Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 659

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)

II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ

2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ

2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ

2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ

3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)

3.2. СОЗЫЛМАЛЫ АППЕНДИЦИТ

3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)

3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ

4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.

4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ

4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ

V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ

5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ

5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)

VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ

7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.

VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ

9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ

9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

Кураторлық науқаснама

ӘДЕБИЕТТЕР



Бұт арасы, шат жаланкөзі - жыныс мүшелерінің ауруларынан соң (абсцесс, қуықасты безі, жатыр қосалқыларының іріңді аурулары) кездеседі.

24-ші науқас - 50 жасар жұмыскер клиникаға келесі шағымдармен жатқызылды: анус айналасының өте қатты ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі.

Ауру бұдан 5 тәулік бұрын басталды. Алдымен анус айналасында жеңіл шаншу байқалды. Одан 2 тәулік өткеннен соң анус оң жиегінде ауырғыш ісік пайда болды, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілді. Өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек т.б. мүшелердің жағдайы дұрыс. Іш кеппеген. Бұтарасы және анус айналасын тексергенде - ісік, қызару, қатты ауырсыну байқалады. СОЭ- ЗОмм./час., Лейкоциттер - 9100. Диагноз - іріңді жедел парапроктит.

25-ші науқас- 33 жасар тракторист. Клиникаға келесі шағымдармен түскен. Бірнеше рет қайталанып жабылып- ашылатын анус маңайының іріңді жаланкөзі және отырудың ауырсынуы. Науқас 31 жасына дейін сау, еш кедергісіз жұмысын атқаратын. Семъясы, балалары бар. Тұрмыс жағдайы жақсы. Бұдан екі жыл бұрын төменгі ішек айналасында іріңді ісік пайда болды. Бұл ісік өз бетімен жарылып, одан ірің шығып, жара өз бетімен жазылған. Дәрігерге барған жоқ. Содан бері ауру көп қайталанып бірнеше рет емханада емделген. Үш рет іріңдік тілініп одан ірің шығарылған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Анустан 2,5см. сүңгі ұшын өткізетін кішкене жыланкөз көрінеді. Жыланкөз айналасының терісі мацерацияланған. Тік ішекті саусақпен тексергенде - жом жақсы қысады, кейінгі крипта ісінген, қатайған. Жыланкөз метиленді бояу жібергенде оның тік ішекке енгені көрінеді.

Диагноз — толық тік ішек айналасының жыланкөзі.

Науқас бұдан бұрын жедел парапроктитпен ауырған. Іріңдік бірнеше рет тілініп ірің шығарылған. Қазір жыланкөзін толық кесіп алу қажет.
11.3. ГЕМОРРОЙ - Vazices haemorrhoidales
Геморройдың этиологиясы, патогенезі, диагнозы және дифференциалды диагнозы. Геморрой тік ішектің, төменгі бөлігінің көк тамырларының созылып кеңеюі тік ішек ауруларының 12,2 құрайды. Геморрой деген сөз- «қан», «ағу» түсінігі Гиппократпен ұсынылған. Көне Ресейде бұл ауруды «почечуй»- қышыма деп атаған. Ауру ауыр жұмыспен шұғылданатын және арақ-шарап көп ішетін ер адамдарда жиі кездеседі.

Ауру себептерін екі топқа бөледі: жағдай туғызушы және туғызушы.

Бірінші себептер- ішектің, оның қан тамырларының құрылыс ерекшіліктері. Екінші себептер- мамандық, әр түрлі аурулар, нәжіс шығуының қиындануы, жиі жүктілік, өкпе, жүрек, бауыр, жатыр, зәр жолдары аурулары.


Геморройдың түрлері:

  1. Ішкі.

  2. Сыртқы.

  3. туа пайда болатын.

  4. жүре пайда болатын (бірінші,екінші).

  5. созылмалы.

  6. жедел.

Геморрой түйіншіктерінің саны бірден онға жетуі мүмкін. Сыртқы геморрой көбінесе жалғыз болады.

