, асқынуларын айыруға болады. Тексеретін дененің формасы өзгеруі-ісінуі, қабынумен, ісік ауруымен байланысты болуы мүмкін. Ісік формасы, орны, қозғалғыштығы әр түрлі (домалақ, сөпақша, жұмыртқаға ұқсас, ұзынша, цилиндр тәрізді). Дөңгелек ісіктер кисталарда, атеромада, дермоидта «аяғы»- бар ісіктері қатерсіз, ал қатерлі ісіктерде- олардың түбірі кең және жапқыш терінің түсі өзгерген.
Арнайы тексерісер:
Лабораторлы тексерістер:
-
Клиникалық және биохимиялық тексерістер — қанның формалық элементтерін, гемоглобин мөлшерін, эритроциттер шөгуін, ЭТЖ формалық элементтер және плазма, қанның ұюы және ұюға қарсыжүйелер жағдайы, нәурыз және нәурыз фракциялары, глюкоза, ферменттер, билирубин, мочевина, креатинин, айналымдығы қан мөлшері, айналымдығы плазма мөлшері көрсетеді. -
Зәрді тексеру- қатыстық тығыздығы, түсі, реакциясы, нәурызы, қанты, цилиндрлары, торшалар элементтер анықтайды. -
Иммунологиялық тексерістер мен торшалық иммунитет факторлары- лимфоциттер мөлшері, Т-В лимфоциттер, иммуноглобиндер (А,М,G), лизоцимдер мөлшері, комплементтер т.б., факторлар анықталады. -
Микробиологиялық тексерістер — экссудаттан іріңнен, қаннан, зәрден, қақырықтан миробтар түрін анықтау. -
Цитологиялық және гистологиялық тексерістер — операциямен, эндоскоппен алынған тіндер, ісіктің, жараның бетінен, пункциямен алынған сұйықтар тұнығынан алынған заттарды тексеру. -
Функционалды тексерістер- мүшелердің жағдайын анықтау үшін орындалады. Бұл үшін электрокардиография, реография, осциллография, спирограмма, электроэнцефалография орындалады. -
Рентгенмен тексеру- рентгеноскопия, графия, томография, ангиография, фистулография. -
Эндоскопиялық тексеріс-қуыс мүшелердің ішкі бетін көру(асқазан- гастроскопия, ішекті — колоноскопия, плевра қуысын- торакоскопия, іш қуысын- лапароскопия, қолқаны- бронхоскопия, көкіректі - медиастиноскопия, қуықты- цистоскопия т.б.) -
Ультрадыбыспен тексеріспен — ультрадыбысты сканнирование, эхолокация, допплерография, өтте, бүйректе тасты, ісіктерді, кисталарды, іштегі абсцесстерді, гематомаларды анықтайды. -
Радиоизотопты тексерістер- радиоактивті препараттың ауру мүшеде жиналуына негізделген тексеріс (ісіктер, кисталар, деструкция ошақтары, абсцесстер, қабынулы инфильтраттар).
11.Компьютерлі және магнитті - резонансты томография.
Терінің түсін тексерумен өте маңызды хабарлар алуға болады. Терінің түсі өзгергендігі науқастың жалпы жағдайы туралы және ауруға шалдыққан дене жағдайы туралы мол хабар береді. Бозарған тері дене қан айналысы нашарлығын көрсетсе, цианоз- көгергені- веноздық қан ағыны нашарлағандығын немесе артериалдық қанда от тегі жетіспеушілігін көрсетеді.
Терідегі дистрофиялық өзгерістері (түлеу, жұқару, түктің түсуі) осы аймақтың созылмалы қан айналысының нашарланғаның, ал тері қызаруы- осы аймақтағы қабынуды дәлелдейді.
Тері пигментінің кемістігін мерез, витилиго немесе ал көбеюін аяқтың көк тамырының варикозы, меланоз аурулары береді.
Ісіктің мөлдірлігі қапшықта сұйық жиналуында байқалады.
Дене қызуын анықтау- дене қызуы көтерілуі қабынудың ең басты көрінісі. Тері қызуын қол басын сырттан тигізіп анықтайды.
Денені немесе мүшені өлшеп, оның аумағын анықтайды. Мәселен- ішті өлшеу (асцит-шемен, ісік), аяқ-қолдың көлемі (бұлшық еттің атрофиясы, венозды және лимфалық жетіспеушілік кезіндегі ісіну) өзгеруі.
Пальпация- сыйпау- ыңғайлы жатқызылған ауруды екі қолмен сыйпап тексеру. Дәрігердің қолдары жылы, ауыратын аймақтан алыстау орыннан бастап орындалады. Ауыртпайтын саяз сыйпаудан бастап, мысқылдап тереңдетеді. Пальпация көзбен көргенде анықталған хабарларды толықтандырады. Онымен ісіктің формасы, орны, аумағы анықталады, қатты-жұмсақтығы айырылады, тас, сүйек тәрізді немесе жұмсақ, шикі нандай. Дене бездерін сыйпап тексеру оларды 2-3-4 саусақтармен айналдыра сыйпаумен орындайды. Қабынған бездерді сыйпағанда олардың ауырсынуы сезіледі. Оның аумағы өзгергендігі, тамыр соғуы анықталады.
Сықыр - тері астына бос ауа жиналғанда, анаэробты инфекцияда байқалады.
Пальпациямен кейбір сиптомдар Щеткин-Блюмберг, Ровзинг, Образцов) іш мүшелері қабынуында анықталады.
Аускультация - тыңдау жүрек дыбысын (күшейген, әлсізденген, шуын - систолиялық, диастолиялық), өкпе тынысын-везикулярлы, әлсіреген, қатаң, бронхиальды анықтайды.
Перкуссия- саусақпен ішкі мүшелердің шек аралығын анықтау және қуыстарда қанның немесе іріңнің, ауа жиналғанын, мүшелердің тұрақты орнынан ығысқандығын дәлелдейді. Перкуссиямен бауырдан шығатын дыбыстың өзгеруі немесе жоғалғандығы. Метеоризмде дыбыстың жіңішкергендігі (тимпанит), перитонитте – іште сұйық жиналуынан жуан дыбыс анықталады.
Хирургиялық аурулардың диагнозын