Аурудың клиникасы- алғашқыда көтен ішегінің қышынуы және толысу сезімі. Арақ ішкеннен және ванна қабылданғаннан кейін ол сезімдері күшейеді. Кейде күшеніп дәрет шығарғанда созылған қан тамыры қанайды, оның ағыны күшті. Геморройға қоса ішек жарылуы болса ауырсынуу сезімі күшті.

Проктологиялық науқастарды тексеру - жылы, жарық бөлмеде келесі екі тәсілдің бірімен орындалады:






Сурет № 28.парапроктит ауруында іріңдіктердің орналасатын орындары:

1.Жамбас пен тік ішек арасының іріңдігі.

2.Тері астының іріңдігі.

3.Тік ішектің кілегейпі қабатының іріңдігі.

4.Құйрық флегмонасы.

1) Ауру екі аяғын талтайтып, кеудесін алға еңкейтіп тұрады.

2) Екі шынтақпен тізелерімен етпетінен жату. Егер аурудың жалпы жағдайы ауыр болса оны бір қырына жатқызады .

1. Науқасты тексеруді анусты зерттеуден бастайды. Көзбен көрумен геморройдалды туйіншектер, ісік, қызару т.б. қабыну көріністері, жыланкөздерінің бар-жоқтығы анықталынады.

2. Бұдан соң тік ішектің саусақпен тексерілуі орындалады. Бұл тексерісті тік ішектің барлық ауруларында орындау қажет. Саусакпен тексерусіз дәрігердің қандай болмасын ішек ауруының диагнозын шешуге құқы жоқ. Бірақта саусақтың ұзындығы 10 см аспайды. Сондықтан одан жоғарыда орналасқан ішек ауруын айыру үшін инструментті тексерістер қолданылады.

3. Бұл ұшін арнайы проктологиялық айналар ұсынылған. Айнаның алғашқы қарапайым түрлері Гиппократ заманында қолданылған. Бұл айналардың үзындығы 10-12см. болатындығынан ішектің ішін осы 12см мөлшерінде ғана көзбен көруге болатын.

Тік ішекті саусақпен, айнамен, ректоскоппен тексеруге геморройды тамырлардың тромбофлебитінде болмайды.






Сурет 29. Созылмалы парапроктитте кездесетін жыланкөздер :

1. Толық жыланкөз

2.Жартылай (ішкі) жыланкөз

3.Жартылай (сыртқы) жыланкөз


4. Ректоскопия - тік ішекті ректоскоп арқылы тексеру. Ректороманоскопия - тік ішекке қоса сигма ішегін тексеру. Тік ішектің ұзындығы 15-20см. Сондықтан тік ішекті тексеретін ректоскоптың түтігі 20см. кем болмайды. Ректороманоскопияны орындау үшін түтігі 30см аспап пайдаланылады. Наукас тізе-шынтақ немесе тізе-иық жайымен сол қырына орналасады. Бұл сигма және тік ішектер арасындағы бұрылысты тұзету үшін қажет. Ректоскоп вазелинмен майланады да 5-6 см.тереңдікке енгізіледі. Одан әрі жоғарыға енгізу ішекті жарақаттамау үшін көзбен бақылап орындалынады. Ректоскоп арқылы ішектің кілегейлі қабатын, ондағы эрозияны, жараны, полипті, ісікті көреді.

Егер анус айналасында жыланқөз байқалса оның бағытын, ұзындығын анықтау үшін жыланкөздің сыртқы тесігі арқылы түймелік сүңгі енгізіледі. Егер жыланқөз сфинкгерге дейін болса - оны карапайым жыланқөз деп атайды, ал егер жыланқөз сфинктерден жоғары созылса бұны күрделі параректальды жыланкөз деп атайды. Кейде жыланқөздің тесігі өте тар, оған зонд енгізу мүмкін емес. Бұл түрінде жыланкөз каналына бояу егіледі (ніл- синька, риванол, сүт). Жыланқөздің тік ішек ішіне дарығандығын анықтау үшін ніл егуден бұрын тік ішекке марлелі түйіршіктер енгізіледі. Егер-жыланкөз тік ішекке дарыса түйіршік егілген бояумен боялады. Түйіршіктің боялған тұсын анықтаумен жыланкөздің ішектің алдыңғы, артқы бетінде немесе жанында ашылғандығы айырылады.

5. Ауруға барий ішкізгеннен 12—16 сағаттан соң ішектің рентгенографиясын орындауда жыланкөздің көрінуі. Суға ерітілген барийді зонд арқылы қарынға немесе сигма ішегіне (150мл) жіберіп бақылауға да болады.

6. Тік ішек ісіктерін айыру үшін пресакральды куысқа 600—700см3. от тегін еккеннен кейін орындалатын рентген тексерісі ө париетография .

7. Тік ішектің сфинктерінің күшін анықтау, ішек ішінің қысымын анықтау және ректальды термометрия.

Геморрой- тік ішектің көк тамырларының кеңеюі. Науқастың анус аймағының ауырсынуы, дәреттен соң ішектен қан ағуы, геморройлық түйіншектердің шығуы байқалады.

Хирургиялық аурулардың ішінде геморрой 3-3,5%-ке жетеді. ХҮІ ғасырда Мәскеу мемлекетінде геморройды емдейтін мамандар — "почечуйных дел мастера" болатын.


Геморройдың жедел, созылмалы және қайталанбалы түрлері бар. Геморрой түйіншектерінің орнына байланысты сыртқы және ішкі түрлерін бөледі.
Аурудың басталу себептерінің бірнеше теориялары белгілі:

а) қан тамырының туғаннан кемістігі.

б) Механикалық теориясы - геморройлық тамырлардағы қысымның көтерілуі.

в) Неврогенді теория - қан тамырының тарылуын - кеңейуін басқаратын нервтердің өзгерісі қан тамырының тонусын бәсеңдетеді де тамырды кеңейтеді. Көбінесе көк тамырдың кеңеюі тік ішектің аналдық каналының Морганийдің валиктерімен крипталарында байқалады. Крипталар деп кілегейлі қабықтың қыртыстары арасындағы ойшықтарды, қалталарды атайды. Крипталардың саны 4-16 дейін. Қабынған крипталардан процесс ішектің қан тамырларына жайылады.

Геморрой дәреті сирек шығатын іші жиі кебетін адамдарда жиі басталады. Оған арақ ішу, бұрыш, қыша жиі пайдалану да себеп болады. Көбінесе ауру белгісіз басталады.

Геморройдың алғашқы кезеңінде анус айналасының қызуы, ішектің толықсынуын сезіну, онда "бөтен" заттың пайда болуы, айналасының қышынуы байқалады. Ең негізгі симптомдар- нәжісте қан көрінуі, ауырсыну, геморрой түйіншектерінің шығуы. Асқынған геморройда түйіншектері ішекке енбейді. Дегенмен диагноз үшін аталған симптомдардың тегіс анықталуы шарт емес. Кейде аурудың 1-2 симптомы ғана байқалады. Ішектен сілекей ағады, түйіндер жарақаттанып қан ағады, қабынады. Оның салдарынан созылмалы проктит ауруы басталады.

Геморройдың сыртқы және ішкі түрлерінің клиникалык көріністері аз ғана ерекше.

Сыртқы геморройде қан ағуы өте сирек байқалады. Аурудың шағымы жоқ. Тексергенде анустан шашақ түсті түйіншектер шығып тұрады. Бұлар адамның жүргенінде сезіледі; сыртқы түйіншектердің шытынауы жиі кездеседі. Жарық дәретке отыруда қатты ауыруға ұшыратады. Геморройлық түйіннің тромбофлебитпен асқынуы сирек.

Ішкі геморрой көптеген көріністер береді - қатты дәретпен күшену геморрой түйіншегінің қабырғасын жыртып қан ағуына әкеліп соғады. Аққан қанның түсі қызғылт, оның ағыны қатты. Қанның түсі неге қызыл - геморрой деген көк тамырдың ауруы емеспе деген сұрақ туады. Бұған жауап беру үшін анатомияны еске алу қажет. Анальды каналдың қан тамырлары венозды және артериялық тамырлардың анастомозынан құралған. Сондықтан геморройлы түйіншектен артериялық қан ағады.

Жергілікті көріністермен қоса - бас ауыруын, үйқы бұзылуын, тәбеті нашарлануын, анемия көріністерін, әлсіздікті береді.


Геморройдың диагнозын анықтау - егер ауру дұрыс тексерілсе, қиын емес. Жедел геморрой көбінесе арақ ішкеннен, немесе ауыр жұмыстан, дәрет шығару қиындануынан кейін басталады. Геморрой түйіндері үлкейеді, қатаяды, ауырсынады, тромбозданады. Ісінген сыртқы түйіндердің арасында ішкі түйіндер қысылып некрозданады. Бұның салдарынан дене қызуы көтеріледі, іш кебуі одан әрі ауырланады - яғни геморройдың тромбофлебитті "қысылымы" басталады.

Геморройлы түйіннің тромбофлебитіне ұшыраған ауруды "бақа тәрізді" жатқызып, құйымшақ астына жастық салып орналастырады. Антибиотиктер егіледі, күніне 4-5 рет сулы таңу жасалады. Анустың айналасының новокаинмен қоршау орындалады. Вишневскийдің майымен компресс жасалады.

Емдеу тәсілдері. Геморрой т.б. тік ішек аурулары көне заманнан белгілі. Бірақта хирургияның бұл бөлімінің дамуы 1830ж. басталады. Осы жылдары Бутковскийдің, Соломонның, Буяльскийдің еңбектері жарияланады. 1897 жылы С.П.Федоров ректоскопия туралы мақала жазып ректоскоп аспабын ұсынған. 1968 жылға дейін СССР - да 5 проктологиялық клиникалар (Мәскеу, Куйбышев, Ленинград, Краснодар, Красноярск) болатын.

Геморройды емдеу: консервативті және оперативті болады. Емдеуді диетаны тағайындаудан бастайды. Ащы, тұзды, ішек қозуын күшейтетін тағамдар берілмейді. Іш кебуін басу үшін оны туғызбайтын тағамдар - айран, қара нан, ботқа, таңертен аш қарында 1 стақан суық су, қызылша, қара өрік беріледі. Қазылша мен қара өріктің суды жақсы соратындығынан дәретті жұмсартады.

Іш кебуін басатын дәрілер - пурген, карлсбад тұзы, вазелин майы ішкізіледі, тазарту клизмасы қолданылады. Атониялы түрінде клизмаға 20 градусты қоңыр салқын су, спастикалық түрінде жылы су қолданылады. Емдеу физкультурасы, курортта емдеу (күкіртті-сутекті, радонды ванналар, балшық), Дарсонваль тоғы пайдаланылады. Геморройлық балауыздар - ауырсынуды, қабыну үрдісін басатын, қан ағуын бәсеңдететін дәрілер қосылған, әр түрлі шөптерді қайнатумен дайындалынған қойыртпақтар қолданылады.

Геморройды операциямен емдеу

1. Гиппократ заманынан белгілі геморрой түйіндерін күйдіру. Бұл үшін арнайы аспаптар ұсынылған. Түйін қысқышпен қысылады да термокаутермен күйдіріледі. Қалған жара қабыршақтанып жазылады. Бұл тәсіл көп қолданылмайды. Өйткені бұдан соңғы кезеңде жарадан қан ағуы немесе анустың тыртықтанып тарылуы байқалады.